Wi-MAX технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:17, дипломная работа

Описание работы

Кең жолақты желіні талап ету. Бірлескен желіні Т1-ге қол жеткізу арқылы ұйымдастыру үш айға дейін немесе одан да көп уақытты талап ету мүмкін. Кең жолақты сымсыз технологиялар 802.16 стандарты негізінде желі жылдамдығын қамтамасыз ету барысында сымды кең жолақты шешімдерге ұқсас, сонымен қатар бұл желінің етек алуын белгілі бір мезгілде бірнеше күнге қысқаруға мүмкіндік берсе, ал оның бағасы бірнеше есе төмендейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ 2
1 Wi-MAX ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ 3
1.1 Wi-MAX технологиясы 3
1.2 Wi-MAX эволюциясы 3
1.3 Wi-MAX технологиясының артықшылықтары 6
1.4 802.16 стандартын суреттеу 6
1.5 Квадратты амплитудалық модуляция 8
1.6 OFDM технологиясы 13
1.7 Wi-MAX технологиясы аясындағы қатынас құру түрлері 14
1.8 Қатынас құру жағынан қарағандағы Wi-MAX технологиясының ерекшеліктері 15
1.9 Wi-MAX стандартының қауіпсіздігі 16
2 ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА Wi-MAX ЖЕЛІСІН ЖОБАЛАУ 18
2.1 Wi-MAX желісін құру мақсаты 18
2.1.1 Құрылатын желі сипаттамасы 18
2.1.2 Желі қызметтеріне қойылатын талаптар 18
2.1.3 Wi-MAX сымсыз жүйесін таңдау себептері 19
2.2 Жобалау қызметінің сферасы 21
2.3 Қарағанды қаласының құрылыстық ерекшеліктері 24
2.4 Желіні жобалау 24
2.4.1 Жиілік диапазонын таңдау 25
2.4.2 Желі құрылымы 26
2.5 Кең жолақты қатынас құрудың құрылғысы 27
2.5.1 Alvarion компаниясының сымсыз BreezeMAX 27
2.6 BreezeMAX құрылғысының негізгі принциптерімен ерекшеліктері 29
2.7 BreezeMAX базалық стансасы 32
3 ЖОБАНЫҢ КЕҢ ЖОЛАҚТЫ СЫМСЫЗ ЖЕЛІСІН ЕСЕПТЕУ 36
3.1 Радиожелінің ӨЖЖ есептерінің қысқаша әдістері 36
3.2 Абоненттік жүктемені есептеу 40
3.3 БС – АБ байланыстарының күтілетін ұзақтықтарын есептеу 42
3.4 Бумалар коммутациясы бар каналдардың өткізу қабілеттіліктерін есептеу 47
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56

Файлы: 1 файл

КАПАРОВА ДИПЛОМ.doc

— 2.08 Мб (Скачать файл)

802.16 стандартында әрбір  абоненттік кешен Х.509 сандық сертификат енгізілген, бұл сертификат құрылғыны өндірушісімен тігілген және сертификатты өзгертуге тиім салынады, тіпті сертификаттың уақытты яғни 10 жыл өтсе де тиім салынады. Базалық стансасында абоненттік жиынтықтың сандық жазу негізінде аудентификация болады, сол кезде базалық және абоненттік стансалар шифрланған кілттермен ауысады және шифрланған қауіпсіздікті қондырады. Шифрлеуге арналған кілттердің жиынтығын және сол алгоритм – 3-DES – ұстап алған жағдайда да, шифрді ашу қиындығын қамсыздандырады. Әрбір ауаны қосуға арналған кілттермен екілік бір уақытта тарифті шифрлеу механизмі жұмыс істейді, десте жоғалту мүмкіндіктерімен ортада синхронизациямен қамтиды, кілттердің уақыт өмірін жоятын – байланыстың сенімділігі. Сымсыз технологиялардың негізгі есептелуі [17, 18, 19, 20].

 

2 ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА Wi-MAX ЖЕЛІСІН ЖОБАЛАУ

2.1 Wi-MAX желісін құру мақсаты

Жобаның қазіргі уақыттағы  бағыты кең жолақты қатынас құру арқылы Интернет, телефон және мәліметтерді тасымалдауға арналған желіні құру. Wi-MAX технологиясын қолдана отырып, Alvarion компаниясың шешімі бойынша BreezeMAX™ атаулы жүйесі қолданылады.

BreezeMAX™ – тез орнатылатын және ең қол жетерлік Wi-MAX базалық стансасы, осы стандарттың барлық функцияларымен қолдана алатын станса.

BreezeMAX™ елеусізз қаржысалымдар кезіндегі қалалық және ауылдық шарттарда кішігірім (5-10 км2) ауданды Wi-MAX толық қамтуды ұйымдастыру үшін арналаған.

Wi-MAX технологиясының сымсыз қатынау желілерін кеңейтудің негізгі мақсаты түрлі байланыс қызметтерін жеткізу мақсатымен кең жолақты қатынас құры желілерін құру үшін тиімді экономикалық шешімді ұсыну болып табылады. Қарастырылып отырған бітіру жұмысында жалпы қолданыстағы сымсыз қатынастық нұсқасы таңдалған.

2.1.1 Құрылатын желі сипаттамасы

BreezeMAX™ мәліметтерді беруді жобаланатын желісі қызметтерді ұсыну үшін сымсыз технология қолданылатын желіні білдіреді. BreezeMAX™ сәулеті базалық стансалық көп секторлы конфигурациясын, желіні кеңейтудің орталықтанған және ұялы топологиясын қолдануға мүмкіндік береді. Құрылудың және орнатудың қарапайымдылығы қалалық құрылыстармен сәйкестендіріп рельефтің күрделі шарттарында да Wi-MAX радиоқамтуын біртекті ете отырып, секторларды радиосигналдарды тарату қиын қатынаушы орны үшін бөлек шығаруға мүмкіндік береді. Қосарланған қатынау нүктесі Wi-Fi (IEEE 802.11b/g) бар СРЕ-ні пайдалана отырып абоненттерге қызметтерді ұсынуға болады. Сонымен BreezeMAX™ жүйесі лезде есесін қайтара бастайтын қалалық масштабтағы Wi-MAX желілерін оперативті және қымбат емес етіп құруға мүмкіндік береді.

2.1.2 Желі қызметтеріне қойылатын талаптар

Wi-MAX мәліметтерді беру желісі Alvarion компаниясының технологиясының негізінде құралады және негізінен жеке тұлғалар үшін Интернет, телефон қызметтерін ұсынады, келешекте виртуалды дербес желілерді ұйымдастыру мүмкін болады.

Интернетке қатынас құру қызметтерін ұсыну.

Интернетке қатынас құруды ұсынылатын негізгі қызметтерідің бірі болып табылады. Клиенттерді желіге қосу клиентті базалық стансаға радио-модем арқылы қосу жолымен орындалады.

Қарастырылып отырған  желі Интернетке қатынаудың сапалы да сенімді қызметтерін ұсыну үшін арналады.

Интернет желісіне сымсыз қосылу кеңселері сапалы кәбілді  қатыну желілері тапшы жерлерде орналасқан, ал жаңа өткізу байланыс желілерін  ұйымдастыру экономикалық тиімсіз  болатын тұтынушыларды қызықтырады.

Ұсынылатын шешім сымсыз арнаны жылдам ұйымдастыру, бөлінген арнаны қолданумен ұсынылатын қызметтерімен  салыстырғанда бағаның төмендігі  және тиімді тарифті жобалар сияқты белгілермен сипатталады.

RadioEthernet технологиясы бойынша құрылған радиоқатынау желілеріне қарағанда Wi-MAX-технологиясын қолданатын жүйелердің ерекшелігі тұрақты жұмыс жасайды және базалық станса мен абоненттік терминал арасында (шағылған сигналда) ұсынылатын қызметтердің жоғарғы сапасын қамтамасыз ете отырып тура көрінуден тыс жұмыс жасайды. Желіге рұқсат етілмеген қатынаудан қорғау жобалау кезінде IEEE802.16-стандарттарын өндірушімен енгізілген қауіпсіздік параметрлерімен қамтамасыз етіледі.

2.1.3 Wi-MAX сымсыз жүйесін таңдау себептері

Радиобайланыс және сигналды өңдеудің алдыңғы қатарлы технологиялары жоғары өнімділікті аз мөлшерлі және электрэнергиясын аз мөлшерде қолданумен қымбат емес құрылғыларды құруға көмектеседі.

Бүгінгі таңда әлемнің  көптеген дамушы елдерінде байланыстың  қазіргі кезде сай инфрақұрылымына  сұраныс айтарлықтай, және ең бірінші кезекте телефонизацияның жоғары деңгейлі телекоммуникация желілеріне деген сұраныс. Осындай елдерде байланыс желілерінің дамуы қажет, ең алдымен телефондық қызметтер қажеттілігін өтеу және олардың сапасын жақсарту үшін қажет. Сонымен қатар байланыс желілерінің дамуы осы елдердің экономикалық жағдайын жақсартудың өзегі болып табылады, өйткені телекоммуникацияға деген қаржы салыным мен ұлттық экономикалық өсуі арасында тікелей байланыс бар, Латын Америкасы, Шығыс Еуропа және Орталық Азиялық телекоммуникациялық нарығының маркетингтік зерттеулеріне сай осы жерлерде абоненттік қатынаудың сымсыз жүйелеріне деген қажеттіліктің өсуі болжануда.

Телекоммуникация саласын  демонополизациялау және еркін нарықтық бәсеке байланыс құралдарының нарығына жаңа операторларды қызықтыруда осы жағдайда WLL жүйесін қолдану жаңа операторға бәсекеге тұрақты өніммен нарыққа жылдам шығуына және потенциалды тұтынушыларды қызықтыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, бәсекеге түсетін қатынау провайдерлері, әрекет етуші операторлармен салыстырғанда ыңғайсыз жағдайда, өйткені әрекет етуші операторлардың шефроқұрылымы кеңейтілген және абоненттері бар жиілік пен жұмысқа лицензияны алғаннан кейін провайдер өз WLL инфрақұрылымын кеңейту керек және өзінің абоненттер базасын ақырындап арттыруы керек. Осындай операторларға инфрақұрылымның төмен құны және жылдам орнатылатын әрі тез әрекет ететін «сызықты өсуі» бар WLL жүйесі қажет. «Сызықты өсу» жүйенің инфрақұырлымына деген инвестициялардың қосылған абоненттер санына тура пропорционалдығын білдіреді. Жылдам орнатылуы лездік пайданы білдіреді. Базалық стансалар құрамына шағын радиопорттар кіреді (қашықтықта көректендіретін), олар сызықты өсумен сияқты қарапайым орнатумен де сипатталады.

Тиімді нұсқа ретінде  сымсыз радиоқатынау жүйесін таңдау «соңғы милі» деп аталатын мәселені шешу жолындағы тек бірінші кезең болып табылады.

Келесі қадам байланыс операторының нақты талаптарын қанағаттандырылатын  жүйені таңдау болып табылады. WLL негізінде ұзақ өміршеңдік шешімдерді іздеуші операторлардың жалпы талаптарын олар ұсынатын қызметтер және операционды талаптардан тәуелді категорияларға бөлуге болады.

Операционды талаптар құрамына кіретіндер спектрдің тиімді де икемді пайдаланылуы; жиіліктің қарапайым  жобалануы; орнату қарапайымдылығы; түрлі  сценарилер кезіндегі үлкен сыйымдылықты қамтамасыз ету. Қарастырылып отырған түрдің жүйелеріне қойылатын негізгі операциондық талаптардың бірі төменгілер:

Сәулет икемделігі. Желінің  икемді сәулетінің бар болуы жүйенің  түрлі климаттық және географиялық шарттарға икемінің болуын болжайды, ал сонымен қатар болашақта сыйымдылықты жоғарлату және қосымша қызметтерді енгізу мүмкіндігі үшін жүйенің кеңейту мүмкіндігінің болуын болжайды. Қандай да жағдайда абоненттік радиоқатынау жүйесі ЖҚТФ желілеріне жаңа желінің деңгейлерді құрмай-ақ кедергісіз қосылуды қамтамасыз ету керек.

Сенімділігі. Бұл сипаттама  қызмет көрсету сапасына кепілдік беруі  керек, ал өткізгіш нүктелерімен ұсынылатын қызмет көрсету сапасынан төмен  болмауы керек. Сенімді байланыста үзілістер мүмкіндігі жойылу керек және бөгеуілдермен «толтырылған» ортада да сигналдың кедергісіз таралуына кепілдеме берілу керек.

Жиілік спектрінің тиімді қолданылуы. Жиілік спектрі болғаны  ұлттық ресурс болып табылады және әрбір ел оны қолдануға қатысты  өз саясатын жүргізеді. WLL жүйесі бөлінген диапазонды айтарлықтай тиімді қолдану керек, ол тарифтің өткізу жолағының кеңдігіне қатынасымен бағаланады (Эрланг/МГц). Жүйе жиілікті тиімді қолданады егер ол фрагменттелген жиілік диапазонында немесе дискретті жиіліктерде жұмыс жасай алса.

Сөз бен мәлеметтерді беру сапасы. Халықаралық стандарттарға (ITU, ANSI) жауап беретін сөз бен мәліметтерді беру сапасы қатынау желісінің нүктесінен тәуелсіз қамтамасыз етілуі қажет.

Жүйенің жоғарғы болжамдылығы. Байланыс қызметтерін жабдықтаушы  оператор үшін ең бастысы сапалы қызмет көрсету ұйымдастыру үшін абоненттік қамту аймағын нақты анықтау мүмкіндігі болып табылады.

Байланыстың жасырымдығы. Цифрлық технологиялар мен арнайы шараларды қолдану байланыс құпиялығының айтарлықтай жоғары деңгейіне және сымды жүйелерге қарағанда рұқсат етілмеген қатынаудан қорғауды қамтамасыз етеді.

Жоғары айтылғандардан шығатын болсақ, бүгінгі таңда WLL технологиясын қолдану телекоммуникациялық операторларға түрлі тұтынушылар категориясына жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. Жоғары жылдамдықты мәселелерді берудің жылдам орнатылуы (1-күн ішінде), интернетке қатынау және телефон абоненттер санының артуына алып келеді., ал ол өз кезегінде операторлардың табысының сертуіне алып келеді.

2.2 Жобалау қызметінің сферасы

«Қазақтелеком» АҚ республикамызда  ауылдық байланыс қызметін және қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін  көрсетуші, құқығы бар болып табылатын  бір ғана оператор болып табылады. Компания байланыс қызметтерінің кең  спектрлі қызмет беру дамыған желі орталықтарына ие. Бұл аталып отырған қызметтер дәстүрлі телефон қызметтері және телеграф, мәліметтерді беру желісі және Интернетті пайдалану мүмкіндігі, интелектуалды және спутникті желі тағы да басқа қызметтерімен ерекшелінеді. «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанды әлемнің 230 елімен байланыстыра отырып, 150 шалғайдағы шет ел мемлекеттерімен серіктестікте, ТМД және Балтық елдерінің 17 операторымен байланысты қамтиды. Электробайланыс Халақаралық одақтастығының мүшесі болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ әртүрлі категориялардағы пайдаланушылардың жоғары талаптарын қанағаттандыра отырып, байланыс қызметтерінің кең спектрін ұсынады. Республикамыздың түпкір-түпкірінде компанияның телекоммуникациялық қызметтерінің әр түрлі пакеттеріне ие болуға мүмкіндік туғызады.

Клиенттерге мынадай  қызметтерін ұсынады:

  1. Барлық негізгі қызметтің дауыс телефоны (жергілікті, қалааралық, халықаралық);
  2. Телеграф және телекс;
  3. Мәліметтерді жеткізу желілерінің қызметі, Интернет пайдалану қызметі;
  4. Каналдарды жалдау;
  5. ISDN цифрлік желісі;
  6. Бизнес-клиенттерге телекоммуникациялық қызмет;
  7. Интелектуалды желі;
  8. Tarlan Card – телефонды карталардың алдын-ала төлеу қызметі;
  9. Internet Card (IDC- Card);
  10. Желілі радиохабар;
  11. ҚҚТ қызметтері (қосымша қызмет етудің түрлері).

Телекоммуникациялардың  қалалық орталығы «Қарағанды» ОТД – ұлттық телекоммуникациялар операторы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның бір бөлімі болып табылады. «Қарағанды» - қала өмірінің басты әрі негізгі көзайымы бола отырып, Қарағандының мыңдаған тұрғындарына байланыс қызметтерін көрсетеді.

«Қарағанды» ОТД республикада белгіленген, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі маңызды нәтижелерге жетті десе тұрарлық.

Қызметтердің  негізгі түрлері:

  1. Жергілікті телефондық байланыс;
  2. Қалааралық және халықаралық байланыс;
  3. Мәліметтерді беру қызметтерін көрсету және Интернет;
  4. Телеграфты байланыс;
  5. Таксофонды байланыс;
  6. Интелектуалды желі қызметтері.

«Қарағанда» ОТД қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Телекоммунокациялардың қызметтеріндегі сұранысты барынша қанағаттандыру;
  2. Телекоммунокациялардың техникалық деңгейін жоғарлату, көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын жоғарлату;
  3. Салынған салымдардың экономикалық нәтижелілігінің жоғарылауы.

Жоба тапсырмалары:

    • Қарағанды қаласындағы Wi-MAX сымсыз кең жолақты рұқсатты ұйымдастыру;
    • «Қарағандының» ОТД телекоммуникация желісі жоқ аудандарда телекоммуникация қызметіне болжанатын ұсынысты қанағаттандыру;
    • Көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, телекоммуникацияның техникалық деңгейін арттыру;
    • Қажетті уақытта және қажетті жерде телекоммуникация қызметінің әр түрлеріне оператор сияқты «Қазақтелеком» АҚ тура имиджін ұйымдастыру;
    • Жоғары табысты нарықтың сегменттердң ұстап қамту;
    • Қоғам табыстарын артуы;
    • Ұялы кең жолақты рұқсаттың қызмет көрсету нарығының сегментін қамту (Wi-MAX орнатылған модульдері бар PDA және ноутбуктердің, тұтынушы құрылғыларының кең жинаңы кіреді).

Жоба инициализациясының тарату алдылары.

Қарағанды қаласында  және жағын орнатылған орындарда  телекоммуникация қызметтінің кең  спектрін көрсету жер рельфінің  күрделілігі үшін қиын аудандар бар, ал кейбір жағдайларда үлкен капиталды шығындар қажет болады.

Информация о работе Wi-MAX технологиясы