1. NGN желілерің басқа дәстүрлі
желілермен салыстыру (ТФОП)
NGN желілері — берілгендер
трафигі сөйлесу трафигінен маңызды, ал
компьютерлер телефоннан маңызды болған
кездегі цифрлік байланыстың даму деңгейінде
пайда болған техникалық шешім
NGN технологиясының
артықшылығы:
«ІР дыбыс үсті» (VoIP) технологиясы каналдар
коммутациялы жалпы қатынамды дәстүрлі
телефондық желіні айналып өтіп ІР желісі
бойынша дыбыстық шақыруларды тасымалдауға
мүмкіндік береді. VoIP желісі дыбысты экономды
түрде береді, өйткені ІР-телефондау технологиясы
қол жетімді өткізу жолағын тиімді пайдаланады
және сөйлесіп жатқан абоненттер арасында
міндетті ерекшеленген каналды талап
етпейді.
Осылайша, NGN – келесі дәуір байланысының
желісі – гетерогенді мультисервистік
желі. Желі қызмет көрсетудің әртүрлі
талаптары бар тарату трафиктері бар және
көрсетілген талаптарды қамтамасыз етеді.
NGN желілерінің мүмкіндіктері
жоғары, сондай-ақ NGN нарығы мықты
даму үстінде. NGN медиашлюздер қатынам
көмегімен жалпы пайдаланудың
телефондық желісімен, жалпы пайдаланудың
ұялы желісімен (PLMN; Public Land Mobile Network),
үшінші дәуір желісімен (3G; 3rd Generation), интернетпен
және басқада желілермен өзара қатынаса
алады.
ТФОП Абоненттік қолжеткізім(жалпы
қолданыстағы желіде ТФОП ) радиостандарттар
дамыған мемлекеттерде бұрыннан кең қолданыста.
Оның өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері
бар. Әсіресе, кабельдік инфраструктура
жоқ жерде тез арада байланысты аз шығындармен
орналастыруда таптырмайтын жол. Біздің
елімізде қазіргі кезде ауылдық жерлерді
телефондандыруда CDMA стандартты радиобайланыс
түрі кең қолдануда.
Көпстанциялы қатынау тәсілдерінің
негізгі үшеуі: FDMA, TDMA, CDMA.
FDMA - жиіліктік бөлінуімен көпшілік
қатынау. Барлық рұқсат етілген ауқымнан
абонентке өз жиілік жолағы беріледі,
бұл жолақты ол уақытының 100% -да қолдана
алады. Сөйтіп уақыттық фактор емес, тек
жиіліктегі айырмашылық абоненттерді
бөлуге (дифференциалдауға) қолданылады.
Бұндай жолдың артықшылығы бар: барлық
ақпарат «нақ осы уақытта» беріледі
TDMA – уақыттық бөлінуімен көпшілік
қатынау. TDMA стандарты қазіргі цифрлық
сымсыз байланыс жүйелерінде жиі қолданылуда.
Жиіліктік бөліну жүйелеріне қарағанда,
TDMA жүйесінің барлық абоненттері бір жиілік
ауқымында жұмыс істейді, бірақ әрқайсысы
қатынаудың уақыттық шектеулеріне ие.
Абоненттер саны көп болған сайын, олардың
әрқайсысына өз мәліметтерін беру мүмкіндігі
аз болады, сөйтіп әрқайсысы аз мәлімет
жібереді.
CDMA – кодтық бөлінуімен көпшілік
қатынау. Ортаның мұндай бөліну тәсілінде
әрбір пайдаланушыға жеке код беру арқылы
трафик арналары құрылады. Барлық абоненттер
үнемі арнаның бүкіл енің пайдаланады.
CDMA стандартын қолданған жағдайда, сигнал
жоғарғы бөгеттер кезінде де қабылдануы
мүмкін, бірақ оның тарату сапасы сол қалпы
немесе жоғарғы болады.
«Қазақтелеком» АҚ
ТМД елдерінің байланыс операторлары
арасында бірінші болып қалааралық желіде
жаңа ұрпақ желісін (NGN) кіргізді. NGN байланыс
желісінің дәстүрлі желіден айырмасы
IP технологиясы бойынша жұмыс істеуі.
NGN кіргізужаңғырту жүргізуге және жергілікті
байланыс желілерін тиімді және үнемді
тәсілмен кеңейтуге мүмкіндік береді.
1.Сұлба - Жаңа буының
желісі
SIP протоколы - қолданбалы
деңгейдегі мәтінге бағдарланған протокол,
түрлі байланыс сеанстарын, соның ішінде
мультимедиялық конференциялар, телефон
қосылыстарын, мультимедиялық ақпаратты
кеңхабарлық таратуды және пайдаланушыларды
түрлі қосымшалармен қосуды ұйымдастыруға, модификациялауға және аяқтауға
арналған.
NGN желісінің өте маңызды
компоненттерінің бірі мультисервистік
қатынау тораптары (MSAN) болып табылады.
SURPASS hiX5630 мультисервистік қатынау торабы -
10 слот бар жүйе, оған төмендегі абоненттік
желістік платаларға арналған 8 әмбебап
абоненттік слот кіреді: кез келген құрамдастықта 72xADSLII+,
48xSHDSL, 40xVDSL, 72xPOTS, 32xISDN, 16xFast Ethernet және 8xGigabit
Ethernet.
NGN желісінің тасымалдау
инфрақұрылымы ретінде Cisco Systems өндірген
Catalyst 7600 жабдығында құрылған IP/MPLS желісі
қолданылады. Аталған жобаны біздің компания
жүйелік интегратор - ABS компаниясының
мамандарымен бірлестікте әзірледі және орындады.
MPLS (Multi protocol Label Switching) -
таңбалар бойынша мульти протоколдық
коммутация) - деректер табыстау механизмі,
арналар коммутациясы бар желілердің
әртүрлі сипаттарын пакеттер коммутациясы
бар желілердің үстінен эмульдайды. MPLS
арналар коммутациясы бар желілердің
де, сондай-ақ пакеттер коммутациясы бар
желілердің де клиенттері үшін әмбебап
деректер табыстау қызметін қамтамасыз
ету мақсатында әзірленген. MPLS көмегімен
IP-пакеттер, ATM, SONET және Ethernet кадрлары секілді
алуан жаратылысты трафикті табыстауға болады.
NGN желісі абоненттердің
алдынан кең мүмкіншіліктер ашады - тек
қосымша байланыс қызметтерінің көп санын
пайдалануға ғана емес, сонымен бірге меншікті
қызметтерді құруға (Интернет арқылы қызметтерге
және бизнес абоненттер деңгейіндегі әкімгерлік,
бизнес абоненттердің топтары үшін трафикті
өлшеу және тарифтендіру) да мүмкіндік
береді. Соңғы жағдайда абонент әкімгер
ретінде болады және қосымша қызметтерді
ұйымдастыру үшін бірыңғай ақпараттық
ортаны пайдаланады. NGN желісінің енді бір
мүмкіндігі - нақты абонентке арналған қызметтерді
дербестендіру және тұтынушының күтісіне
сәйкес қызметтер жиынын қалыптастыру
болып табылады.
Жаңа буынның NGN желісінің
басқа маңызды артықшылықтарының қатарында -
деректер табыстаудың жоғары жылдамдығы, жылжымалылық
(пайдаланушының деректерге қатынауы
оның тұрған жерінен тәуелсіз жүзеге асырыла
алады), даралық (қызметтерге кез келген
уақытта қажетті көлемде және контент
беру пішімінде қатынауға болады), ортанқолдылық
(жарамды баға, қолданылатын жабдықтың
типіне қатысты икемділік).
NGN желісін дамытуды
сатылап жүргізу жоспарланып отыр. 2006 жылы
қызметтердің төмендегідей түрлері ұсынылады:
ортақ пайдаланыстағы, қалааралық және халықаралық
байланыстың телефон желісіне қатынау,
қосымша қызметтердің негізгі пакеті
(Basic Centrex). 2007 жылдан бастап қосымша қызметтер
түрлерін сатылап енгізу жоспарланған.
Астана қаласында NGN
желісін іске пайдалануға қосу «KazTransCom»
АҚ-на тарифтерді төмендету және Интернет
желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерін
жаппай енгізу тұрғысынан Қазақстан Премьер-министрінің бүгінгі
тапсырмасына және ҚР Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі жүргізетін іс-шараларға сай
міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді.
2.NGN желісі неден
тұрады,схемалары, компоненттері
NGN желісі әртүрлі желілерді топтастырады.
NGN желісінде Интернет хаттамалары (мысалы,
IP, TCP, UDP, FTP, HTTP, SMTP және т.б.) және ТфОП хаттамалары
(мысалы, ОКС7, EDSS1, протоколы интерфейса
V5 интерфейс хаттамалары) қолданылады.
NGN хаттамалары келесі түрде жіктеледі:
- базалык хаттамалары: IP, ICMP, TCP, UDP. - транспортты
хаттамалары: RTP, RTCP. - сигналды хаттамалары:
SIP, H.323, SIGTRAN, MEGACO/H.248, MGCP, RSVP, SCTP, ISUP, BICC, SCCP,
INAP. - маршрутты хаттамалары: RIP, IGRP, OSPF,
IS-IS, EGP, BGP, IDRP. - ақпаратты, қызмет және басқару
хаттамалары: SLP, OSP, LDAP, SNMP. - қызметтерді
ұсыну хатталамалары: FTP, SMTP, HTTP, кодеки
G.xxx, H.xxx, факс Т.37, Т.38, IRP, NNTP. NGN келесі үш
жалғастыру деңгеймен анықталады: ақпараттарды
беру және коммутациялауда транспортты
функционалды деңгейі, сигнализация ақпараттарын
беруде сигнализация деңгейі, базалықтан
басқа қызмет ұсыныстары үшін қызметтерді
ұсыну деңгейлері қолданылады. Softswich басқаруында
NGN мультисервистік трафик қызметтерімен
кең жолақты абоненттік мүмкіндікті қолданатын
коммутация пакетін қарастырады. Ұсыныс
сервері AS қосымша қызметтердің Softswich
коммутаторына берілуін және одан түскен
қызметтерді атқара алады. Транспортты
шлюз (TG): ТфОП түскен сөз ақпарат ағындарын
пакеттерге түрлендіріп, Softswich басқаруымен
оны IP – хаттамасы арқылы маршруттау пакетімен
желіге береді. Мүмкіндік шлюзі IP – желісімен
мүмкіндік желідегі сымды және сымсыз
желі аралығында интерфейс қызметін атқарады.
2.сұлба
- NGN - компоненттері
Сигнализация
шлюзі Softswich- ке ТфОП түскен сигнал ақпараттарын
береді немесе кері процесті орындайды.
Медиа сервер түскен нөмірлерді жинайды
және жазылған хабарландыруларды береді.
Ұзындық өрісі IDP хаттамасы мен мәліметтер
ұзындығын анықтайды, ал бақылау өрісі
пакеттің бұзылмағанын анықтайды. 1. Интернет
хаттамалар кешені желіні басқыруды, файлдардың
берілуін сонымен қатар, электронды поштаның
берілуін қамтамасыз етеді. 2. Сигналды
хаттамалар өте көп. Соның ішіндегі SIP
хаттамасы мультимедиялық (конференс-байланысын)
және IP – телефониясындағы бұзылған шақыруларды
қайта орнатуды орындайды. MGCP хаттамасы
мультимедиялық шлюздегі абоненттер арасында
қолданылады, яғни шақыруларды басқарады.
3. Транспортты хаттамалар RTP ешқандай
қосымша функциясыз шығу көзінен соңғы
нүктеге дейінгі маршрутты орындайды.
RTP бақылау хаттамасы туралы, жіберілген
және қабылданған RTP пакеттері туралы
хабарларды жинайды. NGN қондырғыларын
қолданудың негізгі ерекшеліктері: - ТфОП
инфрақұрылымын құру және дамыту; - соңғы
тұтынушыны қосуды ұйымдастыру; - телефон
желісінде транзит бөлімшесін ұйымдастыру;
- интелектуалды байланыс желісіне қызмет
етуді ұйымдастыру; - мультимедиялық қызметтерді
ұйымдастыру; - виртуалды желілерді (VPN)
құру; NGN инфрақұрылым қолданылып жүрген
немесе орнатылған желіге жаңа технологияларды
енгізу болып табылады.
3.NGN желісінің архитиктурасы
немесе сәулеті
Next Generation Network — Ethernet және IP MPLS (Multiprotсol Label
Switching) технологиясы бойынша жасалған,
кіру тараптарынан тұратын, пакеттік коммутациясы
бар мультисервистік желі. SMARTNET телекоммуникациялық
желісі NGN технологиясы базасында құрылып,
SMARTNET компаниясының Алматы қаласындағы
өзіндік талшықты–оптикалық желісі арқылы
1 Гбит/с дейінгі жылдамдықта компаниялардың
қосылуын қамтамасыз етеді және қамту
аймағы өте кең, сенімділік пен басқарылудың
жоғары деңгейіне ие, сонымен қатар қызмет
көрсету сапасын (QoS), қызмет көрсету таптарын
(CoS), өнімділік және әрдайымғы тұрақтылықты
қамтамасыз ететін мүмкіндіктер ұсынады.
NGN - пакеттер коммутациясын
пайдалану арқылы сөздерді, суреттерді
және мәліметтерді таратуға арналған
көпмақсатты әмбебап желі болып
табылады. Шынында, ол өзіне ең
жақсы қасиеттерді жинаған, Internet
және телефон желілерінің қосылуы
нәтижесі болып табылады. Іс жүзінде,
бұл қиын маңызды қосымшаларда
дауыс байланысы және мәліметтер
таратуда кепілденген сапаны
білдіреді.
Осылайша, NGN СТОП-қа
тән (Internet арқылы сапасына кепілдік бермейтін
байланысқа қарама-қайшы) сенімділік деңгейі
бар және ақпарат көлемінің бірлігі есебінен
таратудың төмен құнын ( СТОП емес, Internet
арқылы мәліметтер тарату құнына жақындаған)
қамтамасыз етеді. Нақ келесі ұрпақ желілері
— NGN пайдаланушыға сервистердің барынша
көп санына кіруді қамтамасыз етеді. «Әрқашан
және әрқайда, әрбір сервистердің қолжетімдігі»
— осылай қысқаша, NGN негізгі мақсат-міндеттерін
білдіруге болады. Мұндай желі кең мағынада,
әртүрлі типтегі (СТОП, Internet, сымсыз желілер)
трафик таралатын, әмбебап коммуникациялық
орта болады деп жобаланады.
NGN желілері желілік
шешімдерді үйлестіру арқылы
жаңа қызметтерді басқару, персондау
және құруда тиімді мүмкіндіктер
мен қызметтердің шектеусіз жиынтығын
көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Жоғарыда айтылғандардан шыға
отырып, NGN — бұл медиатрафиктің
барлық түрлерін таратуды қамтамасыз
ететін және қосу, реттеу, бөлініп
таратылған тарификациясы, қызмет
көрсету сапасына әртүрлі талаптары
бар мультисервисті желі.
3.Сұлба-Архитектура сети связи NGN
4.NGN жүйесінің
құрылу сатылары
NGN – желілерді құру технологиясы –
берілгендерді тасымалдау және дыбыс
сервистер қызметін жасауға арналған.
Ол қазіргі кезде кездесетін бірнеше шектеулер
және тосқауларды алады, және бұл оның
экономикалық өнімділігін анықтайды.NGN сәулеті мен қызметтеріне біржақты түсінікті
телекоммуникациялық қоғамдастық әлі
тапқан жоқ. Әйтеуір, осы мақала жазылған сәтте
солай болған және жақын алдағы болашақта жағдаятқа қатысты
әлдебір дәмеге малдануға бола қоймас:
байланыс желілері конвергенцияның орынды
процессі жүріп жатыр.
Бүгінгі мультимедиялық
трафиктің сипатының және оған мультисервистік
қызмет көрсету қажеттіліктерінің себебінен
дәстүрлі байланыс желілерінің мүмкіндіктерінің
шегінен шығу бүкіл желілік құрылымды
түбегейлі қайта құруға әкелді, соның нәтижесінде
келер буын желісінің NGN (Next Generation Network)
концепциясы пайда болды
Нақты айтсақ
NGN Triple Play «үшеуі бірыңғай» қағидасы бойынша
кең жолақты қатынаудың бірегей арнасы
арқылы қызметтерді ұсынудың жаңа пішінін
тұжырымды түрде іске асыруға мүмкіндік
берді. Мәселен, бұлар Интернет қызметтері,
телефония қызметтері және интерактивтік
цифрлық теледидар.