Отчет по практике в «Қазгидромет»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2015 в 14:19, отчет по практике

Описание работы

Өндірістік практикадан өту арқылы телекоммуникация саласының даму деңгейімен алға қойылған біршама мақсат, мүдделерінен хабардар болдым. Осы тұрғыдан алып қарасақ, қазіргі таңда байланыс сапасының даму үрдісі күннен-күнге артып келеді. Қазіргі кезеңде барған сайын өркендей түсетін рөлі қоғамдық өмірдің барлық қырларының дүниежүзілік ауқымда ғалымдандыру және ақпараттандыру үдерістерімен айқындалатын телекоммуникациялар саласын жатқызуға болады. Осыған орай Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудағы жасалып жатырған бағдарламалары толықтай қолға алынды. Бұл негізде заң жүзінде біршама қаулылар бекітілді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 «Қазгидромет» РМК құрылу тарихы..................................................................5
2 Спутниктік байланыс жүйесі ..............................................................................8
3 Globalstar жүйесі және инфрақұрылымы...........................................................9
4 «Қазгидромет» РМК-ның спутниктік антенналары.......................................12
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................19
Қосымша А.............................................................................................................20
Қосымша Б.............................................................................................................21

Файлы: 1 файл

Кайратова Отчет.doc

— 861.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

ЕСЕП БЕРУ

 

 

 

Студент                         Қайратова Г.Қ

РЭТ-49 тобының

Студенті 

 

 

 

   Кафедрадағы практика жетекшісі                     Карбаев Н.К.

техника ғылымдарының

кандидаты, доцент   

 

 

 

Дипломдық жетекші                        Канымгазиева И.А.

физика-математика

ғылымдарының кандидаты, доцент    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

  1. 1 «Қазгидромет» РМК құрылу тарихы..................................................................5
  2. 2 Спутниктік байланыс жүйесі ..............................................................................8
  3. 3 Globalstar жүйесі және инфрақұрылымы...........................................................9
  4. 4 «Қазгидромет» РМК-ның  спутниктік антенналары.......................................12

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................18

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................19

Қосымша А.............................................................................................................20

Қосымша Б.............................................................................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

19 қаңтар мен 28 наурыз аралығында «Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнында  өндірістік практикадан өттім.

Өндірістік практиканың басты мақсаты – кәсіпорынның жұмысымен танысу және дипломдық жұмысты жазуға мәліметтер жинақтау.

Өндірістік практикадан өту кезінде келесі мақсаттар алға қойылды:

  • кәсіпорынның жұмысымен, ұжымдық құрылыммен, қызметтің негізгі бағыттарымен танысу;
  • жұмыскерлердің функционалды міндетін, еңбектегі қарым-қатынасын ескеру;
  • жұмыс аймағымен, қадағалау үрдісімен, алға қойлған мақсаттар мен міндеттермен және компьютерлік бағдарламалармен танысу.

Өндірістік практиканың мақсаты – аса  күрделі ғылыми мәселелерді зерттеу немесе инженерлік мәселелерді шешу мақсатында біліктілікті жоғарылату, радиоэлектрондық және ақпараттық жүйелерге техникалық қызмет көрсету, өндірістік жобалар бойынша білікті мамандармен практикалық жұмыс істеу.

Қазіргі уақытта қолданбалы электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелерінің айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Осының бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметі.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, теледидарлық және дыбыс белгілерін беру мен радиохабарлау, микро ЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарын даярлау мақсатында өндірістік практика мекемесі Астана қаласының  «Қазгидромет» РМК орталығы болып бекітілді.

Өндірістік практикадан өту арқылы телекоммуникация саласының даму деңгейімен алға қойылған біршама мақсат, мүдделерінен хабардар болдым. Осы тұрғыдан алып қарасақ, қазіргі таңда байланыс сапасының даму үрдісі күннен-күнге артып келеді. Қазіргі кезеңде барған сайын өркендей түсетін рөлі қоғамдық өмірдің барлық қырларының дүниежүзілік ауқымда ғалымдандыру және ақпараттандыру үдерістерімен айқындалатын телекоммуникациялар саласын жатқызуға болады. Осыған орай Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудағы жасалып жатырған бағдарламалары толықтай қолға алынды. Бұл негізде заң жүзінде біршама қаулылар бекітілді.

Қазіргі кезде Қазақстанда саланың оның жаңа жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базасы құрылды, сондай-ақ республиканың телекоммуникация нарығын ырықтандырудың дайындық сатысы мен ішінара ырықтандыру кезеңінде телекоммуникация саласының дамуын айқындаған бірінші кезектегі бірқатар жүйелік іс-шаралар іске асырылды..

Есеп беруде кәсіпорынның жалпылама жай-күйі, кәсіпорындағы атқарылатын жұмыстар мен қызметтік нұсқаулар жайлы мәліметтер келтіріледі. Сонымен қатар қазіргі уақытта сұранысқа ие болып отырған қызметтер туралы айтылады.

Ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелерімен айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Осының бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 «Қазгидромет» РМК құрылу тарихы

Қазақстан гидрометқызметінің негізі 1922 жылдың қаңтарында салынған. Қазіргі таңда бұл Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорыны. ҚР Үкіметі 1999 жылдың 2 науырызындағы №185 Қаулысымен оған Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын – РМК «Қазгидромет» мәртебесі берілген. 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғызда және Қызылордада, Алматы мен Оралда 1859 жылы басталды. 20- жүз жылдықтың басында қазiргi Қазақстанды қамтитын аумақта 28 станса жұмыс iстедi.

Қазақстандағы гидрология бақылаулары одан да ақырынырақ дамыды. 20 ғасырдың басында су деңгейін бақылайтын тек 4 тармақ, оның өзі бір су объектісі - Ертісте жұмыс істеді. Қазан төңкерілісіне дейінгі мерзімде гидрологиялық пост саны 25 болса, оның біреуінде ғана су ағыны өлшенді. 
Аэрологиялық және агрометеорологиялық бақылаулар сол кезде жүргізілмеді. Сонымен бiрге, жедел болжау бөлiмшелерi де болмады. 
Тек Ұлы Қазан социалистiк төңкерiсінен кейін ғана гидрометеорологиялық қызметтiң дамуына жаңа мүмкiндiктер жасалынды. Расында, Кеңес өкіметінің бірінші жылдарында (1917-1920 жж.) жас Кеңес республика iшкi және сыртқы контрреволюция күресімен, Гидромет қызметiне жеткiлiктi көңiл бөле алмады.

1922 жылдың қаңтарында Орынборда  Қазақстандық метеорологиялық бөлім (Қазметбюро) құрылды. Сол уақытта метеорологиялық желiмен Республика Метеорологиялық бөлімі Наркомзема басшылық етті, ал гидрология желiсi Су шаруашылық Басқармасы құзырында болды. Желiлердің көбi әр түрлi мекемелердiң құрамында болды. 1925 жылдың қаңтарында Қазақ автономды республикасының құрылуымен Қазақ АССР Наркомземi ұйымдастырылды. 1925 жылдың аяғында жаңа метеобекеттер ашылып, агрометеорологиялық бақылаулар жүргізіле бастады [1].

30 жылдың басында ГИМЕКОМ- ға  басқа мекемелерді енгізу мақсатында 102 гидрологиялық постар және 20 шақты метеобекеттер тапсырылды. Стансалардың және постардың елдi мекендерде ашулуымен қатар сол кезеңде шөл станциялардың құрылысы басталды. 1930 жылы Күртi бірінші шөл метеорологиялық стансасы ашылды. 1934 жылы Найман-Суек және Алгазы, кешiрек - Байрқұм, Бектау-Ата, Бетпақ - Дала метеобекеттері ашылды.

Метеорологиялық желiнің дамуымен қатар атмосфераны радиологиялық барлап байқау әдiсі дамыды. Әлемде алғашқы радиозондты 1930 жылдың 30 қаңтарында Ленинградта кеңесi ғалымы -профессор П.А.Молчанов ойлап тапты.

Қазақстандағы бiрiншi радиозонд 1936 жылы Алматыда П.Г.Фасттың жетекшілігімен аэрологтер тобымен іске қосылды, ал 30 жылдардың соңында 20 –ға жуық шар пилоттық пункттері жұмыс істей бастады. 
Қазақстанның 11 метеорологиялық стансаларында 1935 жылдан бастап агроетеорологиялық бақылаулар жүргізілді.

1932 жылы ауа райының Алматылық  бюросы ұйымдастырылып және осы  жылы Алматы қаласы үшін синоптикалық  карталар және ауа-райының болжамдары құрастырылды. 1940 жылы 210 метеорологиялық станцсалар, 175 гидрологиялық постар, 20 аэрология пункттері, жетекші шар пилоттық бақылаулар және радио барлап байқаудың бiр тармағы жұмыс iстеді. Агрометеорологиялық бақылаулар 89 метеобекеттерде, соның iшiнде 23 метеобекетте топырақтың дымқылдығын аспапты анықтаулары жүргiзiлдi.

1941 жылдың қыркүйегінде Қазақ гидрометқызмет Басқармасы Орта - Азия Әскери округі (САВО) құрамына енгізіліп, САВО Қазақ Гидромет қызмет Басқармасы болып аталды. 
Табиғи құбылыстар мен су объектілері жағдайын метеорологиялық және гидрологиялық болжам мәліметтеріне сүйеніп, қолбасшылар белгіленген операцияларды және олардың мінездемелерін айқындады. Конструкторлар әскери шарттар үшiн қолайлы әр түрлi құралдардың өңдеулерiн жалғастырды. Алғашқы автоматты метеобекеттердi сол кезде жасалды.

50-шi жылдардың орталарына дейін Қазақстан шөл және тау аудандардағы метеобекеттер желiсiнiң дәуiрлеуi жүрдi. Өйткені Қазақстан еліміздің негiзгi мал шаруашылық өлкелерiнiң бiрi болды. 
Алматы геофизикалық обсерватория негізінде 1950 жылы, республиканың отарлы мал шаруашылығын гидрометеорологиямен қамтамасыздыру және оның жем базасы мәселелерiн шешу мақсатында Қазақ гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институты (КазГҒЗИ) құрылды. Ол 1995 жылы Қоршаған Орта және Климат мониторингі ғылыми-зерттеу институтына (КазҚОМҒЗИ) атауын ауыстырды және 1999 жылы РМК «Қазгидромет» құрамына еншiлес кәсiпорын болып енгізілді. 2003 жылы экология және климат ғылыми-зерттеу институты болып, Қазгидромет құрамынан бөлініп, Қоршаған Ортаны қорғау министрлігінің құзырына бағынатын болды

70-шi жылдардың басында Қазақстанның гидрометеорологиялық желісі қалыптаса бастады және зерттеу мақсаттары мен халық шаруашылығының практикалық сұраныстарына  жауап берді. Метеорологиялық стансалар саны көбейіп 295 жетті, 240 метеостансада агрометеорологиялық бақылаулар, олардың 180 топырақ дымқылдығын аспапты бақылаулармен жүргізілді.

70-шi жылдардың басында табиғи  ортаның ластануын Жалпы мемлекеттік  бағдарлау  және бақылау жүйесі (ЖМББЖ) құрылды. Бұл кезеңде Қазақстанда  табиғи ортаның ластануын бақылайтын 9 зертхана жұмыс істейтін. 22 тұрақты тармақта 5 ластаушы ингредиенттер бойынша ауа сынамалары алынатын. 67 тармақта ауа бассейнінің 12 ингредиенттермен ластануы анықталады. 231 тармақта 12 ингредиенттер бойынша жер беті суларының ластануы анықталады.

1978 - 1998 жылдарда табиғи қоршаған ортаның Мемлекеттік мониторинг жүйесі және атмосфераның ластану көздерiн мемлекттік бақылаулары  ұйымдастырылды. Мәлiметерді жедел қабылдау және тапсыру программалық кешені алынды, телекоммуникациялық жүйе кешенi, бақылау құралдары, гидрометеорологиялық мәліметтерді өңдеу жаңартылды. Ресейдiң Гидрометорталығынан  ауа райының сандық карталары, сонымен бiрге Вашингтон және Рединг дүниежүзілік метеорология орталықтарынан бариялық топографияның болжам карталары қабылдана бастады. «ГИС-Метео» геоақпараттық  жүйесi ендiрілді.

1993 жылдың 13 сәуiрiнде Қазақстан  Бүкіл әлемдік Метеорологиялық  Ұйымға мүше болып, Қазгидромет  бас директоры Қазақстан Республикасының  БМҰ тұрақты өкілі болды. 
Гидромет қызмет 1995 жылдан 1999 жыл аралығында бірнеше рет жаңартылып, мемлекеттiк органдар жүйесiнде мәртебесi өзгердi [2].

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 2 наурызындағы № 185 қаулысымен республикалық гидромет қызмет Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын «Қазгидромет» болып қайта құрылды.

Қазгидромет қазiргі таңда гидрометеорологиялық қызмет көрсетудi жақсартуға, қоршаған ортаға мониторинг жүйесін дамытуға, телебайланыс құралдарын және мәліметтерді өңдеуді жаңғыртуға, бақылау желінің қәзіргі техникалық жабдықтарын дамытуға, сонымен қатар жаңа бақылау пунктерін ашуға үлкен ықылас қоюда. Қазгидромет халықаралық бағдарламалар және жобалардың орындалуына белсене қатысуды.

Қазақстан Республикасы ұлттық гидрометеорологиялық қызмет әлемнiң өте дамыған гидрометеорологиялық қызметтерi деңгейiне сәйкес келуi керек. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2008 жылдың 15 наурызындағы № 65 ұйғарымын орындау мақсатында

Қазақстан Республикасы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтi (ҰГМҚ) жаңғырту шаралар жиынтығы жасалған. ҰГМҚ қазіргі күйінің дамуын талдау негiзде 2015 жылға дейiнгі келешегіне оның жаңару артықшылықтары келтірілген:

- Мемлекеттiк гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның күйiн бақылау желiлерін дамыту;

- Байланыс құралдары, өңдеу және деректердi қабылдауды жаңғырту;

- ҚР  ҰГМҚ ұйымн және басқару жүйелерін жетілдіру.

"Қазгидромет" РМК 190 мемлекеттердің  Қызметтерімен бірге Біріккен  Ұлттар Ұйымының мамандандырылған  мекемесі және Жер атмосферасының  жай-күйі мен мінезі, оның мұхиттармен  өзара әрекеті, құрылатын климат және туындайтын су ресурстарын бөлу мәселелері жөніндегі БҰҰ жүйесінің беделді ақпарат көзі болып табылатын Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымға (ДМҰ) кіреді.

«Қазгидромет» РМК - қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына дауылды ескертулер жасайтын, кез келген ұйымды ресми ақпаратпен қамтамасыз ететін  құқылы заңды орган. 
Бүгінгі«Қазгидромет» РМК ішкі және сыртқы саясаттың негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Сонымен қатар Қазақстан ДМҰ мүше-мемлекеттерімен бірге 21 ғасырдағы адамзатқа төнген табиғат қауіптерімен күресуге белсенді қатысуда [3].

 

2 Спутниктік байланыс жүйесі

Спутниктік байланыс жүйесі бүкіл әлемде кеңінен қолданылуда. Олар 2 негізгі сегменттерден тұрады – ғарыш және жер.

Информация о работе Отчет по практике в «Қазгидромет»