Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 14:35, реферат
Әлемде болып жатқан ақпараттық коммуникациялардың даму процестері әлем қоғамының жаһандық ақпараттық қоғамды құруға жылжуының объективті факторы болды. Іс жүзінде «ақпараттық» деген атқа ие болған кезекті өнеркәсіптік революцияның басталатыны туралы әңгіме болып жатыр. Ақпараттық ресурстардың және компьютерлік желілердің дамыған инфрақұрылымының халықаралық интеграциясы кез келген пайдаланушылардың қашықтыққа және пайдаланылатын есептеу техникасы құралдарына қарамастан, нақты уақыт масштабында ақпараттың кез келген түрін алу үшін іс–қимылдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар осы жүз жылдықтағы озық елдердің дамуындағы негізгі ресурстарының бірі болып жатыр. Алғаш рет жеке елдер арасында, сондай–ақ ел ішінде де ақпараттық теңсіздікті жою мүмкінідігі пайда болады. Әсіресе бұл кең аумағында ақпараттық дамыған қалалары және өңірлерімен қатар әлсіз телекоммуникациялық