Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 09:12, реферат

Описание работы

Қалалық байланыс желілерінде оптикалық кабель көп қолдануда. Себебі оптикалы-талшықты кабель арқылы байланыс ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағытының бірі болып табылады. Оптикалық кабельдер мен жүйелер тек қалалық және қалааралық байланысты ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар кабельді телевидения, видеотелефония, радиотарату, есептеуіш техникада, корпоративті желілердің технологиялық байланысында қолданылады.

Файлы: 1 файл

Айдар 103.doc

— 574.50 Кб (Скачать файл)

 

Бұл кестеде көрсетілген  кез-келген модуль электрлі жақтауы бар платаның ажырамас бөлігі болып саналады. Егер плата оптикалық болса оған модулдің қажеті болмайды. Оптикалық интерфейстер платаға тікелей орналастырылған.

XCS платалары

 

Элементтің синхронизациясы және кросс-коннекторлар айналу режиміндегі XCS платаларымен іске асырылады. Яғни екі платалары да бір режимде жұмыс істеп, бірдей әрекеттерді орындайды. Егер бір плата істен шықса, онда автоматты түрде барлық жүктемені өзімен бірге алып кетеді. Платаның жалпы жұмысы 3.2 суретте көрсетілген. Көрсетілген блок схемадан кросс-коннекторлар платасы 128 STM-1 арнасын өңдеуге, яғни 32 STM-1 –ді түрлендіру арқылы локальді станция шығаруға болады.

 

2.2 сурет. Кросс-коммутатордың блок-схемасының жұмыс істеуі

 

SCC платалары 

 

SCC платасы (System Control and Communication Unit) – басқару жүйесімен қосушы және бақылаушы плата. Бұл плата ақпараттармен алмасу, яғни желілік элемент басқару орталығынан қабылдап және таратып отырады, сонымен қатар бұл плата кіріс сигналдарды қабылдап, басқару орталығы мен басқару панелінде дұрыстайды.  SCC платасының құрылымдық және функционалдық сұлбасы  3.3 және 3.4 суреттерде келтірілген. SCC платасы барлық мультиплексор платаларынан сигналдарды қабылдайды. DCC (data communication channel) жүйесімен басқару байты  MS және RS секция жүйесінде есептелінеді. Процессормен байттарды талдап болғаннан соң  сигналдар PMCU платасындағы сәйкес интерфейстерге беріледі:

NM – жүйемен басқару, басқару орталығына T2000 транспорттық желісімен беріледі;

  • F&f – қолданушы арнасы;.
  • Alarm – ішкі сигнализацияға шығу;
  • OAM – телефонды қызметтік байланысқа қосу.  

 

 

 

 

 

2.3 сурет – SCС жұмысының құрылымдық сұлбасы.

 

 

Сурет 2.4 – SCC платаларының жұмыс істеуінің функциональды сұлбасы.

 

BPIU қоректендіру блогы

 

OptiX Metro 3100 мультиплексорының корпусының барлық элементтері BPIU блогынан қоректендіріледі, яғни кіріс кернеуінен  минус 48В-та жұмыс істейді. Қоректендіру блоктары әртүрлі қоректендіру көздерінен  1+1 режимінде жұмыс істейді. Егер бір корек көзі істен шыққан жағдайда екіншісі арқылы қоректене береді.  BPIU қоректендіру блогымен бақылау немесе басқарудың сұлбасы  3.5 суретте көрсетілген.

 

 

2.5 сурет. BPIU платасының жұмыс істеу сұлбасы

 

Авариялар төрт диапазон бойынша бақыланады:

  • Кернеу 38,4В жоғары, ал 42В кіші болғанда бірінші диапазон;
  • Кернеу 38,4В кіші болғанда екінші диапазон;
  • Кернеу 60В жоғары, 72В кіші болғанда үшінші диапазон;
  • Кернеу 72В жоғары болғанда төртінші диапазон.

   

PMCU платасы

 

 

PMCU платасы мультиплексордың жоғары қатарындағы 13 слотқа орналастырылып, қоректендіруді, температураны бақылап,  SCC сигналдары қабылдап сигнализация панеліне жібереді және қызмет көрсетіліп отырған персоналға өзіне ішкі сигнализацияны орнатуына мүмкіндік береді.

PDH платалары

 

Е1 арнасын таратуды іске асыратын платалар сериясынан жобаның іске асуы үшін PD1 платасына бірнеше себептер бойынша тоқтала өтеміз: біріншіден басқа PDH платаларымен салыстырғанда бұл плата 32 – Е1 арна саны  аз, екіншіден көптеген станцияларда соның ішінде шығарылатындарында үлкен ағын саны қажет етілмейді. Е1 интерфейсінің платасының функционалды модулі 2.6 суретте көрсетілген.

 

 

2.6 сурет. Е1 интерфейсінің функционалды модулі

 

Бұл суретте тізбектелген процестердің қатары қарастырылған. PPI – физикалық интерфейсі, LPA – бейімделудің төменгі деңгейі, LPT – аяқталудың төменгі деңгейі, HPA – бейімделудің жоғары деңгейі. Физикалық деңгейде біз C-12 деңгейлі контейнерін аламыз. Төмен деңгейлерінде VC-12 дейін байттар қосылады. Ал жоғары деңгейде виртуальді контейнердің  TU-12 трибутарлы блокқа VC-4 виртуальді контейнерін тізбектей жіберу арқылы түрленеді. PDH платаларының барлық Metro 3100 жүйесімен өзара әрекеттілігінің сұлбасы 2.7 суретте көрсетілген.

 

 

2.7 сурет – Жалпы жүйе бойынша PD1, PQ1, PM1 платаларының өзара әрекеттілігі

 

Ең алдымен HDB3 сызықтық сигналды кодтау/декодтау іске асырылады. Әрі қарай Е1 сигналын VC-4-ке сигналды қайта жіберу арқылы XSC блок матрицасында ерекшелеу/қосу әрекеті іске асырылады. Бұл процесте синхронизация блогымен қосу мүмкіншілігі бар, егер Е1 ағыны синхронизация көзі ретінде алынса. Сонымен қатар SCC платасының жұмыс мүмкіншілігі жайлы сұрастырылады.

2.8 суретте бұл процестерде қандай авариялар бақыланатыны көрсетілген.

SDH платалары

 

SDH-тің барлық оптикалық платалары қатарынан тек қана деңгей платаларын қарастырамыз.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.8 сурет. PD1, PQ1, PM1 платаларында пайда болған авариялар

 

STM-1 және STM-4 толқын ұзындығы 1310 нм тең болатын қысқа прогоны бар, яғни шеңбер элементтерінің арақашықтығы 5 шақырымнана аспайды. ITU-T стандарты бойынша қысқа прогон 15 км аспауы керек. Шеңбердің толықтай жұмыс істеуі үшін әрбір платаға STM-1 үшінде STM-4 үшін де екі оптикалық интерфейс қажет. Осы көрсетілген шарттарға SD1 және SD4 платалары сәйкес келеді. 2.9 суретте осы платалардың жұмыс істеу сұлбасы көрсетілген. Оптикалық сигнал жүйе кірісіне түседі де оптикалық сигнал электрлік сигналға түрленеді. Электрлік сигналға мәліметтер сигналы мен синхронизация сигналы бөлінеді.  Сонымен қатар оптикалық кабель бойынша өтетін сигналдың жоқтығы бақыланады. Әрі қарай сигнал фрейманы синхрондайтын және скрембирлеуіне жауап беретін құрылғыға түседі онда сонымен қатар SOH және POH байттары есептелінеді. Трибутарлы жүктеме BUS interface арқылы XSC матрица платасына түседі. D1-D12 басқару байттары мен бақылау байттары микропроцессор арқылы SCC платасына тікелей түседі. STM сигналының түрленуінің әр этабында авариялардың пайда болуының сұлбасы 2.10 суретте көрсетілген.

 

 

 

2.9 сурет. SD1 және SD4 оптикалық платалардың жұмыс істеу сұлбасы.

 

 

 

 

2.10 сурет.  SD1 және SD4 платаларымен жұмыс істегенде бақыланатын авариялар.  

 

Желіні басқару орталығы негізінде мен SUN құрылғысында жұмыс істейтін OptiX iManager  T2000 ұсынар едім. Басқару орталығын сақинаның ең негізгі станциясына орнатқан дұрыс деп ойлаймын. Мультиплексорды қосудың логикалық сұлбасын құрастырып болғаннан соң, оптикалық кабельді төсеудің географиялық сұлбасына өтуге болады.

Т2000 басқару орталығы

 

Тасымалдау желісі арқылы Huawei T2000 басқару орталығы екі платформада Windows 98/ME/2000/XP және  Unix жүйесінің Soliaris 8 іске асыруға болады. Windows ОЖ кең таралған әрі Қазақтелекомның кез – келген қызметшісіне белгілі болғандықтан осы жүйеде қаламыз.

Басқару орталығы Ethernet 10/100 порттары арқылы UTP – дің төрт жұпты кабелі арқылы байланысады. Басқару орталығы орталық АТС орналасады, өйткені онда тәулік бойы желіні басқаратын және бақылайтын SDH операторлары болады.

Өшірілген желі арқылы басқару  тасымалдау желісінің басқару орталығындағы компьютер бірі – мультиплексорлар желісіндегі IP адрес ретінде, ал екіншісі – корпоративті немесе басқа желіге арналған екі тәуелсіз  IP адрестерінен құралған.

Басқару орталығы терезелі режимде  жұмыс істейді. Бір терезені мысал  ретінде 2.11 суретте келтіргенбіз.

Төменде Т2000 – нің негізгі мүмкіншіліктері көрсетілген:

  • Желі элементтерін және олардың өзара байланысын жалпы картада көрсету;
  • әрбір элементтің құрамы мен конфигурациясы;
  • болған аварияларды тарихын көру және сол авариялардың критикалық суретін көрудің үшдеңгейлілігі;
  • байланыс жолдары мен жаңа элементтерді құрастыру, элемент платасын қосу және алып тастау;
  • төртдеңгейлі синхронизациялы басқару;
  • әртүрлі деңгейлі ағындарды құрастыру, өшіру және саралау;
  • оптикалық байланыс жолдарын жүктеу барысында әрбір VC-4 – ті бөлек етіп көрсетуі;
  • орнатылған аппараттарда аварияларды орнату;
  • желі қауіпсіздігін бақылау;  

 

2.11 сурет.  Т2000 жүйесінің бір терезесі мысал ретінде көрсетілген

 

 

  • создание рабочих групп с запретами и разрешениями на то или иное действие;
  • удаленное управление сетью, посредством модема и непосредственно по сети;
  • управление байтами служебной связи и байтами D1-D12;
  • выставление порогов срабатывания аварий и многое другое.

 

 

 

      1. SDH желісінің құрамы 

 

SDH желісі кез келген  басқа желі сияқты  жиынтығы  шектелген жеке функционалды  модульдерден құралады: мультиплексорлар, коммутаторлар, концентраторлар, регенераторлар және терминалды жабдықтар. Бұл жиын желі шешетін негізгі функционалды міндеттерімен анықталады:

  • SDH желісінде транспортталу үшін жарамды агрегатты блокқа қол жеткізетін арналар арқылы кіріс ағындарын жинау – қол жеткізу желісінің терминалды мультиплексорлары шешетін мультиплекстеудің міндеті;
  • кіріс/шығыс ағындарының енгізу/шығару мүмкіндігі болатын агрегатты блоктарды желі бойынша транспорттау – енгізу/шығару мультиплексорлары шешетін транспорттау енгізу/шығару мультиплексорлары шешетін транспорттаудың міндеті, басқаша АDМ – желідегі ақпараттық ағынды логикалық түрде басқарады, ал физикалық түрде осы желіде транспортты арнаны түзетін физикалық ортадағы ағынды басқарады;
  • таратқыш торапқа бірнеше бір типті ағындарды біріктіру концентраторлар (хаб) шешетін концентрация міндеті;
  • үлкен қашықтықтарға берілетін сигналдың формасы мен амплитудасын қалыпқа келтіріп (регенерация), оның өшулігін компенсациялау үшін LAN-дағы қайталағыштарға ұқсас құрылғылар, яғни регенераторлардың көмегімен шешілетін регенерация қолданылады;
  • қолданушының  желісі мен SDH желінің байланысуы – шеткі жабдықтың көмегімен шешіледі, мысалы әртүрлі орайластырушы құрылғылар, соның ішінде интерфейстер конверторы, жылдамдықтарының конверторы және т.б.
  • Желінің бөлінген тараптарында жүзеге асырылатын виртуалды контейнерлерді маршрутизация еұлбасына сәйкес бір сегменттен басқаға аса жүктеу цифрлық коммутаторлардың немесе ДХС крос-коммутаторлардың көмегімен шешілетін коммутацияның міндеті болып табылады.  

 

 

 

 


Информация о работе Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау