Microsoft Office Word

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 11:28, реферат

Описание работы

Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows,DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы

Файлы: 1 файл

майкрософт.docx

— 304.78 Кб (Скачать файл)

Егер файл туралы кесте көмегімен  информация берілген мәліметтер жеткіліксіз  деп санасаңыз, Қасиеттерін шығару батырмасын басу қажет . Сол кезде  берілетін қосымша мәліметтерден  іздеп отырған керекті файылыңыз  осы екенін (немесе осы емес екенін) анықтай аламыз. Алдыңғы сабақта  файл туралы қосымша информация енгізу керектігі айтылып еді, енді «Құжат ашу» сұхбат терезесі арқылы файл іздегенде  сондай информацияның қажеттілігіне  көзіңіз толық жетеді. Ішкі мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты  ашпай - ақ, оның бас жағынын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкіндік  іздеу жүйесі арқылы ішкі мәтіні ұқсас  бірнеше файл тапқанда өте қажет  болады. Табылған файлдар ішінен керегін  оқи отырып осылай анықтайды. Ішкі мазмұнын шығару батырмасыарқылы табылған файлдар  мәтінінің бас жағын қарап  алып барып, тек керектісін ғана терезеге шығаруға болады.

Бос құжатты даярлау


Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі»  нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа  кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру  жөнінде арнайы талап қойылған жоқ. «Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты  даярлау үшін:

  1. Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады.
  2. Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек.
  3. Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды.

Басқа форматтардағы  файлдарды ашу


Word редакторында WordPerfect, Works, WordStar, DOC-қа  арналған Word және т.б. форматтарда  даярланған файлдарды ашуға болады. Ол үшін Файл → Ашу ( Файл  → Открыть) командаларының Файл  типі жолындағы керекті типті  таңдау керек, әйтпесе барлық  файлдарды қарап шығуға рұқсат  беретін «Барлық файлдар» деген  жолды таңдап, солардың ішінен  қажеттісін таңдау керек.

Құжатты сақтау


Даярланып жатқан құжитты жиі –  жиі дискіге жазып қою керектігін түсінген шығарсыздар. Мәтін терліп жатқан кезде компьютердің жедел  жадында болады да, ток не компьютер  өшіріліп қалса, бірден жойылып кетеді.Сондықтан  дискіге жазып сақтап отырған  абзал. Ол көп уақыт алмайды. Ол үшін тышқан курсорын дискеттің суреті салынған батырмаға жеткізіп, оны бір рет  шертсе болғаны. Осылай сақталған мәтін  ғана қатты дискіге жазылып, қауіпсүз күйде ұзақ уақыт сақталады. Құжатты  дискіге алғашқы рет жазып  сақтау үшін оған белгілі бір ат қойып, қай дискінің қандай бумасына орналастыратыныңызды білгеніңіз жөн. Егер жұмыс нәтежесін бірнеше  вариантта сақтау керек болса, олардың  әрқайсысына бөлек - бөлек ат қойып  сақтау қажет. Файлды сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. Файл → … деп сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін басу.
  2. Файл аты деген өріс жолына құжаттқа қойылатын аты енгізу, әйтпесе Word-тың ұсынған атын (мысалы, Документ2) қабылдау.
  3. Буманың ашылатын тізімінің көмегімен, алдымен дискіні таңдап ал. Оның аты жоғарғы кішкене терезеге шығады, ал төменгі негізгі терезеде сол дискідегі бумалар тізімі көрінеді. Бұл ж мысты орындағанда, А:, В: таңбалары мен иілгіш диск, яғни дискет белгіленетіні есіңізде болсын, сондықтан көбінесе С:, D: сияқты қатты дискілерді таңдауған жөн, оны Диск деген өрісте белгілейміз, мысалы, Д: дискісін таңдап алайық.
  4. Бумалар тізімінен файлды орналастыратын бума атын белгілеу керек, мысалы BOOK атын таңдап алайық. Белгіленген бума аты жоғарғы терезеде, ал негізгі терезеде – сол буманың (ВООК) ішіне кіретін басқа бумалар мен файлдар тізімі тұрады.
  5. Қабаттасқан ішкі бумалардан да керектісін таңдап ал, бізге керектісі, мысалы, PROSPECT ішкі бумасы болсын.
  6. Бумалар деңгейлерін толық қарастырып керектісін таңдап алған соң, «Сақтау» (Сохранить) батырмасын басу қажет. Осылай сақталған құжатты кейіннен тауып алу қиынға соқпайды.
  7. Мәтінің құрамына кіретін және оны сипаттай алатын сөз тіркестерін де енгіземіз, оларды «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесіне енгізіп, кейіннен өзгертіп немесе толықтырып қоюға болады. «Сервис» менюінің ішкі «Статистика» парағы өздігінен толтырылып отырады, онда мәлімет көлемі неше беттен, абзацтан және жолдан тұратыны көрсетіледі.

Қорытынды мәліметтер


Жұмыс туралы қортынды информацияны Файл → Қасиеттер (Файл → Свойства) сұхбаттасу терезесі көмегімен алуға  болады. Бұл терезе кейіннен файлды іздеуді оңайлататын информация мен ескертулерді есте сақтайды. Егер «Қасиеттер» терезесінің жолына әр файл туралы тұрақты күйде информация енгізіп отыратын болсақ, кейіннен файлдарды көбейтіп, оның аты, бумасы ұмытылып кетсе де, оларды іздеп табу қиынға соқпайды. Сондай сәттерде бұрын енгізілген «Қасиеттер» терезесіндегі мәліметтердің қадырын түсінуге болады. Енді осы терезені толығырақ қарастырайық. Терезедегі «Жалпы» және «Статистика» парақтары адамдардың қатысысуынсыз – ақ өздері автоматты түрде толтырылады. Сонымен «Қасиеттер» сұхбат терезесін толтыру үшін төмендегі әрікеттерді орындаймыз.

  1. Файл → Қасиеттер командаларын таңдаймыз. «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесі пайда болады.
  2. «Құжат» парағына өтіп, ондағы жолдарға тиісті мәліметтер енгізу қажет. «Құжат» (Документ) парағына Тақырып, Автор, Мекеме,Топ, Өзекті сөздер, Ескертпе сияқты жалпы мағлұматтардын жинайды. Бұл мағлұматтарды әркім жұмыс барсында өзі енгізіп, онда 255 таңбаға дейінгі әр түрлі мағлұматтардан тұратын сөз тіркестерін толтыруға мұмкінідік бар.
  3. «Статистика» парағы мынадай мәліметтер береді:
  • Құжаттың дайындалған, өзгертілген, ашылған даталары;
  • Кім дайындады, қанша уақытта түзетілді, кім сақтады;
  • «Статистика» бөлімінде құжаттың қанша беттен, абзацтан, жолдан, сөзден, символдан, байттан тұратыны туралы жазылған мәлімет болады.

«Қасиеттер» терезесін толтыру  қажет те емес сияқты болуы мүмкін, бірақ файлды іздеп оны табу процесінде оны дер кезінде толтырудың қандай маңызы бар екенін толық түсіндіруге  болады.

 

Microsoft Office


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Microsoft Office - құрамында Word мәтіндік процессоры, Excel электрондық кестесі, Access мәліметтер базасы, PowerPoint графикалық презентация программалары және электрондық поштасы бар біріктірілген жүйе. Бұл жүйенің жалпы сомасы оның құрамындағы программалар құнының қосындысынан төмен болып келеді. Барлық программалар бірігіп, мәліметтер алмаса отырып жұмыс істей алады, олардың жұмысын үйлестіріп жеңілдетуге мүмкіндік беретін Microsoft Office Manadger утилиті де бар.

Microsoft Office Еxcel


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Microsoft Excel (Windows)

 
Microsoft Excel 2010

Кім дамытқан

Microsoft

Соңғы шығармасы

14.0.6023.1000 / 27 маусым 2011

Амалдық жүйесі

Microsoft Windows

Жанры

Кесте құрастырушы

Лицензиясы

Microsoft EULA

Ғаламтор торабы

Бағдарламаның бас беті


Microsoft Еxcel - IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделіфункциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.

 

  Excelдің маңызы

Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды,  күрделі есептерді жеңілдету  үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі  мәліметтердің негізінде түрлі-түсті  диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді  қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің  көпжақтылығы тек экономика саласында  ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік  жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Нұсқалары


  • 1988 — Excel 2.0
  • 1990 — Excel 3.0
  • 1992 — Excel 4.0
  • 1993 — Excel 5.0 (Windows NT)
  • 1995 — Excel 7 (Windows 95)
  • 1997 — Excel 97
  • 1999 — Excel 2000 (9) — Microsoft Office 2000
  • 2001 — Excel 2002 (10) — Microsoft Office XP
  • 2003 — Excel 2003 (11) — Microsoft Office 2003
  • 2007 — Excel 2007 (12) — Microsoft Office 2007
  • 2010- Excel 2010 (13)-Microsoft Office 2010
  • 2012- Excel 2013 (14)-Microsoft Office 2013

Жұмыс кітабы


Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы  деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс  парағынан тұрады. Жұмыс парағының  құрылымы кестенің құрылымындай  және ол бір немесе бірнеше  кестені қамтиды. Әрбір парақтың  аты төменгі жағында орналасқан  таңбашада көрініп тұрады. Осы  таңбашаның көмегімен кітапты  парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның  батырмасын екі рет басу арқылы  өзгертуге болады. Әрбір жұмыс  парағы жолар мен бағандардан  тұрады. Бағандардың аты латын  алфавитінің бас әріптерімен  жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға  дейін баған санын қамти алады.  Бағандар А-дан ZZ әріптерінің  комбинацияларымен белгіленеді,  ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін  нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың  қиылысуы ұяшықтар деп аталады.  Ол электрондық кестенің мәлімет  енгізетін ең кіші элементі  болып табылады. Әрбір ұяшықтың  жол мен бағандардың белгіленуінен  тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың  біреуі ағымдық ұяшық болып  есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп  тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің  рөлін атқарады және тышқанның  немесе басқару пернелердің көмегімен  экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді  енгізу, пішіндеу және басқада  іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

  • Сан
  • Формула
  • Мәтін

Мәліметтерді  өңдеу


Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына  қарап анықтайды. Егер енгізілетін  символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші  символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың  оң жақшетіне орналасады. Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі  пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім  әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б. Ақша сомасын  енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік  пішім пайдалынылады. Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен  цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға  жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі. Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін  өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған  Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің  жазылу пішімін таңдап алады. Сол  терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін  анықтайтын параметірлерді енгізуге болады. Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы  формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген  жазуға көзсалу керек. Ұяшықтарда адрес  көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады: • біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады; • екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады. Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.

Информация о работе Microsoft Office Word