Photoshop туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:55, контрольная работа

Описание работы

Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы туралы жалпы түсінік
Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді.
Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру.

Содержание работы

Кіріспе
І. тарау. Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі
1.1. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы туралы жалпы түсінік
1.2. Құрал саймандар тақтасының құрылымы
1.3 Меню жолы
1.4. Құралдардың және орындалатын командалардың пернелік орындалуы

ІІ. тарау Adobe Photoshop бағдарламасында суреттерді реставрациялау
2.1 . Adobe Photoshop программасының мүмкіндіктері


Қорытынды

Әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Photoshop туралы жалпы мәлімет.docx

— 327.57 Кб (Скачать файл)


 

 

  1.6 – сурет- Lasso пиктограммасы

Енді Magic Wand (ерікті пішінді қалам) құрал-сайманының қызметін қарастырайық. Бұл құрал Lasso құралына ұқсас.  Бұл құралмен жұмыс істеу үшін меңзерді ерекшеленетін элемент түсінің үстіне алып барып тышқанның үстіне шертеміз. Осыдан кейін Photoshop қайта құрылған контурда үзік- үзік   байланыстыру нүктелерін қояды.

Crop құралы қажетті суретті бөліп алып, оны бөлек сурет ретінде көрсетуге болатын құрал.

Slice (бөлік) қажетті бөліктерді ұқыпты қырқуға арналған құрал                                                       

  

                  

1.7 – сурет- Қырқуға арналған құрал

 

Healing Brush– дұрыс салынбаған, бүлінген жерлерді жөндеу құралы. 1.8 – сурет.

 

                            

 

1.8– сурет- Жөндеу құралы

 

Brush- қалам құралы сызуға арналған (1.10 - сурет).

.    

 

             

1.9 – сурет- Сызуға арналған құралдар

Stamp – бейнені тазалау құрал-сайманы. Бұл сол жақ құрал-саймандар панеліндегі жоғарыдан санағандағы бесінші құрал-сайман. Оның көмегімен бейненің бір бөлігін алып басқа бөліктің үстіне қоюға болады. Бұл іс-әрекетті қолдану деп аталады (1.10 - сурет).


   

                

1.10 – сурет- Штамп пиктограммасы

 

Art History– суретті лай (мөлдір емес) күге әкеледі. Ал, History Brush – алдыңғы құралдың ісін қайтарады, жөндейді .1.11 - сурет

 

     

           1.11 – сурет- History Brush пиктограммасы

Eraser– суретті нүктелер арқылы өшіріп отырады. Ал қосымша өшіргіш фонды өшіруге қолданылады. Үшінші түрі бірдей боялған аймақтарды бірден өшіруге мүмкіндік береді. 1.12 – сурет


 

 

   1.12 – сурет- Өшіргіш құралы

 

Gradient түспен толтыратын құрал. Мысалы, пипеткамен белгіленген түспен суреттің фонын Paint Bucket арқылы толтыруға болады. Gradient құралының көмегімен фон түсінен негізгі түске өтуге болады. Негізгі түстегі пиктограммаға шертсек, түс таңдау диалогтық терезесі ашылады. Онда 17 мыңға жуық опция бар. Бұл диалогтық терезеден шығу үшін Esc пернесін басамыз немесе Cancel (болдыртпау) батырмасын шертеміз. 1.13 - сурет

     

 

 

1.13 – сурет- Түстермен жұмыс істеуге арналған пиктограммалар

 

Blur, Sharpen, Sponge құралдарының жұмысы бір. Олар суретті мөлдірлігінен айырады, тек үшеуінің мөлшері әртүрлі. 1.14 - сурет

     

 

 

1.14 -  сурет- Мөлдірліктен айыратын пиктограммалар

 

Dodge мен Burn қызметтері бір-біріне қарама-қарсы. Бірі суретті ағартады, екіншісі – керісінше суретке көлеңке түсіреді. 1.15-сурет

      

 

 

1.15 – сурет- Суреттің қараңғылығын (контрастын) өзгертетін пииктограммалар

Type құралы мәтін жазуға арналған.                                     

Vertical Type Tool жоғарыдан төменге қарай жазады. 1.16-сурет

               

 

1.16-сурет- Мәтін теруге арналған пиктограмма

Pen қауырсын– нүктелеп қырқу. Құрамында қосымша 5 құрал бар. 1.17 - сурет

 

 

1.17 – сурет- Қауырсын   пиктограммасы

Келесі пиктограммада геометриялық фигуралар қарастырылған (1.18 -сурет).

 

 

           

1.18 – сурет- Геометриялық фигуралар сызуға арналған пиктограмма

Notes (жазбалар), Audio Annotation– жазбалар және дыбыстық жазбалар болып екіге бөлінеді. Оның біріншісін пайдаланғанда жұмыс парағында кішкене терезе пайда болып, оған қажетті жазбаларды жазуға болады. Ал екінші, дыбыстық терезеде, дыбыс жазу құрылғылары арқылы қажетті мәліметтер жазуға болады. Екінші дыбыстық жазбаны микрофон арқылы жазуға болады. Мысалы, құстар бейнесі бар суретті алып, оған құстар әнін жазуға болады. 1.19 – сурет

     

 

 

    1.19- сурет

Eyedropper – берілген түсті палитра панелінен іздемей, пипеткамен сол түсті таңдап алуға болады. Пипетканың пиктограммасында тағы да екі функциясы бар, олар: түсті таңдау және өлшем (1.20 – сурет).

 


 

      

1.20 – сурет- Түс таңдау құралы

 

 Hand (қол) – бейнені терезеде ыңғайлы қозғалтуды қамтамсыз етеді.  Мысалы, кесілген немесе көбейтілген затты қол арқылы қозғалтуға болады.       

Zoom (масштаб) – бейненің көлемін үлкейтіп не кішірейтіп көрсетеді .    Жылдам пернесі Z+ <Ctrl+ “+”> үлкейту немесе <Ctrl+ “-”> кішірейту.

Төмендегі бірінің үстіне бірі шығып тұрған екі квадрат  қолданатын түстерді және фонның түсін  көрсетеді. Екі басында бағыттаушысы бар иірілген сызық артқы және алдыңғы фон түстерін ауыстыруа  негізделген. 

         Артқы фон  түсі   Алдыңғы фон түсі


 

Келесі терезе режимдері  экранға байланысты жұмыс істеуге  арналған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Меню жолы 

1. File менюі. Бұл меню жайлы білген өте маңызды. Өйткені жұмыс барысы осы менюмен басталып, осы менюмен аяқталады.

New – жаңа файл құру. Жаңа файл құрудың параметрлерін қарастырайық.


                           

 

                                 

 

 

 

1.21- Сурет- Жаңа файл  құру менюі

 

  • Name – құралатын файл аты.
  • Preset Sizes – құралатын файл өлшемі. Мысалы: А2, А3, А4, А5, 4х1, 640х480, т.б.
  • Width – ені, Height – биіктігі. Жоғарыдағы параметрлерді өз қалауымыз бойынша қоюға болады.
  • Resolution –бейненің ұзындыққа қатысты нүкте (пиксел) саны. “Разрешение” – пиксельдің ұзындық қатынасына байланысты өлшемі. Бұл параметрдің оқшауы етіп 72 пиксельді алған жөн.
  • Mode – құрылатын бейненің цветтік режимі. Бұл программада мынадай режимдер беріледі.

Bitmap (биттік) – тек қана 2 түстен тұрады, ақ және қара. Бұл режимді бейненің сапасы төмен түспен жұмыс істегенде, оның алғашқы түсін сақтап қалу үшін қолданылады.

Grayscale (жартытондық). Бұл режимді ақ-қара түсте басылып шығарылатын бейнеге қолданылады. Мысал ретіндегазетке басылатын баспаны айтуға болады.

RGB. Қолданылатын режимдердің ішіндегі ең пайдалысы және ең керекті осы режим. Бұл режимге адам көзі қабылдайтын барлық түстер жатады.

CMYK. Егер файл баспада шығаратын бейне ретінде құрылатын болса, осы режим дәл сол үшін арналған.

Lab Color. RGB режиміне альтернативті (ұқсас) режим ретінде қарастыруға болады.

  • White (ақ). Құрылатын файл фонын ақ ету.
  • Background Color (артқы план). Фон ретінде артқы план түсін қолдану.
  • Transparent (бастапқы түссіз файл). Түссіз артқы план. Бұл режимді бейнені Интернетке енгізу үшін қолданылады.

File менюінің қалған “подменюларын” қарастыруды қажет етпейді. Себебі бұл меню параметрлері барлық программа подменюлерінде бірдей болады.

2. Edit менюі. Бұл меню параметрлері де барлық программа менюлеріне ұқсас.

3. Layer (қабат) менюі. Бұл меню қабаттармен жұмыс істеуде керекті барлық операциялар тізімі орналасқан. Қабат не үшін керек деген сұрақ туу мүмкін. Қабаттарды бейнеге түрлі фильтрлер қолдану үшін пайдаланады.

New Layer (жаңа қабат). Жаңа қабатты (Ctrl+Shift+N) немесе Layer  New   New Layer арқылы құрады. Төмендегі суретте қабатты құрудың менюі көрсетілген.

Duplicate Layer (қабаттың  көшірмесін құру). Активті қабаттағы бейнені жаңа қабатқа көшіреді.

Delete Layer (қабатты  өшіру). Бұл операция барлық құрылған қабаттарға қолданылады (фоннан басқа).

Layer Properties қабат бұл операция арқылы қабаттың атын, түсін және айқындығын өзгертуге болады.

Type (мәтін) бұл контекстік менюде мәтіндері бар қабаттармен жұмыс істеуге арналған командалары тұрады.

Create Work Path (жұмыс контурын жасау) - қабат мәнін контур етеді.

Convert to Shape (фигураға конверттеу) – мәтінді фигураға айналдырады.

Horizontal/Vertical (горизонталді/вертикалді) - әріптердің орналасуын қамтамасыз етеді.

Anti- aliased (тегістеу) – бұл параметір арұылы әріптердің қырларын тегістеу не тегістемеуін анықтайды.

    • None (тегістеусіз) – тегістеуді тугелдей алып тастау;
    • Crisp (сәл тегістеу) – қырларды кішкене жұмсарту;
    • Strong (тек қырымен) – әріптер қырларымен қана;
    • Smooth (жұмсарту) - әріптің фонға өтуін тегістеу;  

Convert To Paragraph Text (блокка айналдыру) – блоктық иәтінге айналдыру.

Warp Text (мәтінді деформалациялау) – мәтінді бұруға, пішінін өзгертуге арналған.

Replace All Missing Fonts (жоқ қаріптердің бәрін алмастыру).

Rasterize (растырлау)

Төмендегі құралдардың бәрі фигураларды, бейнені, мәтіндік бейнені  растырлауға керекті құрал.

Type (мәтін) – мәтінді растырға аудару;

Shape (фигура) – фигураларды растырлайды; 

Fill Content (заливка) – векторлық залувканы растырлау;

Layer (қабат) – растырланбаған элементтері бар қабатты растырлайды;

Linked Layer (біріккен қабат) – барлық біріккен қабаттарды растырлайды;

All Layers (барлық қабаттар) – барлық қабаттар растырланады;

 New Layer Based Slice (фрагменттен тұратын қабат). Барлық көрінетін аймақ фрагментке айналады.

Disable Layer Mask (қабат  маскасын өшіру) Масканы көрсетпейді, бірақ өшірмейді.

Enable Mask Layer (қабат  маскасын көрсету) Алдыңғы командаға қарама – қарсы жұмыс істейді.

Add Vector Mask (векторлық  маска құру) Осы команданы орындағанда тағы бір қабат пайда болады.

  Disable Vector Mask (векторлық масканы өшіру) Активті столда контурларды өшіріп қояды.

Lock All Layers In Set (барлық  қабаттарды бекітіп тастау) Осы команда арқылы барлық активті қабаттарды бекітіп тастауға болады.

Merge Down (алдыңғы  қабатпен біріктіру) Активті қабатты алдыңғы қабатпен біріктіреді.

Merge Visible (көрінетін  қабатты біріктіру) Барлық көрінетін қабаттырды біріктіруге арналған.

Flatten Image (күәлікті  орындау) Барлық қабаттарды ал көрінбейтінін жояды. Операция соңында бір ғана қабат қалады. 

4. Select (ерекшелеу)  менюі. Select – ерекшелеу негізгі менюдің маңызды бөлігі. Ерекшелеудің әртүрлі варианттарын ұсынады.

Егер бұл менюді ашсақ  көбінің активті емес екенін көреміз (сұр түсті). Оларды активті ету  үшін бейнені ерекшелеу керек. Осыдан танысуды жалғастыруға болады.

All (бәрін ерекшелеу). Бейнені түгелдей ерекшелеу. Бұл команда орындалғанда бейне контурының айналасы ерекшеленеді. Пернелік шақырылуы Ctrl+ A

Deselect (ерекшеленуді  алып тастау). Барлық ерекшеленген аймақтан ерекшеленуді алып тастайды. Пернелік шақырылуы Ctrl+ D. Егер сіз оның ерекшеленуін алмай тек қана ерекшелену нүктелерісіз көргіңіз келсе Ctrl+ H пернесін басу керек.

  Reselect (ерекшеленуді қайтару). Бұл команда егер сіз ерекшеленуді алып тастап оны қайтадан керек етіп қайтару үшін қолданылады. Пернелік шақырлуы Ctrl+ Shift+ D

Inverse (инверттеу). Ерекшеленген және ерекшеленбеген орынды алмастыру.

5. Filter менюі. Бұл менюде филтерлердің 40- тан астамы орналасқан. Филтір- бір ғана функцияны орындайтын кішігірім программа. Бұл филтерлер тұралы құрғақ ауыз сөздің орнына мен шын маңыздығын көрсететін мысалдарды алдыңғы бөлімдерде көрсетемін.

Филтірлер бөлек файл ретінде Photoshop файлдарында кездеседі. Бұндай филтерлерді қосымша орнатса  да болады. Оны Интернеттен немесе арнайы апгрейдтерден жүктеуге болады.

6.View (вид) менюі. Бұл меню арқылы бейнені көрудің жаңа мүмкіндіктері ашылады. Бұл өзгертулер тек қана сурет көрудің режимін өзгертеді.

Proof Setup (профилді орнату). Монитор бетінде түстерді көрсету профилін орнату.  

Proof Colors (түстік профиль). Профил негізінде түсті көрсеті.

Zoom In (үлкейту). Бейнені үлкейту. Ctrl+ <+>

Zoom Out (кішірейту). Бейнені кішірейтеді. Ctrl+ <->

Actual Pixels (нақты өлшемі). Бейнеі өзінің нақты өлшемінде көрсету. Alt+ Ctrl+ O.

Print Size (баспаға щығару  өлшемі). Басар алдында оқшаулауға  керек. Бұның орнына File► Print With Preview - мен қолданған қолайлы. 

7.Window (терезе) менюі. Бұл меню арқылы жұмыс алаңының параметірлерін өз ыңғайыңызға байланысты орнатуға болады. Documents бөлімінде мынадай параметірлер бар. 

Cascade (каскад). Егер бірнше файлдарды ашып оған Cascade командасын қолдансаңыз, сізге бірнеше файлдарды бірден көосетеді.

Tile (мозайка). Егер сіз осы режимде жоғарыдағыдай бірнеше файл ашсаңыз онда, бұл файлдар бір бірін жауып тұрмай барынша түгел көрінуге тырысады.  

   Arrange Icons (белгілерді жөндеу). Бұл опция егер сіз көп терезеледі ашып, орын болмағандықтан көбін буып тастасаңыз онда барлығы жұмыс алыңында ретсіз жайылып жатар еді. Бұндай жағдайда жоғарыда аталған параметір көмегі сізге тиеді.    

Информация о работе Photoshop туралы жалпы мәлімет