Тест по "Информатике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 07:25, тест

Описание работы

Работа содержит тестовые задания по "Информатике" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

тест ААЖ-2 вар.doc

— 47.00 Кб (Скачать файл)

2-нұсқа

1. Access-те  мәліметтер базасы (МБ) – дегеніміз...

А) МББЖ-ның мәліметтерін, объектілерін және олардың параметрлері мәндерін  сақтауға арналған файл;  

В) Мәліметтерді көрсету құралы ;

С) Кестелік мәліметтерді сақтауға арналған кітапша

D) Форматтауға, түзетуге және дискіде сақтауға болатын мәтіндік құжат;

Е) Мәліметтерді өшу, көшіру, жазудың командасы орналасқан аймақ.

2. Access-те  кесте дегеніміз...

А) Мәліметтерді сақтауға арналған блок;

В) Тұтынушы анықтайтын шарттар көмегімен бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтерді таңдау құралы;

С) Мәліметтерді базасының негізгі объектісі, өрістер  мен жазбалардан тұратын информацияны сақтау қоймасы;

D) Мәліметтерді  баспаға шығару кезінде оларды  көрсету құралы;         

   Е) Мәліметтерді  стандартты түрде форматтау

3. Access- те түйінді өріс дегеніміз...

А) Индекстелетін  өрістің мәні бойынша кестеде  жазбаларды автоматты сұрыптау құралы; 

В) Кестедегі  жазбалар нөмірінен тұратын өріс;  

С) Бір жолды  толығымен белгілеуге мүмкіндік  беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ;

D) Кестеді жазбаны  бірмәнді түрде анықтауға арналған  өріс;

4. Access- те санауыш (счетчик) дегеніміз...

А) Кестедегі  жазбаны бірмәнді түрде анықтауға  арналған өріс; 

В) Кестедегі  жазбалар мен өрістер нөмірінен  тұратын өріс; 

 С) Сұраныстағы жазбалар нөмірінен тұратын өріс;

D) Сандық мәліметтерді  енгізуге арналған өріс;          

Е) Барлығы да дұрыс емес.

5.Access-те конструктор дегеніміз:

A) мәліметтер  базасы объектілері (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін алдын ала анықтау режимі;

B) объектпен  байланысқан меню;

C) нақты есепті шешуге  арналған программа; 

D) параметрлерді тағайындаудың  бір немесе бірнеше варианттарын  таңдауға мүмкіндік беретін басқару  элементтері   

E) шеберді іске қосатын команда.

6 .Access-те сұраныстар көмегімен...

А) параметрлерді енгізуге арналған диалогты терезенің информациялық  сыйымдылығын өзгертуге болады;

В) Барлық байланысқан кестелерден  біріккен бір виртуальды кесте алуға  болады;

С) Кестедегі мәлеметтерді түзетуге болады; 

D) Бірнеше кестелердегі мәліметтерді қарап шығуға, талдауға және өзгертуге болады;

Е) Правка-Найти командасын айтамыз.

7.Access-те кестелерді байланыстыру...

А) параметрлерді енгізу үшін қолданылатын диалогты терезенің  информациялық сыйымдылығын  үлкейтуге арналған;                                В) Барлық байланысқан кестелерден біріккен виртуальды кесте алуға арналған.

С) Формадағы тек нақты  бір жазбаларды қарап шығуға арналған; 

D) Кестені баспаға шығаруға арналған;              

Е) Кестені көшіруге арналған.

8. Access-те сұраныс дегеніміз...

А) форматтауға, түзетуге және дискіде сақтауға болатын  мәтіндік  құжат;

В) мәліметтерді баспаға шығару алдында оларды ұйымдастырудың   тиімді құралы;

С) мәліметтер базасынан  нақты жазбаларды таңдауға, кестелерді  жаңартуға және кестеге жаңа жазбаларды енгізуге арналған обьект;

D) нақты басылым  шығаруға арналған программа; 

Е) тек қана меню жолы арқылы орындалатын команда.

9. Access- те форма дегеніміз...

А) Мәліметтерді экранда көрсету мен оларды басқару құралы;  

 В) Мәліметтерді  баспаға шығару кезінде оларды  көрсету құралы;                                                                                                

 С) Кестедегі  жолдың баламасы;

D) Кестеде жазбаны  бір мәнді түрде анықтауға арналған өріс;  

 Е) Кестедегі  мәліметтер базасы.

 10. Реляциялық мәліметтер базасы қатынасының (кестесінің) мынадай қасиеті болмайды:

А) Кестенің барлық бағаналары біртекті; 

В) Кестеде екі  немесе одан да көп жолдарда бірдей мәлімет болуы мүмкін;

С) Кестеде екі немесе одан да көп бірдей жолдар болмауы  тиіс; 

D) Бағаналарға бір мәнді аттар меншіктелген;  

Е) кестеде тек қана бір  текті мәлімет болады;

11. МББЖ өнімділігі келесі факторлармен бағаланады:

А) сұранысты орындау уақытымен;  

В) басылымды генерациялау уақытымен; 

С) информацияны іздеу уақытымен; 

D) мәліметтер базасын  басқа файлдардан импорттау уақытымен;    

Е) барлық жауаптар дұрыс.

12. МБ-ының түзету командалары көмегімен тұтынушы мәліметтерді түзете алады, ал ол осы тәсілмен қаріп түрін, туралау түрін, фон түсі өзгерте ала ма?

А) иә;      

В) жоқ;    

С) мәліметтің көлеміне байланысты;  

D) тек қана Windows 98-де жүзеге  асыруға болады ;  

E) мәліметтің жазылған  және сақталған мерзіміне байланысты.

13. MS Access-те кесте дегеніміз бұл (ең дұрысын көрсетіңіз)...

А) тұтынушыға байланысты форманы  кестеден немесе сұраныстан экран мен  Баспаға шығаруға арналған объект;

В) тұтынушы көрсеткен критерийларға  сәйкес мәліметтер базасынан мәліметтерді шақыртуға арналған объект;

С) тұтынушы көрсеткен форматқа негізделіп, кестеден немесе сұраныстан информацияны экранға шығару құралы;

D) мәліметтерді сақтауға  арналған құрылым; 

Е)  тұтынушының құрған кестесі.

14. Мәліметтер базасы дегеніміз...

А) нақты өмірдің объектілері  мен құбылыстары туралы мәліметтер;   В) информацияны өңдеуге арналған программа;   С) информацияны сақтауға арналған нақты түрде ұйымдастырылған құрылым;D) автономды ДК-де немесе жергілікті желіде жұмыс істеуге арналған басқару жүйесі;Е) информацияны таратуға арналған программа;

15. MS Access-те конструктор режимі мынадай қызмет атқарады...

А) мәліметтер базасы файлдарын құру;   В) информацияны қарап шығу, өзгерту, таңдау;

С) объектілер құрылымының  макетін құру мен өзгерту;  D) MS Access-тің негізгі объектілері туралы информация сақтау;     Е) компьютердегі жалпы информацияның бастапқы түрін сақтау.

16.MS   Access-ге басылым дегеніміз....

А) клиент,сервер және серверде орналасқан мәліметтер базасы арасындағы интерфейсті жүзеге асыру;

В) тұтынушы көрсеткен  командалар мен оқиғалар негізінде мәліметтер базасымен жиі қолданылатын іс-әрекеттерді автоматтандыруға арналған объект;  С) тұтынушы көрсеткен формаға негізделініп кестеден немесе сұраныстан информацияны экранға шығаруға арналған объект; Д) тұтынушы анықталған форматта, кестеден немесе сұраныстан керекті мәліметтерді қағазға (баспаға) шығаруға арналған объект;

Е) тұтынушының  өзге біреуге берген бесылымы(отчеты)

17.MS  Access-те макрос дегеніміз....

А) тұтынушы анықтаған  форматта, кестеден немесе сұраныстан форманы экранға және баспаға шығаруға арналған объект;   В) клиент-серверде және серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге асыруға арналған объект;  С) тұтынушы көрсеткен командалар мен оқиғалар негізінде мәліметтер базасымен жиі қолданылатын іс-әрекеттерді автоматтандыруға арналған объект;   Д) тұтынушы көрсеткен формаға негізделініп, кестеден немесе сұраныстан информацияны экранға шығаруға арналған объект;      Е) жоғарыда айтылғандардың ешбірі дұрыс емес.

18.МS Access-те өрістер кестесінде «Мәліметтер типі» (Тип данных) атты бағана:

А) Осы өрісте қандай информацияны сақтауға болатынын  анықтайды; В) Кесте бағаналарының  тақырыптары ретінде қолданылатын өрістер аттарын анықтайды; С) Өріс туралы қосымша информацияны анықтайды;D) Осы өрісте орналасқан мәліметтердің максималды ұзындығын анықтайды;Е) Мәліметтердің қашан және қанша көлемде жазылғаны туралы айтады;

19.MS Access-те Өріс қасиеті (Свойства поля) терезесінде Жалпы (Общие) ішкі бетінде Өріс форматы (Формат поля) қасиеті:   А) Осы өріс үшін кесте бағанасының тақырыбын анықтайды; В) Осы өрісте орналасқан мәліметтердің максималды ұзындығын анықтайды;  С) Өріске тиісті ұяшықтардағы мәліметтерді форматтау әдісін анықтайды;

D) Өріс ұяшықтарына  автоматты түрде енгізілетін  мәнді анықтайды; Е) Жоғарыда  айтылғандардың ешбірі дұрыс емес;

20.MS ACCESS-те өрістер кестесінде « OLE обьектісінің өрісі » ( Поле обьекта OLE ) мәлеметтер типі келесі мәлеметтерді сақтау үшін қолданады:

А) Интернеттің  WEB-обьектілерінің URL адресін; В) Үлкен  көлемдегі мәтіндерді ( 65 535 символға дейін )

С) Мультимедиялық обьектілерді;D) Экономикалық есептеулерді; E) Анимациялық обьектілерді;

21.MS ACCESS-те өрістер кестесінде « Мерзім мен уақыт » ( Дата и вре.я) мәлеметтер типі келесі  мәлеметтерді сақтау үшін қолданады:

А) нақты сандарды; В) Күнтүзбелік мерзімдер мен ағымды  уақытты;

С) Автоматты  түрде есептелінетін натурал  сандарды; D) Ақшалық сандарды;  Е) Логикалық типтегі сандарды;

22.MS Access-те Өріс қасиеті (Свойства поля) терезесінің Жалпы (Общие) парақшасының «Мәнге қойылатын шарт» (Условие на значение) қасиеті:  А) Өріске тиісті ұяшықтардағы мәліметтерді форматтау әдісін анықтайды;В)Базаны толтыру кезінде осы өрістің міндетті түрде толтырылуын анықтайды; С) Мәліметтерді дұрыс енгізуді тексеру үшін қолданылатын шектеуді анықтайды; D) жолдарға мәліметтерді енгізбеуге (бос жол) рұқсат ету қасиетін анықтайды;

 Е) Жоғарыда  айтылғандардың ешбірі дұрыс  емес.

23. MS Access- те кесте бағанасының енін өзгерту үшін:

А) Бағананың  ең болмағанда бір ұяшығын белгілеп, содан кейін Бағана- Ені (Столбец- Ширина) командасын орындап, еннің мәнін көрсету керек; В) Тышқанның сілтеуішін бағана тақырыбының оң жақ шекарасына орнатып, «Drag and drop» әдісімен шекараның орнын ауыстыру қажет; С) Тышқанның сілтеуішін оң жақ шекараға орнатып, «Drag and drop» әдісімен шекараның орнын ауыстыру қажет; D) бағанада ең болмағанда бір ұяшықты белгілеп, содан кейін «Формат- Автоформат» командасын орындау қажет;Е) Бағананы толық белгілеп, тышқанның сол жағымен төмен тарту керек.

24. MS- Access- те кесте жолының енін өзгерту үшін:

А) Тышқанның  көрсеткішін төменгі шекараға орнатып, жоғары немесе төмен орын ауыстыру қажет;

В) Бағанада ең болмағанда бір қяшықты белгілеп, содан кейін «Формат- Жол (строка)- Ені (Ширина)» командасын орындап, қажетті  мәнді көрсету қажет;  С) Тышқанның көрсеткішін жол тақырыбының төменгі шекарасына орнатып, шекараны жоғары және төмен жылжыту қажет; D) Жолдың ең болмағанда бір ұяшығын белгілеп , содан кейін ( Формат-автоформат) командасын орындау қажет; Е) дұрыс нұсқасы көрсетілмеген;

25. Жаңа жазбалар енгізілгенде немесе өзгертілгенде MS Access автоматты түрде келесі режимге ауысады:

А) Іздеу мен  ауыстыру;     В) Мәліметтер енгізу;  С) Түзету;        D) Филтрлеу;    Е) Форматтау;

 

 

 

 


Информация о работе Тест по "Информатике"