Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 09:47, реферат

Описание работы

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Олай болса алгоритм дегеніміз не?Алгоритм атауы араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл – Хорезми(763-850) есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан.Ол санаудың ондық жүйесінде көп орвынды сандар мен ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған.Әл-Хорзми көп орынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды.Оның ұсынған тәсілін жақтаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Алгоритм- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Файлы: 1 файл

Алгоритм реферат.doc

— 134.00 Кб (Скачать файл)

Алгоритмнің бірінен  кейін бірі орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін бірнеше командасының тізбегін серия деп атайды.

     Алгоритм  тақырыбынан кейінгі бөлігі алгоритм тұлғасы деп аталады, ол басы және соңы түйінді сөздерімен шектеліп тұрады. Сонымен, айтылған ережеге сәйкес алгоритімнің жалпы өрнектелуі мынадай болады:

алг алгоритмнің атауы

арг А, В, С, D, X

нәт Y, R1, R2

басы

    Алгоритм  командалары

   .......

    Соңы

      Алгоритм командалары есеп шартына  байланысты жай және құрама командалардан тұрады.

Жай команда.  Кез-келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің бір қарапайым операциясын орындайтын жай командадан тұрады.Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.

Құрама  командалар.  Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құалады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрамалардан тұрады.

 Алгоритмнің  құрылымы:

1.Сызықтық  немесе тізбекті алгоритм.сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок – схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

 Мысалы:

  алг үй тапсырмасын орындау

  басы

   

        Күнделікті алу

        тиісті бетін ашу, үй тапсырмасын  анықтау

       үй тапсырмасын орындау

       күнделікті орнына қою

 соңы


 



 



 


 


 



 



 

 

2.Тармақталу алгоритмдері.Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифмети-калық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орын- далса , онда алгоритм бір тармақпен , ал орындалмаса екінші тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритм- дерде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритм- дік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері пайдаланы- лады. Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау» және «аттап өту» болып екі түрге бөлінеді.

егер  шарт


        онда  1- серия                                         иә                                                     жоқ


        әйтпесе 2- серия

бітті


 


 

 


 

3.Күрделі  тармақталу. Кейбір есепте үш және одан көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін сөздер кездеседі. Гегр мүмкіндік саны үштен артық болса, онда көбінесе «таңдау» немесе «таңдау-әйтпесе» құрылымы қолданылады.

4.Күрделі шарттар пайдалану.Қатынас таңбалары (>, <, = , < >)бар шарттар логикалық айнымалылыар ретінде қарастырылады да, олар шарт орындалса, АҚИҚАТ мәніне ие болады, ал ол орындалмаса – ЖАЛҒАН мәнін қабылдайды.

5.Циклдік  алгоритмдер. Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше, цикл, басы және цикл соңы түйінді сөздері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қойылатын шарт, ал цикл басы мен цикл соңы түйінді сөздері арасындағы цикл аздап оңға ығыстырылып жазылады, олай ығыстыру қайталанылатын командалардың орындалу реттілігін түсінуді оңайлатады.

   Қайталану санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді.Қайталану саны алдын ала белгілі цикл – арифметика- лық цикл деп, ал орындалу саны белгісіз цикл- қадамдық цикл деп аталады.

6.Арифметикалық  цикл. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және практикада жиі қолданылады. Қайталану барысында цикл параметрі арифметикалық прогрессяның заңы бойынша тұрақты шамаға өзгеріп отырады.

7.Итерациялық  цикл.Цикл орындалмас бұрын, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда, итерациялық цикл пайдаланылады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі. Егер шарт орындалмаса, онда қайталану командасы орындалады.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

 

  1. Г. Мадиярова ,. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б.,  «Информатика» жалпы білі беретін мектептерге арналған оқулық.  – Алматы , МЕКТЕП, 2005

Информация о работе Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру