Статистикалық кестелер туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 10:35, доклад

Описание работы

Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың және топтаудың қорытынды көрсеткіштері кесте түрінде беріледі.Сандық көрсеткіштердің кесте арқылы берілуі және олардың өзара байланыстылығының толық көрсетілуі статистиканың жеткен үлкен жетістігі деп есептеуге болады.Сондықтан,әрбір экономистің дұрыс кесте құрастыра білуі және оған қысқа түрде ұғымды қорытынды жасай алуы қажет.

Файлы: 1 файл

Статистикалық кестелер туралы жалпы түсінік.doc

— 32.00 Кб (Скачать файл)

                             Статистикалық кестелер туралы жалпы түсінік

 

    Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың және топтаудың қорытынды көрсеткіштері кесте түрінде беріледі.Сандық көрсеткіштердің кесте арқылы берілуі және олардың өзара байланыстылығының толық көрсетілуі статистиканың жеткен үлкен жетістігі деп есептеуге болады.Сондықтан,әрбір экономистің дұрыс кесте құрастыра білуі және оған қысқа түрде ұғымды қорытынды жасай алуы қажет.

     Бірақ,әрбір жасалған кесте түгелдей статистикалық кесте деп таныла бермейді.Статистикалық кестенің басқа кестелерден айырмашылығы сол-онда жинақталған мәліметтерге толық мазмұндама беріледі және бір немесе бірнеше жиынтығын қорытындылайды.

   Сонымен статистикалық кесте дегеніміз-сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.Оның негізгі бөліктері мен элементтері төмендегі үгіде көрсетілген:

                                                   Кестенің аты

                                             (жалпы басұқа аты)

 

Бастауыштар

          Баяндауыштар

           А

1

2

3

4

 Жол аттары

       
       
       
       



 

Бағана

нөмірлері

Кесте жолдары

 

Қорытынды жолдар 
                                      Кесте бағаналары            Қорытынды

                                                                                    бағана

 

 

  Статистикалық  кесте деп көлденең және тігінен  сызылған сызықтардың бір-бірімен  сәйкесті қиылысуын айтамыз.Көлденең  сызылған сызықты «жол»,ал тігінен  сызылған сызықты «бағана» деп  атайды.

   Статистикалық  кестенің екі элементі:бастауышы  мен баяндауышы бар.Бастауыш дегеніміз-зерттелетін обьектіні,сандарды суреттейтін статистикалық жиынтық немесе  оның топтастырылған бірліктері.Бастауыш кестенің сол жағына орналасады және жолдардың мағынасы ретінде  беріледі.

   Баяндауыш  дегеніміз-зерттеліп отырған обьектінің сандық көрсеткіштерімен сипатталуы немесе  толық мазмұндалуы.Баяндауыш кестенің оң жағына  орналасады және  бағаналардың аты ретінде беріледі.


Информация о работе Статистикалық кестелер туралы жалпы түсінік