Бағыттаушы тарату жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 20:12, реферат

Описание работы

Бағыттаушы жүйе (БЖ) – бұл берілген бағытқа электромагнитті энергияларды тасымалдауға арналған құрылғы. Осындай арна тартушы қасиетті сымдар, диэлектрик және кез келген әртүрлі электрлік қасиеті бар орта шегінің бөліктері (металл – диэлектрик, диэлектрик –ауа) иеленіп отыр. Сондықтан БЖ ролін металдық желі, (кабель, толқынша), диэлектриктік өтімділігі ε > 1 бар материалдан жасалған диэлектрлік желі (диэлектрлік толқын, талшықты жарықша), сонымен қатар металдиэлектрикалық желі (толқын үстіндегі желі) атқара алады.

Файлы: 1 файл

реферат ЭМиЭТО.doc

— 885.50 Кб (Скачать файл)

Сыртқы сым  бойлық тігісті алюминийлі лентадан немесе мыстан жасалынуы мүмкін. Орташа және кішкентай типті кабельдерден ең көп қолданысқа ие болған гофр және найзағай түріндегі бойлық тігісті мыстан жасалған сыртқы сым.

Орта түрдегі 2,6/9,4 кабельдер көбінде магистральды желілерде қолданылады, ал кішкентай түріндегі 1,2/4,6 кабельдер азгабаритті деп аталынады және көбінде ішкізоналық желі тораптарында қолданылады. Үлкен типтегі кабельдер 5/18 суасты кабель желілерінде қолданылады.

Коаксиальды жұптарда изоляцияның келесі негізгі түрлері қолданылады:

  • шайбалы, 20…30 мм сайын орналасқан, 2,2 мм қалыңдықта полиэтиленді шайбадан тұрады (сур. 2.8);

 

Сур. 2.8. Коаксиальды  жұптың шайбалы изоляциясы

 

  • балонно-кордельді немесе балонды, симметриялы кабель желісінің аналогтық изоляциясы ( сур 2.3, д,е).

 

Өзінің негізгі  белгілерінен басқа, коаксиальды жұптардың  изоляциясы қатаң концентрацияны фиксирлейді, онымен қоса сымдардың күрделілігі, бұл коаксиальды конструкцияның негізгі талабы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

6.  Электрлік байланыс кабельдерінің таңбалануы және түрлері

 

Кабель таңбалануында  әріптер және цифрлар көмегімен  таңбаланған негізгі классификацияланған  белгілер мен кабельдің конструктивті  ерекшеліктері, шартты белгілі жүйе бойынша түсіндіріледі.

Алғашқы бір  немесе екі әріп кабель белгісін анықтайды. Мысалы, қалалық телефондық кабельдерде Т әрпімен белгіленеді, магистралтды симметриялық және азгабаритті коаксиальды кабельдер МК әріптерімен, магистральды коаксиальды КМ әріптерімен белгіленеді.

Кейінгі бір  немесе екі әріп конструкцияның ерекшеліктерін немесе кабель изоляциясының материалын білдіреді. Мысалы, жұлдызды шиыршық ТЖ кабельі З әрпімен білінеді, кордельді-полиятроильды изоляция (стирофлексті) С әрпімен, полиэтиленді изоляция П әрпімен, құбырлы-полиэтиленді-Т әрпімен белгіленеді. Симметриялық кабельде қағаз изоляция және коаксиальды кабельде шайбалы изоляциялар таңбалануда әріпті белгіленбейді.

Соңғы бір немесе екі әріп кабель таңбасында қорғаныш қабатының түрін білдіреді. Мысалы, жалаңаш қорғасындалған кабель Г  әрпімен белгіленеді, алюминді қабықша А әрпімен, ал болат қабықша С немесе Ст әріптерімен белгіленеді. Б әрпі сырты кендірлі қорғаныш жапқышты екі болат лентадан тұратын кабель брондануын білдіреді. К әрпі сыртқы жапқышты, дөңгелете мырышталған сымды брондалғанын көрсетеді; БГ-жалаңаш брондалған, сонымен қатар сыртқы қорғаныш қабықшасыз кабель екенін білдіреді.

Егер брондалған тірекшеде тоттануға қарсы изолирленген жапқыш бар болған жағдайда белгіленуіне мынадай әріптер қосылады: л –  поливинилхронды немесе басқа пластмассалы ленталар қабаты; 2л – екі лента қабаты, олардың араларына битум және кремделген қағаз төселген; п – полиэтиленді шланг; в – поливинилхлоридті шланг. Егер осындай әріптер табылып жатса онда Шп – полиэтиленді шлангты көрсетеді немесе Шв – поливинилхлоридті шлангты білдіреді. Кабель таңбасының соңында желі сандары көрсетіледі немесе коаксиальды жұп және желі диаметрі болады. Мысалы, төрттөрттікті 1,2 мм  диаметрлі желілі кабель келесі мәндерге ие: 4х4х1,2 бесжүзжұпты қалалық кабель 0,4 мм диаметрлі желімен цифрлық мәнді береді 500х2х0,4.

Сондықтан өндірісте  шығарылып жатқан әртүрлі типтегі  кабельдердегі бірдей әріптер таңбалануда  әртүрлі мағына береді. Мысалы, З  әрпі төменжиілікті кабельдерде  жұлдызды шиыршықты білдіреді, сонымен  қатар зоналық байланыс кабельдерінде, С- байланыс «связь», «стирофлекс», «болат» және т.б. сондықтанда әртүрлі жағдайларда әріптердің белгілерінің маңыздылығымен кабельді ГОСТ немесе техникалық талаптр бойынша анықтауға болады.

Электрбайланыс  тораптарында пайдалану симметриялық байланыс кабелінің негізгі типтерін тапты (олардың бөліктері 2.9.суретте көрсетілген):


 

 

 

 

 

 

2.9. сур. Симметриялық  байланыс кабельдерінің түрлері

  • МКС, МКСА – қорғасынды және алюминийлі қабықшадағы кордельді-изоляциялы кабельдер;
  • МКП – баллонды полиэтиленді изоляциялы (теміржол транспорттары үшін арнайы кабельдер);
  • ТЗ, ТЗП – кордельді-қағазды және қуыс полиэтиленді изоляциялы төменгіжиілікті кабельдер;
  • ЗКП, ЗКВ, ЗКА – полиэтиленді, поливинилхлоридті, алюминийлі қабықтардағы полиэтиленді изоляция желілі біртөрттікті кабельдер;
  • КСПП – полиэтиленді изоляция желісі бар ауыл байланысының біртөрттікті кабельдері;
  • КСППЗ – кабельде ылғалдың таралуына тосқауыл болатын, гидрофобты толтырылған (З әрпі) полиэтиленді изоляциялы, ауылдық телефон байланыстың (АТБ) біртөрттікті кабелі;

Коаксиальды кабельдерде  таралған таңбалар келесір:

  • КМБ-4 (КМГ-4, КМК-4) – төрт коаксиальды жұпты біртекті коаксиальды кабель (сур. 2.10);


 

 

 

 

 

 

Сур 2.10. Коаксиальды кабель КМ-4 (Г, Б, К)

 

  • КМБ-8/6 (КМГ-8/6, КМК-8/6) – комбинирленген коаксиальды кабель, 8 стандартталған жұбы бар 2,6/9,4 және 6 азгабаритті жұп 1,2/4,6 мм.

Сур 2.11 –те азгабаритті 1,2/4,6 жұпты коаксиальды кабель көрсетілген.


 

 

 

 

 

 

 

Сур 3.11 азгабаритті коаксиальды кабель МКТ-4

 

Қалалық телефондық тораптарда қағазды изоляцияланған ТГ (ТБ)-қорғасын қабықшалы, таңбалы желі қолданылады. Сонымен қатар полиэтиленді изоляциялы және полиэтиленді қабықшалы ТПП және ТППэп таңбалы кабельдер қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Цифрлық абонентті желілер үшін электрлік кабельдер

 

Қазіргі таңда  абоненттерге ақпарат қызметін көрсету үшін  корпоративті және ведомствалық желілер операторлары xDSL (цифрлық абоненттік желі) технологиясы негізіндегі жабдықтарды кеңінен енгізуде. Бұл ақпарат жеткізу жылдамдығын әдеттегі мысты шиыршық жұппен 8 Мбит/с –қа дейін арттыруға және жеткілікті мөлшердегі қашықтыққа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары  кабельді өндірістерде цифрлық телефондық кабельдер өңделіп және шығарылып  жатыр. Бұл кабельдер xDSL (желілі кодтарды қолданатын цифрлық тарату жүйесі: НДВ-3; 2B1Q; CAP; TC-PAM; ДМТ) технологиясын қолдана отырып, кеңжолақты абоненттік қол жетімділікке арналған. Кабельді өзекшеге ылғалдан сақтау үшін гидрофобты толтырушы немесе суқұлыптайтын құрғақ элементтер кіреді. Кабель қорғаныс жапқыштарының негізінде алюмополиэтиленді лентамен экрандалады. Сұранысқа байланысты болат ленталы спиральды төселінген болуы, бойлай гофрирленген болат лента немесе болатты сымдармен шырмалған болуы мүмкін.

Бұл кабельдер  ішкі және сыртқы электромагниттік әсерлерден тізбекті қорғайтын, жоғары кедергі қорғанысы бар, жоғары ораманың ұзындығы аз (10…15 мм) және геометриялық біртекті болады. Іс жүзінде бұл кабельдер LAN кабельдер (ширатылған жұпты локаоьды тораптарға арналған кабельдер)  технологиясы бойынша дайындалады.

2.12 суретте негізінен  ескісін жаңалау үшін арналған, төмен сенімділікті және электрлік сипаттамаларға берік емес, КАЦП-2х0,9 біртекті цифрлық кабель консрукциясына ұқсас ПРППМ-2х0,9 кабелінің түрі келтірілген.

 

 

2.12.сур. біртекті кабель конструкциясы КАЦП-2×0,9: 1- мысты токөткізетін желі; 2- изоляция (біріңғай немесе үшқабатты пленко-пористо-пленкалы полиэтиленді); 3- өзекше (гидропобты толтырушымен немесе құрғақ субекітетін материалды); 4- экран (алюмополимерлі лента); 5- қорғаныс жапқыштары (болатты сыммен оралған немесе болатты лентамен)

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оптикалық кабельдер

 

Оптикалық кабель қорғаушы бетінің үстіне қойылған жалпы қабықпен жабылған құрамында оптикалық талшықтардың қатары бар кабельді бұйымдар.

Оптикалық кабельдер  мақстаы бойынша 4 топқа бөлінеді:

  • қалааралық;
  • қалалық;
  • объектілік;
  • су астындағы

Бөлек топқа  монтажды оптикалық кабельдерді  бөледі.

Қалааралық  кабельдер едәуір қашықтықта ақпараттың үлкен ағымын беру үшін белгіленген. Оларда  кіші басылуы мен дисперсиясы, үлкен ақпараттық-рұқсатамалық қабілеттілігі  болуы керек. Елдің аймақтық орталықтары арсында байланысты қастамасыз ететін  магистральды және аймақтық орталықтарды аудандармен байланыстыратын зоналық болып бөлінеді.

Қалалық байланыстың  кабельдері байланыс тораптары мен  қалалық АТС арасында байланыстыратын  желі негізінде қолданылады. Олар қысқа қашықтыққа (5...10 км) және каналдарың үлкен санына негізделген.

     Объектілік  кабельдер объекті ішіндегі байланысты  ұйымдастыру үшін қолданылады.  Оларға мекемелік байланыс, локальді  есептеу желісі, кабельді теледидардың  ішкі желісі және қозғаушы объектілердің борттық ақпараттық жүйесі жатады.

      Су астындағы кабельдер үлкен  сулы кедергілер арқылы байланысты  ұйымдастыру үшін арналған. Оларда  жоғарғы механикалық төзімділік  және сенімді ылғалға төзімді  беті болуы керек. Су астындағы  байланыс үшін кіші басылуы және регерационды учаскілердің үлкен ұзындығы болу қажет.

Монтажды оптикалық  кабельдер аппаратураның ішкі және блокаралық монтаж үшін незігделген.

      Оптикалық кабельдің физикалық-механикалық  сипаттамасына қойылатын негізгі  талаптар:

  • жарылуға жоғары төзімділік;
  • ылғалды өткізгіштігі;
  • жеткіліктік буферлік қорғау;
  • температуралардың жұмыс ауқымында жылуға шыдамдылығы (-40...+50°С);
  • нақты жолдар бойынша аралық қабаттың мүмкіндігі және икемділігі;
  • радиациалық беріктілігі;
  • химиялық және екпінді беріктілік ;
  • монтаж бен аралық қабаттың қарапайымдылығы;
  • 20 жыл ішінде сенімді жұмыс.

 

Оптикалық кабельдерің  құрамында талшықтардан басқа:

  • Жарылуға өзіне бойлық жүктемені қабылдайтын күш беретін (нығайтатын) элементтер;
  • Тұтас пластмассалық желілер түріндегі толтырушылар; 
  • Сыртқы механикалық әсер ету кезінде кабельдің төзімділігін жоғарлататын    арматуралау элементтері;
  • Сыртқы мехпникалық әсер ету, зиянды заттардың буы мен ылғалдың өтуінен қорғайтын сыртқы демпферлік және қорғаушы қабаты.

 

 

 

 

Құрылымның 4 тобы кең таралған:

  • еркін трубкасы бар кабельдер;
  • талшықтардың еркін шоғыры бар кабельдер;
  • пішіндеу өзектері бар кабельдер;
  • таспа түріндегі кабельдер.

 

Siecor корпорациясының  еркін трубкасы бар кабельдің  үлгісі сурет 1 көрсетілген.


 

Центральный элемент

(стальная проволока с полиэтиленовым

 покрытием)

 Буферная трубка 

 Связывающая лента

 Аcрамидовые нити

 Полиэтиленовое покрытие

 Заполнитель

 

Сурет 1

 

Нейлоннан жасалған буферлік трубканың ішінде аралық қабаттың болуы кезінде кабельдің созылу өлшемі бойынша ауысатын 12 оптикалық талшық орналасқан. Трубканы сәйкестердіру үшін түрлі боялары бар. Ылғалдың түсуін болдырмау үшін трубканы гель тәрізді құрамымен толтырады.

Орталық күш  элементі болат сымы  немесе полиэтиленді немесе полиуретанды қабатындағы шыны шыбығы болып табылады. Механикалық төзімділігін жоғарлату үшін қайталама қорғаушы бетіне арамидтік жіптерді қосады. Кабельдің ішкі кеңістігін гелді құрамымен толықтырады. Талшықтардың жалпы саны- 144.

AT&T компаниясының  талшықтарының еркін шоғыры бар кабельдерінің үлгісі сурет 2 көрсетілген.


 

Полиэтиленовое  покрытие

Вытяжной трос

Проволочный силовой  элемент

Трубка сердечника Заполнитель  Пучки стекловолокон Гидрофобная  лента Гофрированная сталь с  покрытием

 

Сурет 2

 

Кабельде λ=1,55мкм-0,23 дБ/км толқын ұзындығында, ал λ=1,31 мкм-0,35 дБ/км толқын ұзындығында өшу мөлшерін қамтамсыз ететін әрбіреуінде 3-тен 8 дейінгі топта 6...12 бір модтық шыны талшықтары орналасады. Әрбір топ тиісті түсті маркирленген жібімен оралған. Өзектің трубкасы гель тәрізді құрамымен толтырылған полимерден жасалынады.

Информация о работе Бағыттаушы тарату жүйесі