Сабақта ойын элементтерін қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2015 в 20:55, доклад

Описание работы

Информатика пәнінен ұсынылып отырған осы сабақта ойын элементтерін және жаңа технологияларды пайдалана отырып, рейтингілік дамыта оқыту технологиясын (Авторы: лицей директоры Сәдібек Төлтебаев Қастайұлы) қолдануға болады. Бұл технология бойынша берілген деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының білім деңгейін, қабілетін тез анықтап білуге болады.

Файлы: 1 файл

Сабақта ойын элементтерін қолдану.doc

— 53.50 Кб (Скачать файл)

Сабақта ойын элементтерін қолдану

 

Информатика пәнінен ұсынылып отырған осы сабақта ойын элементтерін және жаңа технологияларды пайдалана отырып, рейтингілік дамыта оқыту технологиясын (Авторы: лицей директоры Сәдібек Төлтебаев Қастайұлы) қолдануға болады. Бұл технология бойынша берілген деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының білім деңгейін, қабілетін тез анықтап білуге болады. Оқуға деген ынта - жігерін қалыптастырып бағдарламалық материалдарды жақсы меңгеруіне ықпал жасаумен қатар, оқушылардың өздері жеке жұмыс жүргізуіне, ойлау ынтасы мен, есте сақтау сапасының артуына және тапсырмалармен жұмыс жасауға әрбір оқушы қабілетіне қарай міндетті деңгейден, лайықты деңгейге, одан тапсырманы жоғары деңгейде орындауға мүмкіншіліктері бар. Мен бұл технологияны жүргізу барысында оқушылардың білімін анықтау арқылы және нақты бағалауға және бағамен таласуға мүмкіндігі жоқтығына көзім жетті.

Сабақтын тақырыбы: Мәтінді теру ережесі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Стандартты программаларының бірі Word Pad бағдарламасында мәтінді теру ережесінің кезеңдерін дұрыс қолдануды меңгерту.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың девергентті (жанама ойын) ойын жетілдіре отырып, шығармашылық қабілеттерін логикалық операциялар, аналогиялық әдістер арқылы шығармашылыққа баулу, ой қорыту.
  3. Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, сезім ерекшеліктерін қолдана отырып, ұқыптылыққа, шапшандыққа,   тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар және ТСО: Компьютер, графопроектор, деңгейлік тапсырмалары, рейтингі бойынша бағалау парағы, слайд.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағында рейтингілі деңгейлік дамыта оқыту технологиясын қолдану.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап

Пән аралық байланыс: Халықтық педагогика элементтерімен ұштастыру, логика, математика, қазақ тілі, география.

Саяхат тақырыбы: информатика материгіне жету мақсатында 4 мұхиттан сүрінбей өтуі керек.

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы Солтүстік мұзды мұхитынан өту шарты

Үй тапсырмасын сұрау. Біз мұхиттан өту үшін қайыққа отырумыз керек: Қайыққа отырар алдын сіздердің білімдеріңізді шыңдау сұрақтарын қоямыз.

  1. Word Pad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
  2. Word Pad мәтіндік редакторында құжатты қалай сақтаймыз?
  3. Word Pad мәтіндік редакторында құжатты қалай сақтаймыз?
  4. Word Pad терезесінің Құрал-саймандар бөлігіне не кіреді?
  5. Жұмыс парағымызды кітаптық немесе альбомдық етіп қалай өзгертеміз?
  6. Құжатқа мәтінді қазақ тілінде енгізу үшін қандай әрекеттер жасаймыз?
  7. Белгіленген мәтіннің түсін өзгерту үшін қандай әрекет орындаймыз?
  8. Сақталған құжатты ашу жолын түсіндір?
  9. Мына батырманың қызметін түсіндір

Мұхиттан өтіп үнді мұхитқа жеттік, бұл мұхиттың тыныштығы арқылы перфокартамен жұмыс жасаймыз. Стандартты тақта батырмаларының қызметін перфокарта арқылы белгілеу. Перфокартаны 5 минут ішінде белгілеуі керек.

Әр бала өз-өздерін бағалайды.

Құжат құру

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
  2. Мәтінді енгізу және редакциялау
  3. Мәтінді пішімдеу
  4. Құжатты сақтау және ашу
  5. Баспаға шығару
  6. Ең алдымен қаріпті және оның өлшемін тандау керек.

Әдетте бағдарлама іске қосылған кезде үнсіз келісім бойынша, яғни автоматты түрде орысша және ағылшынша Roman қаріп орнатылады. Олардың қажеттісін тандап алу үшін, пернетақтаның индикаторындағы Ru немеce En батырмаларының бірінде шерту керек.

 

  1. Мәтінді енгізу және редакциялау

Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Пернелердің міндеті жоғарыда қарастырылған. Қазіргі дербес компьютердің пернетақтасы келтірілген. Кейбір пернелер қолданбасында мәтінмен жұмыс істегенде қажет болады, оларды қарастырайық.

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады. Пернесін тек абзац соңыңда немесе мәтінде бос жол жасау үшін басады.

 

  1. Мәтінді пішімдеу

Мәтінмен жұмыс жасағанда символдардың, әріптердің әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады және сонымен қатар мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеуді қолдануға болады.

 

  1. Құжаттарды ашу және сақтау

Құжатты теріп болғаннан кейін оған ат беріп, дискідегі файлда сақтау керек. Файлдың аты оның міндетін көрсетуі керек. Файл аты бірден 255-ке дейін символдан тұруы мүмкін, бірақ практикада көп символды аттармен жұмыс істеу қолайсыз.

 

  1. Құжаттарды басу

Құжат кұрудың соңғы сатысы - оны баспаға беру. Құжаттың қағазда қалай көрінетіндігін немесе қағазды үнемдеу мақсатында мәтіңді принтерге жіберу алдында, Файл-Алдын-ала көру керек.

Егер сендерде бірнеше принтер болса немесе екі құжаттың көшірмесінің бірнеше данасын басу қажет болса, онда оны басылымға шығару үшін Файл-Баспага беру командасын орындау керек.

Тынық мұхиттан өту үшін деңгейлік тапсырмаларды орыңдауымыз керек.

 

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

  1. Word Pad ты-ашыңыз.
  2. Форматттау тақтасынан қаріпті тандаңыз.
  3. Қаріптің өлшемін 28 деп алыңыз.
  4. Келесі мәтінді теріңіз:  Word Pad мәтіндік редактор.
  5. Мәтінді қызыл түспен, ал бағдарламаның атын қалындатылған қызыл түспен жазыңыз.
  6. Құжатты 1 тапсырма деген атпен жұмыс үстеліне сақтаңыз.

2 деңгей

  1. Word Pad бағдарламасын ашыңыз.
  2. Мына мәтінді теріңіз.

Қыс

 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ кырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы-үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды.

Ұшпайдай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазанды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Абай Құнанбаев

3.Құжатты 2 тапсырма деген атпен Жұмыс үстеліне сақтаңыз.

Нәтижені мұғалімге көрсетіңіз.

 

3-деңгей.

Үлгі бойынша суреттерді салыңыз.

Сабақты бектіу арқылы Атлант мұхитына да жетік, бұдан сүрінбей өтсек, онда біз информатика материгіне жетеміз.

  1. Мәтіңді теру ережесі қанша кезеңнен тұрады?
  2. Қаріпті пішімдеуге не кіреді ?
  3. Баспаға шығару қалай орындалады?

Оқушыларды деңгейлік арқылы қорытындылау

Үй тапсырмасы.

Шығармашылық тапсырма

Өздерінің ең сүйікті айналысатын ісі туралы шығарма жазып, оған байланыстырып, суреттерді салу арқылы кірістіру.

Оқушыларды рейтингілі деңгейлік бағалау жүйесі бойынша бағалау.

 

 

34

33


Информация о работе Сабақта ойын элементтерін қолдану