Микрофондар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 13:49, реферат

Описание работы

микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындардыдыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліскеайналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радиохабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаныэтимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналғаайналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегіэлектр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқадиафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттікүнтаспага түсіріледі. Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді.