Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2015 в 01:45, реферат
Операциялық жүйе — компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе. Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиыны, оның мағынасы - компьютерді қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында - дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС - да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды.
Кіріспе
Негізгі бөлімдер
1. Операциялық жүйелердің даму бағыттары
2. Операциялық жүйелердің түрлері және функциялары
3. Операциялық жүйенің құрылымы
4. Windows операциялық жүйелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Маңғыстау облыстық медицина колледжі
Тақырыбы: Операциялық жүйе
Дайындаған: Турмаганбетова Н.
Тексерген: Баданова Н.М.
Жаңаөзен 2015-2016
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлімдер
1. Операциялық жүйелердің даму бағыттары
2. Операциялық жүйелердің түрлері және
функциялары
3. Операциялық жүйенің
құрылымы
4. Windows операциялық жүйелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Операциялық жүйе — компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе. Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиыны, оның мағынасы - компьютерді қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында - дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС - да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды. Операциялық жүйенің функциясына кіреді: Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру; Еңгізу-шығару және деректермен басқару; Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру; Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды); Бағдарламаларды орындалуға еңгізу; Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету; Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру; Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т.б.). Операциялық жүйені компьютердің құрылымдарың басқару бағдарламасының жалғасы дейміз. Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді. Компьютердің әр түрлі моделінде әр түрлі архитектуралық және мүмкіншілдік операциялық жүйелерді қолданады. Олармен жұмыс істеу үшін әртүрлі ресурстар қажет. Олар әр түрлі бағдарламалау сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді. Windows Операциялық жүйесі Қазіргі кезде әлем бойынша көптеген компьютерлер Microsoft фирмасының Windows жүйесінде жұмыс жасайды.
Операциялық жүйелердің даму бағыттары
ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60 ж аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80мж. аяғында — FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.
Операциялық жүйелердің түрлері және функциялары
Дербес компьютерге
арналған операциялық жүйелер бірнеше
параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап
айтқанда, ОЖ-лер:
■ Бір міндетті және
көп міндетті қатар атқаратын;
■ Бір адам пайдаланатын
және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық
жүйенің командалық немесе графикалық
(немесе екеуі
бірге) көп терезелі
интерфейсі болуы мүмкін. Анығырақ айтқанда,
мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде
бір программаны және фондық деп аталатын
режімде көмекші тағы бір програманы іске
қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі
режимде мәтіндер редакторын, ал фондық
режимде басу программасын іске қосуға
болады. Бұл программалар бір-біріне кедергі
келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы,
бір программа адаммен шахмат ойнағанда,
басқасы басқа компьютерлермен бірге
модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. Бір міндетті жүйелер
қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде
жұмыс істеу қолайлығы жағынан көп міндетті
жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да
біртіндеп әрине, дербес компьютерде бірнеше
адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және
олардың әрқайсысы компьютердегі барлық
ақпаратқа шыға алады. Кейбір бірнеше
адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ,
бір компьютерде бірнеше пайдаланушының
қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс
орнына терминал орнатылуы керек. Терминал
ретінде не арнайы жасалған құрылғылар
(пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес
компьютерде іске қосылған арнайы программа
болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы
өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей,
бір компьютерде қатарласа жұмыс істей
алады. Соңғы жылдары графикалық
көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер
мен объектілердің сипаттамалары мәтін
түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен
менюден, файлдар тізімінен және т.с.с.
таңдалады.
ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:
Windows операциялық жүйелері
IBM PС үшін Windows операциялық
жүйесі бірінші графикалық
· 32-разрядтілі архитехтурасы;
· Көп есептілігі және көп қолданушылығы;
· Графикалық қолданушы интерфейсі;
· Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі құрылғыларды қосу;
· Виртуальды жадты қолдану;
· Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен сәйкестілігі;
· Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;
· Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;
· Интернет глобальды желімен интеграциясы;
Windows объектілі-бағытталған платформасы
Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады. Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
· Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
· Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
· Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
· Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
· Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
· Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Windows жүйелік ортасында
әрекеттер тізімін орындау
· объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
· объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.
Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.
Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады. Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін параметрлер:
· Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
· Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
· Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
· Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
· Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;
Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:
· Файлды ашу;
· Файлды сақтау;
· Файлды қиып алу;
· Файлды көшіру;
· Дискіден файлды өшіру;
· Файлдың атын өзгерту;
· Файл үшін жарлық құру;
Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін атқарады және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума – объектілерді сақтау қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы басқа орынға жылжыту, буманы ашу және жабу.
Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын сілтеме. Жарлық арқылы құжаттар мен программаларды тез іске қосуға болады. Windows-те бумалардың бағынышты құрылымы иерархиялық құрылымды құрайды. Жоғары деңгейде Рабочий стол деп аталатын объект орналасады. Екінші деңгейде Рабочий стол-да орналасатын объектілер болады. Стандартты түрдегі мұндай объектілерге Мой компьютер, Мои документы, Корзина және т.б. бумалар жатады. Басқа объектілер иерархия бойынша осы бумалардың ішінде болады.
Windows-те қолданбалы
Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне тән аты бар бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word текстік процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен тұрады. Бұл файлдар арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл болу керек.
Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, кестелер, суреттер, дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows ортасында мұндай объектілер құжаттар деп аталады.
Интерфейс – құрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интер- фейс қолданушы интерфейсі деп аталады.
Графикалық қолданушы интерфейсі – адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық қолданушы интерфейсінің мысалы бұлWindows интерфейсі.
Қолданушының графикалық интерфейсінің негізі – бұл ұйымдастырылған және жақсы ойлап табылған терезелер жүйесі. Терезе – экранда монитордың шектелген төртбұрышты көлемі, онда қосымша (қосымша терезесі), құжат (құжат терезесі), мәлімет (мәлімет терезесі) бейнеленеді. Сол сияқты жүйе параметрлерін көрсету үшін жұмыс жасайтын сұхбат терезелері болады.
Екінші графикалық объектіге тышқан көрсеткіші жатады. Экранның көлеміне байланысты тышқан көрсеткішінің түрі өзгеріп отырады: меню көлемінде бір түр, текстті енгізу көлемінде екінші бір түр, суреттер көлемінде үшінші бір түр және т.б. Ол, сонымен қатар, жүйе тәртібін көрсетеді: бос емес немесе бос.
Қорытынды
Операциялық жуйе ― компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі ― программаларды бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б. Яғни ОЖ ― машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгін не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе деп те атайды.
Оның орындайтын іс-әрекеттері:
- компьютер электр жүйесіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру;
- одан әрі, жүйелік болатын иілгіш не қатты магниттік дискімен операциялық жүйенің тиеуші деп аталатын программасын жадқа ендіру;
- жуйелік үзілісті ұйымдастыру.
Мысалы, программаны орындау кезінде
нөлге бөлу кездессе, ол оның
мүмкін емес екенін хабарлап,
машина жұмысын тоқтатад; клавиатурадан
символ терілсе, ол процессордың
осының алдындағы ағымдық
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина
Информатика 7 сынып, оқулық;
2) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика,
Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика,
Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
4) Байжұманов М. Қ.,
Жапсарбаева Л. Қ. Информатика. Астана
- 2004
5) Байшоланова Қ. С.
Ақпараттық жүйелер теориясы. Алматы -
2002
6) Балпанов Е. Қ., Бөрібаев
Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы – 1999
7) Балпанов Е. Қ., Бөрібаев
Б., Мадиярова Г. Жаңа ақпараттық технологиялар.
Алматы - 2000
8) Ермеков Н., Ермеков
М., Ноғайбаланова С. Информатика. Алматы:
«Жазушы» - 2002
9) Исаев С. Ә., Мұхамади
А. Н., Ахметова О. С. Компьютерлік технология
Windows Commander-дегі
пернелердің қысқа