Әдістемелік нұсқаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 08:34, реферат

Описание работы

Дәріс – студенттерге оқытылатын тақырып бойынша барлық материал. Дәріс жазуды үйренейік: мұндай жазу конспектілеу (латынның conspectus сөзінен шыққан -«шолу»деген мағынаны білдіреді) деп аталады, шығармашылық үдеріс болып табылады, белгілі бір білік пен дағдыны талап етеді. Меңгеруге жеңіл болуы үшін, бірнеше практикалық ақыл-кеңестерді есте сақтауды ұсынамыз: Оқытушы айтқанның бәрін сөзбе сөз жазуға тырыспаңыз, ол мүмкін емес әрі қажеті де жоқ. Егер сіз осыған талпынсаңыз, сіздің жазып алғаныңызда аяқталмаған, тастап кеткен сөйлемдер болады, сондықтан айтылған материалдың логикасы бұзылып, конспектіңіз жарамсыз болады. Ойды ең мәндісін жаза отырып, өз сөзіңізбен және қысқаша жазуға үйреніңіз; негізгісін қосымшасынан ауызша бөліп көрсетуге үйреніңіз;жазып алғаныңыз ашып көрсетілген дәріс-жоспар сияқты логикалық байланысты және жинақталған болуы керек;егер, дәрісте сызбанұсқа, кесте, сурет ұсынылса, онда міндетті түрде дәптерге ұқыпты және көңіл қойып көшіріп алыңыз;дәріс барысында оқытушы сол немесе басқа да ойды белгілеп айтады, сондықтан жазуыңыздағының біреуінің мәніне сәйкес бөліп көрсетіңіз.

Файлы: 1 файл

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.docx

— 74.96 Кб (Скачать файл)

 

 ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР  
 
Дәріс – студенттерге оқытылатын тақырып бойынша барлық материал. Дәріс жазуды үйренейік: мұндай жазу конспектілеу (латынның conspectus сөзінен шыққан -«шолу»деген мағынаны білдіреді) деп аталады, шығармашылық үдеріс болып табылады, белгілі бір білік пен дағдыны талап етеді. Меңгеруге жеңіл болуы үшін, бірнеше практикалық ақыл-кеңестерді есте сақтауды ұсынамыз: Оқытушы айтқанның бәрін сөзбе сөз жазуға тырыспаңыз, ол мүмкін емес әрі қажеті де жоқ. Егер сіз осыған талпынсаңыз, сіздің жазып алғаныңызда аяқталмаған, тастап кеткен сөйлемдер болады, сондықтан айтылған материалдың логикасы бұзылып, конспектіңіз жарамсыз болады. Ойды ең мәндісін жаза отырып, өз сөзіңізбен және қысқаша жазуға үйреніңіз; негізгісін қосымшасынан ауызша бөліп көрсетуге үйреніңіз;жазып алғаныңыз ашып көрсетілген дәріс-жоспар сияқты логикалық байланысты және жинақталған болуы керек;егер, дәрісте сызбанұсқа, кесте, сурет ұсынылса, онда міндетті түрде дәптерге ұқыпты және көңіл қойып көшіріп алыңыз;дәріс барысында оқытушы сол немесе басқа да ойды белгілеп айтады, сондықтан жазуыңыздағының біреуінің мәніне сәйкес бөліп көрсетіңіз. 
 
^ Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын меңгерудің қорытынды кезеңі болып табылады, мұндай сабақта студенттердің өзіндік жұмыстары қорытылып, бағаланады. Дәріспен салыстырғанда, семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын мәселелерді түсіндіру, талдау, бағалау, сараптау, ситуацияларды жан-жақты талдау, логикалық тұжырымдау, жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселе аясында нақты баяндау, басқаның пікірін тыңдау және сыни тұрғыдан бағалау сияқты белсенді әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын келтіреді. Семинар сабағын топтық талқылау және пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді. Семинарға дайындық барысында: семинардың тақырыбын талқылап, талдауға ұсынылатын негізгі мәселелер мен мақсаты туралы ойластырыңыздар; осы тақырып бойынша оқытушының дәрісте берген материалын көңіл қойып оқып шығыңыздар; ұсынылған әдебиеттерді оқып, оқығаныңыздың ішінен семинарда талқылауға қажеті болатындарынан конспекті жазыңыз; әрбір сұраққа оны нақты мәліметпен дәлелдей отырып, өз пікіріңізді айтуға талаптаныңыз; оқулықпен және ғылыми әдебиетттермен өзінік жұмыс жасаған уақытта туындаған сұрақтарды жазып алыңыз, сосын семинарда оған жауап аласыз. Семинардағы жұмыс кезіндегі үдерісте: семинарға қатысушылардың сөйлеген сөзін көңіл қойып тыңдаңыздар, оның айтқандарын өзіңіздің пікіріңізбен салыстырыңыз; қарастырылатын сұрақтарды талқылауға белсенді қатысыңыздар, өз пікіріңізді айтудан қорықпаңыз, бірақ ол сенімді дәлелдермен бекітілуі тиіс; егер сіз біреудің пікірімен келісетін болсаңыз, оған сыни тұрғыдан қараңыз, бірақ есіңізде болсын, сын негізделген және қалыптасқан болуы керек, яғни баламасы ретінде нақты ұсыныс беруіңіз қажет; семинардың соңында қарастырылған сұрақтардың дұрыс жауаптарын қысқаша тұжырымдаңыз.  
 
^ СОӨЖ-ны, СӨЖ-ді ұйымдастырудың мақсаты: студентердің пәнді жүйелі түрде меңгерту, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен құзыреттіліктерді бекіту, дәріс және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастыру; алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйретеді. Кез келген тақырыптың ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлермен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік жұмысы мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі. Әдіс жалпы және жеке түрлерге бөлінеді. Жалпы әдіс белгілі бір теория мен ортақ методологияға сүйенеді. Мыс.: салыстырмалы-тарихи. Жеке әдіс жекелеген әдіс-тәсілдерді құрайды. Мыс.: компоненттік талдау, трансформациялық анализ, т.б. Студенттің өзіндік жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді. Студент – белсенді, сыни ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Силлабуста ұсынылып отырған СӨЖ түрлері осы мақсаттарды ескере отырып құрылды. Студенттердің өзіндік жұмыстары зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделіп, жазбаша түрде орындалуы керек. Өзіндік жұмыстарын төмендегі үлгілер бойынша беруге болады:  
 
Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі.  
 
Мақала – нақты тақырып бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасап, қорытынды беріледі. Сонан соң зерттеудегі өзінің аталған мәселеге қатысты көзқарасын ұсынып, оны дәлелдейді. Мақала соңында қорытынды тұжырымдар жасайды.  
 
Тезистер – бұл тақырып және оның негізгі мағынасының бірізділікпен қысқартылып, жетекші талаптарының қысқаша берілуі. Тезистердің жоспардан айырмашылығы мәтінде қарастырылатын сұрақтардың атының ғана емес, мәнінің де ашылып берілуімен ажыратылады. Сондықтан егер жоспар «Мәтінде не туралы айтылады?» деген сұраққа жауап берсе, ал тезис «Мәтінде бір нәрсе туралы не айтылады?» деген сұраққа жауап береді. Тезистер авторлық және қосымша болуы мүмкін. Авторлық тезистер автормен жазылған, сонымен қатар авторлық мәтінді сөзбе-сөз көшіру болып табылады. Қосымша (вторичные) тезистер авторлық мәтіннің өңделген түрі. Тезисте мәтіннің тақырыбы қысқа және логикалық (түсінікті) даму тұрғысынан айтылады. Тезистердің қысқалығы мысал, үлгі және цитат келтіруге мүмкіндік бермейді. Көбінесе бастауыш пен баяндауыштан тұратын тезистер қолданылады. Бұл тезистер конспектіге қарағанда мәтіннің ең қысқа вариантын ұсынады. Тезис - белгілі бір мәселе туралы қысқаша түрде баяндалған қағида.  
 
Реферат (лат. referre – баяндау, хабарлау) – бұл мәтіннің мазмұнын бұрмалаусыз айтып беру. Реферат: 1) Әдеби және басқа деректерге жасалған шолудан тұратын белгілі бір тақырып бойынша жасалған баяндама; 2) Ғылыми жұмыстың, кітаптың, т.б мазмұнын баяндау (Словарь иностранных слов. – М., 1985. –С.433.). Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі, онда көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Реферат сонымен тек қана ойсыз көшіру емес, таңдалған тақырып бойынша ақпарат көздеріне талдау мен сараптау жасау, оларға баға беру. Рефераттан студенттің «Мен» тұжырымы көрініп тұруы қажет.  
 
Рефераттың өз құрылымы бар:  
 
1. Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты.  
 
2. Тақырыбы.  
 
3. Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және нөмері).  
 
4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға болмайды.  
 
5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады.  
 
Рефератты репродуктивті және продуктивті деп ажыратады. Репродуктивті рефераттар мәтіннің мазмұнын жаңадан өндіреді. Мұндай рефераттарға реферат-түйіндеме (резюме) және реферат-конспект жатады. Реферат-түйіндемеде (резюме) тақырып мәтіні бойынша негізгі ережелер келтіріледі. Реферат-конспект мәтіннің негізгі мазмұнын, дәлелдерін, мысалдарын, нәтижелерін береді. Продуктивті рефераттар мәтіннің мазмұнын ғана емес, оған сыни тұрғыдан, шығармашылықпен қарауды ұсынады. Рефераттың мұндай түріне реферат-шолу және реферат-баяндама жатады. Реферат-шолу (обзор) бірнеше мәтіннің негізінде жазылады. Онда мәтіндегі айтылған мәселе әр түрлі көзқарас тұрғысынан салыстырылып жазылады. Реферат-баяндамада (доклад) мәтіндегі бар ақпаратқа талдау жасалып, мазмұнына бағалау беріледі. Реферат жазу мәтінді саналы түсінуді, ақпаратты аналитикалық-синтетикалық қайтадан өңдеуді және осының негізінде жаңа мәтінді құруды талап етеді.  
 
^ Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиеттермен зерттеулер, интернет, т.б.) жұмыс жасау. Ол үшін студент ең бірінші кітапханада катологпен жұмыс істеудің әдісін меңгеруі; тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңе қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысуы; қажетті ақпаратты жинауды үйренуі қажет.Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс олардың мазмұнынан өзіне қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттей оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады. Оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін ұсыныстар: оқу әдебиеттерін оқи білу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру студенттің дербес және алдымен сол уақыттағы оқитын материалына байланысты болады. Оқулықты оқуға кірісе отырып, студент не үшін оқитыны жөнінде өзіне есеп беруі керек. Сосын жалпы конспектіде нақты тақырыптың алатын орнын анықтап, мазмұндық құрылымын, жақын құрылымдық бірлігін ойластыруы керек.  
 
«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай, пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде студенттердің қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт аумағында өз ойларын ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал, онда өз ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды.  
 
^ ЭССЕ (фр. « essay » - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының жиынтығы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық (көркем шығармалық) сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек. Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді, ол кез-келген стилде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой. Эссенің бірінші жоспарында - автор тұлғасы, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы тұрады, бұл шығарманың басты ұстанымы. Эссе студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдарын келтіретін бағалау тәсілі. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссені бағалау барысында мына факторларды есте сақтау қажет: Кіріспе мен жұмыстың қорытындысын құрастыра білуі; Логикалық тұрғыдан аргументтерді келтіре алу қабілетінің болуы; Кеңінен және тереңірек талдау жасай білу, тұжырымдар мен қорытындыны бағалау және сын тұрғысынан қарай білу қабілеті; Шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілеті; Қарастырылатын әдебиеттердің кеңдігі мен тереңдігінің қажеттілігі; Түсінікті және нақты бейнелеп жаза алу сауаттылығы; Жұмысты ұқыпты рәсімдеу, оның түйіндемесін, сілтемесін, библиографиясын құра білуге қабілеттілігі.  
 
Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады: жоспарлы; мәтіндік; еркін; тақырыптық.  
 
Презентация – бұл пайдаланушының осы затқа ерекше назарын аудартудың бір формасы, жариялау деген мағынаны білдіреді. Презентация нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау, даму тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен семинарларда жүргізілуі мүмкін. Презентация көмегімен семинар, курс тыңдармандарын оқытуға болады. Мұндай презентация пәнді көрнекі етіп, оны жандандыра түседі.  
 
Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) - ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар колло́квиум - білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы. Әдетте жоғарғы оқу орындарында ол семестр ортасында жүргізілетін, өзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиум мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді.  
 
^ Проект (жоба) уникалды өнім яки қызмет тудыру мақсатымен уақытша айналысатын жұмыс. Себебі әр жобаның өз уақыты, яғни басталуы мен аяғы болады. Уникалдылығы туралы айтқанда өзге осындай тапсырмаларға ұқсамайтындығын айту керек. Жобаға бірнеше студент қатысуы мүмкін. Жоба ретінде тапсырманы құру, журналдың номерін дайындау, ақпараттық жүйесін құру және т.б.  
 
Пресс-конференциялар журналисттермен қарым-қатынас жасау формасы, ақпаратты ең бірінші алудың жолы. Пресс-конференцияда әдетте басшылық немесе көтерілген мәселеге құзырлы адамдар қатысады. Пресс-конференцияны дайындау үшін: пресс-конференция тақырыбы мен қатысушыларды анықтау, жүргізуші тағайындау; өткізілетін орынды таңдау, жолын нұсқау; пресс-конференцияға шақырылған БАҚ-н, БАҚ e-mail анықтау, факстерді тарату; слайдтар көрсетілуін демонстрациялау; пресс-релиз тарату (конференцияға дейін 3-5 күн). Пресс-релизде келесі мәліметтер қамтылуы керек: · орны, уақыты өту уақытын көрсету; контактілік телефон.  
 
^ Пікірталас (дискуссия) - қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі. Оны өткізудің түрлері баршылық.Дискуссияның мақсаты: қатысушыларының белгілі тақырыптар мен мәселелерге қатысты қызығушылығын оята алу; кереғар пікірлерге жетелейтін оқу мазмұнын әр қырынан қарастыру, мүмкін көзқарастарды анықтау. Дискуссияның барысы: 1. Дискуссияны оқытушының немесе жүргізуші студенттің ашуы: талқылайтын тақырыптың мақсаты мен міндетін көрсету. Сөз алуға шақыру; Дискуссияны баяндамаларды тыңдаудан бастауға болады; Ең болмаса, бір альтернативті сұрақтың болуын қадағалау; жақтаушы және керіге шығарушы 3-5 аргумент бөліп көрсетіледі; Қатысушылар сұрақтар қояды, өз пікірі мен ұсыныстарын айтады; соңынан «ия» немесе «жоқ» деген пікірлер саналады. 2.Дискуссияның жағымды жақтары: мәселелер әр қырынан талқыланады; жүргізуші дискуссияны үйлестіріп отырады, өз пікірін ала алады, алайда пікірталастыруға міндетті емес; оқытушы қорытындыны жинақтап түсіндіреді. Егер дискуссия соңында топ екіге бөлініп кетсе, онда дебат өткізген жөн. Ол студенттерді бір-бірімен айтысуға; түрлі пікірлерді айтуға; оппоненттерді тыңдауға үйретеді. Дебат өткізуде қажетті нәрселер: оппоненттің не туралы айтқанын мұқият тыңдау; әр 15 минут сайын студенттер сенімді аргументтерді жазып алып отырады; түрлі пікірлерді тыңдап, олармен келісу яки керіге шығару; соңында оқытушы аргументтерді қорытындылайды, маңызды сәттер мен қисынды қорытындыларды шығарады.  
 
«Ойға шабуыл» әдісі – бұл жаңа идеяларды шығару үшін кеңінен қолданылатын әдіс, қойылған мәселелердің спонтанды түрде шешілуі. Мұнда:1) Міндеттерді анықтау; 2) 5-8 адамнан тұратын шығармашылық топты құру. Шығармашылық топ 2 топтан тұрады. (ұдайы және уақытша қатысушылар). Ұдайы топқа топ жетекшісі кіреді. Уақытша қатысушы ретінде шешілетін мәселенің құрамына қарай анықтайды: а) Өту уақыты 1.5-2 сағат. шақыруды 2 -3 күн бұрын алады. б) Идеялардың санына көп көңіл бөлінеді. Олар қысқа, әрі нақты болуы тиіс.в) Ойын барысында сын айту жіберілмейді. Сынның болмауы жақсы микроклимат тудырады. г) Микроклимат тудыруға қалжың, әзіл өз көмегін тигізеді. «Миға шабуылдың » нағыз сеансы адамдардың ерекше психологиялық көңіл-күйі. д) Жүргізушінің міндеті бейтарап жағдаят тудыру, жаңа адамдарды таныстыру, әзілмен әңгімелеу. Ақыл ой шабуылы - бір проблема жайында ұйымдастырылған пікірлесу, жоба туралы толық, ашық, еркіндікте әңгімелесу.  
 
Портфолио – студенттің семестр бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Онда студент өзінің жазба жұмыстарының үлгілерін сақтап, семестр аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде дәлел ретінде қолдана алады. Портфолионы электронды түрде де келтіруге болады. Портфолио бірнеше қызмет атқарады: жинақтаушы – студенттің жұмыстарының жиынтығы; үлгі – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы; ой-толғаныс пен шығармашылық тудырушы – студенттерге оқу/үйрену және кәсіби тұрғыдан қажетті әдістер мен тәсілдердің қолдануын ұғынуға және т.б. мүмкіндік береді. Портфолионың бөлімдері: 1.Студент туралы мәлімет.2.Пәннің теориялық мазмұны. 3.Студенттің жұмыс үлгілері. 4.Студенттің жетістіктері. 5.Студенттің ой-толғанысы. Портфолионы бағалау критерийлері:барлық бөлімдердің болуы; өздігінен қосымша бөлімді енгізуі; зерттеу әдістері; дербестігі; материалдарды безендіруі; қорытынды жасауы; басқалардың пікірлері; ой-толғанысқа негізделген материалдары; портфолионы таныстыруы (жариялау, презентациялау).  
 
^ Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс) – семинар немесе практикалық сабақтарда студенттердің бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі. Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады. Студенттер шағын топтарға бөлініп, аталған проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің шешімін плакатқа түсіреді. Студенттер өздігінен мазмұн мен тапсырма орындаудың формасын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Содан кейін плакат қабырғаға ілінеді де, топ атынан спикер шығып жұмысты қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқаларының сұрақтарына жауап береді, олардың өз шешімдеріне түзету енгізуі де мүмкін. Оқытушы әр топқа жеке тапсырма беруі немес топтар тапсырманы өздері де таңдап алуы мүмкін.  
 
Ойындар: 

  1.  
    Рөлдік ойындар: көшбасшылық ойындар.
  2.  
    Іскерлік ойындар: саяхат, блиц-ойындар, өндірістік ойындар.
  3.  
    Имитациялық ойындар. 

 
Тренингтер - қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. Тренингтердің мақсаты –үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады.  
 
Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге бөледі. Жабық тест дегеніміз – келтіріліген жауаптардың ішінде біреуі дұрыс болатын тапсырма, студенттер бұл жауапты таңдап көрсетуі тиіс. Ашық тесттердайын күйде берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан шешім келтіруді талап етіп,келесідей тапсырмалардан тұрады: өзіндік түсінікті келтіру, мәсеелні шешу, ой-өрістерін дамытуға бағытталған шығрмашылық жұмыстары.  
 
Бақылау – қандай да бір фактілерді анықтау үшін ақпаратты жинақтау құралы. Бақылау арқылы студенттің сабақта қалай жұмыс жасағандығын немесе сабақтың қалай өткендігі туралы ақпарат жинап, талдау жұмысын жүргізуге болады.  
 
Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақтау. Сауалнама алдын-ала құрастырылып, респонденттерге таратылып беріледі.  
 
Интервью – сұрақ-жауап арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру. Интервью арқылы студенттің немесе оқытушының сабақ тақырыбы жайлы пікірлерін білуге болады.  
 
^ Аннотация ( лат. сөзі annotatio – белгі, естелік) – кітаптың, мақалының қысқаша сипаттамасы, яғни кез келген мәтіннен оның көзқарасы бойынша мазмұнын, формасын және басқа ерекшеліктерін белгілеп қою. Аннотацияның мақсаты – мәтінде не туралы айтылатыны жөніндегі сұраққа жауап беру, ол туралы жалпы түсінік беру. Аннотация – материалды сұраптау арқылы мазмұнын ашып, баға беру. Аннотацияның құрылымы: 1. Мәтіннің библиографиялық баяндалуы, суреттелуі. Автор туралы мәліметтер, басылымның аты, орны және уақыты (Шыққаны туралы мәліметтер). 2. Мәтіннің тақырыбы. Жалпы тақырып көздері көрсетіледі. Онда төмендегілер көрсетіледі: тақырыпқа, мәселеге, мақаланың тақырыбына, т.б. арналған мақала (кітап, монография және т.б.) Мақаланың тақырыбы .....болып табылады. 3. Мәтіндегі мәселе. Мәтіндегі айтылатын мәселелер немесе сұрақтар төмендегідей беріледі: мақалада (кітапта) келесі мәселелер талданады (арналады, сипатталады, талқыланады, ашып көрсетіледі, қарастырылады); талдау жасалады (сипаттау, суреттеледі, шолу); нәтижелері келтіріледі; теориясы беріледі (тарихы, әдістемесі, мәселесі); сұрақтар зерттелінеді (мәселе, үрдіс, тәуеледілік, қасиеті) және т.б. 4.Адресат. Мәтіннің біреуге арналғаны белгіленеді: мақала ....саласындағы мамандарға арналады; мақала ....қызығушылық тудырады (оқырмандарға) және т.б. Аннотация кітаптың титульный парағының астыңғы бетінде болады. Негізінде кітаппен танысқанда алдымен аннотациясын оқиды. Аннотацияның тілі әдеби, түсінікті және қарапайым болуы керек. Онда артық ақпарат болмауы керек.  
 
Глоссарий – белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. Сөз тіркестеріне, қазіргі кезде түсініксіз сөздерге түсінік беріледі. Сирек кездесетін кейбір аударма сөздіктер де глоссарийге жатады. 
 
Сұхбат – негізгі бір ортақ ой төңірегінде әңгімелесіп , ой бөліседі. Сұрақтарына жауап алып, сұқбаттасушының пікірін біледі. Сұхбаттық әңгіме түрі көпшілігінде екі адамның әңгімелесуі түрінде өтеді. Сұхбатқа қатысушылар фактілерді жинақтап, қойылатын сұрақтарын айқындап, сұхбатқа қатысушы еркін,ашық, сындарлы әңгіме өткізуі тиіс.  
 
Контент - талдау – мәтіндік материалды талдау, сол мәтінге мазмұнның сай келуін түсіндіру.  
 
Картотека - анықтама мәліметтер жазылған карточкалардың жүйеге келтірілген жиынтығы. 
 
^ Түйін, мазмұн - сөйленген, жазылған немесе оқылған сөздің қысқаша түйіні. 
 
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер 
 
Негізгі әдебиеттер (кітапханалық қорда бар немесе соңғы 5 жылда шығарылған 2-3 оқулықтан артық емес) 

  1.  
    Волков Г.Н.. Этнопедагогика. Москва. 2000 г.
  2.  
    Жарықбаев Қ.Б., С.Қалиев. Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы. 1-2 том. Алматы, 1994ж.
  3.  
    Әбілова З.Ә.. Этнопедагогика. Алматы, 1997 ж.
  4.  
    Төлеубекова Р., Е.Жұматаева. Этнопедагогика. Оқу құралы. Павлодар, 2007, -124б.
  5.  
    Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. -Алматы, «Санат», 2001.
  6.  
    ҚожақметоваК., Ш.Таубаева, Ш.Джанзакова. Методология общей и этнической педагогикик в логико-структурных схемах. Алматы, 2005, -174с.
  7.  
    Этнопедагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ-ті, 2010. - 465 б. Авторлар: С.Ж.Пірәлиев, Г.Т.Хайруллин, Д.Ә.Нұрғалиева, Л.Н.Демеуова, А.А.Бейсенбаева, Қ.Атемова, Г.С.Саудабаева, Б.Т.Махметова, Ғ.Ахатаева, Қ.Қ.Шалғынбаева, А.Д.Қайдарова, М.Б.Тленбаева, Г.К.Шолпанқұлова, М.М.Абсатова, Р.К.Төлеубекова, Е.Ө.Жұматаева.

 

уралы» Кодекс қабылданады


«Неке және отбасы туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісінде талқыланды. Енді «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі болып қабылданады деп жоспарлануда. Таяуда бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Азаматтық хал актілерін тіркеу және опостильдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы Зайда Нұрабаевамен сұхбаттасқан едік. 

– Зайда Тоқашқызы, әңгімемізді «заңның жаңа сипат алуы отбасының қоғамдағы рөлінің маңызын арттырады» деген пікіріңізден бастасақ. Бұл «Неке және отбасы туралы» заңға енгізілген өзгертулер заңның олқы тұстарының әсерінен туындаған мәселе ме, әлде?... 

– Жалпы заңға енгізілетін  өзгертулер мен толықтырулар, заңның солқылдақтығынан ғана емес, заманның бет-бейнесінен, қоғамның талабынан туындайтын нәрсе.  «Неке және отбасы туралы» заң сонау тоқсаныншы жылдардың басында қабылданды. Одан бері қаншама уақыт өтті, талай нәрсе өзгерді. Жаңа заң жобасы «Неке (ерлі-зайып-ты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынады. ҚР Парламентінің бірінші отырысында қаралып, мақұлданды. Депутаттардың кезекті демалысқа кетуіне байланысты екінші отырысқа қалдырдық. 

Қай қоғамда болмасын отбасы негізгі мәселелердің, ірі институттардың бірі. Сондықтан отбасылық жағдайларды нормативтік-құқықтық актілердің ең жоғарысы ретінде – Кодекс ретінде қарағанымыз жөн. Қазір Қазақcтанның саяси өмірі өзгерді. Көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болдық және дүниежүзімен дипломатиялық қарым-қатынас-ымыз дамып, өркениетіміз өсіп келеді. Қазақстан келер жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ететін болады.  Басшылық жасау қарсаңында еліміз заңдары мен заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жатыр. Сондықтан «Неке және отбасы туралы» заңды өзгертудің уақыты жетті. 

–  Халық арасында талай мәрте әңгіменің арқауы болған екі әйел алу мәселесі қалай жүйеленді?

– Мәжілістің отырысында депутаттар біраздан бері халықтың көкейінде даулы мәселеге айналған екі-үш әйел алу мәселесін тартысқа салды. Конституциямызда жазылған біз зайырлы құқықтық демократиялық мемлекетпіз. Мұсылманбыз, дінін берік сақтаған елміз, бірақ, діни мемлекет емеспіз. Мешіттер жұмыс істеу кезінде мемлекеттің заңына нұқсан келтірмеу керек. Мешіт ашылғанда мемлекет тарапынан заңды құжат алып барып, жұмысын бастайды. Сөйтіп тұрып заңның өрескел бұзылуына жол береді. Мешітте тіркелу заң талабына жатпайды. Бұл мешітке бармасын, имамның батасын алмасын деген сөз емес. Дін адамның рухани таза өмірінің кепілі. Мешітте имамның ақ батасын алуы, неке суын ішуі Алланың ақиық шынайы жолы. Бірақ мешіттің құжаты заң ретінде қаралып реттелмейді. Екі немесе үш әйел алатындар мешітке барып имамның батасын алдық, енді біз ерлі-зайыптымыз деп есептейді. Ол әйелдің өзін-өзі алдағаны, ертеңгі күні бір жағдай болып қалса, мешітте тіркелген қағаздарының көк тыйындық құны болмай, заң алдында өздерін қорғай алмай қалады. Адамның тағдырының таразыға салынбайтын уақыты болмайды, алланың адамға беретін сынағы көп. «Жаман айтпай жақсы жоқ» ерлі-зайыпты болып өмір сүргеннен кейін әр-түрлі келеңсіз жағдайлар туып жатады. Отбасындағы жанжал, ерінің әйелге қол көтеруі немесе баласын мойындамауы, алимент төлеуден бас тартуы сынды жағдайларда екінші, үшінші әйелі болып мешітте тіркелген неке құжатымен заңға жүгіне ме?  Сондықтан мемлекеттік тұрғыда неке туралы құжат рәсімделгеннен кейін ғана мешітке 

баруы керек. Молдалар да заңды неке құжаты болмаса, мешітте тіркемеуі керек. 

– Екі-үш әйел алу демографиялық жағдайымыздың өсуіне үлес қосады деген пікір айтылып жүр...

– Екі-үш әйел алу арқылы демографияны шешпейміз. Ондай құрғақ әңгімеге берілудің керегі жоқ. Қазіргі заман бөлек. Біздің ата-бабаларымыз үш-төрт әйелден алған деп еліреді. Ол кезде әйел баласы от басы, ошақ қасынан шыға алмаған. Өздері жұмыс істеп ақша таппаған. Қазіргі қоғамда әйел адамның орны бөлек. Еліміздің саяси өмірінің өсуіне ер адамдармен бірдей үлес қосып келеді. Бұл жерде мына жәйтті айтып кетейін. Әйел адам жұмыс істемеді дегенді бір ізділікпен түсінбеу керек. Әйел адам шаңырағының шаттығы, бала тәрбиелеп, ерінің жолын тосып, елдің татулығы мен береке-бірлігінің ұйытқысы болған. Егер демографиялық жағдайға алаңдаулы болса, мемлекет ана мен бала денсаулығына, өміріне ерекше көңіл бөлсін. Сонда ғана халықтың санын көбейтеміз. Саналы да салауатты ұрпақ өсіреміз десе, ана мен сәбидің өміріне баса назар аударсын. Үш-төрт әйел алып, некесіз балаларды көбейткенше, демографиялық жағдайды тек заң аясында саналы түрде шешкеніміз жөн. 

Сондай-ақ, Парламент отырысында отбасы болғысы келген жастар жеті атасын білсін деген мәселені көтерді. Заң қазаққа ғана жасалған жоқ. Қазақстанды мекендейтін барлық азаматтарға ортақ. Және жеті атасын білмесе біз оларды некелестірмеуіміз керек пе? Жастардың ондай мәселемен басын қатырмау керек. Қарға тамырлас қазақ, онсыз да өзіне кімнің қалай туыс-жекжат болып келетінін біледі. Жеті атасын білмеді екен деп некелестірмей тастасақ, қазақтанда онсызда бойдақ жігіттеріміз бен бойжеткен қыздарымыз отырып қалып, кешеуілдеп үйленіп жатқанда, мүлдем жас отбасылардың санын азайтуға жол ашамыз. Сондықтан бұл ұсыныс та негізсіз деп танылды. 

– Бүгінде елімізде «Азаматтық неке» деген түсінік қалыптасты. Бұл заңмен реттелмеген, дегенмен жастар арасында «бақытты болудың формуласы» ретінде тәжірибелік қағидаға айналды. Осы тұрғыда ойыңызды қалай таратар едіңіз?

– Орыстар «сожитель», немесе «гражданский брак» дейді. Содан  аударып азаматтық неке деп аталынып жүр. Бізде азаматтық неке деген  жоқ. Азаматтық неке емес зинақорлық немесе нәпсі құмарлық десек дұрыстау болады. Екі адам бірін-бірі ұнатты делік, онда неге заңды түрде некесін тіркеп, ерлі-зайыпты болып отбасын құрмайды? Кімнен, неден қорқады? Ондай жағдайға жол беретін қыздарымыздың өзі. Жар етіп алғысы келмеген еркекпен жақындасуы, өзін-өзі қорлауы. Ертеңгі күні қыздың аяғы ауыр болып қалса, жігіт оны алмаймын десе не істейді? Немесе ер адам ата-тегін бермесе, некесіз дүниеге келген тексіз бала болып аталады, ол жақсы ма? Сонда заңға қалай жүгінеді? Баланы дүниеге әкелгеннен кейін асырап, жеткізу керек. Өзінің басын әрең бағып жүрген қыз ол баланы қалай асырайды? Азаматтық неке деген сөз өте дөрекі берілген атау. Ер адам нәрестесінен безінсе, өз баласын мойындамаса, әкелік парызынан қашса ол адамды қалай азамат деп айтуға болады. Ондай опасыз әке қайтіп ертеңгі күні ұрпағына үлгі-өнеге болады. Сондықтан елімізде азаматтық неке деген жоқ. Ал дегенмен некесіз туған бала болса, сәбидің не жазығы бар сондықтан оның да құқығы заңды некедегі отбасылардың балаларымен теңестіріледі. 

– «Сурагат ана» деген термин қолданысқа енді. Осы сурагат ана құқысы заңда қарастырылған ба?

– Сурагат деген сөзді  аударған жоқпыз. Ол біздің санамызда  көп айтылып, қалыптасып үлгерді. Ол бүгінде Қазақстанда нәресте көтере алмаған аналарға қолдан жасалатын ұрықтандыру әдісі. Бұл өте таза, табиғи, әрі заңды жолмен реттеліп жасалынатын болады. Елде бұл тәжірибені  қолданып, сәби сүю бақытына кенелген отбасылар көп. Сурагат әдісімен туған балалар ерлі-зайыптылардың отбасын сақтап қалуының, әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына оң шешім болғаннан кейін заңдастыруға тура келді. Қазіргі кезде экологиялық және әлеуметтік жағдайдың әсерінен бе, қыздарымыздың көбі бедеулікпен, ер адамдардың біразы белсіздікпен ауырады. Әйел бала көтере алмаса, оның денсаулығын медициналық толық тексеруден өткізіп, табиғи тұрғыда қолдан ұрықтандырады. Ерінің ұрығын арнайы тексеруден өткізеді де, әйеліне орналастырып береді. Керісінше ер адам белсіз болған жағдайда, онда орталықтың таза ұрық сақтайтын банк орталығынан табиғи таза ұрықты алып, көтере алса өз әйеліне болмаса, сурагаттық қызмет ететін заңды тұлғаға ұрықты орналастырады. Әйелі табиғи жолмен ұрықтандыруға жарамсыз болса, орталықта арнайы тіркелген сурагат аналарға салып береді. Ол міндетті түрде заңдастырылады. Ерлі-зайыптылардың келісімімен міндетті түрде екі тарап арасында келісімшарт жасалынады. Сурагат аналар біреудің баласын көтеру кезеңінде, тікелей дәрігердің қадағалауында болады. Басқа ер адаммен жақындаспайды. 9 айдан өтіп баласын туып бергеннен кейін келісімшарт бойынша баланы иесіне, яғни заңды әке-шешесіне беріп, өзі аналық міндетінен босайды. Оған ата-ана баласын аман-есен көтеріп, дүниеге әкеліп бергені үшін шартта көрсетілген бағасы бойынша ақшасын төлейді. 

Азаматтық хал актілерін  тіркеудің жеті түрі ерекше бөлім ретінде толықтырылып, ірі тарау болды. «Отбасы және неке туралы» заң осылайша түбегейлі өзгереді. «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынатын болады. 

– Әңгімеңізге үлкен рақмет! 

– Зайда Тоқашқызы, әңгімемізді «заңның жаңа сипат алуы отбасының қоғамдағы рөлінің маңызын арттырады» деген пікіріңізден бастасақ. Бұл «Неке және отбасы туралы» заңға енгізілген өзгертулер заңның олқы тұстарының әсерінен туындаған мәселе ме, әлде?... 

– Жалпы заңға енгізілетін  өзгертулер мен толықтырулар, заңның солқылдақтығынан ғана емес, заманның бет-бейнесінен, қоғамның талабынан туындайтын нәрсе.  «Неке және отбасы туралы» заң сонау тоқсаныншы жылдардың басында қабылданды. Одан бері қаншама уақыт өтті, талай нәрсе өзгерді. Жаңа заң жобасы «Неке (ерлі-зайып-ты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынады. ҚР Парламентінің бірінші отырысында қаралып, мақұлданды. Депутаттардың кезекті демалысқа кетуіне байланысты екінші отырысқа қалдырдық. 

Қай қоғамда болмасын отбасы негізгі мәселелердің, ірі институттардың бірі. Сондықтан отбасылық жағдайларды нормативтік-құқықтық актілердің ең жоғарысы ретінде – Кодекс ретінде қарағанымыз жөн. Қазір Қазақcтанның саяси өмірі өзгерді. Көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болдық және дүниежүзімен дипломатиялық қарым-қатынас-ымыз дамып, өркениетіміз өсіп келеді. Қазақстан келер жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ететін болады.  Басшылық жасау қарсаңында еліміз заңдары мен заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жатыр. Сондықтан «Неке және отбасы туралы» заңды өзгертудің уақыты жетті. 

–  Халық арасында талай мәрте әңгіменің арқауы болған екі әйел алу мәселесі қалай жүйеленді?

– Мәжілістің отырысында депутаттар біраздан бері халықтың көкейінде даулы мәселеге айналған екі-үш әйел алу мәселесін тартысқа салды. Конституциямызда жазылған біз зайырлы құқықтық демократиялық мемлекетпіз. Мұсылманбыз, дінін берік сақтаған елміз, бірақ, діни мемлекет емеспіз. Мешіттер жұмыс істеу кезінде мемлекеттің заңына нұқсан келтірмеу керек. Мешіт ашылғанда мемлекет тарапынан заңды құжат алып барып, жұмысын бастайды. Сөйтіп тұрып заңның өрескел бұзылуына жол береді. Мешітте тіркелу заң талабына жатпайды. Бұл мешітке бармасын, имамның батасын алмасын деген сөз емес. Дін адамның рухани таза өмірінің кепілі. Мешітте имамның ақ батасын алуы, неке суын ішуі Алланың ақиық шынайы жолы. Бірақ мешіттің құжаты заң ретінде қаралып реттелмейді. Екі немесе үш әйел алатындар мешітке барып имамның батасын алдық, енді біз ерлі-зайыптымыз деп есептейді. Ол әйелдің өзін-өзі алдағаны, ертеңгі күні бір жағдай болып қалса, мешітте тіркелген қағаздарының көк тыйындық құны болмай, заң алдында өздерін қорғай алмай қалады. Адамның тағдырының таразыға салынбайтын уақыты болмайды, алланың адамға беретін сынағы көп. «Жаман айтпай жақсы жоқ» ерлі-зайыпты болып өмір сүргеннен кейін әр-түрлі келеңсіз жағдайлар туып жатады. Отбасындағы жанжал, ерінің әйелге қол көтеруі немесе баласын мойындамауы, алимент төлеуден бас тартуы сынды жағдайларда екінші, үшінші әйелі болып мешітте тіркелген неке құжатымен заңға жүгіне ме?  Сондықтан мемлекеттік тұрғыда неке туралы құжат рәсімделгеннен кейін ғана мешітке баруы керек. Молдалар да заңды неке құжаты болмаса, мешітте тіркемеуі керек. 

– Екі-үш әйел алу демографиялық жағдайымыздың өсуіне үлес қосады деген пікір айтылып жүр...

– Екі-үш әйел алу арқылы демографияны шешпейміз. Ондай құрғақ әңгімеге берілудің керегі жоқ. Қазіргі заман бөлек. Біздің ата-бабаларымыз үш-төрт әйелден алған деп еліреді. Ол кезде әйел баласы от басы, ошақ қасынан шыға алмаған. Өздері жұмыс істеп ақша таппаған. Қазіргі қоғамда әйел адамның орны бөлек. Еліміздің саяси өмірінің өсуіне ер адамдармен бірдей үлес қосып келеді. Бұл жерде мына жәйтті айтып кетейін. Әйел адам жұмыс істемеді дегенді бір ізділікпен түсінбеу керек. Әйел адам шаңырағының шаттығы, бала тәрбиелеп, ерінің жолын тосып, елдің татулығы мен береке-бірлігінің ұйытқысы болған. Егер демографиялық жағдайға алаңдаулы болса, мемлекет ана мен бала денсаулығына, өміріне ерекше көңіл бөлсін. Сонда ғана халықтың санын көбейтеміз. Саналы да салауатты ұрпақ өсіреміз десе, ана мен сәбидің өміріне баса назар аударсын. Үш-төрт әйел алып, некесіз балаларды көбейткенше, демографиялық жағдайды тек заң аясында саналы түрде шешкеніміз жөн. 

Сондай-ақ, Парламент отырысында отбасы болғысы келген жастар жеті атасын білсін деген мәселені көтерді. Заң қазаққа ғана жасалған жоқ. Қазақстанды мекендейтін барлық азаматтарға ортақ. Және жеті атасын білмесе біз оларды некелестірмеуіміз керек пе? Жастардың ондай мәселемен басын қатырмау керек. Қарға тамырлас қазақ, онсыз да өзіне кімнің қалай туыс-жекжат болып келетінін біледі. Жеті атасын білмеді екен деп некелестірмей тастасақ, қазақтанда онсызда бойдақ жігіттеріміз бен бойжеткен қыздарымыз отырып қалып, кешеуілдеп үйленіп жатқанда, мүлдем жас отбасылардың санын азайтуға жол ашамыз. Сондықтан бұл ұсыныс та негізсіз деп танылды. 

– Бүгінде елімізде «Азаматтық неке» деген түсінік қалыптасты. Бұл заңмен реттелмеген, дегенмен жастар арасында «бақытты болудың формуласы» ретінде тәжірибелік қағидаға айналды. Осы тұрғыда ойыңызды қалай таратар едіңіз?

– Орыстар «сожитель», немесе «гражданский брак» дейді. Содан  аударып азаматтық неке деп аталынып жүр. Бізде азаматтық неке деген  жоқ. Азаматтық неке емес зинақорлық немесе нәпсі құмарлық десек дұрыстау болады. Екі адам бірін-бірі ұнатты делік, онда неге заңды түрде некесін тіркеп, ерлі-зайыпты болып отбасын құрмайды? Кімнен, неден қорқады? Ондай жағдайға жол беретін қыздарымыздың өзі. Жар етіп алғысы келмеген еркекпен жақындасуы, өзін-өзі қорлауы. Ертеңгі күні қыздың аяғы ауыр болып қалса, жігіт оны алмаймын десе не істейді? Немесе ер адам ата-тегін бермесе, некесіз дүниеге келген тексіз бала болып аталады, ол жақсы ма? Сонда заңға қалай жүгінеді? Баланы дүниеге әкелгеннен кейін асырап, жеткізу керек. Өзінің басын әрең бағып жүрген қыз ол баланы қалай асырайды? Азаматтық неке деген сөз өте дөрекі берілген атау. Ер адам нәрестесінен безінсе, өз баласын мойындамаса, әкелік парызынан қашса ол адамды қалай азамат деп айтуға болады. Ондай опасыз әке қайтіп ертеңгі күні ұрпағына үлгі-өнеге болады. Сондықтан елімізде азаматтық неке деген жоқ. Ал дегенмен некесіз туған бала болса, сәбидің не жазығы бар сондықтан оның да құқығы заңды некедегі отбасылардың балаларымен теңестіріледі. 

– «Сурагат ана» деген термин қолданысқа енді. Осы сурагат ана құқысы заңда қарастырылған ба?

– Сурагат деген сөзді  аударған жоқпыз. Ол біздің санамызда  көп айтылып, қалыптасып үлгерді. Ол бүгінде Қазақстанда нәресте көтере алмаған аналарға қолдан жасалатын ұрықтандыру әдісі. Бұл өте таза, табиғи, әрі заңды жолмен реттеліп жасалынатын болады. Елде бұл тәжірибені  қолданып, сәби сүю бақытына кенелген отбасылар көп. Сурагат әдісімен туған балалар ерлі-зайыптылардың отбасын сақтап қалуының, әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына оң шешім болғаннан кейін заңдастыруға тура келді. Қазіргі кезде экологиялық және әлеуметтік жағдайдың әсерінен бе, қыздарымыздың көбі бедеулікпен, ер адамдардың біразы белсіздікпен ауырады. Әйел бала көтере алмаса, оның денсаулығын медициналық толық тексеруден өткізіп, табиғи тұрғыда қолдан ұрықтандырады. Ерінің ұрығын арнайы тексеруден өткізеді де, әйеліне орналастырып береді. Керісінше ер адам белсіз болған жағдайда, онда орталықтың таза ұрық сақтайтын банк орталығынан табиғи таза ұрықты алып, көтере алса өз әйеліне болмаса, сурагаттық қызмет ететін заңды тұлғаға ұрықты орналастырады. Әйелі табиғи жолмен ұрықтандыруға жарамсыз болса, орталықта арнайы тіркелген сурагат аналарға салып береді. Ол міндетті түрде заңдастырылады. Ерлі-зайыптылардың келісімімен міндетті түрде екі тарап арасында келісімшарт жасалынады. Сурагат аналар біреудің баласын көтеру кезеңінде, тікелей дәрігердің қадағалауында болады. Басқа ер адаммен жақындаспайды. 9 айдан өтіп баласын туып бергеннен кейін келісімшарт бойынша баланы иесіне, яғни заңды әке-шешесіне беріп, өзі аналық міндетінен босайды. Оған ата-ана баласын аман-есен көтеріп, дүниеге әкеліп бергені үшін шартта көрсетілген бағасы бойынша ақшасын төлейді. 

Азаматтық хал актілерін  тіркеудің жеті түрі ерекше бөлім ретінде толықтырылып, ірі тарау болды. «Отбасы және неке туралы» заң осылайша түбегейлі өзгереді. «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі деп аталынатын болады. 

– Әңгімеңізге үлкен рақмет! 

Тыныс Балтабекқызы


 

Отбасы туралы түсінік

 

Скачать работу

27.03.2010, 08:09

ҚҰРАСТЫРУШЫДАН

Адамның жеке басының  алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы  адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы  – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.  
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.  
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.  
Ата-асқар тау,  
Ана – бауырдағы бұлақ,  
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.  
Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.  
2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. Осыған орай С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы, назарларыңызға «Отбасы – тіршіліктің тірегі...» атты әдістеме – библиографиялық жинағын ұсынады.  
Құрал – мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар иісі қазаққа арналып жазылған деп ойлаймын. 

ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ  ОШАҒЫ  
 
Отбасында адам бойындағы асыл  
қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.  
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,  
туған-туысқандарына деген  
сүйіспеншіліктен басталады.  
Н.Ә.Назарбаев

Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген. 
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.  
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.  
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.  
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.  
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.  
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.  
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.  
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.  
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.  
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.  
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.  
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.  
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағыйындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», - деген.  
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды.  
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.  
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген.  
Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді.  
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.  
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу - жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.  
Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.  
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.  
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың «Күйеуді қызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар.  
Әуезов М. Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлғасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарық жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дүниеге танылмас еді. « Абай жолы» халқымыздың ақыл – ойын биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы болды.

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ – ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ...

Имандылық – адамның  қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.  
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.  
Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен Имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім»,- деуі арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, Имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: «Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар» (Мұхаммед пайғамбар),- деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі - Құран»,- деп жауап берген. Ізгі істер діни ұғым бойынша Имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұсынылады.  
Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Сондықтан да «иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін Шәкәрім бұл жинағында»:  
«Қырықтан соңғы қырымды,  
Сынамақ болсаң түрімді,  
Көрейін десең нұрымды,  
Жи-дағы оқы жырымды»,  
немесе  
Қырықтан соңғы иманым,  
Отыз жылдай жиғаным,  
Көп ғалымның сөзінің  
Ақылға алдым сыйғанын,-  
деген екен.  
Г.Сандыбаеваның «Иманды қыз, сүйікті жар, аяулы ана» кітапшасында мұсылман қыздары үшін ғибраты мол хадис тағылымдары сөз етіледі. Сыры мол хадистердің құпия астарын талдап түсіндіріп, салиқалы оқырманға исламның інжу – маржанын шашады. Ислам өнегесінен тәлім алуға асыққан, имандылықты жаны қалайтын қыздарға арналған.  
«Ислам шариғатын ұстанумен молда болармын» деген қате көзқарастан аулақ болу керек. Дін – деген сенім. Алла тағаланың Жаратушы күш екеніне, Құран Кәрім мұсылман қауымның Конституциясы екеніне сеніп, амал қылған дұрыс.  
Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.  
Қоғамның қуат тірегі – отбасы. Сол отбасының бекем болуы көбіне әйел адамдарға байланысты. Алайда әйелдер хұқығы исламға дейін мүлдем адам төзгісіз еді. Арабтар әйел затының ар-намысын қорлап, қажет десеңіз қыздарын тірідей жерге көмді: әйелдер хұқығы тек арабтарда ғана емес, бүкіл дүние жүзі халықтары арасында мәз болмай, ар-намысы тапталып жатты.  
Үнділерде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерлерінің жеке меншігі саналды. Сати заңы бойынша өлген ерімен бірге әйелі де өртенген. Мұндай өлім қасиетті, еріне шын берілу тұрғысында саналғанымен кімнің өлгісі келеді? Сөйтсе де оларды күштеп өртеп отырған. Оның үстіне жесір қалған әйелдерге тұрмыс құруға тиым салу заңы тағы болды. Осындай тағылық заң тек ХІХ ғасырдың ортасында ғана күшін жойды.  
Басқа елдерде, мысалы, Жапонияда әйелдерге көпшілік табынатын орындарда табынуға тиым салынған. Қытайда да шіркеуге әйелдерді енгізбеген: Рим Заңы бойынша әйел еріне басыбайлы болып, өзіне тиісті дүние-мүлікке де ие бола алмаған. Сол секілді өзіне бала да асырап ала алмаған.  
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мүмкіндік алды. Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді. Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас әлбетте, әлемде тыныштық пен берекет, бақыт болып, ұрпақтың жалғасуына, адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес, бірін-бірі толықтырып, кемелдендіріп отыратын жаратылыстар. Иманды ерлер мен иманды әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады.  
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондықтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың ұрпақ тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ жалғаспай, тоқырауға ұшырайды. Жер бетіндегі тіршілік жоғалып, өшіп-сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз, туысқан. «Ердің де өзіне тән тиісті міндеттері, әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады»,- делінген Құранда.  
Исламның қағида-ережелері, қазақ халқының қағида-ережелерімен астарласып, қабысып кеткен, әрі ұзақ жылдар бойы өмірде қолданылып келген. Өз ата бабаларымыз екі етпей орындаған, әрі заңдарына айналдырған осынау қағида-ережелерді есте ұстаған ләзім.  
Жас ұрпаққа мұсылмандық қағидаларын таныстырып түсіндіру әрі парыз, әрі сауабы мол іс. Міне, белгілі шығыстанушы М.Өсерұлының «Мұсылмандық қағидалары» кітапшасында мұсылмандықтың қағида – ережелері қарапайым да әсерлі түрде жан – жақты әңгімеленеді.  
Ал, «Құран хикаялары» атты кітапта пайғамбарлар өмірбаянына, дін тарихына байланысты сан алуан оқиғалар іріктеліп алынған.  
Ислам дінінің негізгі мәліметтеріне қоса, бұл кітаптың танымдық, тәрбиелік маңызы да өте зор.

Загружаем единицы на ваш сотовый за рефераты!!!

Категория: Құқық | Добавил: WILD

Просмотров: 11596 | Загрузок: 2 | Рейтинг: 0.0/0



Информация о работе Әдістемелік нұсқаулар