Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2015 в 19:23, реферат
«Электрондық үкімет енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарылатады.
Электрондық үкімет – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең қолдану жолымен азаматтарға және ұйымдарға қызметтерді ұсынуға максималды бағытталған, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі.
«Электрондық
үкімет енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың
тиімділігін жоғарылатуға бағытталған
әкімшілік реформаның маңызды элементі.
Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың
тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас
жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады.
Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау
бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады
және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің
әлеуметтік жағдайын жоғарылатады. Үшіншіден
қызметінің кәсіпкерлігі мен ПҚК жақсартады.
Төртіншіден, мынадай салықтарды төлеу,
әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу
сияқты процедураларға көп уақыт кетірмеуге
мүмкіндік береді...»
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Электронды үкіметті қалыптастырудың кезеңдері.
Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. 2004 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Президент Жарлығымен бекітілді.
Бағдарламаны іске
асыру келесі міндеттерді кезең
Электрондық үкіметті
қалыптастырудың бірінші
Екінші кезеңі - мемлекеттік
органдар мен азаматтардың
Үшінші кезеңде - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.
Төртінші кезеңде - ақпараттық
қоғамды толық қалыптастыру.
Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып
2 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы
қалыптастырылып, базалық құрамдас бөліктері
құрылды: веб-портал және шлюз, ведомствоаралық
электрондық құжат айналымы, куәландырушы
орталықтары, бірыңғай көлік ортасы.
Сонымен қатар, 2007 жылы бүкіл ел бойынша
бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке
және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер
қоры тұрақты пайдалануға енгізілді. Веб-портал
арқылы мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік
қызметтері іске асырылды.
2007 жылы электронды үкіметті дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту мақсаттары алға қойылды, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерінің сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында электрондық үкіметтің құрамдас бөліктерін дамыту;
Үшінші кезеңнің алғышарты
транзакциялық кезеңде «
2006 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды «Халықаралық ақпараттық қоғам күні» етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Міне, осындай әлемдік ауқымда жүргізіліп жатқан заманауи үрдіс пен өркениеттің жаңа көшінен Қазақстан да қалыс қалған жоқ. Бүгінгі таңда елімізде қоғамның барлық саласында ақпараттандыру үрдісі қызу жүруде. Мәселен, электрондық үкімет — соның жарқын куәсі. |
Елімізде электронды үкімет құру идеясын мемлекет басшысы білдірген еді. 2004 жылғы 10 қарашада Президент Жарлығымен электронды үкіметті ендіру туралы мемлекеттік бағдарлама бекітіліп, Е-үкіметті қалыптастыру және дамыту үшін 4 кезең таңдап алынды. Сөйтіп, бағдарламаны іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырыла бастады. Біріншісі – ақпаратты жариялау және тарату. Екінші – мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың кері және тура жолымен интерактивтік қызметтерді беру. Үшінші – қаржылық және заңдық операцияларды үкімет порталы арқылы іске асыру транзакциялық өзара іс-қимылы. Төртіншісі – ақпараттық қоғамды қалыптастыру. Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып, екі жыл ішінде электронды үкіметтің инфрақұрылымы қалыптасты. Ал 2007 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға беріліп, мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды. Дәл осы жылы электронды үкіметті дамыту мақсатында 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бағдарлама толығымен орындалмағанымен, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге аздап болса да мүмкіндік берді. Өңірлерде де электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі ендірілді.
2.2.Электронды үкіметтің қоғамда атқаратын рөлі. Қазір қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасуы тұрақты даму үстінде. «Е-government» термині — мемлекеттік органдардың басын біріктіретін жүйе, яғни ғаламтор арқылы халық пен мемлекеттік органдардың арасын жалғайтын алтын көпір. Ол арқылы мемлекеттік органдардың басын біріктіріп, оларға ғаламтордың, электронды терминалдардың немесе ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Мәселен, АҚШ біртұтас үкіметтік ғаламтор порталы FirstGov 2000 жылы қыркүйек айында ашылып, оның тұсауын сол кездегі ел Президенті Билл Клинтон кесті. FirstGov американдық мемлекеттік мекемелердің жаңа ақпараттық технологияларға көшіруге бағытталған ұлттық бағдарламаны жүзеге асырудың бастамасы болды. Ғаламтор портал 20 мыңға жуық мемлекеттік веб-тораптардың басын қосып, ондағы өкілдігі бар ұйымдар саны 30 мыңнан асып жығылды. Бір жылдан соң АҚШ сенаторлары Дж.Либерман мен Дж.Тернер ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекет тарапынан қызмет көрсетуді жақсарту үшін «Электрондық үкімет туралы» Заң қабылдауды ұсынды. Заң жобасы тура біл жылдан кейін қабылданды да. Америкада үкіметтің қызмет түрлерін е-қызметке көшіру арқылы бюрократиялық рәсімдерді жетілдіру халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын көтерді және оны ұстауға кететін шығынды азайтты. Бір ғана Ауыл шаруашылығы департаменті электрондық төлем жүйесін орнатқаннан кейін келісімшарт рәсімдеуге кететін әкімшілік шығындар 77-ден 17 долларға төмендеген. Ал канадалық тәжірибеде бір канадалық азаматты қабылдап, арыз-шағымын өңдеу үшін 44 Канада доллары шығындалса, осы қызметті пошта арқылы орындау – 38, телефонмен 8 доллар жұмсалған. Дәл осы қызметті электрондық форматта көрсету небәрі 1 канадалық долларға тең болған. Канадалық тәжірибемен салыстырсақ, еліміздегі электрондық қызметте бірқатар проблема баршылық. Мәселен, қазақстандық азаматтардың электрондық үкіметті кеңінен пайдалану мен ақпараттық ресурстарға деген сенімді арттыру үшін канадалықтар сияқты жарнама мен үгіт-насихаттың әлеуетін әлі де күшейту қажет. Қазақстанның да «электрондық үкімет» порталының қоғамдық сұраныстар үдесінен шығатын мүмкіндігі мол. БҰҰ Қазақстанның электронды үкіметті дайындау барысындағы былтырғы жұмыстарына оң көзімен қараған секілді. Ұйымның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті «электрондық үкімет» технологияларын пайдаланудағы елдер дайындығының жаңа рейтингісін жариялаған еді. Олардың көрсеткішінде Қазақстан 46 орынды иеленді. Украина – 54, Ресей – 59, Беларусь 64 болып тұр. Қазіргі таңда Қазақстанда 70 мыңға жуық тұтынушы е-үкімет қызметін пайдалану үшін тіркеуден өткен. Онда 192 елде «электрондық үкіметті» дамыту жағдайы туралы деректер келтіріліпті. 2008 жылғы 81 орынмен салыстырғанда бұл 35 деңгейге көтерілген. Онлайн қызметтерін беру бойынша еліміз 0,5270 индексімен орта әлемдік деңгейдегі 24 орынға жетсе, орта әлемдік деңгей 0,286, жаңа енгізілімдерге дайындық бойынша 22 орындамыз. Электрондық мемлекеттік жобаларда азаматтардың «электрондық қатысу» көрсеткіші бойынша классификацияда 2008 жылы еліміз 106 орынды иеленсе, былтыр 18 орынға табан тіреді. Қазір «электрондық үкімет» веб-порталында 1503 ақпараттық қызмет жарияланған. Веб-портал арқылы мемлекеттік электрондық қызметтерді ұсыну мақсатында ЭҚАБЖ ықпалдастырылған және мемлекеттік деректер қорын бағдарламалық қамтамасыз ету жасалды. Оның ішінде «Мемлекеттік жер кадастры», «Интегралданған салықтық ақпараттық жүйе», «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Адрестік тізім», «Жылжымайтын мүлік тізімі», Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының деректер қоры бар. Бүгінде «электрондық үкімет» порталында 41 электрондық қызмет іске асырылған. Бүгінгі күнге дейін «электрондық үкімет» порталында Әділет, Білім және ғылым, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Жоғарғы сот пен Салық комитетінің 74 интерактивтік қызметтері көрсетілген. Ал 2014 жылға қарай «электрондық үкімет» шеңберінде барлығы әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің жартысынан көбін виртуалды формаға ауыстыру жоспарланған. Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000-нан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Енді үйде отырып-ақ сырттың жұмысын бітіруге мүмкіндік мол. Осы қызмет арқылы салық түрлері мен айыппұлдарды төлеп, анықтамалар алып, некеге тұруға өтініш беруге және онлайн тәртібінде сотқа талап арыз беруге болады. Соңғы уақытта Байланыс және ақпарат министрлігі мен «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингінің жүргізген іс-шараларының негізінде аймақтарда «электрондық үкіметті» қолданушылар саны біршама өскенін аңғартады. Өкінішке орай, қазіргі кезде электрондық үкімет түгілі кейбір ауыл-дарда әлі күнге дейін ғаламтордың жайы қарық болмай келеді. Ауыл түгілі аудан орталығында қазір көпшілік «электрондық үкімет» емес, министрлердің блогынан хабарсыз. Сондықтан электрондық үкіметті насихаттау жұмысы әлі де қарқын ала түсуі дәлелдеуді қажет етпейді. Электрондық үкімет уақыт үнемдеу ғана емес, елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді жолын қарастырады. Е-қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары жетіспейтін өңірлер үшін аса қажет. |
Қорытынды
Электронды үкіметтің
мәні – мемлекеттік электронды басқару,
яғни дәстүрлі үкіметтің электрондық
сипатқа көшуі. Мұнда азаматтарға мемлекеттік
қызмет түрлерінің сан алуан сервисі ақпараттық
технологиялардың көмегімен көрсетіледі.
Бұл бойынша бұрынғыдай қағазбастылықтан
арылып, мемлекеттік органдарға әрі-бері
сабылмай-ақ, ісқағаздарын электронды
түрде алмасуға болады. Электронды үкіметтің
артықшылығы – ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды кеңiнен қолдану жолымен
мемлекеттiк органдардың жұмыс істеу тиiмдiлігін
арттырады, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
қойып, азаматтардың мемлекеттік органдармен
байланысын жеңілдетеді. «Қазақстан Республикасының
2005-2007 және 2008-2010 жылдарға арналған Электронды
үкімет құру туралы» бағдарламасы аясындағы
сан қырлы е-қызмет көрсетулер жылдам,
сапалы әрі қолжетімді түрде жүзеге асырылады.
Электронды үкіметтің нышаны ретінде
азаматтар http://egov.kz порта
Атқарушы билік қызметкерлерінің бұқарашылдығын арттыру, әмбебап қабілеттілікті игерту, шешімдердің орындалуын есепке алу мүмкіндігін кеңейту, қашықтықтан қатынасудың жаңа құралын жасау басты саясат болып табылады. Бұл өз кезегінде қаржы-қаражат ағымын үйлестіруге де айтарлық үлес қосады екен. Олай болса, электронды үкіметтің артықшылығы неде?
Біріншіден, үкімет орнының азаматтар алдындағы жауапкершілігінің жүйесі пайда болып қалыптасады; Екіншіден, үкімет жұмысының тиімділігі артып, шығын азаяды; Үшіншіден , үкімет органдарынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеңіл әрі жедел сипатқа ие болады.
Қазақстан үкіметі бүгінге дейін онлайн жиналыстар өткізу, Парламентте үкімет сағатын белгілеп ұйымдастыру секілді істің жаңаша тетіктерін қалыптастырып үлгерген. Осының өзінен-ақ, әлем көшінен қалмай келе жатқандығкымызды айқын аңғаруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Google.ru
2.wikipedia.ru
3.e.gov
4.Қ.Балапанов «Жаңа информацияның технологиялары»Алматы 2001 ж.
5.Б.Сариев, А. Әмiрбеков, Р. Қадiрбаева Компьютер көмегiмен көп нұсқалы бақылау жұмысын өткiзу. ИФМ. - №2. –Алматы, 1993 ж.
Жоспары:
2.1.Электронды үкіметті қалыптастырудың кезеңдері;
2.2.Электронды үкіметтің қоғамда атқаратын рөлі.
Информация о работе Электронды үкіметті қалыптастырудың кезеңдері