Қосымшаны ұжымдық өңдеу. TeamSource нұсқасының бақылау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 10:18, лекция

Описание работы

Ірі ақпараттық жүйелерді құру бағдарламаушылар тобының келісімді жұмысын талап етеді. Бірнеше жыл бұрын ірі жобаларды құру кезінде жеке құрастырушылардың өзара байланысын ұйымдастыру бағдарламалық қамтаманы құрудың ірі өндіруші фирмалары үшін ғана көкейкесті болатын. Қазіргі кезде бағдарламаны тез құру жүйелерінің RAD, Rapid Application Development) пайда болуы және дамуына байланысты жағдай өзгерді.

Файлы: 1 файл

Дәріс 10 исрп.docx

— 15.29 Кб (Скачать файл)

Дәріс 10

Қосымшаны ұжымдық өңдеу. TeamSource нұсқасының бақылау жүйесі.

 

Ірі ақпараттық жүйелерді құру бағдарламаушылар тобының келісімді жұмысын талап етеді. Бірнеше жыл бұрын ірі жобаларды құру кезінде жеке құрастырушылардың өзара байланысын ұйымдастыру бағдарламалық қамтаманы құрудың ірі өндіруші фирмалары үшін ғана көкейкесті болатын. Қазіргі кезде бағдарламаны тез құру жүйелерінің RAD, Rapid Application Development) пайда болуы және дамуына байланысты жағдай өзгерді. RAD құралдарын енгізу жеке бағдарламаушылар және жұмыс топтарының еңбек өнімділігін арттырады. Осыған байланысты ірі жобаларды құру қызметкерлердің шағын тобымен орындала алады.

Сонымен, шағын топты қызметкерлер жұмысының келісімді жұмысын ұйымдастыру да көкейкесті мәселе болып отыр. Қазіргі кезде бірнеше адам құрған бағдарламалық қамтамалардың негізгі коды 50-100 мың жолдан тұратын код болғандықтан, олардың әр уақытта өзгерістер енгізілген версияларын сақтау, бақылау – маңызды мәселе.

Ұжымның келісімді жұмысын қамтамасыз ететін RAD жүйесіндегі құралдардың қолданылуы бағдарламалық өнімнің конкурентке қабылеттілігін жоғарылату факторының бірі болып саналады.

Ұжымдық жобалау құралдары құрылымы және олардың орындайтын тапсырмалары

Бағдарламаларды ұжымдық құруды қамтамасыз ететін жүйелермен шешілетін тапсырмалар жиынын қарастырайық. Бағдарламаны құру және сүйемелдеу процесін бақылау және басқаруды қамтамасыз ету тапсырмалардың негізгісі болып саналады. Осы тапсырма орындалу үшін кемінде негізгі екі функция орындалуы тиіс:

  • жобаға енгізілетін өзгерістерді тіркеу;
  • жоба файлдарының орталықтандырылған сақталуы.

Бұл екі функция жоба версияларын бақылау жүйелері деп аталатын (PVCS - Project Version Control Systems) жүйелермен іске асырылады.

Жоба версияларын бақылау жүйелері дегеніміз – жоба құрамына кіретін объекттердің (файлдардың) барлығын не басым бөлігін орталықтандырылған сақтау және өңдеу қызметін орындайтын бағдарламалық қамтама кешені.

Жоба версияларын бақылау жүйелері файлдарды сақтау бойынша келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • қоймадан файлды жөндеуге «алу» (check out);
  • қоймаға жөнделген файлды «қайтару» (check in);
  • басқа қолданушы алған файлды жөндеуге тосқауыл қою;
  • енгізілген өзгерістерге комментарийлер беру;
  • версиялар түрін қарап шығып, қажетті версияға өту;
  • алдыңғы версияға өту.

Жобаны құруды басқару тапсырмаларын шешу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер келесі жұмыстарды қамтамасыз етеді:

  • жобаның және оның жеке компоненттерінің жағдайын идентификациялау (сәйкестендіру);
  • жоба құрылымына және компоненттеріне енгізілетін өзгерістерді бақылау;
  • жобаның барлық құрамдас бөліктерін үйлесімді басқару.

Идентификация (сәйкестендіру)

Объекттерді басқару алдында оларды сәйкестендіру керек. PVCS жүйесінде объекттерді сәйкестендіруде версия түсігіні қолданылады.

Жоба версиясы деп бірегей бір идентификатор аталады, ол жобаның ағымдық номерін көрсетеді. Жобаны құру кезінде әр құрамдас бөлікке өзгерістер енгізілуі мүмкін болғандықтан, PVCS қоймасына орналасқан объекттерге объект версиясы және жоба версиясы идентификаторы меншіктеледі.

Файлдар қоймасы және файлдар өзгерісін бақылау

Жобамен жұмыс істеу барысында файлдардың аралық жағдайы жоба қоймасында сақталып тұрады. Бұдан басқа файлға жауапты құрастырушылар аттары, жобаның аралық версиясының файлдарының құрамы туралы ақпарат сақталады. Бұл қажет жағдайда файлдың алғашқы жағдайларына өтуге мүмкіндік береді. Қоймада әдетте жоба файлдарының барлық версиялары сақталады. Диск аумағын тиімді пайдалану үшін әдетте файлдың негізгі версиясының өзгерістері ғана сақталады.

TeamSource версияларды бақылау жүйесі

Delphi бағдарламасының құрамына жоба  версиясын басқаруға арналған TeamSource атты құрал енгізілген. Borland компаниясы бұл құралды құжатайналым менеджері ретінде қарастырады. Версияларды сақтау және бақылау құралдың тек бір есебі ретінде анықталған.

TeamSource құралы құрамына zip-типті сығу форматын қамтамасыз ететін Borland Zlib библиотекасы кіреді. TeamSource бағдарлама құрастырушыларға арнайы бағдарламалық TeamSource Extension API интерфейсін ұсынып, версиялардың кез-келген сыртқы контроллерін қосуға мүмкіндік береді.

TeamSource құралында жоба бөліктерінің сақталуы файлдық принцип бойынша ұйымдастырылған.

TeamSource жүйесінің құрылымы

TeamSource жүйесінің жұмысы  TeamSource Extension API интерфейсі негізінде қосылатын  модульдерді (plug-ins) қолдануға негізделген. Жобаның құрамындағы жеке бөліктермен орындалатын амалдар (жоба файлдары версияларының қоймасына қатынау, жобалар мен файлдарға комментарийлер толтыру және т.с.с.) контроллер көмегімен орындалады. Контроллер tsx кеңейтімді файл ретінде анықталған модульдерде орналасқан.

 


Информация о работе Қосымшаны ұжымдық өңдеу. TeamSource нұсқасының бақылау жүйесі