Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 17:51, реферат
Енгізу/шығарудың негіздік ішкі жүйесі (Basic Input-Output System, BIOS) процедуралардың - ДК маңызды бөлімі болып келеді , BIOS аналық тақшаның төменгі бөлігінде жеке орналасқан . Жалпы айтқанда BIOS ДК-дің «темірі» мен операциялық жүйені байланыстырушы көпір. BIOS болмаған жағдайда операциялық жүйе ДК құрылғылармен байланыса алмай оларды басқара алмас еді. BIOS компьютердің маңызды бөлігі болғандықтан, ол теріс бапталған жағдайда сіздің компьютеріңіздің оңдеу сапасы 40% төмендейді. Кейінгі кездерде процессорлар мен аналық тақшалардың күрделілігі BIOS жұмысын және архитектурасын өте күрделендіріп қоймай оны ДК қолданушыдан мүлдем алшақтатты.
BIOS-ты күйге келтіруіне кіріспе
Енгізу/шығарудың негіздік ішкі жүйесі (Basic Input-Output System, BIOS) процедуралардың - ДК маңызды бөлімі болып келеді , BIOS аналық тақшаның төменгі бөлігінде жеке орналасқан . Жалпы айтқанда BIOS ДК-дің «темірі» мен операциялық жүйені байланыстырушы көпір. BIOS болмаған жағдайда операциялық жүйе ДК құрылғылармен байланыса алмай оларды басқара алмас еді.
BIOS компьютердің маңызды бөлігі болғандықтан, ол теріс бапталған жағдайда сіздің компьютеріңіздің оңдеу сапасы 40% төмендейді. Кейінгі кездерде процессорлар мен аналық тақшалардың күрделілігі BIOS жұмысын және архитектурасын өте күрделендіріп қоймай оны ДК қолданушыдан мүлдем алшақтатты.
BIOS парамертлері мен функцияларын баптау туралы айтпас бұрын, келесі жағдайларды ескерген жөн. BIOS-тың теріс бапталуы компьютердің мүлдем істен шығуына әкеліп соқтырады. Осындай жағдайда фирманың стандартты баптауларын қалпына келтіру үшін BIOS жанындағы анылық тақшада орналасқан кішкене конденсаторды 20 секунд уақыт аналық тақшадан алып қойып, қайта орнына қою керек.
Компьютердің әрбір жүктелуі кезінде, ОЖ жүктелуінен бұрын 5 секунд уақыт бойы BIOS менюіне кіру терезесі тұрады. Сол кезде сіз «DEL», «F1», «F2» батырмаларын басу арқылы BIOS менюіне жол ашасыз.Ең алғашқы баптауды қарапайымнан бастайық. Ол баптауды сіз BIOS мәзірінің сол жақ үстіндегі "Main" бөлімін таңдау арқылы жүзеге асрасыз.
Бұл бөлімде уақыт параметрлерін өзгертуге болады. Және де BIOS ОЖ қай жерден жүктейтінін көрсетуге болады. Көптеген компьютерлерді бұған екі немесе одан да көп уақыт кетеді. Егер біз нақты құрылғаны көрсетсек онда бұл уақытты біршама қысқартуға болады.
Егер де сіз primary master жолында NONE басқармасын қойсаңыз онда BIOS барлық мүмкін болатын жерлерді қарап шығып барып, таңдау жасайды. Егер де сіз қатқыл дискке ОЖ орнату бағдарламасын көшіріп қойсаңыз онда, арнайы дисксіз сіз қатқыл диктен ОЖ орната аласыз.
Енді BIOS баптауының келесі бөліміне көшейік.
Advanced Features
CPU Level 1 Cache (кэш L1 процессора): "Enabled" (қосылған).
CPU Level 2 Cache (кэш L2 процессора): "Enabled" (қосылған).
First, Second, or Third Boot Device- алғашқы, кейінгі және соңғы жүктелуші секторлар. Өзіңізге қажетті бөлімді таңдап, қалған құрылғыларды өшіріп тасатаңыз.
Typematic Rate Setting-бұл жолда бір батырманы басып тұрған кезде оның бір секундта орындалу жиілігі көрсетіледі.
APIC Mode (режим APIC): "Enabled" (қосылған)-бірнеше процессормен жұмыс істеген кезде барлық процессорларды қолдау үшін қолданылады.
Boot Up Floppy Seek – ОЖ жүктелуінен бұрын барлық дисктерді қателікке тексету.
OS/2 Onboard Memory > 64M- бұл пунктті тек ІВМ фирмасының OS/2 ОЖ қолдансаңыз ғана қосуға болады.
Boot Up NumLock Status-егер бұл пунктті іске қосса NumLock батырмасы ОЖ жүктелуі кезінде қосылады.
Бұл бөлім процессор туралы барлық ақпараттарды қамтиды. Кейбір қолданушылар өздерінің компьютерлерінің тактілік жиілігін арттыру үшін шинаның жиілігі мен ядроның жиілігін көбейтеді. Бірақ бұл өзгертулер жақсылыққа әкелмейді. Сондықтан Тактілік жиілік фирма нұсқауындағыдай екендігіне көз жеткізіңіз.
CPU External Freq. (MHz)-процессордың сыртқы жиілігі.
System Performance- жүйелік өндіріс. Операцияларды орындау тездігі.
CPU Interface (интерфейс CPU): "Optimal"
CPU Frequency Multiple (процессор баптағышы): бұл жолда біз процессор жиілігі мен баска да құрылғылардың жиілігін сәйкестіре аламыз. Мысалға алатын болсақ AMD Athlon 2600+, процессоры оның жиілігі 2133 МГц, процессор шинасының FSB жиілігі 133,33 МГц. Осыған байланысты компьютердегі процессордың жұмыс жиілігі анықталады. Ол үшін FSB жиілігін процессор көбейткішіне көбейтеміз. 16 x 133,33 = 2133. Процессор жиілігі шина жиілігімен дәл келіп тұр. Осындай жағдайда бұл процессор жиілігі 2,133 Ггц болса да Intelдің 2,6 ГГц жиілікті процессорынан артық операциялар орындайды.
Процессор жұмыс жасаған кезде оның қызатыны бәрімізге белгілі. Егер біз процессордың тактілік жиілігін арттырмақ болып, оның шинасының жиілігі мен ядросының жиілігін арттырған болсақ, онда процессордың бұрынғыдан да тез қызатыны мәлім. Сол себепті де біз куллердің тез айналуын қамтамасыз етуіміз қажет.
Hardware Monitor Menu бөлімінде жүйелік блоктың температурасын қадағалай аламыз.
Және де CPU дабыл делгісін қоя аламыз. Ол белгі компьютерді қызып кеткен жағдайда автоматты түрде өшіреді. Яғни процессор қызып кету салдарынан жанып кетпейді.
Төменде AMD Athlon процессорының жиілігі, ядросының қысымы және қызу температурасының шегі көрсетілген
Athlon процессорлары Жиілік (ГГц) Ядро күштенуі (В) Макс. темп (°C)
XP 1700 1,467 1,50 90
XP 1900 1,60 1,50 90
XP 2000 1,667 1,60 90
XP 2100 1,733 1,60 90
XP 2200 1,80 1,60 90
XP 2400 2,0 1,60 85
XP 2600 2,133 1,65 85
XP 2700 2,171 1,65 85
XP 2800 2,250 1,65 85