Стенобионттық және эврибионттық организмдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 20:57, реферат

Описание работы

1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары:
а) абиотикалық факторлар;
ә) биотикалық факторлар;
б) антропогенді факторлар.
2. Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы.
3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық заңы.
4.Стенобионттық және эврибионттық организмдер

Файлы: 1 файл

С-Э.Реф.docx

— 20.46 Кб (Скачать файл)

      

   Эврибионттар (грек. eurys – кең, ауқымды және bіontos – тіршілік ететіндер)– сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күн радиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын морфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларының гомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.

   Стенобионттар-тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді- тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді- су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу),стенобатты- қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар, стенофагтар- азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді,стенотоптар- тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады ж/е т.б.

неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> ашты Минимум заңы.Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді

    Ю.Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да,өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған.Бұл Либихтың <Минумум заңы> деп аталады.Ю.Либих организнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты.Одан шығатын қорытынды,экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етіп,басты фактор болып саналады

В.Шелфордтың төзімділік (толерантность) заңыШешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің қурып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы андар мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.

Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тірші-лігін жалғастыра береді. Организмдердің бүл тобын эврибионтты түрлер дсйді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бүлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылқан әдебиеттер:

 
1. Ә.Т.Қанаев, З.Қ.Қанаева, Экология Оқу құралы, Алматы «Қазақ  университеті» 2008 
2. Ж.Ж.Жатқанбаев, Экология негіздері, Алматы, 2004 
3. А.Т. Қуатбаев Жалпы экология: Оқулық / Алматы : Дәуір, 2012. - 376 б. - (МВА) 
4. Ұ.Б.Асқарова, Экология және қоршаған ортаны қорғау, Алматы, 2007 
5. Бозшатаева Г.С., Оспанова Г.А. Экология.- Алматы.- 2003. 
6. Мұхажанова, Н. А. Жаһандық экология: оқу құралы. - Алматы : Экономика, 2011. - 172 б. - (Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-дің осы заманғы оқу басылымдары)

 


Информация о работе Стенобионттық және эврибионттық организмдер