Мәтіндік файлға мәліметтер жазу. Бір өлшемді массив

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Августа 2013 в 14:37, курсовая работа

Описание работы

Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцрия физигі Niklaus Wirth ұсынған.Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді.Солардың ішінде 1983 жылы Борланд корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі Turbo Pascal программалаушылар арасында жоғарғы сұранысқа ие болды.

Содержание работы

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. 1. Файлдардың түрлері
ІІ. 2.Мәтіндік файлға мәліметтер жазу. Бір өлшемді массив.
ІІ. 3.Мәтіндік файлға мәліметтер жазу. Екі өлшемді массив
ІІ. 4.Мәтiндiк файлдан мәлiметтердi оқу
ІІ. 5. Мәтiндiк файлдан мэлiметтердi оку (жалғасы)
ІІ. 6. Типті файл. Типті файлдарға мәліметті жазу
ІІ. 7. Типті файлдан мәліметтерді оқу
ІІ. 8. Әртүрлі базалық типтерді біріктіру. Жазба типі
ІІ. 9. Сыртқы кітапханалар. Модульдер
ІІ. 10. Модуль құрылымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

224_Turbo_Pascal.doc

— 198.00 Кб (Скачать файл)

           assing (FileOut,`mayFile.in`);

           {файлды жазуға дайындау}

           rewrite(FileOut);

           {массив өлшемдерiн жазу және курсорды жаңа жолға көшiру}

           writeln(FileOut, JolSany,``, BaganSany);

           for i=1 to JolSany do

               begin

           {массив элементтерiн бос орын арқылы жолға жазу}

                    for j=1 to BaganSany do

                    write(FileOut,San[i,j],``);

                {j-циклiн аяақтаған соң, курсорды жаңа жолға көшiру}

           writeln(Fileout);

             end;

          {файлды жабу}

          close(FileOut);

               end;

Негiзгi программа мәтiнiнiң өзгерiсiз қалатындығын айтпаса да болады. Осы  программаны Misal_F5 атымен сактаңыз. Программаны iске қосудың алдымен, келесi әрекеттердi:

  • КурсордыExi процедурасын сипаттайтын жолдың басына қойыңыз;
  • Негiзгi менюдi Debug iшкi менюiн ашыңыз;
  • Add brekpoint… әрекетiн тандаңыз;
  • Enter пернесiн басыңыз.

Экранға Add brekpoint… (тоқтату нүктесiн қосу) сұхбат терезесi шығады  (2.8-сурет).”Line number” (жол нөмері)өрісінде, курсор тұрған жолдвң нөмірін көрсетіп тұрады, ол Exi  процедурасын сипаттайтын жолдың басын көрсетеді.

  • “Ok” батырмасын (сұхбат терезесіндегі) немесе “Enter”  пернесін басыңыз.

Редактор терезесіндегі бұл жол басқа түспен бөлінеді. Енді Ctrl+F9 пернелерін басу арқылы программаны іске қосыңыз. Пернетақтадан бастапқы мәндерді енгізіңіз. Мәліметтерді енгізген соң программа жұмысын тоқтатады және компьютердің экранында қайтадан редактор  терезесі шығады. Яғни, біз өзіміздің әрекеттеріміз арқылы программа жұмысын көрсетілген жолда тоқтатуға нұсқау бердік. Жұмысты қайтадан жалғастырву үшін  “Ctrl+F9” пернелерін басуымыз керек немесе F7 пернесін пайдаланған тиімді және Exi процедурасының қалай жұмыс істейтінін бақылап көре аламыз.

Бұл әрекеттер, программаның жеке бөліктерімен жұмыс жасағанда (жүріп өткенде) тиімді, себебі үлкен өлшемді программаларды толығымен жүріп өту жалықтырады және керек емес. Олай болса, программалаудың құрылымдылық тәсілін (1.5 тақырып) қолдай отырып бізде бары:

  1. Жеке модульдермен “жұмыс істеу” (программалау) мүмкіндігі.
  2. Бір деңгейдегі “ойша” машиналардың тәуелсіздігі, программаның жекеленген  бөліктерін, программаш\ның басқа бөліктеріне әсер етпей тәуелсіз жетілдіруге мүмкіндік береді. Э. Дейкстр атап өткендей: “... программаны жетілдіру, бір түрдегі (ойша) машиналардың басқа қолайлы машиналарға ауысуынан туындайды”.
  3. Құрылымдылық программаның жеке бөліктерімен жұмыс жасау.

Процедура мәтінімен  жүріп өткенде құрама операторлардың жұмысына көңіл бөліңіз.

 

                                                 begin

                                  {массив элементтерiн бос орын  аркылы жолга жазу}

                                  forj:=1 to BaganSany do

                                  write (FileOut, San[i,j],``);

                                  {j-цикл аякталган сон, курсорды жана жолга кошiру}

                              writeln(FileOut);

                                 end;

Тоқтату нүктесін алып тастау үшін, келесі әрекеттерді  орындаймыз:

  • Негізгі менюді бес\лсенділеңіз;
  • Негізгі менюден Debug ішкі менюін ашыңыз;
  • Breakpoints пернесін басыңыз.
  • Enter пернесін басыңыз.

Экранда программаға  қойылған барлық тоқтату нүктелерінің тізімі көһрсетілген, Breakpoints… (тоқтату нүктелері) сұхбат терезесі (2.9-сурет) шығады.

  • Қажетті элементті белгілеңіз;
  • “Delete” (сұхбат терезесінен) батырмасын немесе “D” (пернетақтадан) пернесін басыңыз.

Белгіленген тоқтату  нүктесі тізімнен алынып тасталады. Егер сіз барлық тоқтату нүктесін алып тастағыңыз келсе--   “Clear all” батырмасын басу керек.

Тапсырма

  1. Егер exi ішкі программасындағы write және writeln процедураларындағы бірінші параметр FileOut көрсетілмесе San массиві қайда жазылған болар еді?
  2. Егер осы параметр тек writeln процедурасында көрсетілмеген болса не өзгереді?

 

 

 

4. Мәтiндiк  файлдан мәлiметтердi оқу

Өткен тақырыптарда сіздер, мәліметтерді мәтіндік файлға жазуды үйреніңіздер. Енді оларды қайтадан файлдан қалай оқуға болатынын  қарастырамыз.

Ол үшін `mayFile1/in` файлын пайдаланамыз. Мәліметтерді файлға жазу кезіндегідей, біздің файлмызды байланыстыратын айнымалыға атау беруіміз керек. Айталық, ол атау Fileln болсын, содан кейін біз оны мәтіндік файл ретінде сипаттауымыз керек. Бұл айнымалыны біз енгізу процедурасында пайдаланатын болғандықтан, сол процедураның жергілікті айнымалысы ретінде сипаттаймыз.

                                                           var

      Filelnt:text;

Одан кейін  біз программада, “мәтіндік типті  ” Fileln айнымалысы, біздің

`mayFile1.in` атауымен берілген нақтылы файлмызды белгілейтіндігін көрсетуіміз керек. Ол үшін assing(NameVar,NameFile)-процедурасын қолданады.

Енді файлдан  мәліметтерді оқу үшін, берілген файлды ашуымыз керек. Ол үшін, reset(NameVar)—процедурасында қолданады, мұндағы NameVar-сіздің файлды белгілеуге берген айнымалыңыздың атауы, біздің жағдайымызда, ол NameVar-Fileln. Reset(NameVar)-процедурасы, мәліметтерді оқуға файлды ашады және курсорды файлдың басына орналастырадв. Егер ондай жоқ болса, қателік туралы хабарлама  береді.      Енді мәліметтерді файлдан оқуға барлығы дайын болды. Ол үшін өзімізге бұрынан таныс  Read() және Readln() процедураларын пайдаланамыз. Мәліметтерді оқу пернетақтадан емес, файлдан жүзеге асу үшін, мәліметтерді оқудың жолын көсетеміз. Яғни, жақшалардың ішіне, assing()- процедурасының көмегімен біздің файлмызды байланыстырып тұрған, айнымалының атауын көрсетеміз.

`MayFile.in`файлындағы бірінші сан, файлдағы барлық сандардардың мөлшерін көрсетеді. Сондықтан, алдымен файлдан

Sanau айнымалысының мәнін оқытамыз,содан кейін параметрлі циклді қолданып, файлдағы сандардың мәндерін оқимыз. Мәліметтер толық оқылып болған соң, өзімізге таныс Close() процедурасын пайдаланып, файлды жабу керек.

Енді, мәліметтерді фйалдан  оқу процедурасы қандай болатындығын көрелік:

procedure lnit;

                                                     var

                                                     i:byte;

                                                     Fileln:text;

                                                     begin

                                                         assing(fileln,`mayFile1.in`);

     reset(Fileln);

                  readln(Fileln,Sanau);

                       for i:=1 to Sanau do

                           read(Fileln,San[i]);

     close(Fileln);

                                                     end;

Дәл осындай, егер өлшемдері  белгілі болса, мәліметтерді екі  өлшемді массивтен оқу да онша қиыншылық туғызбайды. `MayFile.in5` файлынан мәліметтерді оқитын программадан үзінді мысалға келтірейік:

procedure lnit;

                                                     var

                                                     i,j:byte;

                                                    {айнымалы атауын мәтiндiк файл түрiнде сипаттау}

                                                    Fileln  :text;

                                                    begin

                                                   {айнымалыны нақтылы файл атымен байланыстыру}

                                                   assing(Fileln,`mayFile5.in`);

                                                  {файлды оқуға ашу}

                                                 reset(File);

                                                 {массив өлшемдерiн оқу, курсорды жаңа жолға көшiру}

                                                 readln(Fileln,JolSany,BaganSany);

                                                 {массив элементтерiн жол және баған бойынша оқу}

                                                 for:=1 to JolSany do

                                             read(Fileln,San[i,j]);

                                            {файлды жабу}

                                            close(Fileln);

                                            end;

Мынаған көңіл  аударыңыз, массив элементтерін оқу  кезінде, Readln() процедурасын қолданбай, тек қана Read() процедурасы қолданылды. Бұл мүмкін еді, себебі массив элементтерін оқу үшін оның өлшемдері алдын ала белгілі болды. Егер мәтіндік файлдағы элементтер жазбалар саны алдын ала белгісіз болса, онда қайталану саны белгісіз цикл операторларын қолдануға тура келеді.

Тапсырма

  1. Бір өлшемді массивті құрайтын `MayFile.in` файлынан мәліметтерді оқып, оларды компьютре экранына шығаратын программа жазыңыз және оны  `MayFile6.pas` атымен сақтаңыз.
  2. Екі өлшемді массивті құрайтын  `MayFile5.in` файлынан мәліметтерді оқып, оларды компьютер экранына программа жазып және оны  `MayFile7.ipas` атымен сақтаңыз.
  3. MayFile6.pas` программасын пайдаланып, `MayFile2.in` файлынан мәліметерді оқыңыз. Алынған нәтижені  1 тапсырма нәтижесімен салыстырыңыз. Нәтижені түсіндіріңіз.
  4. BP мәтіндік редакторын пайдаланып  `MayFile1.in`, `MayFile2.in` және  `MayFile5.in` файлдарындағы массив өлшемдерін немесе жазбалар саные көрсететін жолды алып тастаңыз.

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Мәтiндiк файлдан мэлiметтердi оку

(жалғасы)

Егер мәтіндік файлдардағы жазбалар саны белгілі болса, онда мәліметтерді оқу онша қиын емес. Ал, егер мәтіндік файлдағы жазбалар саны белгісіз болса ше, онда не істейміз? Егер сізге орындалатын әрекеттердің саны белгісіз болса, онда қайталану саны белгісіз цикл операторларын қолдануға болатындығын білесіз.2.8.2 тақырыбында мәтіндік  файлдардың қасиеттерін сипаттаған болатынбыз, онда файлдың соңына файл соңын көсететін белгі код қойылатыны жайлы айтылған. Олай болса, мәліметтерді оқу файлдың соңы табылғанша жалғаса береді. Егер файл бос болса, яғни онда ешқандай жазба жоқ, онда одан мәліметтерді оқуға болмайды. Осы айтылғандарды тұжырымдай келе, алғы шарт циклін қолдану керек екеніне көзіміз жетті. Файл соңы белгісін анықтау үшін, EOF(Name Var)-процедурасын қолданады ағылшын тілінде EndOf File—файл соңы деген сөзден қысқартылып алынған. Жақшаның ішіне  assing() процедурасында көрсетілген файлдың нақтылы атымен байланыстыратын айнымалы атауы жазылады. EOF(Name Var)-процедурасының мәні, False(жалған)-болады егер файл соңына жетпеген болса Ture(ақиқат)-болады, егер файлдың соңы анықталған болса. Олай болса, алғы шарт циклін қолданғанда Not EOF(Fileln)-шарты әзірше ақиқат болса, онда цикл орындала береді, яғни файл соңы анықталғанша. Бұл жағдайда мәліметтерді енгізу процедурасы келесідей болады:

procdure lnit;

                                                      var

                                                     {айнымалы атауын мәтiдiк файл түрiнде сипаттау}

                                                     Fileln:text;

                                                     Begin

                                                    {айнымалыны нақтылы файл атымен  байланыстыру}

                                                    assing(fileln,`mayFile1.in`);

                                                    {файлды оғуға әзiрлеу}

                                                     reset(Fileln);

                                                    {санауыштын бастапқы мәнi}

                                                    Sanau:=0;

                                                    While  Not EOF(Fileln) do

                                                        Begin

                                                    {санауыштын мәнiн бiрге арттыру}

                                                      inc(Sanau);

                                                     {массивтен элементтердi оқу}

                                                      read(Fileln,San[i]);

                                                   end;

                                                     {файлды жабу}

                                                          close(Fileln);

                                                   end.

Sanau-айнымалысы файлдағы жазбалардың санын анықтауға қызмет атқарады. Бұл айнымалыны ауқымды айнымалылар бөлімінде сипаттаған тиімді. Сол сияқты San[] массиві де ауқымды айнымалылар бөлімінде сипатталады:

                                        Var

San: arry[1…100] of  integer;

                                        Sanau: byte;

Жазбалар саны белгісіз файлдан  мәліметтерді оқу жұмысының  дұрыстығын тексеру үшін, оқылған мәліметтер массивін экранға баған түрінде  шығарамыз:

 

procedure exi;

                                                     var

                                                     i: byte;

                                                     begin

                                                     for i:=1 to Sanau do

                                                     begin

                                                     writeln(San[i]);

                                                  end;

                                              end;

Егер сіз программа  мәтінінің қалған бөлігін дұрыс  құрастырыңыз, онда жазбалар саны 100-ден аспайтын мәтіндік файлдан мәліметтерді және жазбалар санын оқитын программа аласыз. Сонымен қатар бұл программа файлдағы барлық жазбалар санын анықтап, оны экранда жазады.

Информация о работе Мәтіндік файлға мәліметтер жазу. Бір өлшемді массив