Симплекс әдісімен есептер шешу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 14:38, реферат

Описание работы

Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Evironment) – дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы программаушының компьютермен қарым – қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оның басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.

Содержание работы

Мазмұны.................................................................................................................1
Кіріспе.....................................................................................................................2
1.Жалпы бөлім........................................................................................................9
1.1 Бағдарлама құрудың мақсаты.........................................................................9
1.2. Бағдарламаға анализ.......................................................................................9
2.Арнайы бөлім......................................................................................................10
2.1.Есептiң қойылымы..........................................................................................10
2.2.1. Есептiң шешетін мәселелері......................................................................10
2.2.2. Есептiң техникалық - математикалық тұжырымы...................................10
2.1.3 .Бағдарламаға қойылатын талаптар............................................................13
2.1.3.2. Сенiмдiлiкке қойылатын талаптар..........................................................14
2.2. Алгоритмнің сипаттамасы.............................................................................15
2.3. Бағдарламаның листингi................................................................................15
2.4. Бағдарламаның қателерін жөндеу (отладка) процесіне сипаттама............15
Қорытынды............................................................................................................ 16
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.............................................................................17
1-шi қосымша. Бағдарламаның листингi..............................................................18
1-шi бөлiм. Есептеу жұмыстары және жақсы топты анықтау............................18
2-шi бөлiм. Деректер қорын толтыру....................................................................22

Файлы: 1 файл

Бота.doc

— 397.00 Кб (Скачать файл)

Курстық жұмыс тақырыбы: «Колледждегі топтардың мониторингісін ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

Мазмұны:

  • Кiрiспе
  •         Delphi нысанды-бағытталған программалау  ортасының мультимедиялық мүмкіндіктерін  пайдалана отырып, электрондық оқулық құрастыру ісі қарастырылды. Бұл жұмысты бастамас бұрын Delphi программалау тілінің негізгі түсініктері, құралдары, жетістіктері туралы айта кеткен дұрыс.

    Delphi – программалық  тіл ретінде қолданатын ақпаратты  жылдам өңдеу ортасы. Delphi- қатаң  типте бағытталған тіл.

    Бүгінгі таңда  программистер Delphi пакетінің Borland Delphi 7 Studio және тағы да бір жаңа түрі Borland Delphi 8 версияларын қолданады. Бұл  программалық тілде қарапайым есептерден бастап, күрделі ақпараттық базаларды  басқаруды орындайтын программа жазуға болады. [2]

    Borland Delphi7 Studio операциялық  жүйе таңдамайды. Windows 98-ден Windows XP-ға дейін жұмыс істей алады. Процессор Pentium немесе Celeron типінде болуы керек және де оның жылдамдығы 166 МГц болғаны дұрыс (Pentium ІІ- де 400 МГц), оперативті жадысы- 128 Мбайт, 256 Мбайт болса тіпті жақсы.

    Delphi тіліндегі  қолданбалы программалар немесе  қосымшалар IDE (Integrated Development Evironment) –  дамып отыратын құрылымдық ортада  орындалады. IDE ортасы программаушының  компьютермен қарым – қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік  бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оның басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.

    Дельфи программалау тілінің қолданушыға ұсынатын құралдары  терезелерге негізделген. Яғни мұнда  қандай да бір қосымша құру үшін сол қосымшаның жобасын Дельфи ұсынатын бірнеше негізгі терезелерде орындау мүмкіндігі бар:

    1. Негізгі терезе  (Project 1.dpr);
    2. Объектілерді бақылаушысының терезесі (Object Inspector);
    3. Формалар құрастырушының терезесі (Form1.dfm);
    4. Программа кодының  терезесі (Unit1.pas);

    Delphi бірқұжаттық  орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қолданбалы программамен жұмыс атқаруға болады. Программа жобасына атауы негізгі терезесінің жоғарғы қатарында көрсетіледі.

    Форманың терезесін Unit кодына және одан кері өту Ғ12 пернесі  арқылы орындалады.

    Негізгі терезе

    Негізгі терезе программасының жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы бөлігінде орналасады (1 -сурет). Бұл терезеде Delphi – дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық – командалық батырмалармен компоненттер жиынтығы (палитрасы) орналасқан.

                           1-сурет. Delphi  ортасының Бас терезесі

     Терезелердің  орналасуы олардың жұмысына ешқандай  кедергі келтірмейді. Егер экранда программа кодының терезесі көрінбесе F12 батырмасын басу керек. Бұл батырманы тағы бір рет басса, форманың режиміне қайтып келеміз.

    Бас терезе оқылып жатқан программамен жұмыс жасаудың негізгі  функцияларын атқарады. Оның өлшемін  өзгертуге тырысудың қажеті жоқ, максимизацияланған түрде де оның өлшемі өзгермейді. Бұл бас терезенің функционалдылығымен байланысты, бір жағынан бұл терезеде программалаушы барлық уақытта қажет ететін элементтер бар, екінші жағынан бұл терезе басқа терезелерге бөгет жасамауы керек. Бұл терезені уақытша орап қойсақ, басқа терезелерде экраннан жоғалып кетеді, жапқан кезде программалау ортасынан шығып кетеміз. Бас терезеде бас мәзір және пиктографиялық батырмалар орналасқан. Бас мәзір жобаны басқарудың барлық құралдарын қамтыйды. Бас терезенің барлық элементтері арнайы тақташаларда орналасқан, оларды тышқаның көмегімен тасуға болады. Пиктографиялық батырмаларға келсек, олар бас мәзірдің негізгі опцияларына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сол маңыздыларды туралы айта кетейік:

    Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен  тақташаны оң жақ тышқан батырмасымен шертіп, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады.

    • Белгісі объектінің екпінділігін көрсетеді.

    Delphi тіліндегі  бағдарламаның құрамына .dpr кеңейтілуі  бар жобаның файлы және .pas кеңейтілуі  бар бір немесе бірнеше модульдер файлдары кіреді.

    Жобаның құрылымы.Жобаның файлы Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін бағдарлама. Бұл бағдарламаны Delphi автоматты түрде құрастырады және ол бірнеше жолдардан тұрады. [1]

    Delphi ортасын  іске қосыңыз, Project=>View source операцияларын орындау  арқылы келесі терезені шығарыңыз:

    Бағдарлама  Program  сөзімен  басталып,  End  сөзінен  кейін  қойылған  нүктемен  (терминатормен)  аяқталады.  Object Pascal  тілінде көптеген  арнайы  сөздер  әр  түрлі  нұсқау  ретінде  қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі  жақшаға  алынған  таңбалар

    Uses Windows, Messages, SysUnit, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, StdCtrls, Buttons, ExtCtrls;

    //Example модулін Uses тізіміндегі

    //аталған стандарты модульдермен бірге қолдану

    type

    tfmExample=class(Tform)

    Panel 1: Tpanel;

    bbRun:TbitBtn;

    bbClose: TbitBtn;

    edInput: Tedit;

    lbOutput: Tlabel;

    mmOutput: Tmemo;

    private

    {Private declarations}

    public

    {Public declaration}

    end;

    var

    fmExample: TfmExample;

    Implemetation

    {$R*.DFM}

    end.

    Бұл мәтінді Delphi ортасы өзі құрастырады. Жоғарыда айтылғандай, жобаның файлына кіруге тиым салынған, ал модульдің файлына әртүрлі жұмыстарды орындауға негізделген өзгерістерді енгізуге болады. Модульдің интерфейстік бөлігінде бір тип (класс TfmExample) және бір объект айнымалысы анықталған.

    Класс деп объектілерді құрудағы қолданылатын үлгілерді айтады, ал объект – сол үлгінің туындысы болып табылады. Үлгілер Object Pascal тілінде анықталған тип және келтірілген мысалда ол Type TfmExample=class (Tform) деп анықталған. Стандарты класс  TForm Windows-тың бос терезесін құрастыру жұмысын атқарады. Tform-ның барлық мүмкіндіктері иемденеді және оларға бос формаға орналастрылған компонеттер жиынын біріктіреді.

    Соңғы буыннан  өзнің бағдарламалық дайындамалары  бар жаңа туындыларды құруға болады және т.с.с. Нәтижесінде ағаш тәріздес саты құрылады, төбесінде ең түпкі  буын – қарапайым TObject классы тұрады. Ал төменгі сатыларында сол бір ғана Tobject туындылары орналасады.

    1.2. Delphi тілінің қолданушыға ұсынатын құралдық ортасы

    Пиктографикалық батырмалар. Пиктографиялық батырмалар ең маңызды менюдің баптауларына кіруге мүмкіндік береді. Функцияналдық 6 топқа бөлінеді.  Әр бір топ жеке тақташада орналасқан. [3].   

    Кесте-1. Батырмалар мен олардың қызметтері

    Батырма

                               Батырмалардың іс- әрекеті.

                                           Standard  группасы

     Репозиторлы  обьектке кіруге мүмкіндік береді. Эквиваленті опций  File/New

     Файлды ашады.  Эквиваленті опций File/Open File.

    Файлды диске  сақтайды. Эквиваленті опций File/ Save File.

    Бүкіл проектідегі  файлды сақтайды. Эквиваленті опций File/ All

    Ерте құрылған проектіні ашады. Эквиваленті опций File/ Open Project.

    Проектіге жаңа файл қосады. Эквиваленті опций Project/ Add to Project.

    Проектідегі файлды жояды. Эквиваленті опций Project/ Remove from Project.

                                                     View группасы

    Модульдер тізімінен  модуль таңдаймыз, проектімен байланысты. Эквиваленті опций View/Units

    Форм тізімінен  форманы таңдаймыз. Эквиваленті опций View/Forms

     Терезе формасы  мен терезе код арасында байланыс  орнатады.  Эквиваленті опций View/Toggle Form/Unit.

     Жаңа форма  құра және проектіге қосады. Эквиваленті опций  File/New Form

                                                   Debug группасы

     Программаны орындайды.  Эквиваленті опций  Run/ Run

    Жұмыс ісиеп  отырған программаны үзіп жібереді. Эквиваленті опций  Run/ Program Pause

                                                    Custome  группасы.  

    Іздеу кітапшасы. Эквиваленті опций   Help/Contents.

                                                  Desktops группасы.

    Delphi  терезесінде бірнеше варианттар таңдау тізімі.

    Delphi –дегі ағымды  терезені сақтайды.

    2. Форма және  формаға енгізілетін компонентердің  қасиеттері 

       Қасиет – (сипаттама, параметр) –айнымалалардың ерекше түрі.  Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап ағымдық күйін анықтайды. Программа құру форманы не онда орнатылған компонентің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Обьект инспекторы (Object Inspectоr) терезесіне еңгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін нысанды таңдап алу керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған  нысан атауы да жазылып қойылады.

    Форманың  кейбір қасиеттері:

    Name (атау) –формаға атау Delphi -дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады.

    Font (шрифт)-формаға шығаратын мәтін шрифтің қасиеті, Мысалы: (Times Kaz 10) 

    Caption (тақырып)-форма терезесінің тақырыбына еңгізіп мәтінді. Алғашқы кезде өлшемін таңдап ОК батырмасын басамыз.

    қасиеттер терезесі Caption қасиетіне Form1 сөзі еңгізіліп қойылады.

    Color  (түс)-форманың түсін орнату қасиеті.

     Widht (ені), Height ( биіктігі) пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері.

    Экранда қасиеттер  терезесі көрінбесе: оны шығару үшін  View Object Inspectоr командасын беру жеткілікті.

    3. Оқиғалар. Программалық код терезесі.

    Delphi -де программа  түрлі оқиғалар арқылы басқарылады. 

    Оқиға- программамен жұмыс істеу барысында обьект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы: пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шерту мүмкін.  Оның әр іс-әрекеті оқиға шығарады.  Delphi -де әр оқиға атау беріліп қойылған. Әр обьектіге байланысты оқиғалар көп . Мысалы: формаға байланысты өқиғалар саны 35. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне еңгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On  прифексі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол-атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі:

    Delphi ортасында жиі кездесетін  оқиғалар

    OnClick-тышқан түймесін бір рет басу.

    OnDblClick-тышқан түймесін  екі рет басу.

    OnKeyDown-клавишті басу.

    OnGreatе-форманы екі рет  шерту басу т.б.

    Жоба екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проекті файлы (негізгі модуль) және Unit1.pas атауы берілген  модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) еңгізіледі. Программа мәтінің программалық код деп , ол еңгізілетін процессі деп атайды. Формада код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті.

    Информация о работе Симплекс әдісімен есептер шешу