Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 13:59, реферат
Үстел компьютерлерін әдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі ең үлкен компьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жеке модуль түрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады.
Компьютер» сөзі ағылшын тілінен
аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге
арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер
есептеу операцияларының күрделі қатарларын
адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген
нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге
мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының
негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге
келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің
алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар
болатын, олардың орнын транзисторлы электронды
есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін
– интегралды сызбалар пайдаланылатын
ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса
үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар
пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен
сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды,
баспаға кітаптар әзірленеді, музыка,
суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар
мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге
асырылады және т.б.
Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты
іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және
сандық пішімде пайдалануға арналған
құрылғы.
Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны
ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер,
серверлер және дербес компьютерлер сияқты
негізгі түрлерін ұсынады.
Алғашқы
дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға
арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы
ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық
шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық
жабдықтары арқасында компьютер жаппай
пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты
пайда болды1.
Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше
түрлі болады: үстел үстінде тұратын (DeskTop),
ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket
PC), алақанға сыятын (Palm PC) және т.б.
1.2. Компьютер қалай жұмыс істейді және
қайда қолданылады?
Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама көмегімен жұмыс істейді. Жүйелік бағдарламалардың негізгісі компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі барлық жұмысын ұйымдастыратын, компьютердің барлық құрылғыларын басқаратын, компьютер құрылғылары және адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады.
Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жатады, олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолданылу аясы кеңейіп келеді. Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір мезгілде ортақ деректер қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Электронды пошта құралдары көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа қалаларға мәтіндік және факсимилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер банктерінен ақпарат ала алады.