Ортақ жазу кітапшасын орнату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 16:42, реферат

Описание работы

OneNote бағдарламасы бірнеше пайдаланушы бір мезгілде ортақ жазбаларға қатынай алатын және оларға қолданыстағы базаны енгізе алатын ортақ жазу кітапшаларын желілік серверде немесе ортақ файлда жинап сақтауға мүмкіндік береді. Топ болып жазбалар жазу бірлескен үрдіс болып табылады, сондықтан файлдарды бір мезгілде бірнеше адамның өңдеуін болдырмайтын көптеген қолданбалар тапсырмаға лайық емес. OneNote бағдарламасы барлық пайдаланушыларға бір мезгілде жазбалардың ортақ жиынына қатынас жасауға мүмкіндік береді және әрбір пайдаланушының жазу кітапшасындағы өзгерістерді автоматты түрде үйлестіріп отырады. Нәтижесінде жазу кітапшасы әрқашан жаңартылған күйде болады және дәлме-дәл айтқанда, барлық пайдаланушыны бір бетте түйістіреді.

Файлы: 1 файл

периферия.docx

— 26.96 Кб (Скачать файл)

Ортақ жазу кітапшасын орнату

OneNote бағдарламасы бірнеше  пайдаланушы бір мезгілде ортақ  жазбаларға қатынай алатын және  оларға қолданыстағы базаны енгізе  алатын ортақ жазу кітапшаларын  желілік серверде немесе ортақ  файлда жинап сақтауға мүмкіндік  береді. Топ болып жазбалар жазу  бірлескен үрдіс болып табылады, сондықтан файлдарды бір мезгілде  бірнеше адамның өңдеуін болдырмайтын  көптеген қолданбалар тапсырмаға  лайық емес. OneNote бағдарламасы барлық  пайдаланушыларға бір мезгілде  жазбалардың ортақ жиынына қатынас  жасауға мүмкіндік береді және  әрбір пайдаланушының жазу кітапшасындағы  өзгерістерді автоматты түрде  үйлестіріп отырады. Нәтижесінде  жазу кітапшасы әрқашан жаңартылған  күйде болады және дәлме-дәл  айтқанда, барлық пайдаланушыны  бір бетте түйістіреді.

Ортақ жазу кітапшасын орнату қиын емес. Жаңа жазу кітапшасы шебері сіздің және топ мүшелерінің желідегі қатынай алатын орнында ортақ  жазу кітапшасын жасауға көмектеседі. Немесе жазу кітапшасын өз компьютеріңіздегі  ортақ файлда да жасай аласыз.

Бірнеше пайдаланушы ортақ  жазу кітапшасына қатынас жасаған  кезде, OneNote бағдарламасы жазу кітапшасына  енгізілген өзгерістерді үздіксіз үйлестіріп отырады. Сондай-ақ, OneNote бағдарламасы әрбір пайдаланушының компьютерінде  жазбалардың жазу кітапшасына қосылғанда, OneNote бағдарламасы олардың өзгерістерін басқалардың өзгерістерімен автоматты  түрде біріктіреді.

Жаңа ортақ  жазу кітапшасын жасау

  1. Файл мәзіріндегі Жаңа пәрменін көрсетіп, одан кейін Жазу кітапшасы пәрменін таңдаңыз.
  2. Жаңа жазу кітапшасы шеберінде төмендегі әрекетті орындаңыз:
    • Аты жолағына ортақ жазу кітапшасы атауын енгізіңіз (мысалы, Топтың апта сайынғы есептері немесе Философия сабағы бойынша топ жазбалары).
    • Талап бойынша жазу кітапшасы мұқабасының түсін таңдаңыз, ол белгіше түрінде Жазу кітапшалары шарлау тақтасында көрсетіледі.
    • Талап бойынша Үлгіден тізімінен ортақ жазу кітапшасындағы беттерге пайдаланылатын әдеттегі үлгіні таңдаңыз.
  3. Келесі түймешігін басыңыз.
  4. Осы жазу кітапшасын кім пайдаланады? тармағының астында Жазу кітапшасын бірнеше адам ортақ пайдаланады тармағын нұқып, төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Егер және ортақ жазу кітапшасын пайдаланатын адамдар файлдарға желінің ортақ файлында немесе серверінде қатынап, өзгертетін болса, Серверде түймешігін басыңыз.

Ескерім Сервердегі ортақ файлға қатынауға рұқсат алу үшін, желі әкімшісіне хабарласу қажет болуы мүмкін.

  • Компьютеріңізде басқалар да қатынай алатын ортақ файл жасау үшін, Осы компьютердегі ортақ қалтада түймешігін басыңыз. Қатқыл дискіңізде ортақ қалта жасау үшін, өз компьютеріңіздің жүйесіне Әкімші ретінде кіруіңіз керек.

Ескерім Бұл параметрді компьютеріңіз көбінесе желіге қатынаулы болса ғана таңдауыңыз тиіс. Егер де компьютеріңізді әдетте желіге қоспайтын болсаңыз немесе оны сапарға шыққанда алып жүрсеңіз, желілік ортақ файлда ортақ жазу кітапшасын жасаңыз.

  1. Келесі түймешігін басыңыз.
  2. Жаңа жазу кітапшаңызға арналған ыңғайлы ортақ орын таңдаңыз. Ортақ OneNote жазу кітапшаларын сақтау үшін төмендегі орындар ұсынылады:
    • Ұйымыңыз немесе оқу орныңыздың компьютер желісіндегі ішкі немесе жалпы ортақ файл
    • Қатынауға әкімші рұқсаты бар компьютердегі ортақ қалта
    • Microsoft Windows SharePoint Services веб-торабындағы құжаттар жинағы
    • Жоғары сыйымдылықты USB (Жүйелі әмбебап шина) дискі

Ортақ жазу кітапшаларын кез  келген өзге файл немесе қалтаны ортақтасу  және үйлестіру технологияларымен  бірге қолданбауды ұсынамыз.

  1. Орналасу жолағында ортақ жазу кітапшасы үшін ұсынылған орынның дұрыстығын тексеріңіз.

Ескерім 2-қадамда енгізілген жазу кітапшасы атауы автоматты түрде орналасу жолына қосылады.

  1. Ортақ жазу кітапшасы орналасуына сілтемесі бар, өзге пайдаланушыларға жіберілетін электрондық пошта хабарын жасау үшін, Басқа пайдаланушыларға жіберуге болатын осы жазу кітапшасына сілтемесі бар электрондық пошта хабарын жасау параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

Кеңес Ортақ жазу кітапшасын жасағаннан кейін оған сілтемені жіберу үшін, Ортақтасу мәзіріндегі Ортақ жазу кітапша сілтемесін басқаларға жіберу пәрменін таңдаңыз.

  1. Жасау түймешігін басыңыз.

Ескерім OneNote бағдарламасы өзге пайдаланушыларға рұқсат беруге көмектесу үшін, тілқатысу терезесін және қосымша Анықтама бөлімін көрсетеді.

Бұрыннан бар  жазу кітапшасын ортақтасу

Егер OneNote жазу кітапшасын компьютеріңізде  әлден жасаған болсаңыз және басқаларға оны көру және өңдеу рұқсатын бергіңіз келсе, төмендегі әрекетті орындаңыз:

  1. OneNote бағдарламасындағы ортақтасқыңыз келетін жазу кітапшасын жабыңыз. Жазу кітапшалары шарлау тақтасындағы жазу кітапшасы тақырыбын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі Жазу кітапшасын жабу пәрменін таңдаңыз.
  2. OneNote бағдарламасынан шығу үшін, Файл мәзіріндегі Шығу пәрменін таңдаңыз.
  3. Windows тапсырмалар үстеліндегі Бастау пәрменін таңдап, Барлық бағдарламалар тармағын көрсетіп, Периферия құрылғылары тармағын көрсетіп, Windows Explorer тармағын нұқыңыз.
  4. Менің құжаттарым қалтасындағы OneNote жазу кітапшалары тармағын екі рет нұқыңыз.

Ескерім OneNote орнату кезінде жазу кітапшалардың әдеттегі орналасуын өзгерткен болсаңыз, OneNote жазу кітапшалары бар қалтаға ауысыңыз.

  1. Ортақтасқыңыз келетін жазу кітапшасы қалтасын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Қиып алу пәрменін таңдаңыз.
  2. Windows Explorer бағдарламасын пайдаланып, өзгелер жазу кітапшаңызға қатынай алатын ортақ орынға ауысыңыз. Windows Explorer бағдарламасының Өңдеу мәзіріндегі Қою пәрменін таңдаңыз.

Ескерім Бұрыннан бар жазу кітапшасын қалтасын қиып алып қою компьютеріңіздің қатқыл дискісінен қалтаны таңдаған ортақ орынға тиімді түрде жылжытады. Біз бұл мақсатта жазу кітапшаларды көшіруді ұсынбаймыз.

  1. Windows Explorer бағдарламасы жазу кітапшасы қалтасын жаңа орынға жылжытқаннан кейін, Windows Explorer бағдарламасын жабыңыз және OneNote бағдарламасын іске қосыңыз.
  2. OneNote бағдарламасындағы Файл мәзірінде орналасқан Ашу пәрменін көрсетіп, Жазу кітапшасы пәрменін таңдаңыз.
  3. Жазу кітапшасын ашу тілқатысу терезесінде, бұдан бұрынғы қадамдарда жазу кітапшаңызды жылжытқан ортақ орынға барыңыз, жазу кітапшасы қалтасын таңдау үшін оны нұқып, Ашу түймешігін басыңыз.

Кеңес Басқа пайдаланушыларға ортақ орындағы жазу кітапшаңызға қайдан қатынауға болатынын хабарлау үшін, электрондық пошта хабарын жібере аласыз. OneNote бағдарламасындағы Ортақтасу мәзірінде орналасқан Ортақ жазу кітапша сілтемесін басқаларға жіберу пәрменін таңдаңыз.

Компьютеріңіздегі бұрыннан бар жазу кітапшасын бірлесіп пайдалануды тоқтату

  1. OneNote бағдарламасында, компьютеріңіздегі ортақ жазу кітапшасын ортақтасуды тоқтатқыңыз келетін бетіне ауысыңыз.
  2. Ортақтасу мәзіріндегі Жазу кітапшасын ортақтасуды тоқтату пәрменін таңдаңыз.
  3. Таңдалған жазу кітапшасын ортақтасуды тоқтату үшін, құптау тілқатысу терезесінде Ия түймешігін басыңыз.

Ескерім Егер қалтаға бірнеше атау берген болсаңыз немесе жазу кітапшасы басқа да ортақ қалтада орналасқан болса, жазу кітапшаңыз басқа адамдарға қатынаулы күйде қалады. Мұндай жағдайларда Windows Explorer бағдарламасындағы ортақ жазу кітапшасы қалтасын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі Ортақтасу мен қауіпсіздік пәрменін таңдаңыз. Қалтаның Сипаттар тілқатысу терезесіндегі Ортақтасу қойындысында орналасқан Қалта ортақтастырылмасын түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Тікелей ортақтасу  сеансын ұйымдастыру немесе оған қатысу

Компьютеріңіз Интернетке немесе желіге қосылған болса, қызметтестеріңіз, сыныптастарыңыз немесе достарыңыз сияқты басқа OneNote пайдаланушыларымен бірге бірлесіп жазу сеанстарына  қатыса аласыз. Бірлесіп жазу сеанстары  барлық қатысушыларға нақты уақыт  күйінде бір-бірінің жазбаларын көру және өзгерту мүмкіндігін береді.

Бірлесіп жазу сеансы кезінде  жазу кітапшасындағы бір немесе бірнеше  бөлімді бірлесіп пайдалана аласыз. Қатысушы өз компьютерінде жұмыс  істеп отырса да, терілген мәтін  және сандық қолжазбалық мәтін нақты  уақыт күйінде жіберіледі. Бірлесіп жазу сеансы барысында телефонмен сөйлесу  немесе тез хабар алмасу сияқты байланыстың  қосымша әдістерін пайдалану  ыңғайлы болады. Бұл – қосымша  мәліметтерді жіберуге және қатысушылардың қайсысы аңғартпа қосқанын немесе жазбаларды өңдегенін анықтауға көмектеседі.

OneNote пайдаланушысы ретінде  жаңа бірлесіп жазу сеансын  бастай аласыз немесе бұрын  басталған сеансқа қосыла аласыз. Бірлесіп жазу сеансына қатысу барысында барлық қатысушылардың аттары Ағымдық тікелей сеанс тапсырмалар аймағында көрсетіледі. Егер бірлесіп жазу сеансын бастасаңыз, сеансқа тек қана құпия сөзді енгізген қатысушылар ғана қосылатындай етіп құпия сөз орнатуға болады.

Егер бірлесіп жазу сеансын  бастасаңыз, ортақтасқыңыз келетін  бөлімді таңдап, одан кейін бірлесіп жұмыс істегіңіз келетін қатысушыларды  шақыра аласыз. Егер OneNote бағдарламасы компьютеріңізге орнатылған болса, басқаларды бірлесіп жазу сеансына шақырған кезде, автоматты түрде электрондық  пошта хабары жасалады және онда төмендегілер көрсетіледі: сеансқа шақыру, сеансты  ұйымдастырушы компьютерінің IP-мекен-жайы және қажет болған жағдайда, сеансқа  арналған құпия сөз. Хабарды қарап  шыққаннан кейін, оны қатысушыларға  жібере аласыз.

Қатысушылар бірлесіп жазу сеансынан кез келген уақытта  шыға алады.

Ескерімдер 

Бас және кіші әріптерден, сандардан  және таңбалардан тұратын қиын кілт сөздерді пайдаланыңыз. Жеңіл кілт сөзде ондай қасиеттер жоқ. Қиын кілт сөз үлгісі: Y6dh!et5. Жеңіл кілтсөз: Үй27. кілт сөздердің ұзындығы 8 немесе одан да көп таңбадан тұруы тиіс. 14 немесе одан да көп таңбадан тұратын  кілт сөйлемдер ең жақсы шешім  болып табылады. Көбірек ақпарат  алу үшін Жеке ақпаратыңызды қиын кілт сөзбен қорғауға көмектесу (Ағылшын тілінде) тармағын қараңыз.

Кілт сөзіңізді жатқа  білген өте маңызды. Кілт сөзіңізді  ұмытып қалсаңыз, Microsoft корпорациясы оны  қалпына келтіре алмайды. кілт сөзіңізді  жазып қойып, өзі қорғауға арналған ақпараттан аулақ, қауіпсіз жерде сақтаңыз.

  • Бірлесіп жазу сеансына арналған құпия сөзді немесе IP-мекен-жайын жібергіңіз келсе, Microsoft Office Outlook 2007 сияқты Ақпаратқа қатынасу құқықтарын басқару қызметін қолданатын электрондық пошта бағдарламасын пайдалануды ұсынамыз. Рұқсаты шектелген электрондық пошта хабарын жасау арқылы бірлесіп жазу сеансына арналған құпия сөзді немесе IP-мекен-жайын қорғауға болады. Егер қабылдаушылардың компьютерлерінде Microsoft Office Outlook 2007 орнатылмаған болса, олар Internet Explorer бағдарламасына арналған Windows құқықтарын басқару қондырмасын немесе рұқсаты шектелген мазмұнды қолданатын басқа бағдарламаны қотара алады.

Бірлесіп жазу сеансын ұйымдастыру

Егер бірлесіп жазу сеансын  ұйымдастырсаңыз, төмендегі әрекетті орындай аласыз:

Тікелей ортақтасу сеансын  бастау

Қатысушыларды Тікелей ортақтасу  сеансына шақыру

Бірлесіп жазу сеансынан  шығу

Бірлесіп жазу сеансына қатысу

Егер бірлесіп жазу сеансын  ұйымдастырушы болмасаңыз, төмендегі  әрекетті орындай аласыз:

Бірлесіп жазу сеансына қосылу

Бірлесіп жазу сеансынан  шығу


Информация о работе Ортақ жазу кітапшасын орнату