Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 10:33, реферат
Delphi - жаңа программаны өңдеуге арналған инструменттер жиынтығының интегралданған IDE (Integated Development Environment ) ортасы болып табылады. Обьектілі - бағдарланған пргограммалау технологиясын RAP – Rapid Application Development (қосымшаларды жылдам құру ортасы) жылдам құру жүйесінің негізіне жатқызады.
Delphi программасымен көптеген жұмыстар атқаруға болады.
Кіріспе
I. Delphi ортасымен танысу
Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама
Пиктографиялық батырмалар
Терезелерді түзету
Delphi ортасының компоненттер политрасы
1.5. Формалар терезесі
1.6. Обьектілер тармағының терезесі
1.7. Обектілер инспекторының терезесі
1.8. Программалар коды терезесі
II. тарау. Визуалды программалау негіздері
2.1. Бос форма және оны түрлендіру
2.2. Delphi- ді баптау
2.3. Форманың қасиеттерін өзгерту
2.4. Формаға жаңа компоненттер орналастыру
2.5. Оқиғаға жауапты қалыптастыру
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Программалар жобасымен жұмыс істеу процесінде формалар мен модульдер жиындығын құру қажет. Бұл мәліметтерді жеке папкада файлдар түрінде сақтаған дұрыс . оның ішінде өзіңіздің жұмыс папкаңызды құруға болады.
Екіншіден , Delphi ортасының стандартты келтірілген күйіне өзгеріс енгізу қажет.
Ол үшін Tools/Environment Options менюін таңдаңыз,пайда болған сұхбат терезесінде Preferences бетінің екпінді екеніне назар аударыңыз. Осы беттің сол жақ жоғарғы бұрышында Autosave Options тобында <Editor Files>және <Desktop> деген ауыстырып қосқыштары бар. Ауыстырып қосқыштарды екпінді жасау программа коды терезесінің мәтінін және Delphi терезесінің жалпы орналасуын автоматты түрде сақтайды. Бұл программаны жоғалудан қорғайды. Тышқанмен белгілеу арқылы осы ауыстырып қосқыштарды екпінді жасайды. Компиляция барысын қадағалап отыру үшін Compiling және Running тобындағы Show Compiler Progress ауыстырып қосқышын екпінді жасаңыз. Сондай ақ, программа кодына түсіндірмені мәтін фрагменттерін сақтауға болады, ол программа жұмысына әсер етпейді,бірақ оның мәтінін түсінікті етіп көрсетеді. Мәтін шығару үшін шрифті тағайындау қажет.
Сонымен, Delphi ортасындағы программа үш кезеңнен өтеді:
Компиляция компоновка орындау.
Компиляция кезеңінде код терезесінде дайындалған программа мәтіні Object Pascal тіліне ауыстырылады. Компоновка кезеңінде қажетті қосалқы программалар қосылады,ал орындау кезеңінде дайын программа жедел жадыға шақырылып,орындалуға жіберіледі.
F9 клавишін басқаннан кейін
Save Unit 1 As сұхбат терезесі пайда
болады , яғни Delphi Unit 1.pas модулі үшін
файлдың аты мен ол
Delphi-дегі атаулар. Delphi-дегі атау
латын әріптерінен
басталатын әріптер,цифрлар
Жаңа форма құрғанда модуль құрылады. Программаны компиляциялау кезінде Delphi заты.PAS, .DFM және .DCU болып келген файлдарды әрбір модуль үшін құрады:.PAS файл программа коды терезесіндегі мәтін көшірмесінен тұрады;-.DFM Заты файлында форма терезесінің мазмұны сақталады; ал .DCU файлында екі файлдан алынған мәтінді машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесісақталады. .DCU компилятормен құралады және ол компоновщиктің жұмысы үшін қажетті базаны береді. Одан кейін ол заты .EXE болып келген бір тұтас шақырылатын файлға түрленеді. Енді программаны түрлендіріп көрейік, алдымен терезе тақырыбын өзгертейік. Алғаш Delphi жүйесіне кіргеннен кейін,терезе тақырыбы форма тақырыбына сәйкес келеді. Тақырыпты өзгерту үшін обьектілер инспекторы терезесіне баруы қажет.Form 1 программасының терезесін жабыңыз. Обьектілер инспекторы терезесінің Caption жолын тышқанмен белгілеңіз. Осы жолдан оң жақ баған мәтінімен ерекшеленеді және ерекшеленгеннің оң жағында жыпылықтаған курсор болады. Клавиатураны кириллицаға ауыстырып, “программа” деп жазыңыз, одан кейін F9 - ды басыңыз прогрмманың бұл орындалуы - тақырыбы “программа” деп аталатын терезені құру. Обьектілер инспекторы терезесі арқылы программалар терезесінің бір қасиетін- тақырыбын өзгертік. Дәл осындай формалардың кез келген қасиетін өзгертуге болады.
2.4. Формаға жаңа компоненттер орналастыру
Формаға жаңа компоненттер орналастыруды қарастырайық. Ол үшін алдымен орналасатын компонентті таңдауы қажет. Одан кейін форма терезесіндегі компонент орналасатын орынды тышқанмен белгілеу жеткілікті.
Енді прграммалар терезесіне әртүрлі жазжуларды, түсіндірмелерді орналастыруға арналған Label компонентін орналастырайық. Алдымен компоненттер палитрасынан Standard бетінің ашылғанына көз жеткізу қажет. Курсорды әрбір компонентің үстінен жүргізгенде оның аты жазылады. Компоненттер политрасына курсорды келтіріп ,тышқанмен белгілейміз,одан кейін форма терезесінің белгінің орнын көрсетеміз.
Жаңа компоненттің
стандартты аты Label 1 , батырмадағы
жазудың да аты осындай болады.
Обьектілер Инспекторы
Енді жазудың түсі мен шрифті өзгертейік. Ол үшін обьектілер Инспекторы терезесіндегі Font қасиетін тышқанмен белгілейік,батырманың көмегімен жолдың оң бөлігінен шрифті түзететін сұхбат терезесі ашылады. Size тізімінен шрифтің өлшемін 24, Color тізімінен қажетті түстің таңдаймыз. OK батырмасымен терезені жабамыз. Форма терезесіндегі компоненттегі жазу өзгертуге сәйкес қасиетін өзгертеді.
2.5. Оқиғаға жауапты қалыптастыру
1. Формаларды түрлендіру. Алғашқы программаға кезекті түрлендіруді жасайық: формаға тағы бір компонент орналастырайық. Мысылы батырманы алайық,ол тышқанның оң жақ батырмасын басуға байланысты оқиғаға жауап беретін болсын. Батырма компоненті standard бетінде компоненттер палитрасында ok пиктограммасымен бейнеленеді. Бұл компонент форма терезесіне белгінің төмен жағына орналастырайық.
2. OnClick оқиғасын өңдеуші. тышқанның сол жақ батырмасын басқанда жұмыс істеп тұрған программада OnClick оқиғасы пайда болады. әзір бұл оқиға программамен ешқандай өңделмейді,сондықтан батырманы басу ешқандай нәтиже бермейді. Батырма басылғанда жауап беруді жүзеге асыру үшін ObjectPascal тілінде программа фрагменттін жазу қажет,ол оқиғаны өңдеуші деп аталады. Бұл фрагментте программист батырма басылғанда программаның не істейтінін көрсететін мәтіндік жолдар тізбегі жазылады. Фрагмент ObjectPascal дің арнайы қосалқы программасы процедура түрінде өрнектеледі.
Delphi OnClick оқиғасын өңдеу процедурасына дайындықты өз бетімен жасау үшін компонентті тышқанмен жылдам екі рет белгілеу қажет. Нәтижесінде Код терезесіне төмендегідей мәтін фрагментті болады:
Procedure Tform1.Button1 click(Sender:Tobject);
Begin
End;
Енді фрагментті талдайық. Procedure сөзі компиляторға қосалқы програма - процедураның басы жөнінде хабарлайды. Delphi ортасында сондай - ақ,қосалқы программа функция пайдаланылуы мүмкін,бұл жағдайда Function сөзі пайдаланылады. Одан кейін: Tform1Button1Click процедурасының аты жажзылған. Атау құрама сөзден тұрады: Tform1-класс атауы; Button1Click прцедурасының атауы.
Begin сөзі компиляторға
Қортынды
Қорта келгенде, программалау тілдерін жақсы меңгере отырып, Delphi, Borland Pascal, Visual Basic, C++ орталарында әртүрлі программалар құруды білу.
Программалау ісекрлігін
Delphi программалау жүйесінде
Пайдаланған әдебиеттер
1. Халықова. К.З., Бостанов Б.,Тұрғанбаева А. Обьектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері. Оқу құралы. Абай ат. ҚазНПУ. Алматы,20057 -301 б.
2. Халықова. К.З., Паскаль тілінде программалау. Оқу құралы.абай ат.АлМУ. Алматы, 2002. -210 б.
3. Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Жаратылыстану бағытындағы мектептерде информатиканы бағалап оқыту. Вестник ҚазНПУ им.Абая. N2 (16)6 2006.
4. Халықова. К.З., Э.Ж.Төлеген Жалпы
білім беретін орта мектептің
кәсіптік бағдарлы курсында Delphi
жүйесін оқытудың
5. Давыдова Е.В. Скородумов И.А., Балаханов
В.А. Создание базовых элементов интерфейса
Windows программы в среде Delphi .Информатика
и образование. № 4,5,6. 2002.
6. М.Фленов.библия Delphi . Сакт - Петербург “БХВ -Петербург”, 2004. -880 с.:ил.
7. Культин Н. Delphi 3 . Программирование на Object Pascal. Сакт – Петербург, 1998. – 304 с.
8. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996. - 152 с.
9. В. Фаронов. Обьектно риентирование среда Delphi. Версия 6. Учебное пособие. “Русская редакция”, 2002 .
10. Халықова. К.З., Бостанов Б.,Тұрғанбаева А. Программалау тілдерін оқыту. Delphi ортасы: Оқу құралы. ,Алматы:Print – S, 2005. – 250 б .
11. Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Object Pascal тілі. Delphi ортасы: Оқу әдістемелік құралы. Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2008 .- 220 бет.