Тәжербиенің мақсаты мен мәндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 09:55, реферат

Описание работы

Өнеркәсіптік көлік тасымалдау құралдарының, механизмдерінің, құрылыстар мен жолдардың күрделі кешені болып саналады. Олардың түрлері көп: көтергіштер, аспалы арқан жолдары, автокөлік, кең табанды және тар табанды жолдар. КСРО кәсіпорындарындағы кірме жолдардың ұзындығы 151 мың км-ге жетеді. Күре теміржолда барлық тасылатын жүктердің 80 % өзінің жүрісін өнеркәсіптік теміржол көлігінде бастап, аяқтайды.

Файлы: 1 файл

Тәжербиенің мақсаты мен мәндеттері.docx

— 16.42 Кб (Скачать файл)

Тәжербиенің мақсаты мен мәндеттері.

 

Өнеркәсіптік  көлік тасымалдау құралдарының, механизмдерінің, құрылыстар мен жолдардың күрделі кешені болып саналады. Олардың түрлері көп: көтергіштер, аспалы арқан жолдары, автокөлік, кең табанды және тар табанды жолдар. КСРО кәсіпорындарындағы кірме жолдардың ұзындығы 151 мың км-ге жетеді. Күре теміржолда барлық тасылатын жүктердің 80 % өзінің жүрісін өнеркәсіптік теміржол көлігінде бастап, аяқтайды.

Қазіргі күре жолдық көлік — теміржол, су (өзен және теніз), автомобиль, әуе және құбыр (мұнай, өнім, газ құбыры) жолдары болып бөлінеді. Бұдан басқа, біртұтас көлік жүйесіне электр беріліс желісі кіреді. Тасымалдауды осы көлік түрлеріне бөлу олардың сол аудандарда орналасуларына және техникалық-экономикалық нәтижелеріне байланысты. Бұл жерде тасымалдаудың өзіндік құнына, көлікке керекті күрделі қаржыға және тасымалдаудың езіндік сапасына (жеткізу жылдамдығы, қатынас жүйелілігі, қолайлылығы, жүктердің сақталуы және т.б.) көңіл бөлінеді. Бұдан басқа жолдың тасымалдау қабілеті, көліктің еңбек өнімділігі, металл, отын шығындары және басқа факторлар есепке алынады.

Т е м  і р ж о л к ө л і г і. Бұл көліктің ерекшелігі жаппай тасымалдауға, әрі жылдың қай мезгілі болса және ауа райының жағдайына қарамастан күндіз де, түнде де жұмыс істеуге бейімделуінде. Мұндай қасиет ауа райы әртүрлі Қазақстан жерінде қажет-ақ. Теміржол басқа көлік жүре алмайтын жерлерге тіршілік әкеледі, табиғат байлығы мен жаңа аудандарды игеруге көмектеседі.

Жүк айналымынын мөлшері жөнінен теміржол бірінші орында. Мұны l.l.-жадуалдан көруге болады. Онда бұрынғы КСРО теміржолдары мен көліктің басқа түрлері жұмысының 1989 жылғы көлемі (жадуалда автомобиль жолының қатты жамылғылы ұзындығы) берілген. Одан теміржолдың тасымалдау қабілетінің ете жоғары екеніне көз жеткізу қиын емес.

1.1-жадуал

Көлік түлері

 

Ұзындығы

мың.км.

Тасымалдау

мөлшері, жылына млн.т

Жүк айналымы,

жылына млрд.ткм.

Теміржол

147,4

4000

3851,7

Автомобиль

869,3

6776

502,1

Өзен

138,1

694

239,6

Теңіз

_

245

991,2

Кубыр (мұйай)

85,7

650

1422,2

Әуе (KCРO

   

3,32

аймағында)

915,1

3,2

 


 

 

Теміржолда  тасымалдаудың өзіндік құны төменірек, ал жүктерді жеткізу жылдамдығы жоғары. Кейінгі жылдарда  жолаушылар  және  жүк  пойыздарының  жылдамдығы едәуір артты. Экспрестердің жылдамдығы 160 км/сағатқа жетті, ал ЭР-200 пойызы 200 км/сағатқа дейінгі жылдамдықпен жүруде.

Теміржол  көліктің әмбебап түріне жатады. Онымен аймақ аралықтары мен аймақ ішінде сан түрлі жүктерді тасуға болады. Бірақ жердің топографиялық, климаттық және экологиялық жагдайларына байланысты теміржол салу аса мол күрделі қаржы жұмсауды талап етеді. Теміржол көлігінде пойыздар жүрісіне байланысы жоқ шығындардың үлесі өте мол (ғимараттар мен т.б. құрылғыларды жөндеу, әкімшілік техникалық қызметкерлерді ұстау); олар шамамен жолды пайдалануға жұмсалатын жаллы қаржының жартысына тек. Осыкың бәрі жүк ағындарының айтарлықтай топталғаи жерлерінде теміржолды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.

Теміржолмен ұзаққа жүк тасу үнем тұрғысынан келгенде, жақын жерге  тасудан пайдалырақ. Бұл ара қашықтықтын ұзындығына байланысты жоқ шығындар үлесінің көптігінен. Оларға бастапқы және ақырғы операциялар кіреді. Басқа көлікке қарағанда теміржолдың қоршаған ортаға зияны онша көп емсс және онымен. жүк тасымалдауға қуат: аз жұмсалады. 


Информация о работе Тәжербиенің мақсаты мен мәндеттері