MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2015 в 16:09, реферат

Описание работы

Ақпарат мемелекеттік даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айтып кету жеткілікті шығар.

Содержание работы

1. MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы
2. MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс істеу
3. MS DOS операциялық жүйесінде каталогтармен жұмыс істеу
4. MS DOS-та дискілермен жұмыс Қорытынды

Файлы: 1 файл

мс дос.docx

— 34.15 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе                                                                                                                                  Негізгі бөлім                                                                                                                   

1. MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы                                                                                      

2. MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс істеу                                                                      

3. MS DOS операциялық жүйесінде каталогтармен жұмыс істеу                                                                              

4. MS DOS-та дискілермен жұмыс                                                            Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

XXI ғасырдың бас кезіндегі  адамзаттың даму процесі информациялық  қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат  және оны өңдеу ұғымымен анықталады.                                                              

Ақпарат мемелекеттік даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айтып кету жеткілікті шығар.

DOS-деген сөз дискілік  операциялық жүйе дегенді білдіреді, MS операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атауының қысқартылуы.   Операциялық жүйе компьютердің  барлық құрылғыларының жұмысын  және программа жасауды басқаруы  қажет. Ол компьютер мен адам  арасындағы байланысты қамтамасыз  етеді, бұл дегеніміз операциялық  жүйе компьютерді іске қосқан  кезде жүктелетін және оның  барлық құрылғыларының жұмысын  басқаратын арнайы программа.

Программа жүйесі деп компьютерде белгіленген әдіспен арнаулы әрекеттерді іске асыратын командалар жиынын атайды. Программалар жүйесі атқаратын міндеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: құралдар, қолданбалар программалар пакеті.

Операциялық жүйелер қолданушыны компьютердің барлық қорларын ыңғайлы және тиімді түрде басқару мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге арналған командалар жиыны. Мысалы: UNIX, MS DOS, CDOS, MSX және соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер -    WINDOWS программалары жатады.

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

1. MS DOS операциялық  жүйесі

 MS-DOS (Microsoft Disk Operating System) — дербес компьютердің аппараттық жасақтамаларын — процессорды, оның жедел жадын, дискілерді және шалғай құрылғыларды автоматты басқаруға арналған, Microsoft фирмасы жасаған дискідегі операциялық жүйе. Ол құрылғылар мен қолданбалы программалардың өзара байланысын, сондай-ақ осылармен жұмыс істеушінің оларды тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін программа болып табылады. 1981 жылдан бастап Intel процессорларымен жасақталған барлық дербес компьютерлерге арналған стандартты операциялык жүйе ретінде белгілі. MS DOS жүйесін осы күнгі кең таралған UNIX,Windows операциялық жүйелерінің негізі деп атауға да болады.           

MS DOS операциялық жүйесі  дискеттің немесе С: дискісініңтүпкі  каталогында орналасады, мынадай  бөліктерден (модульдерден) тұрады:

- BIOS модулі-компьютердің  тұрақты жадында жазылғанмәліметті  енгізі-шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан  заводта жазылып өшірілмей тұрақты  сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмысы істейтінін немесе істемейтінін тексеріп, ОС-тың мәлімет енгізіп-шығаруға байланысты атқарылатын қарапайым жұмысты атқарады;

- Операциялық жүйенің  жүктеуіші –бұл кішкентай ғана  программа операциялық жүйенің  компьютердің жедел жадында тұрақты  сақталатын қалған модульдерін  файлдардан  оқуды қамтамасыз  етеді;

- IO.SYS файлы сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер,байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық түрін атқарады;

-  MSDOS. SYS файлы жалпы  файлдар ашу ісін және ЭЕМ  жедел жадын басқарадыоған жедел  жадта қанша орын бос екені  бар екені белгілі болады;

- COMMAND COM командалық процессоры әрбір адамға қажет түрлі әрекеттерді орындайды, ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап  ОС-тың барлық резидентті немесе ішкі командаларының орындау ісін жүргізеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіде соларға сәйкес программаларды тауып, оны оқып бірден орындауға кіріседі. Команданы атқарып болған соң, оны жадтан өшіріп, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін, шақыру мәліметін шығарады.

- DOS-тың сыртқы немесе  кірме (транзитті) командалары операциялық  жүйемен бірге бөлек-бөлек файлдар түрінде берілетін программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар транзитті командалар ретінде әртүрлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т.с.с

- Құрылғылар драйверлері  – DOS жүйесін толықтырып, жаңадан  қосылған қлсылған шеткері құрылғыларды  басқару ісін орындайтын арнайы  программа. Драйверлер компьютердің  жедел жадына операциялық жүйемен  бірге оқылады да, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылып  тұрады. Операциялық жүйе жедел жадта жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық файл CONFIG.SYS оқылып құрылғылар драйверлері жедел жадта орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файлы оқылып, ол ісіне кіріседі. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXES.BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.

 

2. MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс істеу

Бұл топқа COPY, REN, DELETE, TYPE, DATE, TIME және тағы да сол сияқты программалар.

1. COPY – файлдарды көшіру  командасы. Файлдарды  көшіргенде файлдың бұрыңғы атын сақтап немесе атын өзгертіп көшіруге болады. Параметр ретінде қандай файл, қайдан, қайда, қандай атпен көшірілетін көрсетіледі. Жалпы түрде команда форматын былай көрсетуге болады.

COPY_<қайдан, нені>_<қайда>  

Файл атауларында оларды топтап орындауға мүмкіндік беретін нұсқа (* және ?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген, мысалы, 

а) C:\>copy_a:\*.*_c:   -A: дискісіндегі барлық файлдарды С: дискісіндегі жұмыс істеп тұрған ағымдағы каталогка көшіру;

ә)  C:\>copy_alla.bas_alma.bas – түрі  BAS болып келген ALLA атты файлды, өзі орналасқан каталогқа ALMA.BAS деген атпен көшіру;

б) C:\STUDENT/LEX>copy_a :port.txt – A: дискісіндегі port.txt файлын ағымдағы LEX каталогына өз атымен көшіру;

в) C:\>copy_con_proba.txt – пернелерден терген текстіі   PROBA.TXT файлына енгізу, бұл жағдайда PROBA.TXT деген жаңа файл пайда болады/ тексті теріп болғанды білдіретін белгі ретінде CTRL+Z және ENTER  пернелері қолданылады;

г) C:\>copy_talgat.txt4-con_talgat.txt – TALGAT.TXT файлының соңына пернелерден терген текст жолдарын қосу;

д)  С:\>copy_talgat.txt4+con_talgat.txt - TALGAT.TXT файлының бас жағына пернелерден терген текст жолдарын қосу. Бұл жағдайда нәтиже файл бастапқы файлдан бөтен атпен аталуы қажет;

е) С:\>copy_con_port.txt_prn -  текстік файлды қағазға басып алу;

ғ) С:\>copy_con_prn   - пернелерден терілген символдарды принтер арқылы қағазға басып шығару;

2. REN (RENEME) – файлдардың  аттарын өзгерту командасы, параметрлері  файлдардың екі және жаңа аттары, мысалы,

а) С:\>ren_port.txt_dora.txt - PORT.TXT  атты файлды  DORA.TXT   деген атқа ауыстыру;

б) С:\>ren*.doc_*.txt  -  ағымдағы    каталогтағы   DOC файлдардың бәрінің затын  TXT   деп өзгерту.

3. DEL (DELETE)  - ағымдағы немесе  каталогтағы файлды немесе файлдар  тобын өшіру командасы, мысалы,

а) С:\>del_alla.bas – ALLA.BAS файлын өшіру;

б) ) С:\>del_\basic\*.bas – BASIC каталогындағы заты BAS файлдардың бәрін жою.

в) ) С:\primer>del_*.* - PRIMER каталогындағы барлық файлдарды жою.

 

3. MS DOS операциялық жүйесінде каталогтармен жұмыс істеу

Каталогпен жұмыс істейтін командаларға DIR, CD, MD, RD командалары жатады.

1. DIR командасы  -  каталогтардың  және файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты  мен мерзімінің  тізімін береді. DIR  командасын қарапайым параметрсіз  қолданғанда экранда ағымдағы  каталогтың  мазмұнын шығарады.

Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін  DIR командасын және каталогтың атын жазса жеткілікті. Параметр деп түпкі каталогты немесе кез кедген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты айтады. Мысалы:

а)  C:\>dir_student  basic  - STUDENT каталогына кіретін BASIC ішкі каталогының ішкі мазмұнын экранға  шығарады;

б)  C:\STUDENT\BASIC>dir_*.basic  -  ағымдағы STUDENT\BASIC  каталогындағы аты BAS болып келетін барлық файлдардың атрибутының тізімін экранға шығарады;

в)  A:\>dir_alma.bas – ALMA.BAS файлының барлық атрибуттарын экранға шығарады.

Каталог мазмұнының тізімі үлкен болған жағдайда информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /Р параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған соң, информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру үшін кез келген пернені басу қажет.

2. MD (MAKE DIRECTORY  -  каталог  жасау)  -  ағымдағы кез-келген  каталог ішінен жаңа каталог  ашу командасы. Мысалы:

C:\>md_student – C  дискісінің  түпкі каталогынан  STUDENT атты  жаңа каталог ашу;

C:\>md_student\basic  C:\STUDENT>md_bas.c – STUDENT каталогынан    BASIC ішкі каталогын ашу.

3. RD (REMOVE DIRECTORY -  каталогты жою) - ішкі файлдары жоқ каталогтарды және ішкі каталаогтарды жою. Мысалы:

а)  C:\STUDEN\BASIC rd tecno2  –  STUDENT ішкі каталогының ішіндегі екінші дәрежелі BASIC атты ішкі каталогының үшінші дәрежелі tecno2 ішкі каталогын жою.

б)  C:\>rd_student\basic\tecno2 -  түпкі ағымда болған жағдайда  tecno2 каталогын жою;

4. CD (CHANGE DIRECTORY – каталог  ауыстыру)  бір каталогтан екінші  каталогка көшу командасы. Мысалы:

а)  C:\>cd_student\basic -  STUDENT  каталогынан BASIC атты ішкі каталогына көшу;

б)  C:\STUDEN\BASIC >   cd… BASIC ішкі каталогынан STUDENT каталгына көшу;

в)  C:\STUDEN\BASIC\TROP2> \ - басты каталогқа көшу;

г) C:\STUDEN\BASIC  cd..\lex  - BASIC каталогынан  STUDENT каталогына қайтып оралып  LEX каталогына көшу.

 

4. MS DOS-та дискілермен жұмыс

Файлды немесе буманы дискетке көшiру үшiн, ол алдын ала ақпарат жазуға дайындалған, яғни форматталған болуы керек. Пайдаланып жүрген дискеттi қайта форматтау кезiнде онда бұрын сақталған ақпараттар жойылып кететiнiн есте ұстаған жөн.

Дискжетекке дискеттi орналастырамыз да, мына командалардың бiрiн орындаймыз:

1.Format  a: — A: — дискісін форматтау.

2. Format  a: /s – А: дискісін форматтап, жүйелі дискета жасау.

Жүйелiк дискет жасау үшiн: жүйелiк файлдарды  дискiге  көшiру қатарын белгiлеу қажет. Жүйелiк дискет – операциялық жүйе жүктелетiн, жүйелiк файлдар жазылған дискет. Жүйелік файлдар құрамына —  COMMAND.COM, IO.SYS, MSDOS.SYS, AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS файлдары кіреді.

Дискетті көшіру үшін MS DOS ОЖ-де  DISKCOPY командасы қолданылады. Команда форматы:

diskcopy  (дискжетекJ  (дискжетекJ  (/V) (/M)

Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі.

Көшірілу режимдері:

/V – көшірілудің дұрыстығын көрсетеді;

/M – қатты дисктің көшірілу кезінде қолданылмауын қадағалайды.

Мысалы:

diskcopy  a:  b:  /v –A: дискжетегін  B:  дискжетегіне көшірілудің дұрыстығын тексере отырып көшіреді;

 

 

 

 

 

                                                   Қорытынды

Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланшуның машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОС не DOS ) деп те атайды.

DOS ОЖ-сі үш негізгі  операцияны орындайды: құрылғыларды  басқарады, программаларды басқарады  және командаларды орындайды. DOS-тың  құрылғыларды басқару қызметі  – принтерді, дисктерді, дисплейді, пернетақтаны және т.б – компьютердің  осы компоненттерінің дұрыс қызмет  атқаруы үшін барлығын іске  қосады. Тар мағынада бұл қызметі  құрылғыларға команда береді  және олардың берген кез-келген  қате хабарламасын жөндейді. Ал, кең мағынады кез-келген ОЖ ROM-BIOS-ты  негізгі кілттік компоненттердің  бірі ретінде қолданады. Жоғарғы  деңгейде ОЖ компьютер құрылғысын  басқару қызметін атқарады.

Информация о работе MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы