Радиоқабылдағыш құрылғылардың арналуы және классификациясы, көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:31, реферат

Описание работы

Радиоқабылдағыш құрылғыларды радиобайланыс, дыбыстық және теледидарлық хабар таратуда, радионавигацияда, радиолокацияда, радио-, телебасқаруда және т.б. қолданады. Радиоқабылдағыштың құрылғы келесі процестерді іске асыруы үшін қажетті бөліктері болуы тиіс:
- антеннада сыртқы электромагниттік өрістерден туындайтын барлық электрлік тербелістердің жиынтығынанқажетті радиотаратқыштың сигналын бөліп алу;
- жоғары жиілікті сигналды күшейту;

Файлы: 1 файл

Нұрманов СРСП 5.docx

— 21.10 Кб (Скачать файл)

         Радиоқабылдағыш құрылғылардың  арналуы және классификациясы,  көрсеткіштері. Радиоқабылдағыш құрылғыларды радиобайланыс, дыбыстық және теледидарлық хабар таратуда, радионавигацияда, радиолокацияда, радио-, телебасқаруда және т.б. қолданады. Радиоқабылдағыштың құрылғы келесі процестерді іске асыруы үшін  қажетті бөліктері болуы тиіс:

- антеннада сыртқы электромагниттік  өрістерден туындайтын барлық  электрлік тербелістердің жиынтығынанқажетті  радиотаратқыштың сигналын бөліп  алу;

- жоғары жиілікті сигналды  күшейту;

- детектрлеу; яғни модуляция  заңы бойынша өзгеретін токқа  жоғары жиілікті модуляцияланған  сигналды түрлендіру;

- детектрленген сигналды  күшейту. 

        Сигналды  әрі қарай түрлендіру радиоқабылдағыштың  нақты қолдану ерекшеліктеріне  байланысты. Мысалы, егер, қабылдағыш  бірарналы радиотелефондық байланыс  үшін, немесе дыбыстық  не теледидарлық  хабар таратуға арналған болса,  онда қабылданған сигнал күшейтілгеннен  кейін телефон, дауыс зорайтқыш  және теледидарлық түтік көмегімен  дыбысқа  және бейнеге түрлендіріледі.

         Егер қабылдағыш көпарналы радиобайланысқа  арналса, онда детектрленген және  күшейтілген сигнал ақырғы құрылғыға  жіберіледі, онда сигналдарды жеке  арналарға бөлу орындалады және  де керек болса қосымша өңдеу  жүргізіледі.

          Қазіргі уақытта қолданылатын  радиоқабылдағыштар кәсіпқойлық  және тұрмыстық деп бөлінеді. Біріншілері радиобайланыс жолдарында  пайдалануға және әртүрлі   навигациялық, телеөлшеулік және  басқа арнайы мәселелерді шешуге  арналған.

           Радиоқабылдағыш құрылғыларды былай  жіктеуге болады:

  • жұмыс түріне қарай ( радиотелефондық, радиотелеграфтық, теледидарлық, радионавигациялық, радиолокациялық және т.б.);
  • модуляция түріне қарай ( амплитудалық  модуляциялы бар (АМП), жиіліктік модуляциялы (ЖМ), біржолақты амплитудалық модуляциялы (БЖА) және т.б,);
  • қабылданатын сигналдардың толқындары диапазоны бойынша (километрлік, гектометрлік, декаметрлік және т.б.);
  • орнатылған орны бойынша (стационарлық, тасымалданатынтын, ұшақтық,

      автомобилдік  және т.б.);

  • электрқоректену схемасы бойынша (тұрақты және айнымалы ток желісінен).

          Қабылдағыштың негізгі сипаттамаларына  сезімталдығы. Таңдаушылығы және  бөгеулікке орнықтылығы жатады.

        Сезімталдық – қабылдағыштың әлссіз сигналдарды қабылдау қабілетін көрсетеді. Ол әдетте ЭҚК ең кішкене мәнімен бағаланады немесе оны бөгеуіліктермен бұрмалауға болмайтын сигналдың нормалды қайта қалпына келтірілуі бар тұрақты қабылдау мүмкін болатын антеннадағы радиосигналдың қуатымен.

         Қабылдағыштар сезімталдығы олардың арналуына қарай үлкен шектерде өзгереді. Осылай, радиохабар тарту қабылдағыштарының сезімталдығы сапа класына байланысты  50....300 мкВ аралығында жатыр. Радиолокациялық қабылдағыштардың  сезімталдығы   мәні шамамен 10-12...10-15 Вт.  Феррит антеннасы бар қабылдағыштар үшін өріс кернеулігі бойынша сезімталдық түсінігі пайдаланылады. Оның мәні 0,3 тен 5 мВ/м –ге дейін.

        Радиоқабылдағыш  құрылғының таңдаушылығы (іріктеушілігі) деп жиілік бойынша ерекшеленетін әртүрлі сигналдардан қабылданатын станцияның сигналын бөліп алу қабілетін айтады. Осыған сәйкес қабылдағыш таңдаушылығын әртүрлі толқындарда жұмыс істейтін бөтен радиостанциялардың сигналдарын, толқынына осы £ қабылдағыш бапталған қабылданатын таратқыштың сигналдарына қарағанда,  салыстырмалы түрде әлсіретумен бағалайды. Таңдаушылық негізінен қабылдағыш құрамына кіретін тербелістік контурлар және сүзгілермен жүзеге асырылады.

         Жиілік бойынша жақын бөтен  сигналдардың, яғни көрші жиіліктік  арнаның, бөгеуліктерін әлсірету  үлкен қиындық тудыратыны белгілі.  Сондықтан қабылдағыштың сапасын  бағалағанда әрқашан оныңкөрші  арна бөгеуліктеріне қарағандағы  іріктеушілігі анықталады.

        Бірінші  жуықтауда таңдаушылықтың мөлшерлік  бағалауын, күшейту коэффициентінің  антеннадағы тербелістер жиілігіне  тәуелділігін бейнелейтін қабылдағыштыңрезонанстық  сипаттамасы бойынша жүргізуге  болады. Бұл жағдайда  fc жиіліктегі  бөгеулікке қарағандағы таңдаушылық  Se = K0/Kn, мұнда К - баптау жиілігіндегі күшейту коэффициенті, Кп бөгеулік жиілігі fn – дегі күшейту коэффициенті.   Іріктеушілікті  сондай-ақ децибелмен анықтаған ыңғайлы: 

                      SeдБ=20lgSe=K0дб-Kпдб.

 

          Нақты қабылдағыштың жиіліктік  сипаттамасы тікбұрыштылықтан өзгеше  болады. Бұл жағдайда өткізгіштік  жолағы деп оның шектерінде  қабылданатын сигналдардың спектрі  әлсіреуі берілген мәннен аспайтын  жиіліктер облысын айтады. Егер  бұрмаланулар тыңдағанда құлаққа  білінбейді дейді, егер АЖС-сы  біркелкілікті еместігі өткізу  жолағы шегінде  3 дБ – ден  аспаса. Бұл 1/ 2 = 0,707 деңгейіне сәйкес келеді. Өткізу жолағы нақты осы деңгейден есептеледі. Контурдың жиіліктік қасиеттері оның сапалылығымен    Q = f0/(2 f)   берілуі мүмкін.

          Қабылданған сигналдың қайта  дыбыстық шығарылуы   қабылдағыштың  жеке каскадтарындағы сигналдың  әртүрлі бұрмалануына тәуелді.  Осындай бұрмалануларға жиіліктік,  фазалық және сызықтық еместер  жатады. Қабылданған сигналдың сапасына  сондай-ақ  әртүрлі бөгеуліктер  әсер етеді: атмосфералық, өнеркәсіптік, жиілік жағынан көрші қабылдағыштар бөгеуліктері, ал УКВ диапазонында – қабылдағыштың өзіндік шуылдары.


Информация о работе Радиоқабылдағыш құрылғылардың арналуы және классификациясы, көрсеткіштері