Санау жүйесі-деп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:00, реферат

Описание работы

Санау жүйесі-деп белгілі бір мөлшердегі таңбалардың көмегімен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы , Санау жүйесі позициялық және позициялық емес болып бөлінеді
Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифрдық мәні оның алатын орнына бай-ты емес, Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде римдік жүйені алуға болады, Бұл жүйенің негізгі кемшілігі — символдар саны көп, олармен арифмет. амалдар орындау өте күрделі.

Файлы: 1 файл

Санау жүйесі.docx

— 14.52 Кб (Скачать файл)

№5 зерт

 

1, Санау жүйесі-деп белгілі бір мөлшердегі таңбалардың көмегімен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы , Санау жүйесі позициялық және позициялық емес болып бөлінеді

 

Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифрдық  мәні оның алатын орнына бай-ты емес, Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде  римдік жүйені алуға болады, Бұл жүйенің негізгі кемшілігі — символдар саны көп, олармен арифмет. амалдар орындау өте күрделі. Бейпозициялық Санау жүйесіне қалдықтар кластарының жүйесі де жатады;

Сандарды белгілеудің  ең жетілген принципі — позициялық принцип, онда бір санның таңбасы (цифр) орналасқан орнына байланысты әр түрлі мәнге ие болады. Позициялық Санау жүйесі арифмет. амалдар орындауға қолайлы, сондықтан оларды кеңінен пайдаланады.

2. Санау жүйесi төртке бөлiнедi:  
1. ондық санау жүйесi;  
2. екiлiк санау жүйесi;  
3. сегiздiк санау жүйесi;  
4. оналтылық санау жүйесi.

Ондық санау жүйесi  
Ондық санау жүйесiнегi сандарды өрнектеу үшiн 0-9 дейiнгi араб цифрлары қолданылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. 

Екiлiк санау жүйесi  
Екiлiк жүйеде кез келген сан екi 0 және 1 цифрларының көмегiмен жазылады және екiлiк сан деп аталады.

Сегiздiк санау  жүйесi  
Сегiздiк санау жүйесi, яғни сегiздiк негiздеушi санау жүйесi, сегiз цифрдың көмегiмен санды көрсетедi: 0,1,2,3,4,5,6,7. 

Оналтылық санау  жүйесi  
Оналтылық санау жүйесiнде санды жазу үшiн ондық санау жүйесiнiң цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтiн алты цифрды белгiлеу үшiн ондық сандарының мәнi 10,11,12,13,14,15 болатын сәйкес латын алфавитiнiң алғашқы үлкен әрiптерi: A,B,C,D,E,F қолданылады.

3, Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады.

Ондық санау жүйесiндегi санды  сегiздiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн екiлiк жүйесiне ауыстырған әдiстi қолданады. Бiрақ  бұл кезеде санды сегiзге бөледi

Екiлiк жүйедегi санды сегiздiк  жүйеге аудару үшiн екiлiк санды  оңнан солға қарай цифрларды  үштен жеке-жеке топқа бөледi. Содан кейiн цифрлардың әрбiр тобын кестеде көрсетiлген цифр түрiнде жазады.

 


Информация о работе Санау жүйесі-деп