Мәліметтер қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 11:40, лекция

Описание работы

Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.
МҚБЖ – бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.

Файлы: 1 файл

Мәлiметтер қорын басқару жүйесi.docx

— 21.08 Кб (Скачать файл)

Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.  
МҚБЖ – бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.  
Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.  
Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады.  
Реляционды мәліметтер қоры – бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.  
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:  
• Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;  
• Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады.  
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады:  
• Реляционды алгебра тілдері;  
• Реляционды есептеулер тілдері.  
Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген. Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады.  
Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты.  
Мәліметтер құрылымының үшінші түрі – желілік МҚБЖ.  
Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:  
1) объектiнiң сипаттамаларын анықтау;  
2) осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут – қатынас бағандары) анықтау;  
3) объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк).  
4) ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.

Java – бағдарламашылардың (программистердің) арасында кең  таралған, танымал ОБ(объектіге бағытталған)  бағдарламалау тілдердің бірі. Sun Microsystems 1995 жылы шығарған Java 1.0 версиясы  бағдарламалауда жаңа стандарттар  орнатып, революция жасады. Нәтижесінде  Web нағыз интерактивті ортаға  айналды. Әрине ғаламдық тордың  дамуы есептеуіш жүйелердің қалыптасуына  үлкен әсерін тигізді. Web пайда  болмаған кезде көпшілік қолданушыларда  бір-бірімен байланыспаған дербес  компьтерлер болған. Ал қазіргі  кезде компьтерлердің барлығына  жуығы Интернетке қосылған, ал  ол, өз кезегінде есептеуіш жүйелердің  жаңадан қалыптасуына және ақпатарты  бірлесіп қолдануға мүмкіндік  береді. Сол жаңа жүйелердің қалыптасуы  мен Интернеттің дамуы бағдарламалауда  Java-ға негізделген жаңа көз-қарас,  шешім алып келді. Бұл тіл  тек қана Web-бағдарламалауды жеңілдеткен  жоқ, оған қоса желілік бағдарламалаудағы  жаңа типке, аплетке, жол ашты.

Апплет дегеніміз –  ол WWW–құжатының терезесінде браузер  басқаруымен жұмыс істейтін, мүмкіндіктері  шектеулі Java-ның арнайы программасы. Әдеттегідей апплеттерді HTML-құжаттарына (WWW–құжаттарының ең көп таралған түрі) кірістіреді.

Java-ның қосымшалары мен  апплеттерінің арасында қағидашыл  айырмашылығы бар: қосымша қолданушының  компьютерінен тікелей іске қосылады  және кез келген басқа программалармен  бірдей компьютердің барлық ресурстарына  қатынай алады. Ал апплет WWW–дан  басқа серверден жүктеледі, сонымен  бірге WWW–дың өз идеологиясына  сай, жалпы жағдайда апплет  жүктелінген сайтты сенімді деп  санауға болмайды. Ал апплеттің  өзінің WWW–да кез келген серверге  мәліметтерді жіберу мүмкіндігі  бар – барлығы апплетті жасаушының  алгоритіміне байланысты. Сондықтан,  қолданушының компьютерінен құнды,  құпия ақпаратты жоғалтудың немесе  қастандық амалдарды жасаудың  тәуекелділігінен аулақ болу  үшін, апплеттерден қосымшаларда  бар көптеген мүмкіндіктер алынып  тасталынды.

Апплеттермен жұмысты  қолдау – әдеттегі апплеттердің java.applet пакетінде орналасқан кластардың стандартты кітапханасымен (core library), сонымен бірге Swing компоненттерін және/немесе Sun JFC (Java Foundation Classes) кітапханасын пайдаланатын апплеттердің javax.swing.JApplet класымен орындалады.

Қарапайым апплетті жасау  үшін java.applet.Applet класының мұрагері болатын (ол өзі java.awt.Panel класының мұрагері) класты жасау талап етіледі.

Апплет класында әдістер  қатарын қайта анықтау талап  етіледі:

public class Applet1 extends java.applet.Applet{

public void init(){

}

public void start(){

}

public void update(java.awt.Graphics g){

}

public void paint(java.awt.Graphics g){

}

public String getAppletInfo(){

return "Апплет туралы анықтамалық ақпарат";

}

public void stop(){

}

public void destroy(){

}

}

Қайта анықтауды керек  ететін әдістерден басқа, Applet класында оны тексеретін және орындалу барысында оның күйін беретін бірнеше әдістер бар:

getSize() – апплеттің өлшемін  қайтарады. Ені мен биіктігін  getSize().width және getSize().height түрінде алуға  болады.

showStatus(String s) – s хабарламаны  браузер статусының жолында көрсету.

AppletContext getAppletContext() –апплет  шақырылған құжат туралы, сонымен  бірге сол құжаттың басқа апплеттері  туралы апплетпен ақпарат алу.

add(Component comp) – апплетке  компонетті қосу.

AudioClip getAudioClip(URL url) – берілген url WWW-адресі бойынша апплетпен  аудиоклип алу. Осы аудиоклипке  сілтеме беретін Java объектісі  құрылады.

URL getDocumentBase() – апплет  шақырылған WWW-құжатының апплетпен  адресін алу.

Көпшілігі Panel класынан мұратталған  апплеттермен жұмыс істеуге арналған көптеген басқа әдістер бар.

Алғашқы кодтарымен қоса апплеттердің мысалдар қатары JDK-дағы demo/applets бумасында  келтірілген.

Апплеттің мысалы:

import java.awt.*;

public class Applet1 extends java.applet.Applet{

public void paint(java.awt.Graphics g){

g.setColor(Color.green);

g.fillRect(0,0,getSize().width - 1, getSize().height - 1);

g.setColor(Color.black);

g.drawString("Сізді апплетт қарсы алады!",20,20);

this.showStatus("Бұл апплеттің мысалы");

}

}

Апплет кірістірілген  HTML-құжатының мысалы:

<html>

<body>

Бұл <p> апплетінің мысалы

<object

codebase="."

code="Applet1.class"

width=200

height=150

>

Апплеттермен жұмысты  қолдамайтын браузерлерде көрінетін  альтернативті мәтін

</object>

Егер HTML-мәтінінің аты example.html болса, онда апплетті іске қосу үшін Applet1.class файлын example.html файлы орналасқан бумаға орналастыру қажет. Одан кейін браузерде example.html файлын ашу керек.

Егер браузердің ашылған  терезесінде апплет көрсетілмесе оны appletviewer программасында көруге болады. Ол үшін example.html және Applet1.class файлдары орналасқан бумасына өтіп, example.html параметірімен appletviewer-ді іске қосу керек. Мысалы, Windows® үшін командалық жолда appletviewer.exe example.html теріледі.

 

Есеп берулер мәліметтер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолланылады. Яғни, Access –тің есеп берулері мәлiметтерді, кестелерді және сұраныс қорытындыларын баспаға  шығаруға мүмкіндік береді. Формалардан  айырмашылығы есеп берулер мәлiметтер енгізуге мүмкіндік береді. Есеп берулерді  қолмен немесе Access-тің мастерлерін  қолдану арқылы құруға болады. Ережедей, есеп берулер құру үшін алдымен сұраным  құрылады. Есеп берулер бірнеше бөлімнен тұрады. Олар есеп берулерде мәлiметтердің  қалыптасуын басқарады. 
Есеп берулер өзіне мынадай бөлімдерді енгізеді: 
1. Есеп берудің басы есеп берулермен жұмыс істеуді бастағанда бейнеленеді. 
2. Жоғарғы колонтитул әрбір беттің басында есеп беру басынан кейін беріледі. 
3. Топтың басының облысы әрбір топтың бірінші жазуынан 
бұрын бейнеленеді. 
4. Мәлiметтер облысы есеп беруге кіретін ірі жазу үшін бейнеленеді. 
5.Топтың ескертулер облысы әрбір топтың соңғы жазуының мәлiметтер облысынан кейін бейнеленеді. 
6. Төменгі колонтитул әрбір беттің соңында беріледі. 
7. Есеп берулердің ескертулер облысы есеп берудің соңында берілген. 
Есеп берудің қалыптасуы кезінде баспа үшін немесе алдын-ала көру үшін Access баспаға шығаруды есеп берулер басынан және жоғарғы колонтитулдан бастайды. Содан кейін беттің соңында дейін мәлiметтер облысы басылып шығады. Бұдан соң төменгі колонтитул басылады. Әрбір бетте жоғарғы колонтитул, бетке сиятындай мәлiметтер облысы, төменгі колонтитул болады. Есеп берудің соңғы бетінде, төменгі колонтитулдан бұрын, есеп берудің ескертулер облысы орналасады. 
Егер есеп беруде есеп беру аты мен топтық ескертулер бар болса, баспаға шығару реті өзгермейді. Айырмашылығы мынада: әрбір топтың бірінші жазуынан бұрын топтың атының облысы орналасады және әрбір топтың соңғы жазуынан кейін топтың ескертулер облысы орналасады. 
Access-те жазуларды топтау үшін өріс пен өрнекті қолдана аламыз. Access алдын-ала жазулары өріс бойынша немесе өрнек бойынша сорттайды. Егер Access мәлiметтерді сорттамаса, онда бір өріс немесе өрнек үшін бірнеше топ болады. 
Жоғарыда айтылғандай Access-тің мастерлерін қолдану арқылы құруға болады. Соның ішінде Автоесепке тоқталатын болсам, ол бағандық және ленталық болып бөлінеді. Оны іске қосу үшін, өзімізге қажетті кестені не сұрысты белгілеп, аспаптар панелінен Құру→Есеп (Создание→Отчет) командаларын орындаймыз.


Информация о работе Мәліметтер қоры