Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 20:01, отчет по практике
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шеңберде мемлекеттік статистика саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Статистика агенттігінің жанында «Ақпараттық-есептеу орталығы» жұмыс істейді. Бұл статистикалық ақпараттарды өңдеуге және ұсынуға қажетті барлық функцияларды және қызметтерді біріктіретін өндірістік бөлімше.
КІРІСПЕ 3
1.«Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті» туралы мәлімет 4
2. Практика кезінде жұмыстардың орындалу тәртібі 5
3. Практика кезінде орындалған жұмыстардың сипаттамасы 5
4. Жеке тапсырмалардың орындалуы 6
4.1 ЭСО ақпараттық жүйесі 6
4.2 ЭСО АЖ-де мәліметті енгізу 10
4.3 ЭСО АЖ-де мәліметті экспорттау 15
4.4 ЭСО АЖ-де файлды тексеру 17
4.5 ЭСО АЖ-де НСИ-ді импорттау 20
ҚОРЫТЫНДЫ 22
Қолданылған әдебиеттер 23
Мазмұны
Қазақстан нарығында ең жылдам дамушылардың бірі ақпараттық технология болып табылады. Жылдам дамуының бірден бір себебі, мемлекеттік басқару секторына ақпараттық технологияны тиімді және қарқынды орнатылуы. Нарықта тауардың басыңқы ұсынысымен аралас жағдайлар туындады: компьютерлік жабдықтың қолданбалы бағдарламаны өндіру қызметі жағын жоғарылатуы және ақпараттық жүйе қызметі.
«Оңтүстік Қазақстан
облысының статистика департаментінің»
ақпаратты-есептеу орталығында
Бір ай ішінде мекемеде, ұжымда жұмыс істеудің қызығы мен қиындықтарын көріп, мекеменің ұжымның кішкентай бөлігі болып, оның жұмыс процесіне араластым және сол мекеменің еңбегінің жемісті болуына өзімнің кішкентай ғана үлесімді қостым. Өндірістік-танымдық практика арқасында мен кәсіби біліктіліктің тек тәжірибемен келетіндігін және өз ісінің білікті маманы болу үшін өте көп еңбектену мен әр уақытта өзінің білімімді шыңдау керек екендігін ұқтым. Практика деректер қорымен жұмыстың мен ойлағаннан әлде қайда қиын екендігін және менің деректер қоры туралы білімімнің әлі де аз екендігін көрсетті. Осы аралықта менің уақытымның тиімді жұмсалып, маған барынша пайдалы өткендігін айта кеткен жөн. Себебі , осының арқасында мен мамандығымның адамдар еңбек ететін салалардың ішіндегі жаңа болғандығына қарамастан ең қажетті және өте қызықты екендігін сезіндім. Ал енді өндірістік –танымдық практика туралы есеп беруде мен жұмыс орным , жұмыс істеген жүйе мен деректер қоры, маған жүктелген міндеттер туралы толық мәлімет беруге тырыстым.
Департамент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
2. Практика кезінде жұмыстардың орындалу тәртібі:
Өтілген тақырыптар: ЭСО күрделі ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдістемелік теориясымен таныстым. ЭСО АЖ-нің программалық қамсыздандырумен жұмыс жасауды үйрендім. ЭСО АЖ-нің ерекшеліктерімен таныстым. Бұл ЭСО АЖ Респонденттерге есептерді электронды түрде Интернет арқылы тапсыру мүмкіндігі ұсынылады. Қағаздағы көшірмелері қажет емес.
Жүйеге форматты-логикалық бақылау кіреді, бұл мәліметтерді жіберу кезінде қателерді азайтады. Статистикалық есептілікті электронды түрде тапсырамын деушілер Халыққа қызмет көрсету орталықтарында аутентификация құралдарын және заңды тұлғаның электронды сандық қолтаңбасын алулары қажет.
2009 жылы «Электронды
статистикалық есептілік» ақпараттық
жүйесі енгізілді, ол респонденттерге
электронды цифрлық қолтаңбаны
қолдану арқылы статистикалық есептілікті
электронды түрде табыс етуге
мүмкіндік береді. Қазіргі кезде
статистикалық есептілікті электронды
түрде жинақтау 8 нысан бойынша жүргізілуде.
Респонденттерге ыңғайлы болуы үшін статистикалық
есептілікті электронды түрде толтыруға
арналған бағдарламалық қамтамасыз
ету сайтта орналастырылған. Респонденттерге
кезеңділігі мен табыс ету күні
бойынша топтастырылған статистикалық
есептілік нысандарының бланкісінің
электронды түрде көшіріп алу
мүмкіндігі және есептердің түрлері мен
табыс ету мерзімі көрсетілген «Статистикалық
күнтізбе» жүзеге асырылды. Статистикалық
есептілікті электронды түрде табыс ету
үшін ҚР Ұлттық Куәләндіру Орталығынан
(ҰКО) ГОСТ 34.310.алгоримтіміндегі Электронды
Сандық Қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет. ЭСҚ
алу тәртібі http://www.pki.gov.kz/
Программаны іске қосу үшін авторизация терезесіне аты мен құпия сөзді енгізу керек (1 сурет).
1 сурет – «Авторизация терезесі»
Сәтті авторизация жүргізілгеннен соң параметрлерді баптау терезесі шығу керек (2 сурет).
2 сурет – «Баптау терезесі»
«Общие» параметрлер тобында ең алдымен ОКПО немесе РНН-ді таңдау керек.
Егер мекеме заңды тұлға, филиал болса онда оның ОКПО кодын міндетті түрде енгізу керек, ал егер жеке кәсіпкер болған жағдайда РНН-ін енгізу керек.
Респонденттің негізгі жұмысы өрісінде (ОКЕД2005- старый, ОКЕД2009- новый) батырмасын басқанда ОКЭД экономикалық қызметтің динамикалық классификатор түр терезесі шығады. Осы өрісте респонденттің кодын таңдау керек (3 сурет).
3 сурет – «Респонденттің кодын таңдау терезесі»
Сосын респондент туралы ақпарат енгізу керек (4 сурет).
4 сурет – «Респондент туралы ақпарат енгізу терезесі»
«Сертификаты подписи» баптама тобында сәйкес сертификатты таңдау керек (5 сурет).
5 сурет – «Сертификаты подписи терезесі»
«Сертификат авторизации» баптама тобында порталда авторизацияға арналған сертификатты енгізу керек (6 сурет).
6 сурет – «Сертификат авторизации терезесі»
«Веб-сервер ЭСО» баптама тобында ЭСО веб-қызметінің сервер қызметін көрсету керек- «eso.stat.kz» (7 сурет).
7 сурет – «Веб-сервер ЭСО терезесі»
Программа автоматты түрде іске қосылады (8 сурет).
8 сурет – «Программанын іске қосылған терезесі»
Программаның бастапқы терезесі Меню, Панель инструментов, Строка состояния-дан тұрады.
Құралдар панелінде төмендегідей батырмалар орналасқан
|
Добавить |
|
Удалить |
|
Открыть |
|
Поиск |
|
Сохранить |
|
Печать |
|
Проверить ФЛК |
|
Закрыть |
|
Очистить данные |
4.2 ЭСО АЖ-де мәліметті енгізу
Статистикалық мәліметтерді енгізу үшін Наблюдения мәзірі арқылы форманы таңдау керек.
Бүкіл формалар статистиканың бөлімдері бойынша біріктірілген (9 сурет).
9 сурет – «статистиканың бөлімдері»
Форманы таңдағаннан кейін мәліметті енгізу терезесі шығады, бұл терезеде форманың атауы, периоды, ОКПО/РНН және респонденттің негізгі ОКЭД-ін енгіземіз.
Форма бірнеше бөлімдерден тұрады (10 сурет).
10 сурет – «Форманын терезесі»
11 сурет
ЭСО АЖ-не дайын Excel -ден есептерді енгізу.
12 сурет - Excel -ден есептерді енгізу
13 сурет – Енгізілген мәлеметтердің дұрыстығын тексеру
Мәліметті енгізгеннен соң Excel есеп берудегі кейбір элементтер формада табылмады деген хабарлама шығуы мүмкін.
14 сурет – Қате туралы хабарлама
15 сурет – Жылдық микрокредиттік қызмет туралы есеп
Форманың астыңғы жағында ФЛК орналасқан, енгізілген мәліметтердің форматты-логикалық контрольге тексеру үшін құралдар панеліндегі « » батырмасын шерту керек немесе Действия мәзіріндегі Проверить ФЛК командасын орындау керек.
16 сурет
Орындалған ФЛК қара түспен, ал орындалмағандары қызыл түспен боялады.
Осылайша біз енгізу кезінде-ақ респондент енгізілген мәліметтің дұрыстығын тексере алады.
Экспорт данных сервисі респондент базасынан статистикалық мәліметтерді жүктеп, оны жоғары тұрған деңгейге жеткізуді жүзеге асырады.
Мәліметтерді жүктеу үшін Сервис Þ Экспорт Þ Экспорт данных орындау керек.
17 сурет – Мәлеметтерді экспорттау
Есеп беру периодын таңдау керек.
18 сурет – Периодын таңдау
Мәліметті экспорттау терезесінің оң жағында бір ғана ОКПО-дан тұратын мекемелер тізімі шығады.
19 сурет – Мекемелер тізімін шығару
20 сурет – Файлды сақтау туралы хабарлама
Файлды сақтағаннан соң файлды веб-порталға жіберу туралы хабарлама шығады.
21 сурет - Веб-порталға жіберу туралы хабарлама
Егер файл веб-порталға жіберілсе, файлдың аты мен сақтайтын жолы көрсетілуі керек:
Информация о работе Отчет по практике в «Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің»