Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 13:22, курсовая работа
Жылжымалы байланыс жүйесі – телекоммуникацияның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Келесі онжылдықтың ішінде барлық байланыстың жартысынан көбі толығымен сымсыз болады деп күтілуде. Қазіргі кезде жылжымалы байланыс жүйесі бай қолданушыларға арналған қымбат құрылғы разрядынан нарықтың басым бөліктерінің біріне айналды. Интернет және оның құрылымдық бөліктерінің жылдам дамуы мобильді жүйелердің болашағы үшін қолайлы жағдай жасады. Бұл жүйелердің теориясы мен практикасы академиялық мекемелердегі дәрістік курстардың тақырыбына айналып, күннен күнге телекоммуникация саласында жұмыс істейтін мамандардын қызығушылығын тудыруда.
Кіріспе
1 Жылжымалы радиобайланыс жүйелері
1.1 Жеке радиошақыру жүйелері
1.2 Транкингті жүйелер
1.3 Ұялы телефония
2 Абоненттерді жалпы қолданыс аясына қосу
2.1 Құпиялылық және қолданушы аутентификациясы
3 Сымсыз байланыстың жүйелері
3.1 Оптикалық сымсыз байланыс негіздері
3.2 Локалды сымсыз байланыс желілері
3.3 Ұялы желілер
3.4 Коммутациялау орталықтары
3.5 Репитерлер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жүйенің маңызды элементтерінің бірі болып құрамына келесілер кіретін деректер базасы табылады: үй регистрі, қонақ регистрі, аутентификация орталығы және аппаратура регистрі (соңғысы барлық жүйелерде бола бермейді).
Үй регистрі (ағылшынша Home Location Register, HLR) жүйеде тіркелген барлық абоненттерден және сол абоненттердің әрқайсысына көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттардан тұрады. мұнда абонеттің қай жерде орналасқаны қадағаланып отырады.
Қонақ регистрі (ағылшынша Visitor Location Register, VLR ) желі қызыметімен қолданып отырған басқа желі абоненттері жайлы ақпарат сақтайды.
Аутентификация орталығы (ағылшынша Authentication Center) абонеттер аутентификациясы мен хабарламаларды шифрлеу үрдістерін жүргізеді.
Аппаратура регистрі (ағылшынша Equipment Identity Register) қолданыстағы жылжымалы станцияның дұрыс жұмыс істеуі және оның орынды қолдануы туралы деректерден тұрады.
3.5 Репитерлер
Егер желі ұзындығы желі сегментінің максималды ұзындығынан артық болса, желіні репитерлер арқылы бірнеше сегментке бөлу керек болады. Құрылысы жағынан репитер өзіндік қорек блогы бар жеке орындалған немесе компьютердің аналық платасына орнатылатын арнайы модуль түрінде болады.
Өзіндік қорек блогы бар жеке орындалған репитерлер бағасы жағынан қымбат болып келеді, бірақ ол арқылы Ethernet желісінің жеке сегменттерін қосуға болады. Мұндай репитерлерде коаксиалды, трансиверлік кабельдерді қосуға болатын разъемдер болады. Яғни, мұндай репитер арқылы қалың және жіңішке кабельмен орындалған екі сегментті бір желіге қосуға болады.
Модуль түріндегі репитерлер коаксиалды резъемге ие, сондықтан ол тек жіңішке коаксиалды кабель түрінде орындалған желі сегменттерін қосуға арналған. Бірақ ол арзан тұрады және электр қорек көзіне қосылу үшін қосымша розетканы керек етпейді.
Жұмыс станциясына қосылған репитерлердің кемшілігі де бар. Желі тәулік бойы жұмыс істеу үшін репитер қосылып тұрған компьютер де тәулік бойы жұмыс істеп тұру керек. Репитер қорек көзінен ажырағаннан кейін желі сегменттері арасындағы байланыс үзілуі мүмкін. Желі сегменттері репиттер арқылы жалғанғандағы артықшылық – бір сегменпен байланыс үзілсе, басқа сегменттер арасындағы байланысқа әсер етпейді.
Қорытынды
Жұмысты орындау барысында біз жылжымалы радиобайланыстың түрлеріне тоқталып кеттік. Әсіресе, жеке радиошақыру жүйелері,транкингті жүйелер және ұялы телефония жүйелері кеңінен қарастырылды. Бірінші бөлім осы аталғандардың құрылымы мен сипаттамаларына арналған болса, екінші бөлімде жалпы байланыс жүйесіндегі абоненттердің қауіпсіздігі, дәлірек айтсақ, құпиялылығың сақталуын және абоненттердің желіге тіркелуін қарастырдық. Үшінші бөлім, сымсыз байланыс технологияларына арналды. Мұнда сымсыз байланыстың түрлеріне және құрылымына сипаттама берілді.
Қорыта айтсақ, жылжымалы және сымсыз байланыс жүйелері – қазіргі заманда жоғары қарқынмен дамып келе жатқан жүйелердің бірі. Бұл жүйенің дамуына байланысты келесі онжылдықта байланыстың жартысынан көбі сымсыз болады деп болжам жасауға болады. Соған қатысты, қоғам өмірінде көптеген өзгерістердің болатыны айдан анық.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Весоловский Кшиштоф, Системы подвижной радиосвязи, – М.: Горячая линия – Телеком, 2006ж., – 259 бет.
2 Громаков Ю. А., Стандарты и ситемы подвижной радиосвязи, – М.: Эко-Трендз, 1998ж. – 242 бет.
3 Денисьева О. М., Мирошников Д. Г., Средства связи для последней мили, – М.: Эко-Трендз, 1998ж. – 146 бет.
4 Скляр Б., Цифровая связь: теоретические основы и практическое применение. – 2-басылым (ағылшыншадан аударылған), – М.: «Вильямс» баспа үйі, 2003 ж. – 1104 бет.
Информация о работе Байланыс желісі және коммутация жүйелері