Тұрақты тоқ Машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 17:34, реферат

Описание работы

Тұрақты ток машинасы - айналыс механикалық энергияны тұрақты токтың энергиясына (генератор ретінде) және керісінше тұрақты токтың энергиясын механикалық энергияға (қозғалтқыш ретінде) түрлендіретін электр машинасы. Тұрақты ток машинасы қайтымды, яғни әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады. Мысалы, электрлендірілген жылжымалы құраманың (электровоздардың) тартым қозғалтқыштары және қуатты тұрақты ток электр жетектерінің электрлік қозғалтқыштары осы негізде жұмыс істейді. Тұрақты ток машинасы негізгі магнит өрісі параллель, тізбектеле және аралас қоздырылатын, сондай-ақ тұрақты магниттері бар түрлерге ажыратылады. Ол айналу жиілігін біртіндеп, үнемі әрі кең алқапта реттей алады. Тұрақты ток машинасы өнеркәсіптің электрқозғалтқышының айналыс жиілігін қатаң сақтау және кең аралықта өзгерту қажет болатын саласында кеңінен қолданылады. Оның жұмыс істеу принципі магнит өрісінде зәкірді айналдырғанда оның орамасында ЭҚК-нің индукциялануына негізделген. Тұрақты ток генераторы коллекторлы және коллекторсыз түрге ажыратылады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................5
1.1 Тұрақты тоқ........................................................................................................7
1.2 Айнымалы тоқ..................................................................................................10
1.3 Тұрақты ток машинасы ..................................................................................15
1.4 Аккумулятор....................................................................................................17
Қортынды...............................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер...........................