Мәліметтер қорын басқару жүйесін құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 16:53, реферат

Описание работы

Қазіргі кездегі ДҚБЖ (Деректер Қорын Басқару Жүйесі) реляциондық және объективті–бағытталған болып табылады. Кез келген кәсіпорын немесе ұжым Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) — бұл олардың көмегімен мәліметтер қорын жасауға, оларды ақпараттармен толықтыруға және жұмыс істеуге болатын бағдарламалар жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің бірнеше ондаған түрлері бар, олардың көпшілігі шындығына келгенде басқару жүйелері емес, арнайы дайындалған бағдарламалау тілдері болып табылады, олардың көмегімен осы тілді меңгерген әрбір адам қолданушыға ыңғайлы құрылымдағы, кез келген мәліметтер қорын жасап алуына, және оларға қажетті басқару элементтерін енгізуіне болады

Файлы: 1 файл

информатика.docx

— 34.02 Кб (Скачать файл)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Көлік- энергетика факультеті

 

 

 

СӨЖ

 

                                             Кафедра:_____________

                                                 Тақырыбы: _____________

                                                 Орындаған: _____________

                                                Тексерген: _____________

 

Астана,2015

Мәліметтер қорын басқару жүйесін құру 

Қазіргі кездегі ДҚБЖ (Деректер Қорын Басқару Жүйесі) реляциондық және объективті–бағытталған болып табылады.   Кез келген кәсіпорын немесе ұжым Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) — бұл олардың көмегімен мәліметтер қорын жасауға, оларды ақпараттармен толықтыруға және жұмыс істеуге болатын бағдарламалар жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің бірнеше ондаған түрлері бар, олардың көпшілігі шындығына келгенде басқару жүйелері емес, арнайы дайындалған бағдарламалау тілдері болып табылады, олардың көмегімен осы тілді меңгерген әрбір адам қолданушыға ыңғайлы құрылымдағы, кез келген мәліметтер қорын жасап алуына, және оларға қажетті басқару элементтерін енгізуіне болады. Мұндай тілдерге Oracle, Clipper, Paradox, FoxPro және басқалар жатады. Алайда, мұндай мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін, қолданушылардың ауқымды бөлігі пайдалана алатындай, шынайы, тіптен кәсіби бағдарламалау дағдылары қажет. 

Мәліметтер қорына төмендегідей талаптар қойылады:

  • мәліметтер қорының мазмұнын көшіруді болдырмау немесе азайту;
  • пайдаланушы топтардың құқықтары мен талаптарына сәйкес, мәліметтер қорының жекелеген ақпараттық элементтерге енуін жеделдетуді қамтамасыз ету;
  • үнемі өсіп отыратын талаптарды қанағаттандыру үшін мәліметтер қорының кеңейтілу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету;
  • тек қана дұрыс, алдын ала тексерілген ақпараттарды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мәліметтер қорының тұтастығын сақтау;
  • мәліметтер қорының, тұтынушылардың жекелеген категорияларының жұмыс сітеуіне қажетті, белгілі бір ақпараттық элементтерге енуіне ғана рұқсат ;
  • қорға енуді, мәліметтер қорына ақпараттар қосу мен түзетуді тек қана авторлық құқығы бар тұтынушылардың орындауы;
  • мәліметтер қорын пайдаланушылардың талабына сәйкес, мәліметтер элементтерін, түзету, бейнелеу және есептеу құрылғыларын құрудың қарапайымдылығын қамтамасыз ету;

   Бағдарламалаудың қажеттілігі шағын бизнеске мәліметтер қорын кеңінен енгізуді әрқашанда қолдады. Ірі кәсіпорындар “өздеріне ыңғайлы” арнайы жүйелерді бағдарламалауға тапсырыс бере алды. Шағын кәсіпорындардың бұл тапсырмаларды орындау былай тұрсын, оларды дұрыс пайдалануға да шамасы келмеді.

Бұл бағдарламаның ертеректегі нұсқаларының нөмірлері MS Access 2.0, MS Access 95 и MS Access 97. Соңғы нұсқасы — MS Access 2007 Office 2007 пакетінің құрамына енеді. Алдағы уақытта біз, әртүрлі нұсқалардың жалпы қасиеттеріне сүйене отырып, MS Access 2007 бағдарламасы туралы сөз етеміз.   

Сонымен қатар MS Access 2007-мен жұмыс істеу бағдарламалау мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Қажет болған жағдайда жүйені өз күшімізбен дамытуға және өзгертуге болады. Бұл үшін Visual Basic тілінде бағдарламалаудың негізін білу қажет. 

Деректер үрдісінің негізгі үш түрі бар – реляциондық, иерархиялық және желілік. 

Реляциондық үрдіс.  «Реляциондық» термині (латын тілінен relatio – қатынас) бұндай деректерді сақтайтын үрдістің ең алдымен өзінің құраушы бөліктерінің өзара қатынасына құрылатынын көрсетеді. Ең қарапайым жағдайда ол екі өлшемді массивті және екі өлшемді кестені білдіреді, ал күрделі ақпараттық үдістерді құру кезінде өзара байланысқан кестелердің жиынтығын құрайды. Бұндай кестенің әрбір жолын жазба, ал бағанын өріс дейміз. Деректердің реляциондық үрдісі келесі қасиеттерге ие болады:

  • кестенің әрбір элементі – деректердің бір элементі;
  • кестеде барлық өрістер дара болып табылады, яғни бір түрге ие болады;
  • кестеде бірдей жазбалар болмайды;
  • әрбір өріс бірегей атқа ие болады;
  • кестедегі жазбалардың тәртібі еркін бола алады, және деректер түрінің өрістер санымен сипатталады;

 

 Иерархиялық үрдіс. Деректер қорының иерархиялық үрдісі олрдың жалпыдан дараға тәуелді болып орналастырылған және төңкерілген ағаштар (графтар) түзетін элементтер жиынтығын болып тбылады. Берілген үрдіс байланыстр, түйіндер, деңгейлер сияқты праметрлермен сипатталады. Үрдістің қағидсы мынандай, неғұрлым төменгі деңгейдегі бірнеше түйіндердің неғұрлым жоғрғы деңгейдегі бір түйінмен байлнысудың көмегімен біріктіріледі.Түйін деп иерархияның берілген деңгейінде орналасқан элементтің ақпараттық үрдісі. Иерархиялық үрдіс деректерінің қасиеттері келесідей:

  • Төменгі деңгейдегі бірнеше түйін жоғары деңгейдегі тек бір ғана түйінмен байланысты.
  • Иерархиялық ағаш басқа ешқандай бастауға тәуелсіз емес бір ғана бастауға (түбірге) ие болады.
  • Әрбір түйіннің өз аты (идентификаторы) болады.
  • Түпкі жазбадан неғұрлым дара деректер жазбасына бағытталған тек бір ғана жол бар.

 

 Желілік үрдіс. Деректер қорының бұл үрдісі иерархиялыққа ұқсас. Оның негізгі құраушылары (түйін, деңгей, байланыс) да сол, дегенмен олардың ара қатынасы түбегейлі басқа. Желілік үрдісте әр түрлі деңгейдегі элементтердің арасында еркін байланыс қолға алынған. Құрудың барлық кезеңдерін және Microsoft Access ДҚБЖ мысалында деректер қорымен жұмыс істеу қағидалрын қарастырайық.

Программалау қажеттілігі шағын бизнесте әрқашан деректер қорын кеңінен енгізуді ұстанды. Ірі мекемелер арнайы жүйелерді программалауға өз қалауынша тапсырыс жасай алды. Кіші мекемелер көбінесе бұндай есептерді шешпес бұрын оны дұрыс құрастыра да алмады.

Бұл программаның бұрынғы версиялары Access 2.0, Access 95 және Access 97 сияқты нөмірлерге ие болды. MS Access 2007 атты cоңғы версиясы 2007 жылғы Office пакетінің құрмына жатады. Ары қарай біз әртүрлі версиядағы жалпы қасиеттерді ескере отырып 2007 жылғы MS Access программасы туралы айтамыз.

Сонымен қатар 2007 жылғы MS Access программалаудың мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Жүйені қалауымызша өз күшімізбен баптауымызға және дамытуымызға болады. Ол үшін Visual Basic тілінде программалудың негіздерін игеруіміз керек.

Деректер қорының элементтері. Негізгі түсініктер.

Кестелер – деректер қорының негізгі объектілері. Онда  деректер сақталады.

Сұраныстар – бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылымдар. Олардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүхгілеуге, өзгертуге, біріктіруге, яғни өңдеуге болады.

Формалар (Қалыптар)  – объектісінің көмегімен қорға жаңадан деректерді қосуға немесе бар деректерді көруге болады.

Есеп берулер  – бұл формалардың (қалыптардың) керісіншесі. Олардың көмегімен деректер тұтынушы үшін қолайлы түрде беріледі.

Макростар –  бұл қайталанатын операцияларды орындайтын ең қарапайым автоматтандыру құралдары.     

Модульдер – Visual Basic for Application тілінде сипатталған программалық процедурлар. 

Ассеss 2007 деректер қоры басқа да деректер қоры сияқты кестелік құрылымға ие болады. Бұл әр жазбаға өзінікін меншіктегу мүмкіндік беретін бейнелі адрес, яғни жолдар мен бағандардың қиылысымен анықталады. Деректер қорында бағандар – өрістер, ал жолдар  – жазбалар деп аталады. Өрістер деректер қорының құрылымын құрайды, ал жзбалар онда орналасқан ақпаратты құрайды.

Өрістер – бұл деректер қорының құрылымының негізгі элементі. Олар қасиеттерге ие болады. Өрістің қасиеттеріне байланысты оған енгізуге болатын және болмайтын деректердің түрлері анықталады, сонымен қатар өрістегі жазбаларға математикалық амалдар қолднуға болады. Өрістердің әр түрлі қасиеттері болады және олар әр түрлі түрлерге жатады.

Кез келген өрістің негізгі қасиеті оның ұзындығы болып табылады. Өрістің ұзындығы символдарменөрнектеледі. Өрістің ұзындығынан оған қаншалықты ақпараттың сиятындығына тәуелді болады. Жазылған сөз – бұл бағанның тақырыбында бейнеленген ақпарат. Оны өрістің атымен шатастыруға болмайды, дегенмен егер жазылған сөз болмаса, онда тақырыбында өрістің аты бейнеленеді. Мысалы, әртүрлі өрістерге жазылған сөздер бірдей бола алады. Өрістердің әр қилы түрлері әр түрлі қасиеттер мен міндеттерге ие болады.       

Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті – өлшемі (ең үлкен өлшем – 255 белгі).

Мәліметтер типі

Өлшемі  

Қызметі  

Мәтіндік 

255 белгіге дейін

Есеп жасауда қолданылмайтын (мысалға, тауар коды) мәтіндерді немесе мәтін мен сандарды енгізу үшін қолданылады

MEMO өрісі

 

 

 

1073741824 белгіге дейін немесе 2 Гбайт жадыға (белгіге2 байттан), басқару элементінде 65535 белгі түрінде беруге болады

Бұл типтің өрісіне  алфавитті-цифрлық белгілерді енгізуге болады (255 белгіден көп) немесе форматталған мәтінді. 255 белгіден көп мәтіндер немесе форматталған мәтіндер үшін қолданылады. Бұл типтегі өрістің қолданылу мысалы — ескертулер, жартылай қою немесе курсивпен жазылған ұзақ сипаттаулар мен азат жолдар

Сандық

 

 

1, 2, 4 және 8 байт немесе 16 байт  (егер репликацияны кодтау үшін қолданылса )

Бұл өріске сандық мәндерді енгізуге болады (бүтін немесе бөлшек). Ақшалық мәндерден басқа, есептеулерде қолданылатын сандық мәліметтерді сақтау үшін қолданылады, (ақшалық мәндер үшін "Ақшалық" мәліметтер типі қолданылады)  

Мерзім /уақыт 

8 байт

Бұл типтегі өріске мерзім мен уақытты енгізуге болады. Әрбір сақталған мән бір мезгілде мерзімнің де, уақыттың да компаненттерін құрайтын-дығына назар аударыңыздар.

Ақшалық 

8 байт

Бұл өріс ақшалық мәндерді енгізуге арналған. Ақшалық мәндерді сақтау үшін қолданылады.  (валюталар)

Есептегіш

 

 

4 байт немесе  16 байт,егер репликацияны кодтау үшін қолданылса 

Access 2007 –ге автоматты түрде енгізілетін Уникальное сандық мән. Уникальный мәндерді құру үшін, мысалға алағашқы кілтті қолданылады. Мынаған назар аударыңыз, мәліметтердің "Есептегіш" типті командаларында сандар көрсетілген нұсқауларға тізбекті түрде өсуі немесе кездейсоқ таңдалуы мүмкін.

Логикалық 

1 бит (8 бит = 1 байт) 

Мәліметтердің бұл типі мына мәндердің біреуін "Ия" және "Жоқ" немесе True и False қамтитын өрістер үшін қолданылады.

OLE объектсінің өрісі  

1 Гбайтқа дейін 

Бұл өріске OLE –объектлері немесе басқа екілік мәліметтер енгізіледі. Microsoft Windows –тің басқа қосымшаларының OLE-объектлерін сақтау үшін қолданылады.

Салымдар

 

 

Сығылған  салымдар үшін — 2 Гбайт. Салымдардың сығылу дәрежесінің мүмкіндігіне байланысты,  сығылмаған салымдар үшін шамамен 700 Кбайт.

Бұл типтегі өрістерге сәреттер, бейнелеулер, екілік файлдар, Microsoft Office файлдары енгізілуі мүмкін. Цифрлы бейнелерді және екілік файлдардың кез келген типтерін сақтауға арналған мәліметтердің стандартты типі.

Гиперсілтеме       

 

 

1073741824 белгіге дейін немесе жадының 2 Гбайты (белгіге 2 байттан), басқару элементінде 65535 белгімен беруге болады  

Бұл өріс тышқанды URL-мекен жайында немесе файлда бір рет шерту арқылы Web-беттерді шақырудың гиперсілтемелерін сақтау үшін қолданылады. Бұдан басқа, мәліметтер қорында сақталған Ассеss объектлеріне сілтеме жасауға пайдалануға болады.

Мастерподстановок

 

 

Кестелер мен сұраныстар негізінде – байланған баған өлшемі. Мәндер негізінде мәндерден тұратын мәтіндік өрістің өлшемі.

Нақтысында мәліметтер типі болып табылмайды, тек подстановка шеберін шақырады. Тізімдері бар өрісті пайдалана отырып, басқа кестелерден, сұраныстардан немесе мәндер тізімінен мәндер таңдауға мүмкіндік беретін, көмегімен өріс құруға болатын подстановка шеберін жіберу үшін пайдаланылады.


 

Өріс қасиеті

 Қызметі

Өріс өлшемі 

Өрісте сақталынған Мәтіндік, Сандық немесе Есептегіш типтеріндегі мәліметтердің максимал мәндерін анықтау

Формат 

Бейнелеу немесе баспаға шығару үшін өрістің мәліметтер форматын баптау

Ондық белгілер саны 

Сандық мәндер үшін бөлшек бөлігінде бейнеленетін белгілердің мөлшерін беру

Жаңа мәндер 

Есептегіш типіндегі өріс үшін мәндер меншіктеу тәсілдерін анықтау: тізбекті өсу немесе кездейсоқ мәндер

Енгізу пердесі 

Мәліметтерді енгізуді басқару үшін арнайы белгілерді бейнелеу

Подпись

Формалар, есептер немесе сұраныстар үшін үнсіз келісім бойынша жазбалардағы мәтінді анықтау

Үнсіз келісім мәні

Өріске жаңа жазбаларды үнсізкелісім бойынша қосу үшін мәндерді автоматты тағайындау

Тағайындау шарты 

Осы өрісте мәндерді әрбір қосуда немесе өзгертуде шынайылық болу үшін өрнектер беру

Қате туралы хабарлама

"Мәнге шарт" ережесін бұзу кезіндегі мәтінді енгізу

Міндетті        

Өріске мәліметтерді міндетті енгізу талабы

Бос жолдар 

Мәліметтердің Мәтіндік немесе MEMO типтерін өрістің бос жолына енгізуге рұқсат ету ("Ия" мәнін беру арқылы)

Индекстелген өріс    

Индекстерді құру және пайдалану арқылы осы өріске мәліметтерді енгізуді жеделдету

Unicode сығылуы

Мәтінді сығу, егер осы өрісте 4096 белгіден көп болса

IME режимі 

 

 

 

IME ұсыныстар режимі

Windows –тің шығыс-азиялық нұсқаларында белгілерді түрлендіруді басқару

Windows –тің шығыс-азиялық нұсқаларында белгілерді түрлендіруді басқару

Смарт-тегтер

Осы өріске смарт-тегтерді қосу

Тек қана қосу 

MEMO типті өріс үшін нұсқаларды басқаруды белсендіру ("Ия" мәнін орнату арқылы)  

Мәтін форматы

Форматтауды болдыру арқылы мәтіндерді HTML-кода сақтау үшін RTF форматын таңдау. Тек қана мәтіндерді таңдау үшін, Кәдімгі мәтін форатын таңдаңыз.

Мәтіндерді теңестіру 

Басқару элементінде үнсіз келісім бойынша мәтіндерді теңестіруді тапсыру.

Дәлдік    

Ондық бөлгіштің екі жағына сақталатын белгілердің қосынды рұқсат етілген сандарды тапсыру

Масштаб

Ондық бөлгіштің оң жағына сақталатын белгілердің максималды рұқсат етілген сандарды анықтау

Информация о работе Мәліметтер қорын басқару жүйесін құру