Курстық жобаға кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:36, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жобаға кіріспе
Курстық жұмыстың орындалу тәртібі.

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыстың құрылым1.docx

— 19.53 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы: Курстық жобаға кіріспе

Жоспар:

  • Курстық жұмыстың құрылымы
  • Курстық жобаға кіріспе
  • Курстық жұмыстың орындалу тәртібі.

 

Курстық жұмыстың құрылымына курстық жұмыстың мазмұны мен  графикалық бөлімінің мазмұны кіреді.

 Курстық жұмыстың мазмұны  төмендегідей құрылымдық элементтерді  қамтиды:

- сыртқы беті;

- тапсырма;

- аннотация;

- мазмұны;

- белгілеу мен қысқартулар;

- кіріспе;

- негізгі бөлім (жұмыстың  негізгі мазмұны);

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер  тізімі;

- қосымшалар.

 Курстық жұмысқа тапсырма  оқу процесінің кестесіне сәйкес  ағымдағы семестрдің алғашқы  аптасынан кешіктірілмей беріледі.

 Кафедра тапсырмасында  жобаны орындау үшін негізгі  қажетті мәліметтер беріледі.

 Тапсырмада төмендегілер  көрсетілуі керек: жұмысқа байланысты, оқыту пәні; студенттердің аты–жөні  мен тобы; жұмыс тақырыбы, жетілдіру  кезеңдері мен орындалу мерзімдері; жетекшінің аты – жөні, оның  қызметі, қолы және тапсыру  мерзімі.

 Әрбір тапсырма әдістемелік  және ғылыми негізде ойластырылуы  керек және студенттердің дайындық  деңгейі мен жұмысты орындауға  кететін уақыты сәйкес болуы  тиіс.

 Қажетті мәліметтерге  ҚР нормативтік-заңдық актілер,  оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар,  анықтамалық әдебиеттер, статистикалық  материалдар, мерзімдік басылымдар  жатады.

 Курстық жұмыстың мазмұнында  төмендегідей құрылымдық элементтер  айқындалуы тиіс: кіріспе, үш (екі)  тарау, қорытынды, қолданылған  әдебиеттер тізімі.

 Орындалу мерзімі төмендегідей  ұсынылады: кіріспе - 1-2 апта, қорытынды  - 1-2 апта, әрбір тарау - 2-3 апта, қолданылған  әдебиеттер тізімі - 3-5 күн. Сонымен  қатар, жұмыстың құрылымдық элементтерің  көлемі: кіріспе - 2-3 бет, қорытынды  - 2-3 бет, әрбір тарау - 10-15 бет,  қолданылған әдебиеттер тізімі -1-2бет.

 Есептік – графикалық  бөлімде слайдтар, плакаттар аталуы, орындалу мерзімі, беттер саны  көрсетіледі. А4 парағында 3 слайдтан  кем емес орындалу ұсынылады.

 Аннотацияда курстық  жұмыс туралы негізгі мәліметтер  қысқаша беріледі. Аннотацияда курстық  жұмыс көлемі, кестелер, сызба, қосымшалар  туралы мәліметтер қамтылады. 

Мазмұнында бөлімдер, тараулар, қосымшалардың аталуы мен реттік номерлері кіреді.

 «Мазмұны» сөзі ірі  әріптермен ортадан басталып  жазылады.

 «Белгіленулер мен  қысқартулар» құрылымдық элементінде  курстық жұмыста қолданылатын  белгіленулер мен қысқартулар  тізімі сипатталады. Сөздерді  қысқарту үлгісі төмендегіше: 

 ОБП– объектіге бағдарланған  программалау.

 Кіріспеде автор таңдалған  тақырыптың өзектілігі, ондағы мәселерді  жетілдіру деңгейі мен шешу  жолдарын көрсетеді. Кіріспе қысқаша  болуы керек (2-3 бет).

 Жұмыстың негізгі бөлігінде  тақырыптың мазмұны сипатталады.  Бұл бөлім зерттелінетін тақырыптың  мазмұнын сипатайтын 2-3 тараудан  тұрады. Тарауларды артттыру қажет  емес, себебі бұл курстық жұмыстың  айтарлықтай көлемінің өсуіне  әкеледі. Жұмыстың негізгі бөлігі  компьютерлік текстпен 25-30 бет немесе  қолмен жазып 30-40 бет болуы  тиіс.

 Қорытынды бөлімінде  курстық жұмыстың материалдары  бойынша ұсыныстар енгізіледі. Қорытындысы  2-3 беттен тұрады.

 Курстық жұмыстың соңында  белгілі бір тәртіппен библиографиялық  тізімдер берілуі тиіс.

 

  1. Курстық жұмыстың орындалу тәртібі.

 Курстық жұмыстың орындалуын  төмендегідей кезеңдерге бөлуге  болады:

  • тақырыпты таңдау;
  • әдебиеттерді іріктеу және үйрену;
  • жұмыс жоспарын құрастыру;
  • нақты материалдарды жинау мен жетілдіру;
  • курстық жұмысты жазу;
  • курстық жұмысты толтыру (оформление);
  • курстық жұмысты қорғау.
  1. Курстық жұмысты әрлеу (оформление)

 

  Жұмыстың мәтіні (тексті) А4 парағының бір бетіне жазылуы  тиіс, төмендегідей өлшемдерді сақтай  отырып: сол жақтан -30 мм, оң жақтан -10 мм, жоғары және төменнен- 20 мм. Мәтінді компьютермен жазуда  бірлік интервал, 14 кегль болуы  керек.

Курстық жұмыстың мәтіндегі  барлық анықтамалар мен сандық мәліметтерге шыққан алғашқы дерек көздері  көрсетілуі тиіс. Курстық жұмыстың беттері нөмірленуі тиіс. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен жазылуы  керек.

 Студент жұмысты жазып  және толтырған соң қорғау  күнін белгілеп, қол қойып кафедрасына  өткізуі тиіс.

Курстық жұмыстың негізгі  бөлігі, зерттеу тақырыбы мен мазмұнына  байланысты, әр түрлі мәтіндер түрінде, кестелер мен суреттер түрінде (сызба, диаграммалар) өрнектелуі тиіс.

 Жұмыстың мәтіні зерттеу  объектісі туралы ақпараттармен  тиянақты және логикалық түрде  қамтылуы керек. Мәтін тараулар, бөлімдерге бөлінеді, әрқайсысының  өз нөмері араб цифрларымен  сипатталуы тиіс.

Бөлімдер атаулары тараулардың  мазмұнын нақты және қысқа айқындауы  тиіс. Бөлімдер атаулары ірі әріптермен орта жолдан нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылуы керек. Бөлімдер ішіндегі тақырыпшалар атаулары ірі  әріптермен, нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылады. Мұнда сөздердің  тасымалдауына рұқсат етілмейді.

 Атаулар мен мәтін  арасындағы қашықтық 1 мм болуы  керек. 

 Курстық жұмыстың бөлімдері  мен тараулары араб сандарымен  нөмерленеді. Тараулар барлық  мәтіндегі реттік номерлеу бойынша  жүзеге асады. Мысалы – 1,2,3 және т.б.

 Бөлімдер әрбір тарау  бойынша реттік номерлеу бойынша,  мысалы -1.2, 2.1, 3.1. т.с.с. іске асырылады.  Тараулар, бөлімдер номерлерінен соң нүкте қойылмайды.

 


Информация о работе Курстық жобаға кіріспе