Мәліметтер қорын басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 11:00, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде мәліметтер қоры (МҚ) және мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) терминдері тек компьютерлерге қатысты қолданылады. Жалпы мағынасында мәліметтер қоры терминін белгілі бір нышандарына байланысты біріккен акпараттардың кез келген жиынына қолдануға болады. Мысалы, мәліметтер қоры ретінде поезд козғалысының кестесін немесе сатып алушылардың тапсырысы және тапсырыстың орындалуы туралы мәліметтер тіркелген кітапты қарастыруға болады. Мұнда мәліметтер қоры ретінде анық біріккен мәліметтердің жиыны қарастырылады. Сондықтан сіздің жазу кітапшаңыз, оған ақпаратты кұрылымды түрде жазбасаңыз, ол мәліметтер қорыт болып есептелмейді.

Файлы: 1 файл

МКЮЖ.docx

— 21.53 Кб (Скачать файл)

 

Мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтау және оларды өңдеу (алу, өзгерту, мәліметтер қосу т.с.с) мәселесі, бірінші  компьютерлер ойлап табылғаннан  бастап-ақ күн тәртібіне қойылды. Осы мәселені шешу мақсатында 20-ғасырдың 60-жылдарының соңғы жағында МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) деп аталатын арнайы программалар жазыла бастады. МҚБЖ өзінің даму жолында файлдарды басқару жүйесінен бастап, иерархиялық және жүйелік мәліметтер қорын басқару жүйелерін басынан өткерді. Сөйтіп өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында барлық жерде «Релациялық Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі» кең қолданыла бастады. Әр МҚБЖ өз сұрау тіліне ие еді, бұл жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін SQL (Structured Query Language) деп аталатын бір тіл жасалды. Бұл тіл арқылы релациялық мәліметтер қорындағы мәліметтер басқарылады.

Мәліметтер қоры мен МҚБЖ-ларды  бір-бірімен шатастырмаған жөн. Мәліметтер қоры МҚБЖ-лар көмегімен басқарылады. Осы басқару барысында SQL тілі қолданылады. Дегенмен, көбінесе Мәліметтер Қоры деп  МҚБЖ-ларды атайды.

Мәліметтер қорының мынадай  түрлері бар:

1. Файлдарды басқару жүйесі

2. Иерархиялық

3. Жүйелік

4. Релациялық

5. Объектіге бағытталған

6. Гибридті

 

 

Мәліметтер қорын басқару  жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар. МҚБЖ - нің функционалды мүмкіндіктері. МҚБЖ - мен жұмыс істеу негіздері  [ 20 бет ]

Жоспар

 

Мақсаты: МҚБЖ - нің функционалды мүмкіндіктері және жұмыс істеу  негіздерімен танысу.

Қазіргі кезде мәліметтер қоры (МҚ) және мәліметтер қорын басқару  жүйесі (МҚБЖ) терминдері тек компьютерлерге қатысты қолданылады. Жалпы мағынасында мәліметтер қоры терминін белгілі бір нышандарына байланысты біріккен акпараттардың кез келген жиынына қолдануға болады. Мысалы, мәліметтер қоры ретінде поезд козғалысының кестесін немесе сатып алушылардың тапсырысы және тапсырыстың орындалуы туралы мәліметтер тіркелген кітапты қарастыруға болады. Мұнда мәліметтер қоры ретінде анық біріккен мәліметтердің жиыны қарастырылады. Сондықтан сіздің жазу кітапшаңыз, оған ақпаратты кұрылымды түрде жазбасаңыз, ол мәліметтер қорыт болып есептелмейді.

Көптеген МҚ-да алғашкы  деректерді жинақтау кестенің көмегімен  іске асырылады, оның жолы — қойманың бір объектісі жайлы толық  акпаратты, ал бағаны — объектінің бір сипаттамасын білдіреді. Кестенің жолы (бір объекті туралы деректер) жазу деп, кестенің объектілері сақталған  белгілі бір сипаттамалардан  тұратын баған өріс деп аталады.

 

Өріс

Жазу Қызметі Аты, тегі Телефон

Президент Алиев Қазыбек 61-56-87

Вице – президент Асқаров  Аман 61-89-75

Бас есепші Советова Мөлдір 61-65-53

Маркетолог Алиева Жанна 61-45-12

Офис-менеджер Елена Шмит 61-48-78

МҚ кұруда тиімді жұмыс  үшін оның құрылымын әрбір өрісте мазмұны тек бір типтегі деректер болатындай етіп ойлап табу керек, мысалы:

• өрістің аты: Тегі

мазмұны: Молдыбаев

• өрістің аты: Телефон

мазмұны: 25-89-56

• өрістің аты: Айы

мазмұны: сәуір

Мәліметтер қорының негізгі  белгісі — ондағы ақпараттың жылдам ізделуі. Егер абоненеттің тегі, аты  және әкесінің аты белгілі болып, телефон нөмірін табу қажет болса, бұл ақпаратты Телефондық-адрес  кітапшасынан аласыз. Алайда егер фирмаңызда, мысалы, компьютерлермен сауда жасайтын кісінің жай-жапсары тапсырыстар  кітабында хронологиялық тәртіппен  ретгелген болса, онда белгілі бір қалада тұратын клиенттердің тізімін алуға немесе соңғы үш айда сатып алушылардың көп сұранысына ие болған компьютерлердің моделін анықтауға біраз уакыт жұмсалады.

Мәліметтердің реляциялық қоймалары 

Соңғы уақытта мәліметтер қорының ішіндегі ең көп тарағаны — реляциялық мәліметтер қоры. Реляциялық мәліметтер қорында ақпарат бір  немесе бірнеше кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс бір не бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады.

Реляциялық мәліметтер қорында  кестенің әрбір жолы бірегей. Жолдардың  бірегейлігін қамтамасыз ету үшін кілттер  қолданылады, олар кестенің бір не бірнеше  өрістерінен тұрады. Кілттер тізбектелген түрде сақталады, бұл іздеу кезінде  кестенің жазуларына тікелей қатынауды  қамтамасыз етеді.

Реляциялық МҚБЖ-нің негізгі  ерекшеліктері:

• Барлық мәліметтер кесте  түрінде сақталады.

• Әртүрлі сипаттағы мәліметтер түрлі кестелерде сақталады.

• Қойма құратын кесте  мәліметтері арасында қарым-қатынас (реляцияның) беріледі.

• Әртүрлі кестелердегі ақпарат мәліметтері жаңа сұратулар  құру кезінде қолданылатын ж

 

 

 

МӘЛIМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ  ЖҮЙЕСI

Е.Қ.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, Н.Б.МЕДЕУОВ 

Ақтөбе, АқтМПИ, Орал қаласы, ҚазИИТУ 

МҚБЖ – мәліметтер қорын  құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және

бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес

және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс

істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox,

dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер

архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді.

Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б

жатады. МҚБЖ-нің негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады:

Ø Мәліметтерді анықтау (Data definition) – сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай

ақпараттар сақталынатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін,

сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз.

Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен

критерийін бере аласыз;

Ø Мәліметтерді өңдеу – мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады.

Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже

мәнін есептеуге болады;

Ø Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп,

оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді

ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.

Мәлiметтердiң әр түрлi типтерi болады. Ендi информациялық жүйелердегi

мәлiметтердiң, яғни өрiс мәндерiнiң типтерiне тоқталайық.

Негiзгi типтер:

Текстiк мәлiметтер (TEXT). Текстiк мәлiметтердiң мәндерi алфавиттi- цифрлi

символдардан тұрады және ұзындығы 255-тен аспауы керек;

Сандық мәлiметтер (NUMBER). Бұл типтегi атрибуттардың мәндерiмен

арифметикалық амалдар орындауға болады. Сандық мәлiметтер ұзындығы бүтiн

сан болса 2 байт, бөлшек сан болса жылжымалы нүктелi сан форматында 4 байт

орын алады. Бүтiн және бөлшек бөлiктерi санда нүктемен ажыратылады.

Дата немесе уақыт типi (DATE/TIME). Дата типi белгiлi бiр форматта берiледi,

мысалы: кк.аа.жж (күн, ай, жыл). Алғашқыда бұл текстiк мәлiметтiң бiр жағдайы

сияқты көрiнедi. Алайда, информациялық жүйеде дата типтi қолданудың

ерекшелiктерi бар: жүйе қатты бақылау жүргiзу мүмкiндiгiн алады; автоматты

түрде датаны әр елдiң дәстүрiне байланысты бейнелеу мүмкiндiгi туады;

программалау барысында даталарға арифметикалық амалдарды орындау

жеңiлдейдi.

Логикалық мәлiметтер (YES/NO). Бұл типтiң мәлiметтерiн булевтiк  деп атайды

және мәндерi TRUE немесе FALSE (шартты түрде 1 немесе 0) болады және мұндай

мәлiметтер “иә”, “жоқ” болып интерпретацияланады.

OLE обьектiсiнiң алаңы. Бұл  ең бiр қызықты типтердiң бiрi  болып табылады. Бұл 

типтiң мәнi ретiнде OLE объектiсiнiң кез-келгенi болуы мүмкiн (егер

компьютерде болса) – графика, дыбыс, видео.

Қолданушының типi. Көптеген жүйелер қолданушыларға өздерiнiң  типiн

жасауға мүмкiндiк бередi.

Сұрау (запрос) – белгiлi бiр  ақпараттарды алуға талап болып  табылады. Сұрау бiр 

немесе бiрнеше кестелерден құрылады. Сұраудың нәтижесi таңдау (выборка) деп

аталады. Мәлiметтер қорында таңдау сақталмайды; ол әрбiр рет сұрауды орындағанда

жаңадан құрылады да оны жапқанда жоғалады. Сонымен, ақпараттарды таңдау үшiн бiрiншiден, қандай ақпарат керек болып тұрғандығын; одан кейiн ол ақпарат қай

кестеде сақталғандығын бiлу керек.

Сұраныстың негiзгi типтерi:

- Стандартты таңдаулар;

- Орындау үшін әрекеттер; 

- Қосу үшін сұраныс.  Кестедегі іріктелген жазбаларды  немесе ағымдағы мәліметтер 

қорындағы сұранысты басқа кесте соңына қосуға болады;

- Жою үшін сұраныс; 

- Жаңарту үшін сұраныс.  Берілген жазбаларды шартты қанағаттандыратын  ыңғайлы 

жағдайға өзгертуге болады;

- Жаңа кесте құру үшін  сұраныс;

- Параметрлік сұраныс.  Көбіне пайдаланушыға құрылған  сұраныс бойынша іс 

жүргізуге (жұмыс жасауға) тура келеді бірақ кей жағдайларда таңдау кезінде біршама

өзгешеліктер болады. Ондай жағдайда, қайта-қайта жаңадан сұранысты баса бермес

үшін, сұранысты параметрімен құру керек.

- Сұраныстың тоғысуы берілгендерді  көрнекті, кросс - кестені компактілі  пішінде 

көрсетеді. Берілгендерді өңдеуде түрлі топтағы жазбалар мен топтық есептеулерді

жүзеге асырады.

Кез келген сала (оқыту жүйесі, өнеркәсіп т.б.) өзіне қажетті  әр түрлі объектілердің 

сипаттамасынан тұратын көптеген мәліметтермен жұмыс жасайды. Ол мәліметтерді

өңдеуге, сақтауға т.б. көп мөлшерде уақыт кетеді. Сондықтан да қазір барлық салада

автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдалану кең көлемде жүзеге асырылуда.

Себебі, автоматтандырылған жұмыс орындарына мәліметтер қоры кіріктірілген.

Мәліметтер қоры кез келген саланың объектілерін, олардың қасиеттерін, өзара 

қатынастарын бейнелейтін мәліметтер жиыны болып табылады.

Пайдаланушының көзқарасымен айтқанда, жалпы мәліметтер қоры –

ақпараттармен жұмыс істеуді қамтамассыз ететін программа.

Программисттің сөзімен  айтқанда, мәліметтер қоры – ақпараттардан  тұратын 

файлдар жиыны.

Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде  онда шындығында

мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі мәліметтер қоры жүйелері өздерінің

құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен

және басқада ақпараттық-программалық кешендермен қарым- қатынасының әдістерін

де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана

емес, ақпаратта сақтала алады деп айта аламыз.

Мәліметтер қоры (МҚ) –  белгілі бір пәндік салаға жататын  объектілерді, олардың 

қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, ақпаратты сақтауға және

жинақтауға арналған өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік сала дегеніміз

мәліметтер қорын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.

Мәліметтер қорын басқару  жүйесі – мәліметтермен жан жақты  қатынас құра

отырып, олардың өңделуін қамтамассыз ететін мәліметтер қорын құру мен

сүйемелдеуге арналған программалық кешен.

Осы айтылғанды мысалмен түсіндіре  кетелік. Үлкен банкттің мәліметтер қорын 

қарастыралық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары,

несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер қорына көптеген банк

қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың іштерінде тұтастай қорға кіріп, оған

өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне

берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер қорының

әдістері мен құралдары да бар.

Мәліметтер қорын басқару  жүйесі (МҚБЖ) - бағдарламалық жабдық, оның

көмегімен мәліметтер қоры құрылады, соның негізінде ақпаратты іздеу жүйесі

құрылады және жұмыс істейді. Ақпаратты іздеу жүйесі дегеніміз - мәліметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетуші бағдарламалар. Қолданылу түріне

байланысты МҚБЖ дербес және көпшілік қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір

компьютерде жұмыс істейтін локальды (желілік) мәліметтер қорын құруды қамтамасыз

етеді. Дербес МҚБЖ - не Paradox, dbase, FoxPro, Access және т.б жатады. Көпшілік

қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық

жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase,

Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады.

Түрлі МҚБЖ-лері мәліметер қорын әртүрліше ұйымдастырады және сақтайды.

Мысалы, Paradox және dBase әрбір кесте үшін бөлек файлды пайдаланады. Бұл

жағдайда мәліметер қоры – ол кестенің файлдары сақталатын каталог. Microsoft Access

және Interbase-те бірнеше кесте бір файл ретінде сақталады. Бұл жағдайда мәліметтер

қоры-ол оған енетін файлдың аты. Клиент/сервер типінің жүйелері, яғни, Sybase немесе

Microsoft SQL серверлері секілді, барлық мәліметтерді бөлек компьютерге сақтайды

және SQL деп аталатын арнайы тілдің көмегі арқылы клиентпен байланысады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Е.Ы. Бидайбеков, Ш.Т.Шекербекова. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын

басқару жүйесі. А – 2000.

2. Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi 5, М., 2000.

3. Хомоненко А.Д., Цыганков  В.М., Мальцев М.Г. Базы данных: учебник для высших 

учебных заведений, СПб, 2002.

4. Дрогобыцкий И.Н. Проектирование  автоматизированных информационных  систем:

организация и управление, М., Финансы и статистика, 1992.

5. Т.Карпова. Базы данных: модели, разработка, реализация. СПб.:Питер, 200


Информация о работе Мәліметтер қорын басқару жүйесі