Windows жүйесінің стандартты программалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 14:40, реферат

Описание работы

Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы: — мәтіндік құжаттар дайындау;
- графикалық бейне-көріністерді даярлау және оларды өндеу, түзету;
- жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
- математикалық есептеулерді орындау және т. б.

Файлы: 1 файл

Windows жүйесінің стандартты программалары.doc

— 192.50 Кб (Скачать файл)

WINDOWS ЖҮЙЕСІНIҢ  СТАНДАРТТЫ ПРОГРАММАЛАРЫ

 

Windows жүйесінің стандартты  программалары  құрамына бір топ программалар жиыны кіреді.  Олар әр адамға қажетті операциялық   жүйе    орындай    алмайтын    бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді,  мысалы: — мәтіндік құжаттар дайындау;

-  графикалық бейне-көріністерді  даярлау және оларды өндеу,  түзету;

-  жұмыс уақытын  жоспарлау және ұйымдастыру;

-  математикалық есептеулерді  орындау және т. б.

Әдетте, бұл қосымша  программалар "Стандартты" тобында  орналасқан ((Windows 3.х - "Реквизиттер" тобында))

 

Раіnt (Раіntbrush)

Раіnt (Раіntbrush) — Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.

Редакторды іске қосу үшін (Windows З.х) "Реквизиттер" тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.

Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу=> Программалар=> Стандартты => Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады.

Оның кұрамында бізге  осыған дейінгі таныс элементтер мен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып  жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элемснттер де бар.

Терезенің сол жақ  шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы  орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез-келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жак шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғысы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түскс апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның  көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:

  • аэрозоль баллонының сиясының ені;
  • өшіргіш (ластик) ені;
  • бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.

 

WordPad мәтіндік редакторы

WordPad Write (Windows 95) және Windows 3.х) редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар. Сондықтан WordPad (Write) редакторының тек негiзгі жұмыс мүмкіндігімен қысқаша түрде таныстырамыз.

Windows 3.х жүйесінде редакторды іске қосу үшін "Реквизиттер" тобындағы " Write редакторы" белгісін тандау керек.

Ал, Windows 95 жүйесінде - Iске қосуÞПрограммалар ÞСтандарттыÞWordPad командасын орындау қажет.

WordPad және Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге - ішкі көрінісі мен шрифтін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суретгерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға   басып шығаруға мүмкіндік береді.

Осы атап өткен мүмкіндіктердiң ішінен біз келешекте қажет болатын мәтінді қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Windows жүйесінің бір ерекшелігі - ондағы кез келген қосымша программадағы мәтінді қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіндігі.

Программа терезесінде  орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтер түрін және оның параметрлерін тағайындаймыз. Бұл жағдайда "ФайлÞПринтер таңдау" (ФайлÞВыбор принтера) және "ФайлÞБаспа" (ФайлÞПечать) деген командаларды меню жүйесінен таңдау қажет. Бұл командалардың сұқбаттасу терезесінде құжатты басып шығаруға арналған принтердің аты мен маркасы көрсетіледі. Пайда болған тізімнен өзімізге қажетті принтерімізді таңдауымызға болады және де принтерде пайдаланылатын қағаздың мөлшерін де алдын-ала анықтаған жөн (әдетте, бұл А4 форматындағы 210х299 мм-лік қағаз).

Егер де сіз Параметрлер батырмасын басатын болсаңыз, онда экранға шығатын сұхбаттасу терезесінде принтерден сапалы басылым шығарудың параметрлерін реттеуіңізге болады.

Принтер түрін және баспаға  шығарудың параметрлерін анықтап болған соң, меню жүйесінен "ФайлÞБаспа" (ФайлÞПечать) командасын таңдау қажет. Сұқбаттасу терезесінде басып шығару аумағы (құжатты толығымен, құжаттың белгіленген бір бөлігін немесе белгілі бір беттерін басып шығаруға болады) мен оның көшірмесінің саны анықталады. Бұдан кейін "ОК" пернесін бассақ онда параметрлері анықталған принтерге экран бетінде алдын-ала дайындалған информация қағазға  басылып шығады.

 

 

 

Блокнот (Windows 3.х)

Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар (мысалы, Write) мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.

Оның бір талассыз жақсы жағы бар - ол қарапайым әрі жинақы жұмыс  істеуге мүмкіндік береді, жедел  жадта тіпен ешқандай орын алмайды  десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді. Бұл программаны іске қосу үшін "Реквизитгер" тобында (Windows 3 х) орналасқан "Блокнот" атты шартбелгіні таңдау жеткілікті.

 

Блокнот мәтінді форматтамай (шрифтін өзгертпей, безендірмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем арқылы жіберілетін мәтінді дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді.

Блокнот тек бір ғана шрифт түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мұнда мәтін фрагменттерімен  жұмыс істеу ісі, керекті символдарды  іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары  жақсы жолға қойылған.

 

Картотека (Windows 3.х)

Картотека - бұл карточкаларды жинаудың бір жүйесi келтірілген компьютерлік аналогі (баламасы), яғни компьютерде  жазылып дайындалған, кейін керек  болатын түрлі хабар, мәліметтер, материалдар тіркелген карточкалар  жинағы. Ол кейбір белгілері бойынша жүйелендіріліп, бір тәртіпке келтірілген информацияны сақтау үшін қолданылады. Жиі пайдаланылатын белгілер қатарына - қызметкерлердің адресін (мекен-жайын), жоба жасағанда дайындалған жазбаларды, кiтаптар аннотацияларын (қысқаша мазмұнын), басқа да анықтамалық мәліметтерді жатқызуға болады.

Бұл программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобындағы "Картотека" белгісін таңдау керек.

Картотека іске қосылысымен  екі бөліктен - тақырып аты (индекс) мен жазбаға арналған өрістен (поле) тұратын бір карточка дайын болады. Тақырып атын енгізу үшін терезе ішінен орын таңдап алып, тышқанды екі рет шерту арқылы пайда  болған  сұхбаттасу терезесіне  тақырып  енгізіп,  "ОК" батырмасын басу керек.  Осыдан  кейін жазба өрісіне   мәтін енгізуге болады. Жазба өрісіне жазылатын ннформация он бір жолдан аспауы тиіс.

Жаңа карточканы даярлау  үшін меню жолындағы Карточка ÞҚосу... {Ғ7} (КарточкаÞДобавить...) командасын таңдау керек. Сонан кейін алдыңғы көрсетілген тәртіппен сұқбаттасу терезесіне жаңа карточка тақырыбының аты, ал жазба өрісіне анықтамалық информация енгізіледі.

Әрқашан карточкалардың бірі ахтивті күйде, яғни екпінді  болады да, ол алдыңғы шенте көрініп  тұрады. Басқа карточканы алғы шепке  шығару үшін, оның көрінетін бөлігіне тышқан курсорын апарып, оны шерту керек. Программаның меню жолынан төменіректе орналасқан бағыттауыш тілсызықтар (стрелкалар) көмегімен де карточкаларды парақтауға болады. Карточка тақырыбын өзгертуге мүмкіндік бар. Ол үшін меню  жолынан           ТүзетуÞТақырып {Ғ6} (РедактированиеÞ3аголовок) командасын таңдап алып, сұқбат терезесінде сол мезетте екпінді болып тұрған карточка үшін тақырыптың жаңа атын енгізу керек.

Егер карточкалар саны көп болса, онда олардың тізiмiн қарап шығу режиміне Қарап шығуÞТiзім (ПросмотрÞСписок) командасы арқылы өтуге болады. Экранға барлық енгізiліген карточкалар тізімі шығарылады.

Егер картотекаға бір-біріне ұқсас, айырмашылығы шамалы бірсыпыра  карточкаларды енгізу қажет болса, онда КарточкаÞҚайталау (КарточкаÞДублировать) командасын қолдануға болады. Ол команда орындалғаннан кейін картотекада екпінді карточканың көшірмесі пайда болады.

Картотекадан екпінді  карточканы жою үшін. КарточкаÞЖою (КарточкаÞУдалить) деген команданы таңдау керек.

Құрастырылған картотеканы  файлда сақтауға, одан окна, принтердің көмегімен қағазға басып алуға болады.

 

Күнтізбе (Windows 3.х)

Күнтізбе - бұл жұмыс  уақытын жоспарлауға, мерзімдік  жоспар (календарный план) жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құрастыруға арналған шағьм программа. Нақты айтсақ календарь – күнделіктің компьютерлік варианты. Программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобынан "Күнтізбе" (Календарь) белгісін таңдап алу керек.

Күнтізбе информацияны қарап шығудың екі режимінде  жұмыс істейді:

- күнделікті кесте  – Қарап шығуÞКүн (F8) (ПросмотрÞДень) командасы;

-  айлық  кесте  – Қарап  шығуÞАй  (Ғ9)  (НросмотрÞМесяц) командасы.

Бiрінші режимде көрсетілген  уақыттың тұсында алдағы болатын  жұмыстар жайлы қысқаша мағлұматтар  болады. Терезенің төменгі бөлігінде  ескерту (жаднама) жазуға арналған бірнеше  жолдар орналасқан. Мұнда әр күнге байланысты естелік информация сияқты қысқаша мәтін теруге болады. Терезенің жоғарғы бөлігіндегі бағыттауыш тілсызықтар календарды парақтап ашуға мүмкіндік береді.

Екінші режимде экранда  үстіміздегі айдың барлық күндері  бейнеленеді. Олардың ішіндегі көмескі түрмен белгіленген күндердің бірi екпінді саналады. Бүл керекті күнге тез арада өту үшін және де ай күндерінде жазылған ескертпе жазуларды тез қарап шығу үшін қолданылады. Ескертпе жазуға арналған жолдар ай күндерінен төмен орналасқан және оны оку, әзгерту үшін сол күнді екпінді етіп алу кажет.

Енер сіз болінген уак.ыт аралыктарын өзгерткіңіз  келсе, оларды            ПараметрлерÞКүн  Параметрлерi... (ПараметрыÞПараметры Дня...) командасы арқылы жөндеуге болады. Одан кейін сұқбат терезе арқылы керекті параметрлер енгiзiледі.

Күнтізбе программасына  белгілі бір уақытта дыбыс  беретін ояту сигналын (будильник) жазып  қоюға болады. Бұл үшін Күн режимінде көрсетілген уакытты тандап алып, тышқанды бір рет шерту керек те, содан кейін ОятқышÞҚондырғы (Ғ5) (БудильникÞУстановка) командасын таңдау керек. Таңдалынған аралықтың сол жағына қоңыраудың бейнесі пайда болып, оятқыштың іске қосылғаны белгілі болады.

Құрастырылған календарлық  кестенің файлға жазылуы, одан оқылуы, қағазға басылуы мүмкін.

 

Калькулятор

Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгi класс оқушылары да кеңінен пайдаланылатын компьютерлік калькулятордың болып табылады. Программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобында "Калькулятор" шарт белгісін таңдау керек.

Программа екі режимде жұмыс  iстейдi:

– стандартты  (жады  бар  қарапайым  арифметикалық, калькулятор) режим;

– ғылыми  (қиын  да  күрделі  есептеулер жүргізуге  арналған қуатты калькулятор) калькулятор режимі.

Есептеуге қажет сандар "тышқанмен" немесе пернелер көмегімен енгiзіледі. Енгізілген цифрлар мен де есептеулер нәтижелері индикаторда бейнеленеді.


Калькуляторда стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан, процентті есептеуден, квадрат түбір  мен кері шаманы табудан басқа  онын жадымен келесі әрекеттерді орындауға болады:

ЗП  – индикатордагы санды жадқа жазады;

П+ – жадтағы санға индикатордағы санды қосады;

ИП – жадта сақталған санды индикаторға шығарады.

ПО – жадты тазалайды.

Индикаторға енгізілген соңғы цифрды жоюға арналған Кейін (Назад) батырмасының бар екені есте болсын.

Сағат – тек қана  ағымдағы  жүйелі  уақыт пен мерзімді (датаны)  керсетуге арналған Windows -тің ең  қарапайым қосымша программасы. Бұл программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобындағы "Сағат" (Часы) шартбелгiсін таңдау кажет.

Сағат программасының экраны екі қалыпта болуы мүмкін.

-  тақырып жолы мен  меню жолы бар:

-  тақырып жолы мен  меню жолы жасырын күйде.

Бір күйден екіншісіне ауысу  үшін тышқан жұмыс аумағында тұрғанда, оны екі рет шерту керек.

Сағат кәдімгі циферблаты мен тілдері бар күйде немесе тек сан арқылы уақытты көрсететін индикатор (цифрлық) күйінде бола алады. Онын сыртқы көрінісін Параметрлер менюі командаларымен өзгеріуге болады. Параметрлер менюi арқылы сағатты секундтар мен күн мерзiмiн көрсететін етіп қоюға да болады.    

Информация о работе Windows жүйесінің стандартты программалары