Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 16:30, реферат
Электробайланыстың әрбір түрі нақты хабарлама қашықтығында таратуды қамтамасыз ететін белгілі жүйелер көмегімен жүзеге асады. Сондықтан электробайланыста мынадай жүйелер бар: телефондық, телеграфтық, факсимальды, бейнетелефондық байланыс, газет тарату, мәліметтерді тарату, дыбыстық және тарату хабарламасы түрінде және сипаттамасымен анықталады. Хабарламаның тікелей түрлендіру нәтижесіндегі электробайланыс жүйелері үзіліссіз сигнал болады. Ол үзіліссіз немесе аналогтық жүйелер деп аталады. Телефондық жүйелер, факсимальды, бейнетелефондық байланыс, дыбыстық және теледидарлық хабарлау үзіліссіз жүйелерге жатады. Система белгісі – сигналға (кодалау) хабарламаны шартты түрлендіру дискретті сигналдарды тарату үшін.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жалпы мәліметтер
2. Үзіліссіз хабарламаны тарату үшін жүйелер. Телефондық байланыс жүйесі
3. Дыбыстық хабарлау жүйесі
4. Факсимальды байланыс жүйесі
5. Теледидарлық хабарлау жүйелері
6. Дискретті хабарламаны тарату жүйесі. Телеграфтық байланыс жүйесі
7. Мәліметтерді тарту жүйесі
8. Электробайланыстың кейбір арнайыжүйелері
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ол (МС-ЖМ) жарық модуляторынан, (Л3) объективтен және барабандық типтес ашылатын құрылғыдан тұрады. Жарық модуляторы (МС-ЖМ) бұл - жарық көзі, оның жарығы одан өтетін токтың (сигналдың) үлкендігіне пропорционалды. ЖМ – нан жарық ағыны жарық сезгіш мтериалдың (фото қағазда, фотопленкада және т.б.) ауданында объективпен фокусталады және жинақталады. Ол материал анализдейтін құрылғының барабанының қозғалысымен аналогты және келісілген, қозғалыс жасайтын барабанның бетіне бекітілген.
Теледидарлық хабарлау жүйелері.
Теледидарлық хабарлау жүйелері туралы айтқанда, телецентрден теледидарлық бағдарламаны көрермендердің біреуіне жеткізуді қамтамасыз ететін құрылғылар жиынтығы туралы сөз болатынын ескеру қажет. Басқа телекөрермендерде, әрине, «өзіндік» аналогтық жүйелері бар. Теледидарлық байланыс оптикалық және дыбыстық хабарлауды біруақытта тарату үшін тағайындалған, себебі теледидарлық байланыс жүйелерінің екі ішкі жүйесі бар. Дыбыстық хабарламаның ішкі жүйесі жоғарыда қарастырылған дыбыстық таратудан еш айырмашылығы жоқ. Оптикалық хабарламаның ішкі жүйесі қозғалғыш бейнелерді таратуды қамтамасыз етеді. Ол басқа да электробайланыс жүйесі сияқты үш негізгі элементтен тұрады: тратқыш, байланыс арнасынан және қабылдағыштан. Қозғалғыш бейнелерді сигналға және кері түрлендіру қозғалмайтын бейнелерді түрлендіру процесінен нақтылықты айырмашылығы жоқ, бірақ оның нақтылықтыжүзеге асырылу айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл жерде қозғалу эфекті кинодағыдай қозғалмайтын бейнелердің (кадрлардың) тез өзгеруі арқасында жүзеге асырылады. Киноэкранда әр секундта 24 кадр көретілетіні белгілі. Адамдар көзінің инерциялығның арқасында кадрлардың ауысу моментін байқамайды, оларда бейне объектілерінің ауысу сезімі пайда болады. Қозғалмалы бейнелердің түрленуі қозғалмайтын бейнелермен салыстырғанда ұңғы (развертка) үлкен жылдамдығымен болу керек. Сондықтан қозғалмалы бейнелердің сигналға және кері түрлендіру үшінмеханикалық емес, электронды ұңғылық құрылғылар қолданылады. Түрлендіргіштердің негізгі элементтері болып арнайы электронды–сәулелі түтіктер болып табылады.
6.5–суретте таратқыш түтіктердің бірінің (видиконның) қарапайымдалған сұлбасы көрсетілген. Түтіктің шыны вакуумдық баллонында екі өзгеше электродты–электронды прожектор және нысана. Прожнетор нысана жаққа бағытталған электронды сәуле құрады. Сәуленің көлденең қимасы (ФС–ФЖ) фокустаушы жүйесімен қалыптасады. Нысанамен кездесетін орнын анықталатын сәуленің бағыты (ОС–АЖ) ауытқыту жүйесімен беріледі. G кернеу көзі, прожектор, электронды сәуле, нысана және жүктеме (Rн резистор) электрлік тізбек құрады. Нысананың екі қабаты бар: біріншісі жарық үшін мөлдір болып табылады және тұрақты электр өткізгіштікке ие, екіншісі, прожекторға жолыққаны, ішкі фотоэффектісі бар заттан жасалған. Қозғалмалы бейне нысанаға объектив көмегімен жобаланады. Бұл кезде нысананың бөлек аудандары әртүрлі жарқталынған, сондықтан ішкі фотоэффект әсерінен әртүрлі элетр өткізгіштікті болады. Тізбекте ток дәл осы моментте электр сәулесі түсетін нысана ауданның электр өткізгіштігіне пропорционалды болады. Түтіктің ауытқыту жүйесі электр сәулесінің горизонтальды және вертикальды инерциялы емес ауысуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, қозғалмалы бейне аумағынан сәулелік энергияның кезектеспелі түрде сигналға түрленуін қамтамасыз етеді, оны бейнесигнал деп атау келісілген. Теледидарлық сигнал, ереже бойынша, радиоарна бойынша беріледі (6.6 - сурет). Радиоарна теледидарлық радиотаратқыш (РПер - РТ), таратқыш антенна, радиотолқынды тартушы кеңістіктен, қабылдағыш антеннадан және теледидарлық радиоқабылдағыштан (РПр - РҚ) тұрады. Бейнесигнал спектрі төменгі жиілікті және сондықтан оны ашық кеңістікте тарату мүмкін емес. Бейнесигналды қоршаған кеңістікке радиотолқын түрінде таратқыш жүйесімен сәулелене алатын радиожиіліктік сигналға түрлендіру радиотаратқышта орындалады.
Жүйенің қабылдағыш
жақ бетінде радиотолқын
6.7 – суретте қабылдағыш теледидарлық түтіктің (кинескоптың) құрылғыны түсіндіретін қарапайымдалған сұлба келтірілген. Люминофор қабаттары шыны баллонның жалпақ бөлігінің ішкі бетіне жағылған. Электрондық сәуле прожнетормен туындайды, қалыптасады және арнайы электродтармен жылдамдатылады. Электрондық сәуленің интенсивтілігін бейнесигнал басқарады. Сәуле люминофорға бағытталады және әр жолды элементі бойынша жарықталынады. Сәуленің горизонталь және вертикаль бойынша қозғалысы ауытқытатын жүйемен беріледі. Себебі сәуле интенсивтігі сигналды өзгеруімен сәйкесінше өзгереді, әр жолдың жарықталыну жарықтығы өзгереді. Сәуленің жол бойынша ауысуының үлкен жылдамдығы және көрудің анықталмаған инерциондығынан адам экранда толық оптикалық бейнені бақылайды.
Радиожиіліктік
сигналдарды дыбыстық жиіліктік
электрлік сигналдарға түрленді
6.3. Дискретті хабарламаны тарату жүйесі.
Телеграфтық байланыс жүйесі.
Телеграфтық байланыс жүйесі дискретті хабарды (телеграммалар) екі жақтық таратуға арналған. 6.1 – суретте көрсетілгендей екі ішкі жүйеден тұрады. Бұл кезде жүйенің әр аяғында (соңында) таратқыш және қабылдағыш болу керек. Бұл екі құрылғы әдетте аяқталған телеграфтық аппарат деп аталатын құрылғыны құрайды және конструктивті бірігеді. Телеграфтық байланыс арнасымен біріктірілген екі аяқталған телеграфтық аппараттардан тұратын жүйемен жүзеге асырылады.
Алдыңғы бөлімде көрсетілгендей, дискретті хабарламаларды тарату жүйелерінде хабарды сигналға және керісінше түрлендірудің кодалық әдісі қолданылады. Бұл әдістің маңызы тарату кезінде хабардың белгілері анықталатын элементтерден тұратын кодалық комбинациялармен ауыстырылкымен қорытындыланады. Ол кезде хабарламаның әр белгісіне өзінің комбинациясы сәйкес келеді. Барлық қолданылатын комбинациялар жиынтығы телеграфтық кодты құрайды. Көне және кең танымал болып Морзе коды табылады, оның комбинациясын екі әр түрлі элемент – «нүкте» және «тире» құрайды.
Кодтарды қолдану кезінде хабарламаларды тарату – кодалық комбинацияның екі әртүрлі элементтерін таратумен тең келеді. Комбинацияны сигналға түрлендіру екі орнықты күйі бар құрылғылар көмегімен орындалады.
Кезектеліп тұйықталатын және ажыратылатын сызықтық электр тізбек контактілері қарапайым екілік құрылғылар болып табылады. Тізбектің тұйықталуы кезінде арнаға комбинацияның бір элементіне сәйкестенетін токтық импульс береді. Мысалы, «1», ал ажырау кезінде (тізбекте ток жоқ) – «0» элементіне сәйкес келетін бейтоктық импульс. Осылайша алынған дискретті сигнал байланыс арнасына кезектеліп таратылған белгілі ұзақтықты токтың және бейтоктық импульстар комбинациясын құрайды.
Сонымен, хабарлама белгілерін сигналға түрлендіру процесі кодалаудан баталады, оның нәтижесінде белгілер кодалық комбинациялармен ауыстырылады. Сосын комбинация элементтері кезектеліп сигнал элементтеріне , яғни токтар импульсына түрленеді. Бұл функциялар ақырғы телеграфтық аппараттың таратқыш бөлігінің құрылғыларымен орындалады.
Телеграфтық байланыс жүйенің қабылдағышы сигналды хабарламаға кері түрленуі келесі кезекпен орындалады. Бастапқыда сигнал элементтері кезекпен қабылданады, кодалық комбинацияның элементтеріне түрленеді және сақталынады. Сосын белгі кодалық комбинация бойынша анықталады, яғни кодалауға кері сәйкес келетін операция орындалады. Қабылдау процесі белгілерді параққа жазумен аяқталады. Барлық аталған операцялар ақырғы телеграфтық аппараттардың қабылдағыш бөлігінің арнайы құрылғыларымен орындалады.
Мәліметтерді тарату жүйесі.
Мәліметтерді тарату жүйесінің телеграфтық байланыстан принципиалды айырмашылығы жоқ және де оларда хабарламаларды сигналға және кері түрлендірудің шартты (кодалық) әдісін қолданады, ал сондықтан хабарламалар тарату процесі және таратқыштың құрылғылары телеграфтық байланыс жүйесіне сәйкес келетін элементтерден ерекшеленбейді. Бірақ бесінші бөлімде айтылғандай мәліметтерді тарату жүйелері дискретті хабарламалардыжылдамырақ және нақтырақ тарата алады, яғни хабарламаларды сапалы және жоғарғы жлдамдықты таратуды қамтамасыз етеді. Олар хабарламаларды таратудың іс жүзінде қажет кез келген жылдамдықтарында дұрыстығына кепілдік береді. Бұл мәліметтерді тарату жүйесінің таратқыш және қабылдағыштарымен конструктивті бірігіп, қабылдау – тартушы құрылғыны құрай отырып мәліметтерді тарату аппаратурасы деп аталатын МТА (АПД –аппаратура передачи данных), хабарларды таратудың сапасын жоғарлататын қосымша құралдарды қолдану арқасында қол жеткізіледі. МТА (АПД) –ң тарату кезінде сигналдарды әртүрлі түрлендіруді атқаратын бір бөлігі таратқышта орналасқан, ал қабылдауды сигналдардың және кодалық комбинацияларының басқа да түрленулерін және жөндеудіқамтамасыз ететін екінші бөлігі мәліметтерді тарату жүйесінің қабылдағыш жағында (приемном конце) орналастырылады.
Таратудың сапасын көтеретін құрылғылар тарту процесінде пайда болатын хабарламалардағы қателерді табуға немесе түзетуге де рұқсат етеді. Мәліметтерді тарату жүйелері екі жақтық арна қолданылады: кері арна қателермен күрес үшін қолданылады. 6.8 – суретте хабарламаларды бір бағытта (солдан оңға) тарату үшін арналған мәліметтерді тарату жүйесінің сұлбасы келтірілген.
6.4. Электробайланыстың кейбір арнайы жүйелері.
Электробайланыстың аталып өткен түрлерінен басқа да өздерінің ерекше жүйелермен іске асатын, құрылысы бойынша өте жақсы, жұмыс принципі және арналуы жоғарыда суреттелгендердің бәрінен күшті түрлері бар және кеңінен қолданылады. Оларға телеметрияның (телеизмерение), телесигнализацияның, телебасқарудың, радиолокацияның, радионавигацияның және т. б. жүйелері жатады.
Телеметрияның жүйелері келесі операцияларды атқару үшін тағайындалған: зиянды орталарда қол жетпейтін орындарда немесе үзілген объектілерде өтетін әртүрлі процестерді сипаттайтын параметрлерін өлшеу, өлшеу нәтижелері туралы хабарлама тарату: қабылдау, жинақтау, өңдеу және мәліметтерді қолдану үшін. Телеметрияның объектілері болып, мысалы, ғарыштық кемелер, ал өлшенетін параметрлер болып кеменің техникалық сипаттамалары, қысым, температура, ортаның құрамы, космонавттардың физикалық және биологиялық мәліметтері. Телеметриялық жүйенің таратушылары өлшенетін параметрді электр сигналға түрлендіру және өлшеуге мүмкіндігі бар автоматтық көрсеткіш (датчик) болып табылады. Мұндай сигналдарды таратуда, әдетте, телеграфтық кодтар қолданылады. Сигналдар типтік сымды және байланысының радиоарналармен таратылады. Қабылдау пунктерінде мәліметтер бірден ЭВМ-ге енгізіледі немесе тіркеулік құрылғылармен бекітіледі. Телеметрия жүйелері көрсеткіштен жинау пунктіне дейін ақпаратты біржақты таратуға және барлық жүйе үшін жалпы болып табылатын мәліметтерді өңдеуге лайықталған.
Телесигнализация және телебасқару жүйелері арнайы хабарламаларды - басқару ортылығынан қол жетпейтін немесе алыс объектілерден заңдарды (приказ) тарату үшін тағайындайтын хабарламалардың дискретті сипаттамасы жоқ және әдетте өздерін цифрлық мәліметтерді көрсетеді. Көрсеткштерде осы хабарламалардың жүйелерінде кодтар арқасында байланыс арнасы бойынша берілетін дискретті сигналдарды түрлендіреді. Қабылдағыштар қабылданған сигналдарына сәйкес әр түрлі үрдістерді басқару және құрылғыларды белгілі бір функцияларын атқаратын автоматты түрде құрастыру, сигнализациялау, баптау бойынша өндіреді.
Телеметрия, телесигнализация және телебасқару жүйелері автоматтандыратын басқару жүйелері (АСУ-АБЖ) деп аталатын кешендерді құрып, жиі өзара байланысқан жұмыс істейді. Кәсіпорынның, ұйымның, салалардың және жалпы мемлекеттік АБЖ-р бар.
Электробайланыс объектілердег өтіп жатқан үрдістер немесе қозғалыс параметрлерін бақылау, өлшеу және зерттеу үшін қозғалмалы және қозғалмайтын объектілерді табу үшін кеңінен қолданылады. Бұл электробайланыстың даму бағыты радиолокация деген атқа ие болды. Самолеттердің, кемелердің ғарыштық объектілерді басқару қызметі, метеоқзметтеу және т.б. радиолокациялау мүмкін емес.
Радиолокацияның қағидасы көрсеткішпен сәуле шығарылған радиотолқын объектілерімен қадағалайтын шағылысу қабылдауында негізелген. Радиотолқындардың сәуле шығару және қабылдануы сүйір бағытта антеннамен өндіріледі.
Ақпаратты өңдеу
және талдау үшін көбінесе радиолокатормен
түйіндескен есептеуіш
Электробайланыс Ғарыш пен Жер бетіндегі өзінің орналасу орнын кемелермен, ұшақпен және объектілермен анықтау үшін қолданылады. Осы есептер радионавигациялды деп аталған. Электробайланыстың арнайы жүйелерін орындайды. Олар екі немесе бірнеше станционаларлы мен радиомаяктар де аталатын орналасу орнының белгілі координаталарымен әрқашанда жұмыс істейтін радиотарататын станцияларынан құралады. Радиомаяктарынан қабылданған сигнал бойынша борттық радиоқабылдағыш пен басқа құрылғылары қозғалмалы объектінің орналасу орнын анықтайды. Халықшаруашылықтың көптеген салаларында жағдайды жақсартатын, қауіпсздігін қамтамсыз ететін және еңбек өнімдлігін жоғарлататын өндірісік теледидарлама жүйелері қолданылады.
Қортынды
Хабарламаның тікелей түрлендіру нәтижесіндегі электробайланыс жүйелері үзіліссіз сигнал болады. Ол үзіліссіз немесе аналогтық жүйелер деп аталады. Телефондық жүйелер, факсимальды, бейнетелефондық байланыс, дыбыстық және теледидарлық хабарлау үзіліссіз жүйелерге жатады. Система белгісі – сигналға (кодалау) хабарламаны шартты түрлендіру дискретті сигналдарды тарату үшін. Электробайланыста мұндай болып мәліметтерді тарату және телеграфтық байланыс жүйесі табылады. Абоненттер арасында бір уақытта хабарламаны екі жақтылық таратуды телефондық, телеграфтық, бейнетелефондық жүйе және мәліметтерді тарату жүйесін қамтамасыз етеді, яғни сөйлесулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін әрбір абонентте байланыстың екі арналары арасындағы байланысқан таратқыш пен қабылдағыш болуы қажет, олардың біреуі бір бағытта сигналдарды таратуды, басқасы – кері бағытта қамтамасыз етеді.