Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі (1841-1889)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 13:02, реферат

Описание работы

Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

Файлы: 1 файл

Ыбырай Алтынсарині.docx

— 36.00 Кб (Скачать файл)

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі (1841-1889)

 

Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп,  халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.

Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

Ы.Алтынсарин 1860 жылдардан бастап жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мұғалім болады. Сөйтіп Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазу жұмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені ағартушы ғалым, әрі өз халқының ұлы патриоты қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен, сол білім-ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған.

Сондықтан да ол: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты тұтқасы… Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты», - деп жазған болатын-ды.

Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері  шамалы деп есептеген.

«Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін»,-деп жоғары балады.

Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол – ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.

Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып, Ы.Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жылы) мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық» деген екі кітабын жазды. Бұл еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек кездесетін тамаша жаңалық болды.

Ы.Алтынсариннің шығармашылығына  Н.Ф.Бунаков және Н.А.Корфтің жүйесімен Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тәжірибесінің жемісті ықпалы болды. Ы.Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын жасауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.

Ы.Алтынсарин өзінің оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы жағынан халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен жазушыларының шығармаларымен қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін енгізді.

«Қазақ хрестоматиясымен» жұмыс істеу барысында Ы.Алтынсаринге К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның «Балалар әлемі», сонымен қатар Л.Н.Толстойдың, И.И.Паульсонның, Н.А:Карфтің және басқалардың оқулықтар жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды.

Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен ашылды.

Ы.Алтынсариннің есімімен Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру ісінің дамуы байланысты. Торғайда кәсіптік-техникалық училище ашылды,  содан кейін Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастырды. Ы.Алтынсарин өзі оқып, қызмет еткен жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург қалаларындағы сол кездегі Шығысты зерттеуші ғалымдар В.В.Катаринский, А.А.Мазахин, уездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, Плотников т.б.тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болады. Солар арқылы белгілі татар ағартушылары Ш.Маржани, Қ.Насыри, С.Кукляшев, әсіресе, Петербург университетінің оқытушысы, Ш.Уалихановтың досы, белгілі татар ағартушысы Хұсин Файызхановпен де танысып, достасады. Олармен хат алысып, хат жазысып тұрады. Оқу ағарту ісінде бұлардың қайсысының болса да, Ы.Алтынсаринге көп көмегі тиген.

Әрине, Ыбырай олармен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі пікірлес бола білмеген. Кейбір күрделі, көкейкесті мәселелер жөнінде Ы.Алтынсариннің өз достарымен келіспей қалатын кездері де аз болмаған. Мәселен, ол Н.И.Ильминский, А.Алектронов, А.Бессонов, т.б.миссионерлік әрекеттеріне қарсылық білдіріп отырған. Ы.Алтынсарин сол кездегі қазақ жазуын (яғни, араб әрпіне негізделген қазақ емлесін) орыс алфавитіне көшіруге мүлде қарсы болған. Бұл туралы жоғары орындарға бірнеше рет хат жазып, арыз айтып ұсыныстар жасаған. Мысалы, ол 1871 жылғы 31 тамызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Шапағатты төрем Николай Иванович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі үйренбегендіктен,  оның таныс еместігінен, оның үстіне, елімізде тарап отырған татар жазуының әсерінен… Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара алу керек. Міне, менің шын пікірім осы».1

Алайда, Ы.Алтынсариннің өз заманы үшін бұл орынды ұсынысын Н.И.Ильминский де, сол кездегі оқу министрі Толстовта қабылдамаған. Ы.Алтынсарин сонымен бірге кейбір миссионерлердің оқушы қазақ балаларын еріксіз шоқындыруға үзілді-кесілді қарсы шыққан. Бұл жөнінде тиісті орындарға шағым жазып, наразылық білдіріп отырған.

Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша өкіметі тарапынан кедергілерге ұшырайды. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ табысты боларына губернатордың күдігі бар… ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеме де болмайды ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін».

Көп ұзамай бұл араманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бұл қазақ халықының өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастаманың сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін  

1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұхсат етілді.

Алайда, Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту ісінің алғашқы қадамдары деп біледі. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл өміріне, болыстық мектеп – болыстағы жағдайға сай құрылуы керек. Ауыл мектептері үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени-ағарту жұмысының орталығы «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс.

Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтардың бәрі де орыс тілін жақсы біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді.

Ыбырай мұғалімдер жөнінде өте жоғары пікірде болды. Ол ағартушылық жолына түскен күннен бастап, қазақ балаларын ана тіліндеоқыта алатын мұғалім кадрларын даярлау ісіне белсенді кірісті. Патша өкіметі Ыбырайдың бұл тілегін қабылдамады. Керісінше, Ыбырайды қудалай бастады. Ыбырай өзінің тағы бір хатында «оқушылар даярлайтын училище ашуға талпынамын деп басыма пәле іздеп алдым, өкімет орындары маған теріс қарай бастады, «жер» аударылуға аз-ақ қалдым» деп күйініп жазды.

Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселелердің бірі – белгілі педагогикалық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі Ыбырай ол мәселені екі жолмен шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арнаулы мұғалімдік оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсатты іске асырмақ болды.

Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде Қазан мүғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийге жаңадан ашылып жатқан екі сыныптық орыс-қазақ мектептері үшін мұғалім кадрларымен көмектесуді сұрап әлденеше рет хат жазған болатынды. Бұл кезде Қазан мұғалімдер семинариясы Қазан, Орынбор округтары ұлт мектептері үшін мұғалім кадрларын бірден бір оқу орны еді.

Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында әдейі қазақ жастары үшін педагогикалық оқу орындарын ұйымдастыру мәселесін жедел күн тәртібіне қойды.

1883 жылы бітіріп шықты. Оның түлектері кезінде қазақ даласының түкпір-түкпірлерінде жемісті еңбек етті.

Ыбырай Орскіде ашылған педагогикалық мектептің оқу жұмысын жетілдіріп отырды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін қалауда және қалыптастыруда ерекше роль атқарды. Сондықтан да біз Ыбырайды Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін салушы «Ұстаздардың ұстазы» ретінде бағалауға тиіспіз.

Ы.Алтынсариннің енді бір топ шығармалары халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын сипаттайтын этнопедагогикалық мәнде келеді. Мұның бірі өлген адамды жерлеу және оған ас беру және той жасау салты туралы баяндайды.

Халқымыздың салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын жетік болатын жан-жақты ғылым екендігін таныта білді. Осы ерекшелік ұлы ағартушының оқулық, хрестоматияларынан да айқын аңғарылады.

Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу құралына енген материалдарға зер салып қарасақ, оның балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы талаптарға орай айтылар ойдың дәлдігі мен нақтылығы, қанымдылығы мен көркемдік әсемділігі негізге алынды. Сондай-ақ осы мақсатта автордың халық ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал-мәтелдерді, небір көркем шешендік сөз нұсқауларын таңдап-талғап енгізу де өте орынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы. Алтынсарин қазақ халқының тұңғыш ағартушысы

 

Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық  ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақыны, әрі жазушысы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салды. Ол қайтыс болғаннан кейін орыс жолдастарының Ыбырай туралы жазған мақаласында оның әлеуметтік ісі мен дүние танушылық көзқарастарына әрі шындық , әрі дәл беріледі. «Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық цивилизацияның жарығын таратты және оларды Россияны сүюге шақырды». 
Алтынсариннің өмірі-оқушы, студент, оқытушылар үшін айырықша үлгі. Өйткені оның өмірі баянынына көз салсақ, оқу, еңбек, халқы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет істеу екендігін көреміз. Ол не барлығы 7-ақ жыл оқыды. Әйтсе де, Алтынсариннің жазғандарына, аудармаларына, оқу оқыту, мектеп мәселелері туралы Н.И. Ильминскийге, басқаларға жазған хаттарына қарағанда, оның білімі, ағарту мәселесіне көзқарастары мен ой-пікірлерінің тереңдіктері кімді болсын таң қалдырғандай. Соншама көп білімге оның қолы қалай жетті екен деген сұрақ туады. Оның жауабы бізше біреу-ақ. Ол-еңбек орта, жоғары мектептерде оқу барлық жағдайларда өздерінің аттарына сәйкес келе бермейтіндігіне, шын білім алғысы келген адам өз бетімен оқып, ерінбей еңбек етсе, жоғары дәрежелі білім алуға, үлкен ой, терең пікірлер айтарлық дәрежеге көтерілуге, халыққа көп пайда келтіруге болатындықтың айқын айғағы-Ыбырай Алтынсарин өмірі. Мұндай үлгілі өмірдің жастар үшін тәрбиелік мәні зор.  
Алтынсариннің өмір сүрген дәуірі, жағдайы ол кездегі әлеумет өміріндегі тартыс, әлеумет қайраткерлерінің өмірге көзқарастары, әдебиеттегі екі түрлі бағыт, ол тартыстарда Ыбырайдың бірі болғандығы кітаптың кіріспе бөлімінде айтылды, біздің бұл жердегі тоқталмағымыз-оның жазушылық қызметі. Кейде біз Алтынсариннің ағартушылық ісі, жазушылығы деп бөле сөйлейміз. Мектеп ашу, бала оқыту тағы басқа оның игілікті жұмыстар жүргізгені, ат үсті қарағанда олар екі бөлек көрінетіндігі рас. Бірақ Ыбырай бұл шеңберге сыймайды. Өйткені ол — жай ғана ағартушы емес, әрі оқытушы педагог , әрі жазушы. 
Ыбырайдың өмірі мен ісіне көз жіберіп, оның жұмыс еткен жағдайын еске алсақ, оны еске алсақ, ол іске кіріскенде, сонау Торғай, Қостанай, Орынбор қолтықтарындағы қазақ далаларында қараңғылықтың қаймағы бұзылмай, мұрты кетілмей жатқан болатын. Ыбырайдың жолына кесел келтіретін үлкен - үлкен бөгеттер болатын. Өзімен білімі тең, көзқарасы бір, өз қасында серігі жоқ, ең қараңғылықтың дәл ортасында жалғыз өзі болса да, Ыбырай бар бөгетке қарсы барып, күрес майданына шықты. Сүйгені де, сүйенері де халық болды. Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге тігіп, желіні ұзаққа тартып, белсеніп іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі - мектеп ашу, бала оқыту - жалпы халықты ағарту жұмысы да, екіншісі - халықтың ой - санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал – мектеп». Ол кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әр түрлі қарады. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге, оқу - ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ақын, бір жағынан, жастарды оқуға , білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу-өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті. Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды. 
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүние жүзіндегі педагог-ғалымдарының кәрі замандардан бері үлкен көңіл аударып, айырықша көтерген мәселесінің бірі 19-ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы - бірінші қазақ педагогы Ыбырай Алтысарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог-ғалымдары Қ.Д.Ушинский, Л.Н. Тодстой, Бунаковтармен, пікірлес болды. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан жастарға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып құрылғандығын көреміз. 
Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүние танушылық көзқарасын кеңейту үшін «қазақ хрестоматиясын» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтулышылық, отанын, елін сүюшілік, талаптылық , жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілдік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қатмиды. Мысалы: Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне лайықталып, педагогика ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын көреміз. 
Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі-талап. Талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді . «Талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастықшақ-жігер, қайраттың толы кезі . Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайы бар, қолыңнан не келеді, соңына түссең , әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талапты да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде осы пікірін толық жеткізіп бере алды. Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселінің бірі-Ыбырайдың еңбектерінде әр елдердің мәдениет майданындағы өз ара достық қарым-қатынастарын да бейнелеп отыратындығы. Алтынсариннің аударған, өзі жазған қысқа әңгімелерінің әрі тәрбиелік мәні үлкен, әрі өмір құбылысы мен адам өмірінің әр алуан жақтарын қамтиды. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге , оқу-ағарту ісін өркендетуге жұмсады. 
Ақын, бір жағынан, жастарды, оқуға, білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу-өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойыды. 
Алтынсарин жазба әдебиетіміз тарихында балалар әдебиетінің негізін салушы бірінші жазушы болды . Ыбырай Алтынсариннің кезінде орыс не Европа елдерінде балалар әдебиеті сол елдердің әдебиетінің негізгі бір саласына айналып еді. Біздің қазақ жағдайында Абай тәрізді ұлы ақындарымыздың кейбір өлеңдерін айтпасақ, балалар әдебиеті жоқ, не жоқтың қасы болатын . Бұл мәселені биік сатыға көтеріп , балалар әдебиетін жасауға саналы түрде кіріскен адам педагог - жазушы Алтынсарин ғана . Халық өздерінің дүние танушылық көзқарастарына сәйкес кекілді жас, келешек ұрпаққа өздерінше жақсы тәрбие беруге тырысты .Ал тарихи жазба әдебиетімізді алсақ, бұл мәселе ескерусіз қалған болатын. Орыстың педагог, ұлы жазушыларынан аудару , кейбір тақырып, әңгіме сюжетін оның өзінше жазу, араб, түрік халықтарының қазақ ауыз әдебиетінен естіген, оқыған әңгімелерінің іштеріндегі қықзықтыларын балалардың ой-санасы, жасына лайықтап жазу және өз жанынан да бірнеше әңгімелер шығару арқылы Ыбырай кейінгі ұрпақтар үшін аса құнды мұралар қалдырды.


Информация о работе Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі (1841-1889)