Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2015 в 14:33, реферат

Описание работы

Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер оқытушы мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.

Файлы: 1 файл

жана акпар технолог.docx

— 24.12 Кб (Скачать файл)

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ

ЕСИМ ЖАДЫРА ЕСИМКЫЗЫ

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ, ҚАРАҒАНДЫ «БОЛАШАҚ»

МАҢЫЗДЫ БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖІ

 

ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады.

Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – оқу орындарда компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану: оның мүмкіндіктерін жаңа материалды баяндауда (білімді виртуальды  өмірде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртауальды лабораториялық жұмыстарды жүргізу, баяндалған материалды бекіту (тренинг), Интернет -технологияларды қолдану.

Ақпараттық іздеу жүйесі- арнайы мәліметтер қорында белгілі бір мәліметті іздеуді қамтамасыз ететін жүйе, ол ақпараттық іздеу тілінде және сәйкес іздеу ережелеріне негізделген.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану

Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника  мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану  барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер оқытушы мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.

Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:

Электрондық пошта телеконференция:

·         мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)

·         гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)

·         Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)

·         видеоконференциялар

Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен оқытушы арасында оқыту мен дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге асырады.     

Электрондық пошта көмегiмен оқытушы мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жiберу мен оқытушыға өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол оқытушының жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, оқытушының жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледi.

Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция оқытушының басқаруымен өткiзiледi. Оқытушы пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.

FTP-серверлерiнiң қызметi өте  үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай  жiберулердi ұйымдастыру мен оны  бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн  атқаратын функциялар орналасады. Ал  WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.

WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында  гипермәтiн түрiнде көрнекi және  анықтамалық материалдар орналастырылады. Оқытушы iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.

Оқыту ортасын дамыту құралдары

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

·        компьютерлiк үйрету бағдарламалары

·        электрондық оқу құралдары

·        компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау

·        электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

·        аудио және видеоматериалдар

·        Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады. 

Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы 

Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы (телефондық және телекоммуникациялық арналар, телевидение және радио) ақпараттарды жiберу жүйесiн құрайды.

Қашықтықтан оқыту- қазіргі заманға сай педагогтік компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар жиынтығы, әдістер мен құралдар, оқу орнына бармай-ақ оқу-білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Білім алудың қашықтан оқыту түрі уақыт пен аумақтық талаптарды оқу үрдісінде қажет етпейді.

Жаңа ақпараттық технологиямен білім беру ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы:

  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
  • жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша студенттердің мамандыққа баулу механизмiн құру;
  • бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
  • мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
  • отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;
  • бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
  • республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп, бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру болып табылатын ақиқат.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
  2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
  3. Доллинер Л. Ақпараттық коммуникациялық оқыту технологияларының мәселелері және болашағы Информатика негіздері ғылыми-әдістемелік журналы  2008 жыл №1 2-4 б.
  4. Мұхамбетжанова С.Т. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту»
  5. Матрос Д.Ш., Полев Д.М., Мельникова Н.Н.. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб.
  6. Мақаш Б. Деңгейлеп оқыту технологиясы. Мектептегі технология -2005. №5, Б.3
  7. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 жыл
  8. Қазақстан  республикасының  мемлекеттік  стандарты. Ақпарттық технологиялар. Электрондық  басылым. Электрондық оқу басылымы.       Қр ст 34.017-2005.

Информация о работе Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану