Маркетингтегі-ақпарат-жүйесін-тұрғызу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 15:09, реферат

Описание работы

Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді [1].

Содержание работы

1 Ұйымның маркетингтік ақпараттық жүйесін негіздеу....................................................................................................................6
1.1 Маркетингтік ақпарат жүйесі. Үрдістің экономикалық мәні............................6
1.2 «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестік сипаттамасы...............................................................................................................26
1.3 Маркетингтік ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты.......................................................................................................................38
1.4 Маркетингтік ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар......................................................................................................................40
1.5 Концептуалды схема...........................................................................................50

2 Маркетингтегі ақпарат жүйесін жобалау.....................................53
2.1 Мәселенің қойылымы.........................................................................................53
2.2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны...................................................................54
2.3 Кіріс ақпараты......................................................................................................55
2.4 Шығыс ақпараты..................................................................................................56
2.5 Ақпараттық база..................................................................................................57
2.6 Программалық қамтамасыз ету..........................................................................60
2.7 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау...................................................................................................61
2.8 Программалық қамтамасыз ету құрылымы......................................................62
3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала....................................................................................64
Маркетингтегі ақпараттық жүйені тұрғызуға кететін шығынын есептеу...................................................................................................................64
Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау.....................................................................................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................72
Қосымша

Файлы: 1 файл

Дип.-Маркетингтегі-ақпарат-жүйесін-тұрғызу.doc

— 821.50 Кб (Скачать файл)
  • Аппараттық архитиктурадан тәуелсіздігі;
  • Программалық- аппараттық платформадан тәуелсіздігі;
  • Ашық жүйелер стандартын сүйемелдеу;
  • Мәліметтерді көппроцессорлық және параллельді өңдеуді сүйемелдеу;
  • Таратылған мәліметтерді оптималды сақтау;
  • WEB серверлерді сүйемелдеу және INTERNET-пен жұмыс;
  • Екілік индекстерді сүйемелдеу;
  • Үзіліссіз жұмыс;
  • Бұзылудан сақтау;
  • Қолдану қарапайымдылығы;

Мысал түрінде жоғарыда аталған критерилер бойынша ORACLE 7.0, MS SQL SERVER 2000 және ADABAS D МБ-ң серверлерінің салыстыруын қарастырайық. Салыстырмалы талдау 3 кестеде келтірілген.

 

  3 Кесте. МБ серверлерінің салыстырмалы сипаттамалары

 

                    Салыстыру

                   критерилері

ORACLE 7.0

MS SQL SERVER 2000

ADABAS D

1

2

3

4

Аппараттық архитиктурадан тәуелсіздігі

     ия

ия

ия

Программалық- аппараттық платформадан тәуелсіздігі

     ия

жоқ

ия


         

 

  3 кестенің жалғасы

 

1

2

3

4

Ашық жүйелер стандартын сүйемелдеу

     ия

ия

ия

 Мәліметтерді көппроцессорлық  және параллельді өңдеуді сүйемелдеу

     ия

ия

ия

Таратылған мәліметтерді оптималды сақтау

     ия

ия

ия

WEB серверлерді сүйемелдеу және INTERNET-пен жұмыс

     ия

ия

ия

Екілік индекстерді  сүйемелдеу

     ия

жоқ

ия

Үзіліссіз жұмыс 

     ия

ия

ия

Бұзылудан сақтау 

     ия

жоқ

ия

Қолдану қарапайымдылығы 

    жоқ

ия

ия

Бірыңғайлы интерфейстің болуы

    жоқ

ия

жоқ

Серверлерді топтық басқару

    ия

ия

жоқ

Мәліметтерді импорттау, экспорттау, трансформалау 

    ия

ия

жартылай


 

3. МБ-ң құрылымын жасау және оны ақпараттық толтырылуы.

Техникалық тапсырма- D4, жасаудың программалық құралдарын сипаттау- D5, МБ-ң таңдалған серверін сипаттау- D2 және оның МББЖ- G2 негізінде МБ-ң  құрылымын жасау және оны ақпараттық толтырылуы- G4 жүзеге асырылады.

 МБ-ң құрылымын  жасау және оны ақпараттық  толтырылуы келесі технологиялық  операциялардың орындалуына негізделеді  (1.3. сур.):

  • Мәліметтер базасының таралған сұлбасын жобалау;

Мәліметтер базасының  таралған сұлбасын жобалау әдеттегідей АЖ модельдерін құруға мүмкіндік беретін, осымен қатар түрлі қолданушылар категориялары үшін олардың бекітілген ену құқықтары негізінде модель астыларды ерекшелейтін CASE технологиялардың көмегімен іске асады.

  • МБ-ң облысын жасау;

МБ-ң облыстарын жасау облыстарды (жүйелік, мәліметтерді сақтау, транзакция, архивтік мәліметтерді сақтау) инициализациялауға негізделеді. Бұл жүйелік администратормен орындалады. Осы мақсатта ол МБ-ң серверінің МББЖ-ң құралдарын қолданады.

  • МБ-ң SQL сипаттамаларын енгізу:

МБ-ң SQL сипаттамаларын енгізу жүйелік администратормен орындалады. Енгізу сыртқы көздерден, сондай-ақ МБ-ң серверінің МББЖ-ң құралдарымен орындалуы мүмкін.

  • МБ-ң басқарушы элементтерін жасау (тригерлер, процедуралар және т.б. )

Сақталынатын процедура  негізгі функциясы МБ сұлбасын функционалды кеңейту болатын мәліметтер базасын программалық толтырудың нұсқасы болып табылады. Мысалы, банктік жүйенің администраторы «Х номерлі есеп шотқа Ү сомасын енгіу» функциясын орындайтын сақталынатын процедураны жасайды. Қосымша жасаушысы осы процедураны қолданады, бірақ оның қалай жұмыс істейтінін нақты білмейді. Бұл келесі басымдылықтарды береді:

  • Берілген әрекеттің алгоритмі өзгергенде администратор тек қана осы сақталынатын процедураны ғана өзгертеді, осыдан кейін барлық қосымшалар жаңаша жұмыс істей бастайды;
  • Сақталынатын процедураны қолданатын жұмыс орнының типіне тәуелсіз бірдей әрекеттер бірдей орындалады, бұл жасалған жүйенің сенімділігін арттырады;
  • Сақталынатын процедура бір адаммен жазылады, ал көптер қолданылады, сонымен, КАЖ жасау қарқыны артады;
  • Қолданушылардың сұрауларын өңдеу жылдамдығы сақталынатын процедураны талдау, процедураны анықтау кезінде бір рет орындалуының есебінен артады; 

МБ тригері – бұл  кейбір оқиға болғанда  SQL-оператолардың  кейбір наборын автоматты түрде орындайтын «оқиға - әрекет» механизімі. Мәліметтерді модификациялау  тригерлерді орнатуға болатын оқиғалар болып табылады. Осымен қатар тригер МБ-ң нақты кестесімен байланысты. Тригер МБ-да объект түрінде сақталынады. Тригерлерді жасау МБ серверінің сілтемелік тұтастығын қамтаммассыздандыратын ережелерді орнатуға мүмкіндік береді.

 Тригер әрекеттерінің  қалай сипатталатынын қарастырайық. Әр әрекет тригер үшін, әр бір  қатар үшін (FOR EACH ROW бөлімі) оқиғаны  шақырған оператордың орындалуының  алдында (BEFORE бөлімі) және оператор орындалғаннан кейін (AFTER бөлімі) бір рет орындалатынның сипаттамаларынан тұрады.

CREATE TRIGGER АТЫ ON КЕСТЕ АТЫ

BEFORE

FOR EACH ROW

AFTER <ОПЕРАТОРЛАР>

4. КАЖ-ң  МБ-н басқару.

МБ-ң құрылымы-G4, МБ-ң таңдалған  серверін сипаттау- D2 және оның МББЖ- G2 негізінде МБ-н басқару жүзеге асырылады.  Берілген операцияның шығуына КАЖ-і қолданушылар және олардың құқықтарының тізімі- D8, транзакциялардың орындалу және МБ-ң облыстарын толтыру деңгейінің журналы қызмет етеді.

МБ-н басқару жүйе администраторымен  келесі функциялардың орындалуына  тіреледі:

  • Түрлі қолданушылар категорияларының ену құқықтарын физикалық тағайындау және өзгерту;

МБ администраторымен  қолданушылар құқықтары мен жеңілдіктерін  тағайындау

а) Кестелер;

ә) Кестелер алаңы;

б) Бейнелер;

в) Есеп берулер

г) Сұраулар

сияқты МБ-ң объектілеріне иелік  ету және өзгерту мүмкіндігіне ие болу өкілеттілігін анықтауда түйінделеді.

  • МБ-н толтыру мониторингі;

МБ администраторы МБ-н  толтыру процесінде берілген облыстардың қолданылуын қадағалайды және қажет болған жағдайда МБ серверінде қосымша орын бөледі;

  • МБ-н қайта құрылымдау;

МБ администраторы қажеттілік туған жағдайда мәліметтерді қайта  құрылымдауға мүмкіндігі бар, яғни, кестелер құрылымын және олардың өзара байланысын қайта анықтау.

5. Қосымшалар серверлерін жасау.

Қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне- D4 және олардың құқықтарына- D8 сүйене отырып, құралдық ортаны- D5 пайдалана  қосымшалар сервері- G6 және жолдама  құжаттар- D10 жасалынады.

Қосымшалар сервері құрамына сервис жиынтығы (мәліметтерді өңдеу функциялары) және қолданушылардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету сервисінің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын монитор транзакций кіреді.

6. Жұмыс станцияларында клиенттік қосымшаларды жасау.

Қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктері- D4 және олардың құқықтары- D8 негізінде, құралдық ортаны- D5 пайдалана  клиеттік орындардың қосымшалары- G7 жасалады, сонымен қатар жолдама құжаттар- D10. Ішінара клиенттік қосымшалар бөлімдерінің қолданушылық интерфейсін жобалау жүзеге асырылады.  

        Осы жұмыста тұрғызылатын ақпараттық  жүйе КАЖ-ң барлық талаптарына  сәйкес тұрғызылады. 

XIX ғасырда көптеген фирмалар  ұсақ болды және олардың қызметкерлері өздерінің клиенттерін жеке таныды. Басқарушылар маркетингтік ақпаратты адамдармен сұқпаттасу, сұрақтар қою арқылы жинады.

ХІХ ғасырда ауқымды  және жақсы сапалы маркетингтік ақпаратты  жинаудың қажеттігін негіздеген үш бағыт  күшейді:

  1. Жергілікті жердегі маркетингтік деңгейден жалпы ұлттық масштабтағы маркетингке көшу: Фирма өзінің нарығының территориясын тұрақты кеңейтіп отырады, басқарушылар барлық клиенттерін тікелей білмейді. Маркетингтік ақпаратты жинаудың басқа жолдарын табу керек.
  2. Сатып алу мұқтаждығынан сатып алу қажеттілігіне көшу: Табыстарының өсуіне қарай сатып алушылардың тауарларды таңдау талғамы артады. Сатушыларға сатып алушылардың тауарлардың әртүрлі сипаттамаларына, орамаларына және де басқа қасиеттеріне реакциясын болжау қиындайды, олар маркетингтік зерттеуге жүгінеді.
  3. Бағалық бәсекелестіктен бағалық емес бәсекелестікке көшу: Сатушылар тауарларға маркалық атаулар беру, тауарларды дараландыру, жарнама және өткізуді ынталандыру сияқты маркетингтің бағалық емес құралдарын кеңінен қолдануда және оларға нарықтың осы құралдарды қолдануға қалай жауап қайтаратыны туралы ақпарат қажет.

Сатушылардың маркетингтік ақпаратта  қажеттіліктері өскен сайын, ол жеткіліксіз, тапшы секілді. Нарық қызметкерлері  оларға жеткілікті көлемде қажетті  дәл және пайдалы мәліметтерді жинай  алмайтынына арыздануда. Бұл мәселені шешу мақсатымен көптеген фирмалар ерекше маркетингтегі ақпараттық жүйені жасайды.   

Әлемдік қауымдыққа интеграциялану Қазақстанды экономикасын дамыған  мемлекеттер үшін жалпы тенденцияларға сәйкес реформалауы тиіс, бұл барлық кезеңдерде ең прогрессивті және қазіргі заман талабына сай ғылым және басқару тәжірибесінің тәсілдерін, соның ішінде маркетингтің жаңа бағыттарын ендіруду білдіреді. Маркетингтің жаңа функциясы - өзара әрекетті басқару функциясының пайда болуы коммуникативтік позициядан маркетинг технологиясын сәйкесінше қарастыруға мүмкіндік береді, ал коммуникацияларды табыс табуға жағдай жасайтын компанияның өз серіктестерімен кез-келген қарым-қатынас түрінде қарастыруға мүмкіндік береді [20].

Шаруашылық жүргізу  шарттарын және қазіргі таңда  бар маркетингттік технолгияларды талдау қазіргі экономикалық жағдайда отандық тауар және қызмет өндірісінің дамуы көп жағдайда оларды нарықта жылжыту тәсілдеріне және тұтынушылардың отандық өнім маркаларына адалдығын қалыптастыруға тәуелді болатынын көрсетеді.

Табиғатта және қоғамда  әрекет ететін циклдар түрлері мекемеге (құрылымына, функциялаға, оларды іске асыру тәсілдеріне және т.б.), сондай-ақ оның сыртқы макро- және микро орта элементтерімен өзара әрекеттеріне әсер етеді. Түрлі цивилизацияда  және түрлі мемлекеттерде олар түрліше байқалады. Соңғы он жылдағы жалпы экономикадағы дағдарыс мәселелері өндіріс мекемелерінде едәуір байқалды.

Сондықтан олардың негізгі мақсаты  – қолда бар потенциалды қолдану  және ұжымдармен ұйымдардың ыдырауына  жол бермеу болды.

Бұл стратегиялық жоспарлау мен  басқаруға анағұрлым салмақты қарауды, фирманың іскерлік белсенділігінің  дамуына негіз жасайтын заман  талабына сай маркетингтік технологияларды  қолдануды талап етті.

Осы өтпелі кезеңде маркетингтің ролі бірегей және қосарланған болды: микродеңгейде ол мекемені қалыптасатын нарықтық ортаға бейімдейтін инструмент және инвестицияларды тарту құралы ретінде, ал макро деңгейде нарықтық орта инструменті ретінде. Ұйымның осы ортаға кіру дәрежесін фирманың бәсекеге қабілеттілік потенциалын бейнелейтін іскерлік белсенділік деңгейімен бағалауға болады.

Іскерлік белсенділік  деп ұйымның, оны құраушыларының сыртқы ортамен үйлесімді келісілген дамуы негізінде экономикалық өсуіне (соның ішінде өндірістік-өткізу жүйесі) себептесетін әрекеттердің жиынтығын түсіну керек.

Іскерлік белсенділікті  сандық бағалау дәстүрлі түрде екі  бағыт бойынша жүзеге асырылады  – жоспардың орындалу дәрежесі бойынша  және ресурстарды қолдану тиімділігінің  деңгейі бойынша. Бірақ бұл көрсеткіштер негізінен жүйенің экономикалық даму қарқынына әсер ететін ішкі факторларды бағалайды. Осы шартта өткізу нарығының кеңдігі, экспортқа шығарылатын өнімнің болуы, мекеме абыройы (соның ішінде мекеме қызметін қолданушы клиенттердің танымалдығы және т.б.) сияқты іскерлік белсенділіктің сапалы құраушылары формализациялауға келмейтін сияқты қарастырудан тыс қалады.

Мекеменің іскерлік белсенділігін  зерттегенде әлемдік шаруашылық конъюнктурасының бірнеше түрлерін қарастыру қажет, ұлттық, аймақтық, салалық деңгейлерін. Конъюнктураны  жүйелі (маусымдық, циклдық) және жүйесіз тербелістерге ие тербелістік жүйе ретінде қарастырғанда ғана   іскерлік белсенділік деңгейін бағалау, өзгеру қадамын түсіндіру және болашақ жағдайын болжау мүмкін болады. Тербелгіш процесстер ережеге сай қайтқыш болып табылады. Олармен қатар қоғамның экономикалық өмірінің динамикалық процесінде іскерлік белсенділікті басқару моделіне кездейсоқ құраушылар түрінде енуі мүмкін болатын қайтпайтын тенденциялар бар.          

Информация о работе Маркетингтегі-ақпарат-жүйесін-тұрғызу