Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 08:54, реферат

Описание работы

Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің ішінде дүние жүзіне кең тараған тілдердің бірі – Бейсик. BASIC (Beginner's All purpose Symbolic Instuctions Code ) – “Жаңадан үйренушілер үшін символдық нұсқаулар түріндегі көп мақсатты тіл ”сөйлемінің қысқарған сөз ретінде алынған түрі. Бейсиктің алғашқы жеңіл варианты 60 – жылдардың ортасында Америкада жарыққа шыққан болатын.

Содержание работы

Кіріспе

Негізгі бөлім
1.Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері.
1.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау.
1.2 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау.
2.Тақырыпқа қатысты есеп шығару.
3.Графика.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

beysik_zhne_paskal_tilderinde_programma_kuru_erekshelikteri.doc

— 221.00 Кб (Скачать файл)

 

Qbasic , Pascal тілдерінде таңдау командасы.

SELECT – CASE  операторы

 

       Qbasic тілінде таңдау командасы  үшін арналған ыңғайлы, құрылымдық SELECT – CASE операторы бар. (Select – таңдау, Case – жағдай).

             Жазылу үлгісі:

 

      SELECT CASE <айнымалы> 
CASE<1-мән>: <1-блок>

CASE<2-мән>: <2-блок> 

 

                                            


                                                  END SELECT

    

        Жалпы  жағдайда Case қызметші сөзінің параметрлері IS (IS - болу) сөзінін басталатын өрнек.  Таңдау командасын SELECT – CASE операторын  пайдаланып жазу программаны  құрылымдық түрде жазу талабына  сәйкес келеді.

        Паскаль  тілінде таңдау командасы END қызметші сөзінен аяқталатын Case m of  операторы арқылы беріледі де, END операторынан соң нүктелі үтір қойылады. Мұндағы Case (жағдай) – деген қызметші сөз, m  үшін Real типінен басқа кез келген скалярлық типте берілген айнымалы немесе  өрнекті алуға болады.Оны сұрыптаушы деп атайды. Of (бойынша) – деген мағынасын білдіретін қызметші сөз.Яғни, Case  - m  сұрыптаушысы бойынша таңдау операторы. m  айнымалының мәнін жадқа осы оператордың орындалуынан бұрын енгізілуі тиіс. Мұндағы m – Integer не 1..3 шектеулі типті айнымалы.Мысалы:

 

Case  m  of

                                1: y:=2*x-1;

                                2: y:= 3*sqr(x)-x+4;

                                3: y:= 5*sqr(x)*x-41;

                                end;

 

Qbasic, Pascal тілдерінде циклды ұйымдастыру

 

       Qbasic тілінде “әзірше” циклын IF жәнеWHILE –WEND операторлары бойынша құруға болады.WHILE (әзірше) операторының құрамына логикалық амалдар мен қатынас белгілерінен тұратын өрнек кіреді.Құрамындағы шарт сақталып тұрған кезде цикл жұмыс істеп тұрады.Операторлардың орындалу нәтижесінде басқару WHILE операторына бағытталып, ондағы өрнек қайталанып есептеледі, яғни WHILE және WEND операторларының аралығындағы амалдар орындалады. Егер шарт сақталмайтын болса,онда басқару WEND операторынан кейін тұрған операторға бағытталады. WEND (wend – while және end сөздерінен құралған,бұл қызметші сөз циклдың соңы деген мағынада қолданылады).

       Qbasic тілінде  әзірше циклы төмендегі құрылымдар  бойынша жазылуы мүмкін:

1) DO   WHILE  P         2) DO                                    3)  WHILE  P   
             S                              S                                             S                                      

    LOOP                              LOOP  WHILE   P                 WEND

 

 Мұндағы DO, WHILE, LOOP – (орындау, әзірше, айналу) қызметші сөздер, P – шарт, S – цикл денесі.

         Pascal тілінде “әзірше” циклінің  жазылу түрі: WHILE  P  DO  S

  WHILE  P  DO – цикл  тақырыбы; WHILE  (әзірше), DO (орындау ) – қызметші сөздер (DO соңына нүктелі үтір қойылмайды);

P –шарт (логикалық  немесе бульдік өрнек); S – цикл  денесі.

.

Qbasic тілінде  “дейін” циклының  “әзірше ”  циклынан  айырмашылығы  “дейін”   циклында  шартты тексеруден  бұрын  цикл  денесі бір   рет орындалады.  ”Дейін”   циклы  төмендегі құрылымдар  бойынша жазылуы да мүмкін:

1) DO  UNTIL  P                              2) DO

             S                                                   S

     LOOP                                                LOOP  UNTIL  P

 

  Pascal   тілінде  “дейін”  циклының жазылуы:

                            REPEAT  S UNTIL  P

Repeat – цикл  тақырыбы, UNTIL – циклдың аяқталу шарты. Repeat (қайталау), Until (дейін) – қызметші  сөздер. Олар  операторлық жақша ролін атқарады.

        Until  қызметші  сөзінің алдындағы  оператордан  соң  нүктелі  үтір  қойылмауы  тиіс.Until  қызметші сөзінен кейін  соң  жазылған  шарт  жақшаға алынбауы  мүмкін. 

 

         Qbasic тілінде “үшін” циклы. Егер  қайталаулар саны алдын ала белгілі болса, онда  циклды FOR – NEXT (for – үшін,next - екелесі) операторлар  арқылы ұйымдастырған  тиімді.

“Үшін”  циклының  жазылуы:

          FOR   K=K TO K [STEP  H]

                                   S

           NEXT <[цикл параметрі]>

 

FOR – цикл басының   операторы  немесе  цикл  тақырыбы, NEXT – цикл  соңын  көрсететін  оператор, K – цикл  параметрі   немесе  цикл  санауыш  немесе   басқарушы  айнымалы  деп   аталады. K   мен K - параметрдің  бастапқы  және  соңғы  мәндері  (H – қадам  ұзындығы, S – цикл  денесі), STEP (қадам),  TO (дейін). Егер H=1 болса, STEP  H  қызметші  сөзін жазбаса да  болады.

         Pascal  тілінде “үшін”  циклының  жазылуы:

                  FOR <цикл параметрі>:=<бастапқы мән>

                 TO <соңғы мән >  DO  S   

                  немесе  FOR<цикл параметрі>:=<бастапқы  мән>

                  DOWNTO <соңғы  мән> DO  S

 

Мұндағы   FOR … DO цикл  тақырыбы; FOR (үшін),  TO (дейін), DOWNTO (төменге  дейін) –қызметші  сөздер; цикл  параметрі  Integer   типті  айнымалы.  Мұнда  бастапқы  және  соңғы  мәндер  өрнек  түрінде  берілуі  де  мүмкін.

      FOR   циклында  параметр  Integer  типті   болса,  оның   қадамы  1  не     -1  мәндерінен  өзгеше  болуы   мүмкін  емес  (FOR – TO циклында  қадам  1-ге,  FOR – DOWNTO  циклында  қадам  - 1-ге   тең). Қадамның  басқа  мәндерінде  WHILE  не  REPEAT  циклын  пайдалану  керек. 

 

Qbasic.Pascal тілдерінде күрделі циклдарды ұйымдастыру

 

             Бірінің  ішінде  бірі  салынған  бірнеше  қарапайым  циклды  күрделі  цикл  деп атайды.  Күрделі циклдарды сыртқы  және ішкі  циклдар   деп бөледі.  Біріне – бірі  салынған  цикл  санын күрделі циклдың тереңдігі деп аталады. Күрделі циклдарды “үшін”  циклының  операторы  арқылы құруға  болады. Qbasic  тілінде  FOR арқылы  берілетін  цикл  ішінде  циклдың  жазылу  түрі:

                              FOR  K =K TO  K

                                  FOR  J=J   TO J

                                NEXT  J :NEXT K

Мұндағы  J – ішкі  цикл  параметрі, K – сыртқы   цикл  параметрі.

         Pascal      тілінде  FOR   арқылы  берілетін  цикл  ішінде  циклдың   жазылу  түрі:

                                   FOR  K=K   TO   K   DO   S

                                   FOR  J= J    TO    J    DO   S

 

 

 

1.2 Қайталанған   құрылымды алгоритмдерді программалау

 

Qbasic,  Pascal   тілдерінде  сандық  массивтер

 

         Программалау  тілдерінде  бір   типті  шамаларды  массивке  біріктіруге   болады. Аты  біртекті  элементтердің   реттелген   жиыны  массив  болып  табылады. Ол  математикада  вектор  ұғымына,  ал  мектептің алгоритмдік тілінде сызықтық  кестеге сәйкес   келеді.  Массивтің аты жай айнымалының атын  құрғандағы  ережелерге  сүйеніп құрылады.  Массивтің әрбір элементіне   соңынан индексі келетін массивтің аты меншіктеледі.  Сондықтан  да  массив  элементтерін  индексті  айнымалылар  деп  те  атайды. Ұйымдастыру  тәсілдері  бойынша  программалву  тілдерінде  бір  өлшемді  және  екі  өлшемді  массивтер  пайдаланылады.  Бір   өлшемді  массив  ретінде  векторды,  ал  екі  өлшемді  массив  үшін  матрицаны  қарастыруға  болады.

          Qbasic   тілінде  бір  өлшемді   массив.  Кез келген  сан немесе  айнымалы  шаманың мәнін өз  жадында   сақтау  үшін  ЭЕМ   оған   сәйкес  ұяшық бөледі.  Ал  құрамында көп   мәні  бар массивтер үшін  белгілі мөлшерде  ұяшық бөлуге  тиіс.  Массивтер Бейсик  тілінде DIM   операторы   арқылы  сипатталынады.  Оның  жазылу  тәртібі мынадай:

             DIM <айнымалы> (индекстер); <айнымалы> - массив  аты,  оның  соңына   элементтер   типін  сипаттау   символы енгізілуі тиіс (%,$);  индекстер – ең  соңғы элементтің  индекстері. Мысалы, DIM  A$ (5).

         Pascal тілінде   бір  өлшемді   массив. Массив  элементтерін    және   оның   атауын   белгілеу  Бейсик   тіліндегі белгілеулерге ұқсас.  Паскаль  тілінде  бір  өлшемді  массивтің   жазылу  тәртібі   мынадай:

                  Type <тип  атауы> = array[P1]  of  P2;

                  Var  < массив  атауы>:=<тип  атауы>;

Мұндағы,   array[P1]  of  P2  -   массивті  анықтау; P2 -  массив  элементтерінің   типі (оны   негіздік  тип   деп  атайды);

         P1 -  элемент     индексінің   типі  (ол  Integer,  Real типтерінен  басқа  кез  келген  жай   тип  болуы  мүмкін. Әдетте  ол  үшін  аралық  тип  алынады);  тип  атауы – типті (массивті)  анықтайтын  кез келген  белгілеме (айнымалы);

         массив   атауы – типі  тип   атауынан  тұратын  айнымалы;

         TYPE  (тип),  ARRAY (массив),   OF –  қызметші  сөздер.

 

         Qbasic  тілінде  екі  өлшемсді  массив.  Екі өлшемді массивке  мысал,  математикадығы  матрица  бола  алады.  Екі  өлшемді  массивтердің  элементтері  екі  индекспен  көрсетіледі,  оның  біріншісі  қатардың  номері,  ал  екіншісі   бағанның  номерін   анықтайды.  Екі  өлшемді  массивтерде  индекстер  үтірмен  бөлінеді . Программалау   тілдерінде  индекстер  нөлден  бастап  нөмірленеді.  Екі  өлшемді  массивтің  жазылуы:

        DIM A$(3,3) .  Индекстің  ең  кіші  мәні  нөл,  ал  ең  үлкен   мәні  DIM  операторында  белгіленген   мәннен  асып  кетпеуі  керек.   Егер  индекстің  мәні  бұл   шекарадан асып  кетсе,  онда  программаны   орындауда,  қателік кеткендігі   жөнінде   хабар экранға шығады. Массивтерді цикл  ішінде , FOR  және  NEXT  операторларын қолданып    өңдеген ыңғайлы. Бұл жағдайда    цикл   параметрі циклдің санын  санау  қызметін  атқарады  және  массив  элементтерінің  индексін  белгілеуде  қолданылады.

       Pascal  тілінде екі өлшемді массив.  Паскальда екі   өлшемді а     массивін  былай   жазуға  болады:

                  type  ms = array [1..3,1..3] of  P;

                 Var   a:ms;

  P – массив  элементінің  типі .

 

Qbasic,Pascal  тілдерінде  ішкі  программа және  процедура

 

       Барлық    программалау    тілдерінде  ішкі  программалар   жиі   қолданылады.  Бейсик   программалау  тілінде   қосалқы   алгоритмдер   ішкі   программа   түрінде   жазылады.  Ішкі   программа:

   -  алгоритмнің   қайталанатын  бөлігін   бір   рет  жазып,  одан  кейін  оны                                                                                             негізгі   программа   қажет      еткенде   шақырып  алып  қолдануға;

  -   күрделі   программаны   өте   ықшамды   және  түсінікті    түрде  сипаттауға    мүмкіндік   береді.

       Ішкі  программа   өзінше   дербес   программа  бола   отырып,  негізгі   программамен   бірігіп   жұмыс  істейді.  Ішкі   программа   негізгі   программа  сияқты   өзінің   орындалу   нәтижесінде  белгілі   бір  есепті  толық   шешіп  бере   алады.  Ішкі   программаның   негізгі  программадан  айырмашылығы,   оның  өзбетінше  орындала  алмайтындығында.   Ішкі   программа   міндетті  түрде   негізгі  программа  ішінде   орындалуы  тиіс. Ішкі   программаларды  жасаудағы   бір   ерекшелік,  оны негізгі программаға   қайтаратын   арнайы  оператор  болады.

       Qbasic    тілінде  көмекші   программа   құрудың  бір   құрылымдық   тәсілі  SUB – END  SUB   операторын  пайдалану.  Оның  жазылу   түрі:

                   SUB<атау> (айнымалылар  тізімі) [STATIC]

                             S

                          END  SUB

(SUB(subroutine – көмекші  (қосалқы, бағынышты)  программа;  static – айнымалыларды  өзгермейтін   етіп  қабылдау).

        Мұндай  құрылымдық  көмекші   программаны  процедура  деп   атайды.   Процедураны  шақыру   командасы  (операторы) – CALL . Оның  жазылу  түрі  (call - шақыру ):

          CALL <атау> (айнымалылар тізімі)

Шақыру    командасына  call   қызметші  сөзін  енгізбеуге   де  болады.  Программаның   негізгі  бөлімі  мен   процедурада   пайдаланылатын   айнымалылар  бірдей   болады.  Программа  басына   осы   үшін   арналған  COMMON  SHARER  <айнымалылар  тізімі>.   Мұнда  ескеретін  жайт,  программаның    Sub   espt(x)   қатарын  енгізген  кезде  жаңа  процедура  бөлімі  (модуль)   терезесі  ашылады   да,

 

                   SUB

                   END  SUB

 

түрінде   жазылған    процедура  форматы   көрінеді.

      Pascal  тілінде ішкі  программа және  процедура.  Паскаль  тілінде  көмекші  программа  толық  программа  түрінде  құрылып,  негізгі  программаның  VAR   бөлімінен  соң  орналасылады. Олардың  саны  бірнеше  болуы  мүмкін.

      Процедура  тақырыбы  көмекші   программаны  анықтаушы  PROCEDURE  қызметші  сөзінен  басталып,  оның  оң  жағына  процедураның  атауы  енгізіледі. Одан әрі  жай  жақшалар  ішінде  формальды  параметрлер  сипатталады  да,  тақырыптың соңына  нүктелі  үтір  символы  қойылады.  ОЛ  процедура  тақырыбын  өзінің  басқа  бөлімдерінен  ажырату  белгісі.

      Тақырыптан  соң  негізгі  программадағы  сияқты  сипаттау  бөлімдерінің  енгізілуі  мүмкін. Бұдан  әрі BEGIN, END қызметші  сөздерімен  шектелген  операторлар  бөлімі  жазылады  да, END – тен  соң нүктелі  үтір  таңбасы  қойылады:

               Procedure<атау>[(<типтері сипатталған

                                  Формальды параметрлер  тізімі>)];

               [<сипаттау бөлімдері>]

               Begin

               операторлар бөлімі

               end;

 

      Процедурада  пайдаланылған  t  айнымалысы – нақты  параметр  мәнін қабылдайтын,  ал P айнымалысы -  мәні есептеліп нақты параметрге  меншіктелетін формальды параметрлер. Соңғы BEGIN, END  операторлық жақшаларының  ішінде  жазылғандар – программаның  операторлар бөлімі. Программаның  орындалуы   осы оператордан  басталады. Негізгі  программаға  енгізілген  espt(xk,  yk) – espt  атаулы процедураны  шақыру  операторы. Шақыру  операторының  жазылу  үлгісі:

Информация о работе Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері