Компьютерлік технологиялар туралы қысқаша мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 07:45, курсовая работа

Описание работы

Сенімділік және тиімділік мақсатында компьютерде екілік санау жүйесі (2 цифрдан тұрады) қолданылады. Компьютердегі информация арнайы програмалар арқылы автоматты түрде 0 және 1 цифрлары арқылы кодталады. Компьютерде тек қана екі қарапайым әрекет орындалады : файлды дискіге (немесе жадтан) оқу және дискіге (немесе жадқа) жазу. Ал басқа күрделі әрекеттер жиынтығынан тұрады. Компьютерде тек қосу және алу амалдары орындалады. Барлық басқа күрделі амалдар осы амалдар тізбегінен құралады (арнайы программалар арқылы).

Содержание работы

I Кіріспе бөлім
1. Компьютерлік технологиялар туралы қысқаша мәліметтер...........1
2. компьютер неден құралады................................................................2
II Негізгі бөлім
1. Компьютерлік желілер.......................................................................3
2. Негізгі желілік топологиялар.............................................................5
3. Клиент-сервер технологиясы.............................................................6
III Қорытынды бөлім
1. Желілік принтерлер............................................................................7
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................9

Файлы: 1 файл

referattar.kz_501311328.doc

— 61.00 Кб (Скачать файл)

Саменова М.К.

Мазмұны

 

  1.  Кіріспе бөлім
        1. Компьютерлік технологиялар туралы қысқаша мәліметтер...........1
        2. компьютер неден құралады................................................................2

 

  1. Негізгі бөлім
        1. Компьютерлік желілер.......................................................................3
        2. Негізгі желілік топологиялар.............................................................5
        3. Клиент-сервер технологиясы.............................................................6

 

  1.  Қорытынды бөлім
        1. Желілік принтерлер............................................................................7

   Қолданылған әдебиеттер.....................................................................9

             

           

 

1.1 Компьютерлік технология ұғымдары туралы қысқаша мәліметтер.

Информация. Компьютерде  таңба немесе сингал информация болып  табылады.  Шынымен, информайияның  барлық түрін таңбалар немесе сигналдар  тізбесі арқылы өрнектеуге болады. Қазақша информация деген ұғымның  баламасы ретінде ақпарат сөзі қолданып жүр. Жалпы айтқанда кез-келген мәтін, сурет, музыка, дыбыс, сызба, мәлімет, мағлұмат дерек және т.с.с. информация болып табылады.

Құжат. Белгілі бір қызмет атқаратынинформацияны  құжат деп атаймыз.

Компьютерде өнделетін информация магниттік немесе лазерлік дискілерге жазылады.

Файл. Дискідегі информация жазылған  атауы бар орынды айтамыз. Яғни, компьютерде  өнделетін барлық информацияны дискіге  жазады да, ат деріледі және оны файл деп атайды, жай сөзбен айрсақ, компьтерде қолданылатын кез-келген информацияны файл дейміз. Сонымен, барлық компьютерлік програмаларды файл деп санауға болады.

Амалдар. Файл мен жазу, түзету, өшіру, көшіру, жылжыту, жіберу, шығару амалдарын  орындауға болады. Яғни, файл дискіге жазуға, дискіде түзетуге және өшіруге, файлдың дискіден атын өзгертуге, орынын жылжытуға, нұсқасын ескі орынды сақтай отырып, дискіде басқа орынды көшірмесін жазуға, файлды басқа дискіге көшіруге, қағазға басып шығаруға, экранда дискіден оқуға,  компьютерлік желі арқылы басқа компьютерлерге жіберуге болады.

Сенімділік және тиімділік мақсатында компьютерде екілік санау жүйесі (2 цифрдан тұрады) қолданылады. Компьютердегі информация арнайы програмалар арқылы автоматты түрде 0 және 1 цифрлары арқылы кодталады. Компьютерде тек қана екі қарапайым әрекет орындалады : файлды дискіге (немесе жадтан) оқу және дискіге (немесе жадқа) жазу. Ал басқа күрделі әрекеттер жиынтығынан тұрады. Компьютерде тек қосу және алу амалдары орындалады. Барлық басқа күрделі амалдар осы амалдар тізбегінен құралады (арнайы программалар арқылы).

                                   1.2  Компьютер неден құралады?

Компьютер алғашқыда күрделі есептеулер жүргізу мақсатында пайда болды. Кейінрек ол негізінен информациямен  жұмыс істеу үшін қолданылды. Болашақта әмбебап қызмет ақтаруға арналған техникаға айналмақ.

Компьютер- Жұйелі блок, монитор және пернетақтадан тұрады, бұл оның негізгі бөліктері.

Жұйелі блок- металл қорапша, онда процессер, жедел жад, қатты  диск және жүйелік шоқсым орналасады. Ол екі түрлі болады Жатық блок «dtsktop» және тік « mihitower». Корпустың алдынғы жағынды үш индикатор: ток көзі «POWER», жылдамдық «Turbo» қатты диск-венчестер «Hard», ток көзіне қосатың батырма, пернетақтаны жабатың құлып, диск енгізгіштер,  RESET пен TURBO батырмалары орналсқан. RESET пен TURBO батырмалары ескі үрдістен қалған, олар әдетте қолданылмайды.

       Процессор-  компьютердің ең негізгі құрылғысы « миы» болып табылады, ол программаларды орындайды және басқа құрылғыларды басқарады.

       Жедел  жад- ағымдық информациямен жұмыс  істеу үшін  қолданылады, онда  орындалып жатқан программалар мен командалар  жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса Жедел жадтағы информация өшіп қалады.

       Қатты  дискі мен дискеталар- информацияны  ұзақ  мерзімде сақтау, тасымалдау  және сенімділік мақсатында информацияның  Көшірмесін дайындау үшін қолданылады. Дискетедағы информацияны компьютерге еңгізу үшін диск еңгізгіш  құрылғысы керек болады.

Жедел жадтағы және қатты  дискі мен дискеталар информацияны сақтауға аоналған еске сақкау құрылұылары болып табылады.

      Пернетақта- Компьютердің енгізу құрылғысы. Пернетақта  кәдімгі баспа машинкасына ұқсайды, онда әріптер, цифрлар, бос орын пернесі, басқа да арнайы пернелер орналасқан. Мысалы, Enter  пернесін қарастырайық.

Enter пернесін- перне тақтада Enter, Return немесе бағыттауыш сызық арқылы белгіленді. Enter пернесі енгізу пернесі деп аталады. Терілген информацияны жедел жадқа жазу үшін Enter пернесін басу керек. Мысалы,dir командысын компьютерге еңгізініс десе, dir сөзін перне тақтада теріп, Enter пернесін басыныз.

Монитор мен басқа құрылғысы. Компьютнрдің шығару құрылғылары. Жедел жаттағы информация мониторда экранға шығады, баспада, қағазға басылып шығады.

Компьютерде басқа да қосымша құрылғылар қосуға болады: дискет енгізгіш, тышқан, джойстик, баспс  құрылғысы, модем, факс-модем, сканер, стример т.б. ішіндегі бізге ең керектісі тышқан құрылғысына тоқтала кетейік.

Тышқан-экранда информация бойынша қозғалуға арналған құрылғы, оның сыртқы көрінісіне тышқан деп  ат берген.

 

2.1 Компьютерлік желілер

Сіздер дербес компьютердің желілері туралы естіген шығарсыздар. Олардың ауқымды, жалпы және жергілікті болып бөлінетінін білесіздер. Компьютерлік желі-бір-бірінен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауна арналған ақпарат өндеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютердің және де принтер, модем, факсимельдік ақпарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметтерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютпрдегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін  компьютерлер мынандай жұмыстар атқарады:

    • Желімен қатынас құруды ұйымдастыру
    • Олардың арасында мәлімет алмасуды басқару
    • Желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әр түрлі қызмет көрсету.

Компьютерлік желілердің түрлері

Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияғанемесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер-дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері ролін атқаратынқуатты компьютер мен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желінің  барлық компьютерлері серверде жазылған қолтаңбалы програмаларды және принтер, факс тәрізді шектері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Аймақтық- таратылған желілер  жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем  немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналары ортақ пайдалануға арналған кешенді қызмет (ISDN, Integrated, services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файылдары тасымалдау үшін жиі қолданылады. Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтық тармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

    • Электрондық пошта арқылы мәлеметтерді қабылдау және жөнелту;
    • Интернетпен байланысу.

 

2.2 Негізгі желілік топологиялар.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология,хаттама,интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

 Желілік техникалық  құралдар- компьютерлерді бір желіге  ұйымдастыруды қамтамасыз ететін  әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік програмалық  құралдар- компьютерлік желі жұмысын  басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті  интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер-желінің  функционалдық элементтерінің бір-бірімен үйлестіру құралдары.

Протоколдар- желінің  функционалдық  элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері.Функционалдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де програмалық  модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және програмалық интерфейстер қарастырылады.

Негізгі желілік  топологиялар.

Желінің атқаратын қызметіне  байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

Шиналық топология. Мұнда  жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ рны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

Жұлдыз тәрізді топология. Мұндай ортақтандырылған коммутациялар  түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы- кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология. Мұнда  байланысу арналары тұйықталған  сақина бойында орналасады. Жөнелтілген  мәлімет біртіндеп барлық жұмыс  станцияларын аралап шығады да, оны  керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқталады. Бұл топологияның кемшілігі-кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

 

2.3 Клиент-сервер технологиясы

Жергілікті желілердегі  компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас  жасау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер сияқты ұғымдары қолданылады. Клиент-сервер технологиясы- жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекшк тәсілі, мұнда біт компьютнр өз құрылғылырын басқаларға- клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті  желілер желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.

Бір деңгейдегі желілерде  айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқарады. Мұның ерекшелігі әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.

Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істейге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.

Серверлік желілерде  компьютердің функциялары алдын  ала айқындалған  - оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Серверлердің бірнеше түрлері бар: желілік сервер, файылдық сервер, баспа сервер, пошталық сервер.

Желілік сервер желіні жалпы  басқару функциясын және есептеу  жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратан арнайы компьютер болып табылады.

Файлдық сервер термині  негізгі функцияны мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен  тұратан арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзіне сақталатын және тасымалданатын файлдарды өндемейді және өзгертпецді. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да, керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады.

Баспа сервері желі адаптері көмегімен мілімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс стапциялардан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады.

Жергілікті желі ауқымды  желімен өте көп мәлімет алмасатын  болған жағдайда, пошталық серверлер  пайдаланылады. Олар электрондық пошта  мәліметтерін өндеу үшін қолданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін Web-серверлер пайдаланылуы мүмкін.

 

3.1 Желілік принтерлер

Кез-келген қызмет бабаында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі  басуға тура келеді. «Қағазсыз» технологияның  күнбе-күн іске асып жатқанына қарамастан, қағазға басылып жатқан мәліметтер көбеймесе, әзірге азайған жоқ. Егер мекемеңіздін абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін ғана бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі түсті принтер де қажет болып қалады. Бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жалғауға болар екен?

Информация о работе Компьютерлік технологиялар туралы қысқаша мәліметтер