Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:29, лабораторная работа
Позициялық емес санау жүйесіне мысал — рим сандары: бірнеше сандар негізгі болып алынған (мысалы, І, V, X), ал қалғандары осы негізгі сандарды қосу арқылы алынады ( VІ, VІІ сияқты) немесе алу ( ІV, ІX сияқты). Ал позициялық санау жүйелеріне екілік, ондық, сегіздік, оналтылық сандар жатады. Мұндағы кез – келген сан сәйкес алфабиттің цифрлары арқылы жазылады, және де әрбір санның мәні осы тізбекте орын алатын, оның орнына тәуелді (позициясына). Мысалы, ондық санау жүйесінде жасалған, 555 жазбасында, 5 саны ғана қолданылған, бірақ оның орын алу ретіне байланысты ол әртүрлі сандық мәнге ие бола алады — 5 бірлік, 5 ондық немесе 5 жүздік.
1-зертханалық сабақ. Сандық және символдық ақпараттың берілу тәсілдері. Санау жүйелері. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауысу.
Жұмыстың мақсаты: санау жүйелерін үйрену, бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыу есептерін шығар.ЭЕМ-да сандық мәліметтердің қалай өңделетінін түсіну.
Санау жүйелері— сан деп аталатын, символдар көмегімен бейнеленетін атаулар тәртібінің жиынтығы. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді.
Позициялық емес санау жүйесіне мысал — рим сандары: бірнеше сандар негізгі болып алынған (мысалы, І, V, X), ал қалғандары осы негізгі сандарды қосу арқылы алынады ( VІ, VІІ сияқты) немесе алу ( ІV, ІX сияқты). Ал позициялық санау жүйелеріне екілік, ондық, сегіздік, оналтылық сандар жатады. Мұндағы кез – келген сан сәйкес алфабиттің цифрлары арқылы жазылады, және де әрбір санның мәні осы тізбекте орын алатын, оның орнына тәуелді (позициясына). Мысалы, ондық санау жүйесінде жасалған, 555 жазбасында, 5 саны ғана қолданылған, бірақ оның орын алу ретіне байланысты ол әртүрлі сандық мәнге ие бола алады — 5 бірлік, 5 ондық немесе 5 жүздік.
Жалпы жағдайда Р негіздегі есептеу жүйесінің кез келген аралас санын жазу келесі түрде орындалады:
am-1Pm-1 + am-2Pm-2 +…+ a1P1 + a0P0+a -1P -1+a-2P-2+…+a-sP-s,
мұндағы, төменгі индекстер сандардағы цифрлардың орнын анықтайды (разряд);
-индекстердің оң мәндері – санның бүтін бөлігі үшін (m разрядтар);
-теріс мәндері – бөлшектер үшін (s разрядтар).
Есептеу машиналарында екілік сандар берілуінің екі формасын пайдаланады.
· шынайы форма немесе үтір (нүкте) арқылы белгіленген форма.
· қалыпты форма немесе жылжымалы үтірі (нүктесі) бар форма.
Бағдарламалау кезінде кейбір
жағдайда оналтылық есептеу жүйесі қолданылады.
Ондық сандарды оналтылық сандарға ауыстыру
екіліктегідей алгоритммен жүзеге асырылады,
тек қана бөлгіш ретінде 16 алынады. Белгілеу
үшін 16 символ қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A(10),B(
ДК барлық ақпарат екілік кодтар түрінде беріледі. Жұмысқа ыңғайлы болу үшін екілік разрядтар жиынтығын белгілейтін келесі терминдер енгізілген. Бұл терминдер әдетте ЭЕМ-де сақталатын немесе өңделетін ақпараттар көлемінің өлшем бірлігі ретінде қолданылады.
1. Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыру
2. Сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыру
3. Оналтылық санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыру
4. Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру
Мысалы: 2210 санын екілік санау жүйесіне ауыстыру керек
Шешуі: 2210=101102
0,625(10) санын екілік санау жүйесіне ауыстыру
5. Ондық санау жүйесінен сегіздік санау жүйесіне ауыстыру
Мысалы: 57110 санын сегіздік санау жүйесіне ауыстыру керек
Шешуі: 57110=10738
0,6(10) санын сегіздік санау жүйесіне ауыстыру
6. Ондық санау жүйесінен
оналтылық санау жүйесіне
Мысалы: 746710 санын он алтылық санау жүйесіне ауыстыру керек
Шешуі: 746710 =1D2B16
0,7(10) санын он алтыдық санау жүйесіне ауыстыру керек
7. Екілік санау жүйесінен
Мысал: 1110,0101(2) санын сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
Үтір белгісінен оңға немесе солға қарай бөліп үш орыннан біріктіріп он алтылық жүйеге ауыстырамыз.
8. Екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне ауыстыру.
Мысал: 1111010,0111111(2) санын он алтылық санау жүйесіне ауыстыру
Үтір белгісінен оңға немесе солға қарай бөліп төрт орыннан біріктіріп он алтылық жүйеге ауыстырамыз.
9. Сегіздік санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру
10. Оналтылық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру
11. Сегіздік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне немесе керісінші
Ауыстыру
Тапсырмалар:
Информация о работе Санау жүйелері. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауысу