Шешім қабылдаудың математикалық моделі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 04:33, реферат

Описание работы

Шешiм қабылдау ақпараттың саны мен сапасынан тәуелдi болғандықтан, олар өзара тiкелей және кepi байланыстағы күрделi жүйенi құрайды.(2.3 -сурет)
Бұл жағдайдан шешiм қабылдау үрдiсiнiң ақпараттық сипатын байқауға болады.
Қандай да бiр қағидаға сәйкес таңдалынған шешiм оңтайлы болады.

Файлы: 1 файл

Шешім қабылдаудың математикалық моделі.doc

— 179.00 Кб (Скачать файл)

Шешім қабылдаудың математикалық моделі

Шешiм қабылдау ақпараттың саны мен  сапасынан тәуелдi болғандықтан, олар өзара тiкелей және кepi байланыстағы күрделi жүйенi құрайды.(2.3 -сурет)

Бұл жағдайдан шешiм қабылдау үрдiсiнiң ақпараттық сипатын байқауға болады.

Қандай да бiр қағидаға сәйкес таңдалынған шешiм оңтайлы  болады.

Сурет 2.3. Шешім қабылдаудағы ақпарат ағыны.

Басқару жүйесiне қатысты шешiм қабылдау барысында шешiмдi қабылдаушының мiндетiне - жүйенi қайткен кезде де алға қойылған мақсаттарға жеткiзу жатады десек, сол мақсаттардың өзiне де қағида қойылады. Бұл қағидаларды былай атауға болады:

-мақсат орындалуына тиiстi, қол  жетерлiктей мүмкiндiк те болуы  тиiс; 

-мақсат кейде орыналмауы  да мүмкін (шектеулi) жағдайлар болады;

-дегенмен алға қойылған ең басты бiр ғана мақсат болуы тиiс.

Әдетте ең басты  мақсатқа жету үшiн оған қатысты  бiрнеше iшкi мақсаттар қойылып, солар  арқылы ғана ең басты мақсатқа жеңілiрек  жетуге болады.

2.4- суретте шешім  қабылдау барысындағыақпаратты  өңдеу үрдісінде оны іздеуден бастап, нәтижелі шешім шыққанға дейінгі сатыларды байқауға болады. 

Айталық, М-мақсаттар жиыны деп  ұйғарайық. Ол жиынның iшiнде кiшi немесе ipi мақсаттар секiлдi қатынастар тәртiбi болсын. х-кiшi мақсат болса, y-ipi мақсат деп ескерейiк. Яғни, х у немесе у мақсатына жету үшiн алдымен х мақсатын орындау қажет. Осы қатынас келесi тәpтiптегi аксиомаларды қанағатандырады:

- ассиметриялық: егер х у және у х болса, онда х және у мақсаттарына жетудiң, шартына х, у мақсаттарының тек өзара сәйкес (бiрдей) болуы жатады. Бiрақ, бұл мақсаттар өзара сәйкес емес деген ұйғарымға қайшы келедi;

- транзитивтiлiк: егер х у, у z болса, x z;

- рефлексивтiлiк: x x, себебi х мақсатына жету үшiн х мақсатына жету керек. Демек, мақсаттар жиыны М-реттелген болады.  

Басқарудағы ақпарат жүйесi жүйелiк  ыңғай әдiстемесiн қолданып, шешiм  қабылдау технологиясын меңгеру  арқылы тұрғызылатыны белгiлi. Mұндағы концептуальдi негiзде Г. Саймонның шешiм қабылдау үлгiсi жатады. Г.Саймонның пiкiрiнше шешiм қабылдау үрдiсi үш сатыдан тұрады:

- ақпараттық;

- жобалау;

- таңдау.

Ақпараттық сатыда шешім қабылдауды қажет ететін орта зерттеліп, құбылыстар мен шарттар анықталады.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шешім қабылдаудың математикалық моделі