Паскаль программалау тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 13:43, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде – тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль программалау тілі ХVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.
Блез Паскаль 1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан – ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы – ықтималдар теориясының ірге тасын қалады.

Файлы: 1 файл

Паскаль тілі.docx

— 107.06 Кб (Скачать файл)

Жазба атауы Тізім  
Өрістің атауы Фамилия Аты Туған жылы  
Өрістер мәні Ахметов Алдияр 1980

Жазбаны өңдеу элементар объектә түрінде шығады. Мұндай объект типі – record (жазба) деп аталады. Олай болса, мәліметтердің типтеріне байланысты шектеулер алынып тасталады.  
Жазбаларды сипаттау үшін, оның атауы, берілген өрісте сақталатын мәліметтердің атауы және типі көрсетілуі керек. Жазбалардың жалпы түрде сипатталуы келесідегідей:

Type<жазба атауы>=Record  
<1 өріс>:<1 тип>;  
<2 өріс>:<2 тип>;  
……………………  
:;  
end;

9. Сыртқы кітапханалар. Модульдер

Модульдер және олардың қолданылуы туралы айтпастан бұрын, Люйс Кэроллдың "Алиса Ғажайып жлемінде" ертегісінен үзінді оқиық. Алисаның Ақ Серімен әңгімесі:  
Иә бұл өте жақсы ара ұясы, - деп Сері еріксіз келісті. – Ең жақсы сапалы! Бірақ ол араларға бір себептен ұнамайды! Менде бұнда тағы тышқан қақпаны бар. Тышқандар араларды қуатын көрінеді. Немесе аралар – тышқандарды. Білмеймін…  
Ал мен сізге тышқан қақпаны не үшін керек екенін ойлап тұрғам – деді Алиса. – Аттарда тышқанның өмір сүруін елестету қиын…  
Қиын, бірақ болады, - деп Сері жауап берді. – Мен олардың менің денемде жүгіріп жүргенін қаламаушы едім.  
Білесің бе, - деп жалғастырды ол, үндемей тұрып, - бәріне дайын болу керек! Міне неліктен менің атымның аяғында білезіктер тағылған.  
Ал ол не үшін? – деп қызықты Алиса.  
Акулалар тістеп алмауы үшін, - деді Ақ Сері.  
Бұны мен өзім ойлап таптым. Атқа шығуға көмектесші. Мен сені шетке шығарамын. Ал мына ыдыс неге арналған?  
Бәлішке арналған, - деді Алиса.  
Онда оны өзімізбен бірге ала кетейік, - деп ұсынды Сері. – Егер біз бәліш тауып алсақ, ол бізге қажет болады. Дорбаны ұстай тұр, - мен оны осыған салайын…  
Бұл оңай болмады. Алиса дорбаны қатты ұстап тұрды, бірақ Ақ Сері өте икемсіз болды: ол дорбаға ыдысты салудың орнына, оған өзі құлай берді. Ақырында ыдыс әрең салынады.  
Әрине онда оған орын аз, - деп ескерді Сері. – Дорба шам қоайғыштарға лық толы, бірақ басқа не істейсің!  
Ол дорбаны ер тоқымға іліп қойды, одан сәбіздің сабақтары, пештің қықыштары және әр түрлі нәрселер салбырап тұрды.  
Ақ Серінің аты және қаруы қалай көрінгенін елестете аласыздар ма?  
Borland Pascal сізге, үлкен саннан құралған тұрақтыларға, мәліметтер типіне, айнымалыларға, процедураларға және функцияларға қатынауды қамтамасыз етеалады. Олардың ішіндегі кейбіреулері Borland Pascal үшін ерекше, ал кейбіреулері Windows немесе Dos орталары үшін қолданбалы есептерді программалауда ерекше. Олардың саны өте көп, дегенмен, өз программаңызда олардың бәрін бір мезетте аз қолданасыз. Сондықтан олар модульдер деп аталатын өзара байланысты топтарға бөлінген. Бұл жағдайда тек программаға қажетті модульдерді қолдануға болады.  
Программалық модуль (Unit) тұрақтылар, мәліметтер типі, айнымалылар, процедуралар және функциялар жиынтығы болып табылады. Әр модуль Паскальдағы жекеленген программаға ұқсас: сіз программаңызды орындаңға жіберместен бұрын, оның шақырылатын және қажетті инициализацияны жүзеге асыратын негізгі денесі болуы мүмкін. Қысқаша айтқанда модуль, программаға қоюға болатын және программаны жеке компилиаланатын бөлшектерге бөлуге болатын, сипаттамалар кітапханасы болып табылады.  
Модуль құрамына кіретін, процедуралар және функциялар, мәліметтер типін және айнымалылар арасындағы тәсілдер жиынтығын қамтамасыз етеді. Бірақ та бұл тәсілдерді нақтылы жүзеге асыру интерфейс және жүзеге асыру (реализация). Егер программа модуьді пайдаланса, модульдің барлық сипттамалары бұл программаға, оның өзінде анықталғандай ашық болады.  
Модуль құрылымы программа құрылымына ұқсас. Модульдің ішіндегі барлық сипаттамалар бір-бірімен байланысты. Мысалығы, Strings модулі нөлдік белгімен аяқталатын жолдарды өңдейтін ішкі программаларға қажетті сипаттамалардан тұрады. Сонымен қатар іщкі программалар сияқты, модульдер де стандартты және стандартты емес немесе қолданушының модулі, яғни, програмалаушылар өздері құрастыратын бола алады. Стандартты және стандартты емес модульдер құрылымы бірдей болғандықтан, олардың сипатталуы бірдей ережеде құрылған.  
Модульдер программаға оның атын uses компилятор нұсқауында сипаттаудың көмегімен қосылады. Мысалы, былай сипатталғанда:  
Uses Dos, Crt;  
Аталған модульдердің құрамындағы барлық ішкі программалар, айнымалылар, типтер және тұрақтыларды программада қолдануға болады.  
Ескерту. Модульдердің аттары оларды хабарлағанда үтірмен бөлінеді, ал соңғы модульден кейін үтірлі нүкте қойылады!

System модулі

System модулі барлық құралдар үшін, төменгі деңгейлі ішкі программаларды жүзеге асырады, мысалы: енгізу-шығу, жолдық айнымалылармен жұмыс, ауыспалы нүктемен жасалынатын операциялар және жадыны динамикалық бөлу.  
System модулі Borland Pascal-дың барлық стандартты және құрылған процедураларынан және функцияларынан тұрады. Стандартты Паскальдің бөлігі болмайтын және басқа модульдерде орналаспаған Borland Pascal-дың кез-келегн ішкі программасы System модулінің құрамында орналасқан.

Ескерту. System модулі программаға автоматты қосылады (үнсіз келісім бойынша) және оны Uses операторында көрсету қажетті емес.

Стандартты емес модуьдерді пайдалану программаларды стандарттау мен құрылымдылығының деңгейін жоғарылатады, бұл программаларды өңдеуді жылдамдатады, олардың түсініктілігін және жетілдірудің қарапаймдылығын қамтамасыз етеді. Мұндай кітапханада, мысалға, жиі пайдаланылатын массивтерді (енгізу процедуралары, матрицаларды шығару, массивтерді сорттау және т.б.) өңдегендегі операцияларды сипаттағандай, бөлек программаға көп көңілді тек берліген есепке тән сұрақтарды шешуге бөледі, сондықтан стандартты және стандартты емес модульдерде іске асырылмайды. Бұл тек программаны өңдеу уақытын қысқартып қана қоймай, оның көлемін де азайтады. Жоғарыда айтылғанда, программалар арнайы сегментте орналасады, оның көлемі компьютердің оперативті жадысын құрайтын басқа сегменттер сияқты 64 Кбайттан аса алмайд. Әрине, бұл үшін оны үлкейтуге қажеттілік туады. Бұл мақсатқа жетуде модульдер бағаланбайтын қызмет көрсетеді. Әр модуль бөлек сегментте орналасады, сондықтан модульдеррі және программалары бар барлық сегменттердің қосындысы, компьютердің оперативті жадысының көлемін ғана шектелген (640 Кбайт).  
Осындай алғы сөзден кейін, оқушының стандартты емес модульдерді пайдалануда пайдасы жайлы ешқандай күмәні жоқ екеніне сенімдіміз. Оларды өңдеудің өнеріне үйренуде жеңе алмайтын алдымен модуьдің құрылымымен, оның бөлімдерінің міндеттімен және өңдеу технологиясымен танысайық.  
1. Модуль құрылымы

Модуль (unit) келесі бөліктерден тұрады:  
аты немесе тақырыбы (мысалы, unit Мy_Мodyl);  
интерфейс немесе хабарламалар бөлімі (Interfase);  
орындаушы бөлігі немесе іске асыру бөлімі (Implementation);  
Бұнда көрсетілген модуль бөлімдерінің тізбегі міндетті болып табылады, дегенмен осы бөлімді құрайтын блоктар (немес тек денелері) жарым-жартылай немесе толығымен болмауы мүмкін (бұрынғыдай осындай элементтерді сипаттағанда тік жақшалар пайдаланылады). Одан кейін модуль ішіндегі бөлімдерін сипаттаймыз.

Модуль тақырыбы  
Модуль тақырыбы unit түйінді сөзінен және бірегей атаудан (модуль ішінде қайталанбауы керек) тұрады, оның кез-келеген атау сияқты 64-ке дейін белгісі бола алады.

Модуль интерфейсі  
Interface {бұл бөлімнің Uses-тен басқа барлық объектілері, мәліметтер сегментінде орналасады}  
[Uses … {Берілген модуль пайдаланатын, модульдердің ататры түгенделеді}]  
[Cons … {Осы модуль қосқан программаға немесе басқа модульдерге, рұқсат етілуі тиіс тұрақтылар сипатталады}]  
[Var … {Программада көрінетін немесе басқа модульдерде қолданатын айнымалылар сипатталады}]  
[Procedure…{Формальды параметрлер сипаттамасымен толық процедураның атауы келтіріледі}]  
…{Осы моудьді іске қосқан программа немесе басқа модуьдерден қол жеткізе алатын барлық басқа процедуралар мен модульдер функцияларының толық тақырыптары сипатталады}  
Модульдің орындаушы бөлігі  
[Uses … {Берілген орындау бөлігінде пайдаланылған және интерфейс көрсетілмеген модуьдер атауы көрсетіледу}]  
[Lаbel… {Берілген модуль бөліміндегі, ішкі программаларда пайдаланылған таңбалар аттары көрсетіледі}]  
[Сonst… {Берілген модуль бөліміндегі ішкі программаларда пайдаланылған және интерфейс аталмаған тұрақтылар сипатталады}]  
[Var … {Берілген модуль бөліміндегі ішкі программаларда пайдаланылған және интерфейсте аталмаған айнымалылар сиптталады}]  
[Procedure…{Interface-те сипатталған процедураның қысқаша немесе толық аты келтіріледі}]  
{Процедура денесі}  
[Function{Interface-те сипат 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары: 
 
І.     Кіріспе 
 
ІІ.     Негізгі бөлім 
ІІ. 1. Файлдардың түрлері 
ІІ. 2.Мәтіндік файлға мәліметтер жазу. Бір өлшемді массив. 
ІІ. 3.Мәтіндік файлға мәліметтер жазу. Екі өлшемді массив 
ІІ. 4.Мәтiндiк файлдан мәлiметтердi оқу 
ІІ. 5. Мәтiндiк файлдан мэлiметтердi оку (жалғасы) 
ІІ. 6. Типті файл. Типті файлдарға мәліметті жазу 
ІІ. 7. Типті файлдан мәліметтерді оқу 
ІІ. 8. Әртүрлі базалық типтерді біріктіру. Жазба типі 
ІІ. 9. Сыртқы кітапханалар. Модульдер 
ІІ. 10. Модуль құрылымы 
        Қорытынды 
        Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
Кіріспе 
Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцрия физигі Niklaus Wirth  ұсынған.Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп  атап , тіл атауын үнемі  бас әріппен жазылуын сұраған.Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді.Солардың ішінде 1983 жылы Борланд корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі Turbo Pascal программалаушылар арасында жоғарғы сұранысқа ие болды. 
      Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі  
Turbo Pascal программалау тілінің басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар. 
      Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль.  Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.  
Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі. 
      Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. 
       
 
 
 
Файлдармен жұмыс 
 
1 Файлдардың түрлері 
 
Осыған дейін, біз мәліметтерді пернетақтадан негізіп, оларды экранға шығардық, программа жұмысы кезінде олар компьютердің оперативті жадында сақталатын да, есептеулер біткеннен кейін бұл мәліметтер жоғалып кетеьін. Жұмыс нәтижесін келешекте пайдалана алу үшін, мысалы, оларды есептеулерге пайдалану үшін немесе жңа мәліметтерді алу үшін, оларды есте сақтап қалу керек. Ондай тәсілдердің ьірі мынадай: нәтиже экранға шыққан соң қолға қаламсап (қарындаш) және бір бет қағаз алып, бұл мәліметтерді жазып алу. "Дербес компьютерлер” дәуірінің басында оларды "үй тапсырмасы” деп атаған да, шын мәнінде солай болған. Қазіргі кездегі дербес компьютерлердің барлығы ақпаратты сақтауға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған. Қызметтеріне қарай оларды: магниттік ақпарат тасымалдаушылар немесе жазылатын CD- дискілер деп атайды. Ақпаратты сақтау осы тасымалдаушыларда ұйымдастырылады, бұл жағдайда біз алған нәтижелерді солардың жадында сақтаймыз. Барлық мәліметтер осы тасымалдаушыларда файлдар түрінде сақталады.  
    Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі). 
    File (ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді. 
    Borland Pascal-да файлдарды екі негізгі белгісі бойынша топтастыруға болады: 
a)    файлдың типі бойынша (оның логикалық құрылымына ) 
b)    файл элементтеріне қатынау тәсілі бойынша 
Типтері бойынша файлдар шартты тұрде үш түрге бөлінеді: 
    мәтіндік файл;¡ 
    типтік файл;¡ 
    типтік емес файл.¡ 
Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз. 
Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді: 
    Тікелей қатынау файлдары¡ 
    Кезекпен қатынау файлдары¡ 
 
Олардың айырмашылығы тікелей қатынау файлдарында арнайы 
процедуралар  және функцияларды  пайдалана отырып, мәліметтерді, олардың файлдағы орнына тәуелсіз, оқуға немесе жазуға болады, ал кезекпен қатынау файлында оның ортасында немесе соңында тұрған мәліметті оқу үшін, оның алдындағы мәліметтердің барлығын оқуға тура келеді. Мәтіндік файлдар кезекпен қатынау файлдарына жатады, ал типтік файлдар тікелей қатынау файлдарыа жатады. 
2. Мәтіндік файлға мәліметтер жазу.  
Бір өлшемді массив. 
Ең қарапайым файл типі мәтіндік файл болып табылады. Бұл файлдағы мәліметтер типтік және типтік емес файлдардағыдай машиналық кодта емес, сан, әріп және басқа пернетақта символдары түрінде (ASCII кодында) беріледі. Сондықтан мұндай файлдар мазмұны оңай қаралады, оңай өзгереді және оларды кез келген мәтіндік редактордың, соның ішінде Borland Pascal ортасының да көмегімен өзгертуге болады. Өздеріңіз білетіндей 2.1.2.-ні  қара, мәтінді теру кезінде жаңа жолды енгізу үшін "Enter” пернесін басу керек, осы кезде арнайы код гинерацияланады—ол жол соңы коды, ал файлды сыртқы сақтау құрылғысына жазған кезде де арнайы код гинерацияланады—ол файл соңы коды. Мәтіндік файлды оқығанда бұл кодтар көрінбейді. 
    Келесі есепті шешіп көрейік: Пернетақтадан бірнеше сандар енгізіп, оларды "mayFile.in” атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек. 
    Есепті кезеңдерге бөлейік: 
1)    пернетақтадан мәліметтерді енгізу 
2)    оларды   "mayFile.in” атты файлға жазу керек. 
 
Бірінші кезеңді орындау үшін: 
    пернетақтадан енгізілетін сандардың мөлшерін (массив өлшемін) көрсету керек¡ 
    Сан мөлшерін білген соң, параметрлі циклді қолдану арқылы массив элементтеріне осы сандардың нақты мәндерін меншіктейміз¡ 
Осы әрекеттерді орындау үшін қолданылатын айнымалыларды сипаттаймыз. Айталық, санымыз 100-ден көп емес және олар басқа да процедураларда қолданылатындықтан, оларды ауқымды айнымалыларды баяндау блогында сипаттаймыз. 
рrogram Misal_F1; 
                                                var 
                                                San: array [1..100] of integer; 
                                                                      i, SanMolcher: integer; 
 
Мәліметтерді енгізу процедурасы  келесі түрде болады: 
procedure init; begin readln (SanMolcheri); 
                                   for i:=1 to SanMolcheri do 
                                   begin 
                                     write ("San[",i,”]=’); 
                                     readln(San[i]); 
                                   end; 
Мәліметтерді өңдеу процедурасы әзірге бізге қажет емес, сондықтан ол қызмет атқармай-ақ қойсын. 
                           procedure work ; 
                              begin  
                              end; 
       Енді екіншісі кезеңді қарастырайық, яғни мәліметтерді «mayFile.in» атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек. Алдымен өз файлмызды байланыстыратын, айналымның атауын беру керек.Айталық, ол айналымның атауы FileOut болсын, содан кейін біз оны мәтіндік файл ретінде сипаттаумыз керек. Бұл айнымалыны шығару процедурасында пайдаланатын болғандықтан, оны жергілікті айнымалы ретінде сипаттаймыз: 
                            var 
                            FileOut: text; 
Одан кейін біз программаға, "мәтіндік” типтегі FileOut атты айнымалының, біздің "mayFile. in” атты нақты файлмызды белгілейтінін көрсетуіміз керек. Ол үшін assign(Name Var, Name File)процедурасы қолданылады. Name Var—бұл файлды белгілеу үшін берілген айнымалы аты, біздің жағдайда Name Var—дың орнына File Out сөзін жазасыз. NameFile—бұл біз жұмыс істейтін файлдың аты, біздің жағдайда”mayFile.in”. 
    Файл аты мен оның кеңейтілуінен  басқа орналасқан орнына қарай сипатталатыны да белгілі. Мысалы,”c,\bp\bin\MyFile.in”. Ал егер толық аты берілмеген жағдайда, үнсіз келісім бойынша сіздің программаңыз  орналасқан ағымдағы каталог қолданылады. Енді сіз берілген файлды ашып, оған мәліметтер жазылатындығын көрсетуіңіз керек. Ол үшін rewrite (Name Var)процедурасы қолданылады. Мұндағы, Name Var-бұл файлды белгілеу  үшін берілген айнымалы аты, біздің жағдайда Name Var—дың орнына  FileOut   атауы жазылады.  rewrite( 
Name Var) процедурасы—файлды жазу үшін ашады және көрсеткішті файлдың басына орналастырады. 
    Енді мәліметтерді файлға жазуға бәрі дайын. Ол үшін бұрынан белгілі Write() және Write() процедураларын қолданамыз. Жазулар экранға емес файлға жазылуы үшін, мәліметтерді шығару бағытын көрсетеміз. Яғни, жақшаның ішіндегі мәліметтерді жазатын айнымалы атауының алдында, бізді файлмен байланыстыратын assign() процедурасындағы айнымалы атуын көрсетеміз. Айталық, берілгендерді шығыс файлына бір жолға жазу керек болсын, бұл жағдайда бірінші мән ол енгізілетін сандардың мөлшері болады. Жаңа  жолға көшу болмайтындықтан,Write() процедурасын қолданып, бастапқыда файлға  SanMolcheri айнымалысын мәнін жазамыз да, содан кейін параметрлі циклді пайдаланып енгізу процедурасында енгізілген сандарды жазамыз. Барлық мәліметтер файлға жазылып болған соң, файлды жазу керек. Ол Close() процедурасының көмегімен орындалады.  
Close(Name Var) процедурасы—файлдың соңына, файл соңы белгісін жазып, оны жабады. Егер файл Close() процедурасымен жабылмаған болса, онда мәліметтер сақталынбайды.  
 

 

 
    Мәліметтерді файлға жазу процедурасы қандай болатынын қарастырып көрелік: 
 
procedure exi; 
                                                var 
                                                FileOut:text; 
                                                begin 
                                                assing(FileOut,`mayFile.in`); 
                                                rewrite(FileOut); 
                                                write(FileOut, SanMolcheri); 
                                                  for i=1 to SanMolcheri do 
                                                    write(FileOut,San[i]); 
                                                    close(FileOut); 
                                                    end; 
негізі программаның мәтіні өзгеріссіз қалады 
begin 
                                                            init; 
                                                            work; 
                                                            exi; 
                                                            end. 
Осы программаны ‘Misal_F1’ атымен дискіге жазып, оны орындауға жіберіңіз. Программа жұмысын аяқтағаннан кейін, BP редакторының көмегімен біздің программамыз құрған `mayFile.in` файлын ашып, оның мазмұнын көріңіз. Өкінішке орай сандар файлда бос орынсыз тіркесіп жазылған болып шығады. Мұндай жазбадан қандай сандар жазылғанын анықтау қиындық тудырады. Бұл жағдайды қалай түзетуге болады?    
Ол үшін, сандары бір бірінен дәл ажыратудың екі мүмкіндігі бар: 
а.әрбір мәнді бос орын (``)белгісі арқылы бөліп жазу 
в.әрбір мәнді жаңа жолға жазу (баған бойынша). 
Бірінші жағдайда енгізілетін айнымалы атауынан кейін бос орын (``) белгісін қоямыз. 
write(FileOut, SanMolcheri,``); 
    for i:= to SanMolcheri do 
          write(FileOut,San[i],``); 
екінші жағдай үшін, writeln() процедурасын қолданамыз: 
            writeln(FileOut,SanMolcheri); 
              for i=1 to SanMolcheri do 
                  writeln(FileOut, San[i] ); 
Тапсырма 
1.Енгізілетін мәліметтер `mayFile1.in` атауымен берілген файлға, бір жолға және бос орын арқылы жазылатындай етіп , Misal_F1 программасын өзгерту керек. Жаңа программаны Misal_F2 атымен сақтаңыз. 
2. Misal_F1 программасында берілген мәліметтер  `mayFile2.in` файлына әрбір мәлімет жаңа жолдан жазылатындай етіп, өзгерту керек. Жаңа програманы Misal_F3 атымен сақтаңыз. 
3.Пернетақтадан 20 жол мәтін енгізіп, оны шығу файлына жазатын, Misal_F4 атауымен сақталатын программа жазыңыз. 
 
 
3. Мәтіндік файлға мәліметтер жазу. 
Екі өлшемді массив. 
    Алдыңғы тақырыпта сіз мәтіндік файлдарды ашуды, оған ақпараттарды жазуды үйреніңіздер. Write()- процедурасын пайдаланып мәліметтерді бір жолға, ал writeln()—процедурасын пайдаланып оларды бағанға жазуды көрдік. Осы білгендерімізді пайдаланып, келесі есепті шешіп көрелік: 
    Пернетақтадан, өлшемі 100х100, элементтері бүтін сан болатын, екі өлшемді массив енгізіледі. Осы массивті элементтерінің орналасу реті бойынша, `МayFile5.in` атымен, мәтіндік файл  түрінде жазатын, программа жазу керек. 
Бұл есеп те, алдыңғы тақырыпта қарастырылған есепке ұқсас, екі негізгі кезеңнен тұрады:  
1.Пернетақтадан мәліметтерді енгізу 
2.Оларды атауы `МayFile5.in` болатын, файлға жазу керек.  
Бірінші кезеңді орындау үшін : 
•    Пернетақтадан енгізілетін, массив өлшемдерінің нақты мәндерін кіргізу; 
•    Массив өлшемдерін біле отырып параметрлі цикл операторын қолданып массив элементтеріне нақты мәндерді меншіктеу. 
Мәліметтерді енгізу процедурасының мәтінін Misal_8 программасынан алуға болады. Ал мәліметтерді өңдеу процедурасы өзгеріссіз қалатындықтан, Misal_F1программасындағыдай болады. 
Массив элементтерін  `МayFile5.in` файлына жазу процедурасының қандай болатындығын қарастыралық: 
procedure exi; 
                                                     var 
                                               FileOut: text; 
                                                     begin 
                                          {нақтылы файлмен айнымалы арасындағы байланыс} 
           assing (FileOut,`mayFile.in`); 
           {файлды жазуға дайындау} 
           rewrite(FileOut);  
           {массив өлшемдерiн жазу және курсорды жаңа жолға көшiру} 
           writeln(FileOut, JolSany,``, BaganSany); 
           for i=1 to JolSany do 
               begin 
           {массив элементтерiн бос орын арқылы жолға жазу} 
                    for j=1 to BaganSany do 
                    write(FileOut,San[i,j],``); 
                {j-циклiн аяақтаған соң, курсорды жаңа жолға көшiру} 
           writeln(Fileout); 
             end; 
          {файлды жабу} 
          close(FileOut); 
               end; 
Негiзгi программа мәтiнiнiң өзгерiсiз қалатындығын айтпаса да болады. Осы  программаны Misal_F5 атымен сактаңыз. Программаны iске қосудың алдымен, келесi әрекеттердi: 
•    КурсордыExi процедурасын сипаттайтын жолдың басына қойыңыз; 
•    Негiзгi менюдi Debug iшкi менюiн ашыңыз; 
•    Add brekpoint… әрекетiн тандаңыз; 
•    Enter пернесiн басыңыз. 
Экранға Add brekpoint… (тоқтату нүктесiн қосу) сұхбат терезесi шығады  (2.8-сурет).”Line number” (жол нөмері)өрісінде, курсор тұрған жолдвң нөмірін көрсетіп тұрады, ол Exi  процедурасын сипаттайтын жолдың басын көрсетеді. 
•    "Ok” батырмасын (сұхбат терезесіндегі) немесе "Enter”  пернесін басыңыз. 
Редактор терезесіндегі бұл жол басқа түспен бөлінеді. Енді Ctrl+F9 пернелерін басу арқылы программаны іске қосыңыз. Пернетақтадан бастапқы мәндерді енгізіңіз. Мәліметтерді енгізген соң программа жұмысын тоқтатады және компьютердің экранында қайтадан редактор  терезесі шығады. Яғни, біз өзіміздің әрекеттеріміз арқылы программа жұмысын көрсетілген жолда тоқтатуға нұсқау бердік. Жұмысты қайтадан жалғастырву үшін  "Ctrl+F9” пернелерін басуымыз керек немесе F7 пернесін пайдаланған тиімді және Exi процедурасының қалай жұмыс істейтінін бақылап көре аламыз.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Паскаль программалау тілі