Программалау тілдерінің негізгі элементтері. Мәліметтердің типтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 19:57, контрольная работа

Описание работы

Негізгі түсініктер және программалық объектілерді сипаттаудың тілдік құралдары: сөздігі, қызметші сөздер, идентификаторлар, тұрақтылар мен айнымалылар. Программа құрылымы.Мәліметтердің типтерінің түрлері. Мәліметтердің негізгі базалық типтері. Бүтін, нақты, логикалық, сымволдық типтер. Жадта берілуі. Мәндер аралығы. Жасанды типтер. Құрылымды типтер: массив, жазба, жыйын, жол, файыл, стек.

Файлы: 1 файл

pogramma.docx

— 118.97 Кб (Скачать файл)

Delete(S,Poz,N)процедурасы S жолының Poz позициясынан бастап  N символды өшіреді. Процедураның орындалу нәтижесінде  S жолының ағымдағы ұзындығы қысқарады[2]. Мысал 2  

S жолының бастапқы мәні

оператор

S жолының соңғы  мәні

‘abcdefg’

Delete(s,3,2)

‘abefg’

‘abcdcdef’

Delete(s,2,6)

‘a’




 

 

 

 

Insert(S,Poz,N)процедурасы S1 жолын S2 жолына  Poz позициясынан бастап қосады.

Insert(S2,S1,poz)процедурасы-S1 жолына S2 жолын poz орыннан бастап қыстырып қою. Мысал 3 

S2 жолының бастапқы  мәні

оператор

S2 жолының соңғы  мәні

‘ЭВМ РС’

Insert(‘IBM-,S2,5)

(‘IBM-ЭВМ РС’

‘Pис. 2’

Insert(‘N’,s2,5)

‘Pис.N2’





Жолдармен жұмысқа  арналған функциялар

Copy(S,Poz,N)функциясы S жолының Poz позициясынан  ұзындығы  N символға тең жолды бөліп алады. Мұнда N мен Poz–бүтін санды өрнектер. Мысал 4

S жолының мәні

Өрнек

Нәтижесі

’Майра терезе жуды’

Copy (S, 6, 6)

‘терезе’

‘сәуле еденді сыпырды’

Copy (S, 6, 14)

‘еденді жуды’


Concat(S1,S2,…,Sn)функциясы S1,S2,…,Sn жолдарын бір жолға біріктіреді. Мысал 5

өрнек

Нәтижесі

Concat(‘Майра’,’терезе’,’жуды’)

’Майра терезе жуды’


Length(S)функциясы S жолының ағымдағы ұзындығын анықтайды. Нәтиже-бүтін типті мән.Мысал 6

S жолының мәні

Өрнек

Нәтижесі

‘test-5’

Length(S)

6

‘(A+B)*C’

Length(S)

7





 

 

 

 

Poz(S1,S2)функциясы S2 жолындағы S1 ішкі жолының алғаш кездесуін анықтайды. Нәтиже S1 ішкі жолының алғашқы символы орналасқан позиция номеріне тең бүтін сан. Егер S1 жолынан S2ішкі жолы табылмаса, нәтиже 0-ге тең.

Мысал 7  

S2 жолының мәні

Өрнек

Нәтижесі

‘abcdef’

pos(‘cd’,s2)

3

‘abcdcdef’

pos(‘cd’,s2)

3

‘abcdef’

Pos(‘k’,s2)

0




 

 

 

Мысал 8

Берілген символдық жолдан барлық цифрларды таңдап, олардың  тізбегін сақтай отырып, осы цифрлардан тұратын жаңа жол құру керек.

Шешуі. Алгоритм келесі түрде  болады: бастапқы жолдың барлық символдары қарастырылады және әрбір символдың 0-ден 9-ға дейінгі символдық интервалға жататындығын тексереді. Егер шарт қанағаттандырылса, символ S2 жолына қосылады.

program Joldar;

var s1,s2:string;i:integer;

begin

    write('Бастапқы жолды  енгізіңіз');readln(s1);

    s2:='';

    for i:=1 to length(s1) do

       if (s1[i]>='0')and(s1[i]<='9')

          then s2:=s2+s1[i];

     writeln('Нәтижесі:',s2);

  end.

Типтерді түрлендіру процедуралары

Turbo Pascal сандық типтегі  берілгендерді символдар жолына, сонымен қатар жолды  санға  түрлендіруге мүмкіндік береді. Бірақ жол сандарды жазу ережесін  қанағаттандыратын символдар тізбегінен  тұруы керек. Осы мақсатта str және val процедуралары қолданылады.

Str процедурасын қандай  да бір мәтінге сандық берілгендерді  қыстырып жазу үшін қолдану  ыңғайлы, өйткені біріктіру амалы  және  Insert  процедурасы тек  қана жолдық берілгендермен жұмыс  істейді. 

Процедураның шақырылуы  мына түрде болады:

Str(number,st)-number шамасының сандық мәнін st жолына түрлендіру. Number шамасынан кейін шығару форматына сәйкес формат жазылады. Егер форматта шығару разрядтарының саны  жеткіліксіз болса, шығару өрісі қажет ұзындыққа дейін автоматты түрде ұзарады[8].

Мысалы:

Var S1,S2,S3,S4:string; num1:integer; num2:real;

   ...................................

   numb1:=5; num:=5.78;

   str(num1,s1); str(num1:3,S2); str(num2, S3); str(num2:3,S4);

{s=’5’; S2=’ 5’;S3=’5.780000000000E+00’;S4=’5.8’;}

Сәйкесінше, val процедурасы көп жағдайда пернетақтадан енгізілген немесе файлдан оқылған жолды сандық берілгендерге түрлендіру үшін қолданылады.

Val(st,number,code)-st –ның мәнін бүтін немесе нақты типті шамаға түрлендіріп,  нәтижесін number-ға орналастырады. Code- бүтін типті айнымалы. Егер түрлендіру амалының орындалу барысында қате табылмаса, онда code айнымалысының мәні нольге тең болады. Егер қате табылса (жолдық мән сандық мәнге аударылмаса), онда code қате жазылған бірінші символдың позиция номерін береді, ал number-дың мәні анықталмаған болады.

Мысалы:

S1:=’5.78’; S2:=’5,78’;

Val(s1,num1,cod1);

Val(s2,num2,cod2);

{нәтижесінде cod1=0, cod2=2- екінші символ қате}

tақырыбы: Жазбалар.

Мазмұны. Жазба типінің сипаттамасы. Жазба өрісі. Нұсқалы жазбалар.

Жазбалар күрделі объектілерді бейнелеуде қолданылатын, икемді де, қолайлы мәіметтер құылымы. Олар әртүрлі касиеттері мен сипатталады, әртүрлі информациялық жүйелерді кұруда қолданылады.

Жазба - бұл әртүрлі типті тіркелген сандар шамасынан тұратын тізбек, ол - өріс немесе жазудың компоненті деп аталады.

Жазба массив тәрізді бірқатар жеке компонентгерден құралады, бірақ жазу компоненті әртүрлі типті мәліметгер болуы мүмкін. Мысалы, < адрестік мәліметтер (индекс, кала, көше, үй номері. пәтер номері). Мұны жазба түрінде былай сипаттауға болады: Type adress = record Index : string [6]; City : string [20]; Street: string [20]; House, flat: integer End; Бүл мысалдан жазбаны былай анықтауға болады:

             Туре <Жазба атауы> = record

                                 1-өріс: тип атауы;

                                 2-өріс: тип атауы;

                                  ...........................

                                 n-ші өріс: тип атауы;

                               end;

Массивтерді    бейнелегендегідей,    жазбалар   типі    мен    сәйкес айнымалыларды біріктіруге болады. Мысалы, екі студент тұралы мәліметті былай бейнелеуге болады:

var studl, stod2 : record fio.string [20]; fac : string [20];

group: string[3] end; Жазу түріндегі айнымалының алғашқы мәнін тұракты ретінде анықтауға болады.

Const атау: тип атауы = тұрақты мәні;

Тұрақты мән дегеніміз - өріс атауы мәні дөңгелек жақшага  алынған тізім -элементтері. Тізім элементтері нүктелі үтірмен ажыратылып жазылады.

Мысалы, координаталар  жүйесінің бас нүктесін анықтайтын жазу былай сипатгалады:

Type point = record

  X,у,z:integer End;

  Const or : point = (x:0; y:0; z:0);

Жазу компоненттеріне оралу өpic атауын нүкте арқылы көрсетудің көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, X айнымалысының типі адрес Гюлса, онда var директивасы былай бейнеленеді:

var x: adress;

болса, онда төмендегідей меншіктеулерді жазуға боладьі:

к.house:=52; x.street:='Сейфуллин'; x.city:='Алматы’; x.flat:= 135; undex:= '480050'

Енді мысал қарастырайық. Екі комплекс санның көбейтіндісі мен қосындысын табатын программа құрайық. Z1 = a1 + i*b1; Z2 = а2 + і * Ь2.

 

Program complexsan;

  type compl=record re,im:real; end;

  var zl,z2,s,p: compl;

  begin write(' 2 complex san engiz '),

     write('l-san eng’); readln(zl.re,zl.im);

write('2-san eng:'); readln(z2.re,z2.im); 
s.re:=zl.re+z2.re; 
s.im:=zl.im+z2.im; 
p.re:=zl.re*z2.re-zl.im*z2.im; 
p.im:=zl.re*z2.im+z2.re*z2.im; 
writeln{'s=',s.re:4:2,'+i*';s.im:4:2); 
write(rp=',p.re:4:2.'+i*'.p.im:4:2); 
write  End.    

Көпшілік жағдайларда, амалдарды орындауда тіркелгсн жазуды өрісімен шығару талап етілсе, онда белгілуді қысқарту үшін біріктіру операторын with пайдалануға болады.

Оның курылымы мынадай:

With <жазу атауы> do оператор; 

Мұндай жағдайда Do қызметші сөзінен кейін жазылған операторда, көрсетілген жазудағы өріс атауы жазудың атаусыз және нүктесіз бейнеленеді.  

Меншіктеу операторыyда тек өріс атауын ғана емес, сондай-ақ, жазу атауында пайдалануга болады: өрістің типі жазу болуы мүмкін. I 
Мысалы. '

  Man = record Fio : record

Fam, im, otch : string [10]; End;

Data : record Day; [1..3]; Mes: [1 ..12];                    God : integer End;

Pol :char;

      Tclef: record Dom, rab :string [10]; End; End;

Тақырыбы: Файлдар. Текстік файлдар. Типтелген файлдар.

Мазмұны. Файл туралы жалпы түсінік. Файл типінің сипаттамасы. Файлдарды өңдеу. Деректер Файлы туралы жалпы түсінік. Файл типінің сипаттамасы. Файлдарды өңдеу құралдары. Деректер(типтелген) файлдары. Файлдарды өңдеу алгоритмдері.

Файлды  ашу.Turbo Pascal программалау тілінде файлды окуға, жазуға, сондай-ак, кайта окып жазуға және ашуға болады.

Файлды ашу  алдын ала анықталған файлдык айнымалы аркылы және Assign процедурасының көмегімен байланыстырылады. Файлды ашу кезенінде алдымен дискіден көрсетілген файл ізделеді немесе жаңа файл ашылып, ағымдағы бағыттағыш, файл басына орналастырылады.

Assign процедурасының жалпы жазылу түрі:

Assign(var f; file_name:string);

Мулдағы:

f - filename параметрі бойынша файлдық айнымалы атауы;

file_name - қатарлық типтегі дискідегі файл атауы.

Reset процедурасы

Reset процедурасы текстік файлды тек информацияны оқуға ашады. Егер типтелген

немесе типтелмеген файлдарға қолданылса, онда Reset процедурасы бұл файлдарды

оқуға

және жазуға ашады. Reset процедурасын жалпы қолдану түрі:

Reset ( Var f [: File; Recsize : Word]);

Мұндағы:

F - файлдық айнымалы;

Recsize - деректерді беруге арналған жазылым көлемін анықтайды (типтелмеген файлдарға колданылады).

Reset процедурасын колдану үшін аты аталған файл дискіде болуы тиіс. Егер аты аталған файл дискіден немесе бумадан табылмаса, онда экранға қате белгісі шығарылады.

Rewrite процедурасы ,

Rewrite процедурасы  файлды деректерді жазу үшін ашады. Rewrite тек текстік файлдарға қолданылады. Rewrite процедурасын типтелген немесе типтелемеген файлдарға қолданып, оларды окуға жэне жазуға ашады.

Reset жэне Rewrite процедурацарының айырмашылығы: Reset процедурасы көмегімен файлды ашу барысында, аты көрсетілген файл дискіден табылмаса, онда экранға қате ақпараты шығарылады, ал Rewrite процедурасы арқылы файлды ашқанда, егер аты көрсетілген файл дискіден табылмаса, онда Rewrite жаңа файл ашады (егер файл ішінде ақпарат бар болса, онда ол ақпараттар өшіріледі).

Барлық файлдарға  қолданылатын функциялар мен процедуралар

Turbo   Pascal   программалау   тілінде   файлдарға   келесі функциялар   мен процедураларды   қолдануға   мүмкіндік береді:

  1. ASSIGN процедурасы сырткы файл атауына файл айнымалысын меншіктейді.
  1. ChDir - ағымдағы буманы ауыстыру процедурасы.
  1. CLOSE - ашылған файлды жабу процедурасы.
  2. EOF - файл соның анықтайтын функция (end-of-file).
  3. ERASE - сырткы файлды өшіру процедурасы.
  4. GetDir процедурасы   берілген дискідегі   ағымдағы буманы ұсынады.
  5. IOResult функциясы соңғы орындалған енгізу-шығару операциясының орындалуы   туралы,   бүтін   сан түріндегі мәліметті береді.
  6. MkDir - ішкі буманы құру процедурасы.
  7. ReName - сыртқы файл атауын өзгеру процедурасы.
  8. RESET - дискідегі бар файлды ашу процедурасы.
  9. REWRITE - жаңа файлды ашу процедурасы.
  10. RmDIR - бос буманы жою процедурасы.

Информация о работе Программалау тілдерінің негізгі элементтері. Мәліметтердің типтері