Презентация құру бағдарламасы Power Point

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 08:12, творческая работа

Описание работы

Ms Power Point-көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Power Point-тың негізгі міндеті-ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін артыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
Көрме - слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.

Содержание работы

1. Мs Power Point бағдарламасы
2. Power Point терезесінің құрылымы
3. Слайдтары безендіру
4. Көрмелерді көрсету

Файлы: 1 файл

презентация_куру.pptx

— 746.97 Кб (Скачать файл)

Презентация құру бағдарламасы Power Point

Жоспар  
1. Мs Power Point бағдарламасы 
2. Power Point терезесінің құрылымы 
3. Слайдтары безендіру 
4. Көрмелерді көрсету

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға  көп-көп рахмет!

Ms Power Point-көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Power Point-тың негізгі міндеті-ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін артыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.  
Көрме - слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.

Power Point- бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:  
Бастау – Бас мәзір – Бағдарламалар – Microsoft Power Point.

Power Point – терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезелерінің дәстүрлі құрылымындай, үстелдер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтермен ерекшеленеді.

Тақырып жолағы – құжат  атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды. 
-  Стандартты құралдар үстелі Power Point әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады. 
-  Пішімдеу құралдар үстелі – пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды. 
-  Слайдтардың кішірейтілген үлгілері – көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған. 
-  Жұмыс аймағы слайдтарды жасауға, онда нысандарды – мәтінді, суреттерді, диаграммаларды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.  
-  Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды. 
-  Күй жолағы – құжат ақпаратын қамтиды.

Слайдтардың барлығы біркелкі мәндерді безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін соңдай-ақ пішімдеу құралдар үстеліндегі  Жасақтама батырмасын пайдалануға  болады.Оны шерткен кезде тапсырмалар  аймағында безендірудің кішірейтілген  эскиздері болып табылатын слайд  жасақтамасы үстелі пайда болады. 
Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді: 
   - өң түсін; 
   - байрақшалар мен нөмірлер манерін; 
   - тақырыптың түсі мен өлшемін; 
   - негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін; 
   - еренсілтеме түсін; 
   - өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және тағы басқа түріндегі безендіру элементтері.

Көрмені көрсетер алдында  слайдтар ауысымы қалай жүретінін  шешіп алу қажет: өз бетімен слайдты  нұқығанда, қандай да бір нысанды  нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен  бе, жоқ па және т.б. Слайдтар аусымын  дыбыспен сүйемелдеу үшін слайдты көрсету  мәзірінде слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда  болған слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс  әмірінің қажетті параметрлерін  баптау қажет.

Шындап келгенде слайдтағы  әрбір нысанды слайдтар ауысуын  басқарушы батырмаға айналдыруға  болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтіндік мәзірді ашып, әрекеттер  баптаулары әмірін таңдап, қажетті  параметрлерді баптау қажет. Көрсетуді  бірінші слайдтап бастау үшін мәзір  жолағының слайдты көрсету.                               Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе «F5» пернесін басу керек.                                               Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін,яғни , слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін  «Esc» пернесін басуға болады.

Ойнайықта, 
ойлайық!

Cөзжұмбақты шеш

  1. Графикалық редактор?
  2. Мәтіндік редактордың 1 турі?
  3. 1995 ж шығарылған программа?
  4. Келесі жаңа жолға көшу жолы калай аталады?
  5. Кесте құруға арналған программа?
  6. Калтаға сиятын компьютердің 1 түрі?
  7. Ұщқыр компьютер?
  8. Бас әріпке келтіру үшін кай таңба қолданылады?
  9. Аяқталу сөзінің ағылшыншасы?
  10. Көшіру мен қоюдың рөлін атқаратын перне?

Назар аударғаныңызға рахмет!

 

1


Информация о работе Презентация құру бағдарламасы Power Point