Тараз каласында мультисервисти жели куру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 00:01, дипломная работа

Описание работы

В настоящее время большой интерес вызывает развитие сетей мультисервисного доступа, имеющих бесспорное преимущество при получениий от одного провайдера в одно время несколько видов услуг для различных операций. В данном проекте осуществляется организация мультисервисного доступа в городе Тараз по технологии Gigabit Ethernet на основе стандарта xDSL. Проведен полный анализ xDSL технологии. Проведены расчеты и расчитан мультисервисный тафик. Рассмотрены вопросы охраны труда на производстве с учетом особенностей оборудования. В бизнес плане включен расчет срока окупаемости капиталовложений.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 Тапсырманың мақсаты және мультисервисті желі құру принциптері
1.1 Мультисервисті желілерге қойылатын негізгі талаптар
1.2 Мультисервисті желілер облысында ғылым мен техниканың дамуы
1.3 Мультисервисті қол жеткізу желісі
1.4 Дипломдық жоба алдына қойылған мәселе
2 Мультисервисті желіні құру
2.1 Құрылғыны таңдау
2.2 Магистральді желі технологиясы− Gigabit Ethernet
2.2.1 1000Base-X интерфейсі
2.2.2 1000Base-T интерфейсі
1.3 MAC деңгейі
2.3.1 Тасушы кеңейтілуі (carrier extension)
2.3.2 Пакетті артық жүктемелілік (Packet Bursting)
2.4 Құрылғы түрлері
2.5 Құрылғыларды сипаттау
2.5.1 ZyXEL IES-2000
2.5.2 Cisco827 сипаттамасы
2.5.3 1760 сериялы Cisco Catalyst коммутаторлары
2.5.4 Cisco 7500 сериялы маршрутизатор
2.5.5 FlexGain FOM16L2
2.6 SDH технологиясын GE технологиясымен жарастыру
2.7 Желілілердің өзара арақатынасын ұжымдастыру
3 Телефондық жүктеменің интенсивтілігін есептеу
3.1 Тараз желісінің телефондық жергілікті жүктемесін есептеу
3.2 Бағыттар бойынша жүктемені тарату
3.2.1 Салмақ коэффицентін және станция ішілік жүктемені есептеу
3.2.2 Жүктеменің шығыс және жүктеменің кіріс ағындарын
3.2.3 Жүктеменің кіріс ағындарын анықтау
3.3 Ішкістанциялық арналардың және УСС жүктемесін есептеу
3.4 Қалааралық жүктемені есептеу
3.5 Мультмедиялық трафиктің параметрлеріне жалпы сипат
4 Бизнес-жоспар
4.1 Бизнес–жоспар мақсаты
4.2 Бөлім сипаттамасы
4.3 Нарық
4.4 Маркетингтік зерттеулер
4.5 Құрылатын желінің даму сатылары
4.6 Техникалық-экономикалық дәлелдеу
4.7 Iргелi шығындардың есептеуi
4.8 Штат санының есептелуi
4.9 Еңбекақы қорының есептелуi.
4.10 Амортизациялық төлемдердiң есептеуi
4.11 Эксплуатациялау кезiндегi шығындардың есептелуi
4.12 Тарифтi табыстардың есептелуi
5 Еңбекті қорғау
5.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың талдауы
5.2 Қауіпсіздік шаралары
5.2.1 Өндірістік санитария
5.2.1.1 Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру
5.2.1.2 Өндірістік микроклимат
5.2.1.3 Өндірістік жарықтандыру
5.2.2. Электроқауіпсіздік

Файлы: 1 файл

Министерство образования и науки Республики Казахстан.docx

— 997.08 Кб (Скачать файл)

 

 

АҢДАТПА

 

Қазіргі кезде  Тараз қаласында мультисервисті желі құру түрлерінің қарыштап дамуы  қызығушылықты тудырып отыр, артықшылықтары бір уақытта бір провайдерден бірнеше қызмет түрлерін қолдану  болып табылады. Берілген дипломдық  жобада Таразда Gigabit Ethernet  технологиясы xDSL стандарты негізінде мультисервисті желіні ұйымдастыру көрсетілген. xDSL технологияларын толық анализден  өткізілді. Есептеулер жүргізілді, мультисервисті трафиктер есептелінді. Одан басқа  өндірістегі еңбекті қорғау тiршiлiк  әрекеттерiнiң кауiпсiздiк шарттарын  камтамасыз ету есептерi жүргiзiлген, сонымен катар жобанын бизнес-жоспары  да  жасалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

 

В настоящее  время большой интерес вызывает развитие сетей мультисервисного доступа, имеющих бесспорное преимущество при получениий от одного провайдера в одно время несколько видов услуг для различных операций. В данном проекте осуществляется организация мультисервисного доступа в городе Тараз по технологии Gigabit Ethernet на основе стандарта xDSL. Проведен полный анализ  xDSL технологии. Проведены расчеты и расчитан мультисервисный тафик. Рассмотрены вопросы охраны труда на производстве с учетом особенностей оборудования. В бизнес плане включен расчет срока окупаемости капиталовложений.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

  1. Тапсырманың мақсаты және мультисервисті желі құру принциптері
    1. Мультисервисті желілерге қойылатын негізгі талаптар

1.2 Мультисервисті желілер облысында  ғылым мен техниканың дамуы

1.3 Мультисервисті қол жеткізу  желісі

1.4 Дипломдық жоба алдына қойылған  мәселе 

2 Мультисервисті желіні құру

2.1 Құрылғыны таңдау

2.2 Магистральді  желі технологиясы− Gigabit Ethernet

2.2.1 1000Base-X интерфейсі 

2.2.2 1000Base-T интерфейсі 

    1. MAC деңгейі

2.3.1 Тасушы кеңейтілуі (carrier extension)

2.3.2 Пакетті  артық жүктемелілік (Packet Bursting)

2.4 Құрылғы  түрлері 

2.5 Құрылғыларды  сипаттау

2.5.1 ZyXEL IES-2000

2.5.2 Cisco827 сипаттамасы

2.5.3 1760 сериялы Cisco Catalyst коммутаторлары 

2.5.4 Cisco 7500 сериялы маршрутизатор

2.5.5 FlexGain FOM16L2

2.6 SDH технологиясын GE технологиясымен жарастыру

2.7 Желілілердің  өзара арақатынасын ұжымдастыру

3 Телефондық  жүктеменің интенсивтілігін есептеу

3.1 Тараз желісінің телефондық жергілікті жүктемесін  есептеу

3.2 Бағыттар  бойынша жүктемені тарату 

3.2.1 Салмақ  коэффицентін және станция ішілік  жүктемені есептеу  

3.2.2 Жүктеменің  шығыс және жүктеменің кіріс  ағындарын

3.2.3 Жүктеменің  кіріс ағындарын анықтау 

3.3 Ішкістанциялық  арналардың және УСС жүктемесін  есептеу

3.4 Қалааралық  жүктемені есептеу 

3.5 Мультмедиялық  трафиктің параметрлеріне жалпы  сипат

4 Бизнес-жоспар

4.1 Бизнес–жоспар мақсаты

4.2 Бөлім сипаттамасы

4.3 Нарық

4.4 Маркетингтік зерттеулер

4.5 Құрылатын желінің  даму сатылары

4.6 Техникалық-экономикалық  дәлелдеу

4.7 Iргелi шығындардың  есептеуi

4.8 Штат санының  есептелуi

4.9 Еңбекақы  қорының есептелуi.

4.10 Амортизациялық  төлемдердiң есептеуi

4.11 Эксплуатациялау  кезiндегi шығындардың есептелуi

4.12 Тарифтi табыстардың есептелуi

5 Еңбекті қорғау

5.1 Қауіпті және зиянды өндірістік  факторлардың талдауы

5.2 Қауіпсіздік шаралары

5.2.1  Өндірістік санитария

5.2.1.1 Оператордың жұмыс орнын  ұйымдастыру

5.2.1.2 Өндірістік микроклимат

5.2.1.3 Өндірістік жарықтандыру

5.2.2. Электроқауіпсіздік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Біз глобализация заманында өмір сүрудеміз, ал глобализация телекоммуникация дамуымен − қатынастың территориялық шекараларының өшірілуімен  басталды.

Телекоммуникацияның басқа салалармен салыстырғандағы  айырмашылығы, ол бұл саланың ең болмағанда он жыл бұрынғы күйінде  тұра алмауы. Егер ескі инфрақұрылым электроэнергетиканы, газ алу немесе темір жолдарды жақсы жағдайда ұстау,а мүмкіндік  берсе, байланыстың ескі ақпараттық құрылымы керісінше дамуды бәсеңдетеді. Дәстүрлі операторлар байланыс желілеріне үлкен қаражат салуға мәжбір, себебі олар желіні уақытқы сай жағдайда ұстауы керек.

Телекоммуникациялық желілердің дамуы үш фактормен анықталады: трафиктің өсуімен, жаңа қызметке деген  қоғам қажеттіліктері және технология облысындағы жетістіктермен. Әрине, бұл фактрлар тәуелсіз емес, олардың  әрқайсысы электробайланыс дамуының идеологиясын анықтайды. Осылай жабдықтар  жеткізушілер ортасында бәсекелестік туындауы мен технологиялық жетістіктер  жабдық бағасының түсуіне алып келді, ал бұл өз кезегінде трафик өсуі мен жаңа қызметтерді құруға жол  ашты.

Фиксирленген  желілер трафигі тұрақты және жоғары жылдамдықпен 1980-жылдардың басынан  бері өсуде. Осылай интернеттің әлемдік  трафигі әлемде жылына 60-80 % көрсеткішпен өссе, ал кең жолақты желілер абоненттерінің саны орта көрсеткіші 60 % жылдамдықпен жоғарылады. Тұрақты түрде жылына 40-43 % темппен соңғы төрт жылда  телекоммуникация бөлімі де өсуде. Ұялы байланыс дамуының темптері бойынша  алдыңғы орындардың бірін алды, ал 2006 жылы ұялы байланыс абонентерінің  саны екі есеге өсті және 18.2 млн  адамға жетті. Одан да жоғары жылдамдықпен Интернет трафигі (180 % жылына) өсті. Интернет қызметтерінің нарығы төрт есе өсіп, 120 млн долл жетті, ал Интернет қолданушыларының саны 10 млн адам болды.

Жаңа  қызметтерге деген қоғамның талаптары  мен қажеттіліктері, трафиктің өсуі желі құрылымының идеологиясының әр 10 жыл сайын өзгеруіне алып келеді. Осылай 1980 жылдарда оптикалық талшықты технологиялар, аналогты сымсыз желілер  пайда болды, Х.25 стандарттарының  негізінде желілер кең дамыды. 1990 жылдарда толқын ұзындығы бойынша  тығыздауы мен бөлуі бар мультиплексирлеуге негізделген оптикалық технлологиялар жоғары жылдамдықпен дамыды, екінші сатыдағы ұялы байланыс желілері құрылды және орнатыла бастады, Интернетті коммерциялық қосымшаларда қолдану кең етек алды.

Бүгінде біз келесі саты желілері жөнінде  сөз етеміз, дәстүрлі байланыс желілерімен  интеграцияны, ақырғы желі түйіндеріне  қызметті жеткізу функциясын шығару және тармақталған коммутациясы бар  универсалды транспортты желіні іске асыруды алдын ала болжайтынжелілік шешімдердің унификациясы есебінен жаңа қызмет құру жекешелендіру және бақылау бойынша кең мүмкіндіктері бар шектелмеген қызметтер жиынын қамтамасыз етуші байланыс желілерін құру концепциясы ретінде анықталады.

Мультисервисті  желілердің негізгі артықшылықтары – ол арналардың өткізу мүмкіндіктерінің ықшамдалған түрдң қолданылуы және бір құрылғыда бірнеше функцияларды біріктіру есебінен глобальді желілерге  қол жеткізу құрылғысында, жалдағанда үнемдеу, сондай ақ  дыбысты пакетті  тарату нәтижесінде мүмкін болатын  қосымша сервистер.

Берілген  дипломдық жобада магистраль Тараз  қаласы үшін Gigabit Ethernet технологиясы, ал қол жеткізу желісі үшін xDSL технологияларының  негізінде мультисервисті желі құру мәселесі қаралуда. Желі құрылымы шешімінің  магистральді бөлімі жоғары өткізу мүмкіндігін  қамтамасыз ететін оптикалық гигабитті  интерфейстері бар басқарылатын коммутаторлар негізінде іске асырылады. ZyXEL IES-2000/3000 концентраторларының DSL базасында бөлінген арна бойынша қол жектізу ұйымдастырылады.

Жұмыс бүгінгі  күнде Қазақстанда және бүкіл  әлемде өзекті болып табылады, өйткені  қолданушылар үшін бір провайдерден әр түрлі қызмет түрлерін бір уақытта  алуға деген қызығушылығы мен  қажеттілігі туындап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Тапсырманың мақсаты және мультисервисті желі құру принциптері

 

    1. Мультисервисті желілерге қойылатын негізгі талаптар

 

 

Бүгінгі күні телекоммуникациялық операторларға  түрлі трафиктер тасымалдау және қызметтердің кең спектрін ұсынуда  тұтынушылардың сұраныста-рын қанағаттандыруға тура келеді. Осылардың ішіндегі ең талап етілетіндері:

    • дәстүрлі телефон трафигінің таратылуы;
    • магистральді арналар арқылы Интернет трафигін тарату және Ин-тернетке қосылуды ұйымдастыру;
    • жергілікті желілерді біріктіру, бірлескен желілердің трафигін тарату;
    • видеоконференция ұйымдастыру және IP-телефония трафигін тарату.

Берілгенедерді  тасымалдау арналары бір қызмет түрін  үсынуға тура келсе, екінші түрін  ұсынуға келмейді. Ұсынылатын қызметтердің көлемінің өсуі нәтижесінде операторлар  мен провайдерлер бірнеше желі түрлерін жетіл-діруге мәжбүр. Бұл үлкен көлемде  шығынды талап етеді және жиі  кеждесетін техникалық қиындықтарға байланысты. Сол уақытта осы қызметтерді  ұсы-натын операторлар мен интернет провайдерлер арасында бәсекелестік өсті. Кеңігі уақытта мультисервисті желілер  үлкен әйгілілік алуда.

Мультисервисті  желі–трафиктің түрлі типтерінің берілгендерін  тарату үшін бір арна қолданылатын инфраструктура. Ол жабдықтау типтерінің әр түрлілігін азайтуға, бір стандарттарды  және бір кабельді желілерді қолдану-ға, қызмет көрсетудің кең спектрін ұсыну  үшін  коммуникациялық ортасын  орталықтандырылған түрде басқару  мүмкіндік береді .

Мультисервисті  желіні құру ұсынылатын қызметтердің түрлерін анық-таудан басталады. Ең алғашқы  кезекте оператор қандай қызметтерді  ұсына-тынын анықтап шешу керек, берілген уақыт үшін әр түрлі трафик түрлерінің қатынастарын бағалау және жақын арадағы болашақтағы жағдайды болжау, желі орнататын технологияны таңдау керек.

Магистральді  технологияны таңдау

Қазіргі уақыттағы  транспорттық магистраль келесі талаптарға сәйкес келуі керек :

    • масштабталуы, маңызды өсу шегінің мүмкіндік есебімен желіні дамытуды қамтамасыз ету;
    • берілгендерді таратудың жоғары жылдамдығы;
    • басқарылуы;
    • сенімділік және сақтау мүмкіндігі;
    • Ақпарат қауіпсіздігі;
    • талап етілетін тарату жолағын қамтамасыз ету;
    • тұтынушыға қызмет көрсетудің талап етілетін сапасын қамтамасыз ету.

Магистральдің маңызды сипаттамасы оның бойлығы. Оптикалық кабель осындай желілер  үшін берілгендерді тасымалдаудың  таңдаулы ортасы. Бірақ түрлі жағдайларда  радиорелейлі және инфрақызыл сызықтарын қолдану тиімді. Технология және желі құру нұсқаларын таңдағанда экономикалық тиімділігіне көңіл бөлу керек . Оны  тасымалданатын ақпараттың бірлігінен шешіп бағалауға болады. Базалық  магистральді технологияларға бүгінгі  күні келесі технологиялар жатады:

    • DWDM
    • SDH
    • ATM
    • POS (Packet Over SONET)
    • DPT (Dynamic Pocket Transport - реализованная Cisco Systems технология RPR)
    • Fast/Gigabit Ethernet

Қол жеткізу технологиясын таңдау

Қол жеткізу  желісіне 50% пен 80% арасында құрал бөлінеді, сондықтан тех-нологияны дұрыс таңдау мен желіні құру нұсқалары аса маңызды. Абонент-тік қол жеткізудің технологиясын таңдауға әсер ететін факторлар келесі:

Бір абонентке  шаққандағы қосылу бағасы.

Қосылу қарапайымдылығы  –абонент үшін  қосылудың қол  жетімділігін, абоненттерді жылдам қосуды анықтайтын фактор.Абонентке жеткілікті өткізу жолағы немесе берілгендерді  тасымалдау жылдамдығы. Тұтынушыларға  қызмет көрсетудің талап етілген  сапасын қамтамасыз ету. Қазіргі  кабельді инфрақұрылым  - коаксиальді  кабель, витая пара, телефон сымы, оптикалық талшық және т.б.

Информация о работе Тараз каласында мультисервисти жели куру