Ақпараттық жүйелерді (АЖ) жобалау технологиясының негізгі түсініктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 10:29, реферат

Описание работы

АЖ классификациясы. Бір қолданбалы және көп қолданбалы, кіші және корпоративті АЖ, жергілікті және бөлінетін АЖ, құрамы және кіші жүйенің тағайындалу құрылымы. АЖ жобалауының қазіргі уақыттағы негізгі ерекшеліктері. АЖ кезеңдерінің құрылуы: талаптардың пайда болуы, концептуалды жобалау, қосымшаның ерекшеленуі, модельдің өңделуі, ақпараттық жүйенің интеграциялануы және тестіленуі. АЖ жобалаудағы инженерлік бағдарлама әдісі.

Файлы: 1 файл

проектирование - копия.doc

— 1.83 Мб (Скачать файл)

Ақпараттық  жүйелерді (АЖ) жобалау

технологиясының негізгі түсініктері

 

АЖ классификациясы. Бір қолданбалы және көп қолданбалы, кіші және корпоративті АЖ, жергілікті және бөлінетін АЖ, құрамы және кіші жүйенің тағайындалу құрылымы. АЖ жобалауының қазіргі уақыттағы негізгі ерекшеліктері. АЖ кезеңдерінің құрылуы: талаптардың пайда болуы, концептуалды жобалау, қосымшаның ерекшеленуі, модельдің өңделуі, ақпараттық жүйенің интеграциялануы және тестіленуі. АЖ жобалаудағы инженерлік бағдарлама әдісі.   

Ақпараттық жүйе (АЖ) барлық қызмет саласында қажетті құрал болып танылады.

АЖ көмегімен шешілетін  міндеттердің әр түрлілігі, құрастырылу қағидасымен және оларға енгізілген ақпаратты өңдеу ережесімен айрықшаланатын көптеген әр түрлі жүйелердің пайда болуына алып келді.

Ақпараттық жүйелерді  бірқатар белгілері бойынша саралауға болады. Қарастырылып отырған саралаудың негізгісіне қызметтің мүмкіншілігін анықтайтын және қазіргі жүйенің құрылу ерекшеліктерінің ең маңызды белгілері енгізілген. Шешімін табатын міндеттердің көлеміне қарай қолданылатын техникалық құрал, қызмет етуді ұйымдастыру, ақпараттық жүйелер бірқатар топтарға (сыныптарға) бөлінеді (сурет. 1.1).

Сақталатын  деректердің түрлері бойынша АЖ фактографиялық және құжаттамалық болып бөлінеді. Фактографиялық жүйе сандар мен жазулар түріндегі құрылымдық деректерді сақтау мен өңдеу үшін пайдаланылады. Осы деректермен әр түрлі операцияларды орындауға болады.  Құжаттамалық жүйеде   ақпарат атаудан, суреттемелерден, рефераттардан және жазудан тұратын құжат түрінде ұсынылады. Құрылымсыз деректер бойынша іздестіру семантикалық белгілерді қолдану арқылы жүргізіледі. Таңдап алынған құжаттар қолданушыға ұсынылады, ал осындай жүйеде деректерді өңдеу тәжірибеде жүргізілмейді.

Ақпараттық  процесті автоматизациялау дәрежесі негізінде фирмаларды басқару жүйесінде қолды ақпараттық жүйе,  автоматты және автоматтандырылған болып бөлінеді.

 

Сурет-1.1. Ақпараттық жүйені саралау

 

Қолды АЖ ақпараттарды өңдеудің қазіргі техникалық құралдарының жоқтығымен және барлық операциялардың адамның қол еңбегімен жүргізілетіндігімен мінезделеді.

Автоматты АЖ ақпараттарды өңдеу бойынша барлық операциялар  адамдардың қатысуынсыз орындалады.

Автоматтандырылған АЖ ақпараттарды өңдеу кезінде негізінен  деректерді өңдеудегі операцияларды  орындауда басты рөл компьютерге жүктеледі. Бастысы осы жүйе сыныбы «ақпараттық жүйе» түсінігінің қазіргі бейнесімен сәйкес.

Өңделудің мінездемесіне  байланысты АЖ деректері ақпараттық іздеу және ақпараттық шешуші болып  бөлінеді.

Ақпараттық іздеу жүйесі енгізу, жүйелендіру, сақтау, қолданушының сұранысы бойынша қиынсыз қайта бейнелеу деректер ақпараттардың берілуі жүргізіледі.

Ақпараттық шешуші жүйе белгіленген бір алгоритм бойынша  ақпараттарды өңдеу операцияларын жүзеге асырады. Шығыс ақпараттарды қолдану мінездемесі бойынша осындай жүйені  басқару және кеңес беруші деп бөлу қалыптасқан.

Нәтижелі ақпарат АЖ басқарушылар адаммен қабылданатын шешімдерді тікелей  тасымалдайды. Осы жүйе үшін есептеу мінездемесінің міндеттері мен көп көлемдегі  өңделу деректерімен мінезделеді.

Кеңес беруші АЖ адаммен  қабылданатын ақпараттарды өңдейді. Бұл  жүйе деректерді емес, керісінше білімді  өңдеуде  интеллектуалды кезеңді имитациялайды.

Пайдалану көлеміне байланысты АЖ келесідей сыныптармен ерекшелінеді:

Ұйымдасқан басқару ақпараттық жүйесі - басқару өндіру мекемелері, сонымен қатар өндірмейтін объектілер сияқты басқарылатын персоналдар қызметін автоматтандыру үшін қолданылады.

Осындай жүйенің негізгі қызметі  болып жедел бақылау және реттестіру, жедел есеп және шолу, алдағы және жедел  жоспарлау, бухгалтерлік есеп, өткізуді басқару, қамтамасыз ету және басқа да экономикалық және ұйымдастырушылық міндеттер танылады.

АЖ технологиялық процесті (ТП) басқару-өндіру операцияларын бақылау және басқару бойынша өндіріс персоналының қызметін автоматтандыру үшін қызмет атқарады

Автоматтардырылған жобалау (АВЖ) АЖ-инженер жобалаушылардың, құрастырушылардың, архитекторлардың, дизайнерлердің жаңа техниканы немесе технологияны жасау барысында қызметін автоматтандыру үшін қолданылады.

Интегрирлендірілген (корпоративті) АЖ-фирма қызметінің барлығын дерлік және қызмет жасаудың жобалауынан өнімді өткізуге дейінгі барлық қызметті қамтитын автоматтандыру үшін қолданылады. Корпоративті жүйе модулімен шешілетін түрлі міндеттер 1.1 кестесінде қарастырылған.

 

    1. Кесте. Корпоративті АЖ модулінің қызметтік міндеті

Кесте 1.1. Корпоративті АЖ функционалды модулін тағайындау.

Маркетингті  жүйе

Өндіруші жүйе

Қаржы және есеп жүйесі

Кадр жүйесі (адамға байланысты ресурстар)

Басқа да жүйе түрлері (мысалы, АЖ өндіруші)

Сатылымдарды алдын-ала болжау  және сауда орнын зерттеу

Күнтізбелік жоспарды өңдеу  және атқарылған жұмыс көлемін болжау

Портфель ұсыныстарын басқару

Еңбек русурстарына қажет талдаулар мен болжамдар

Фирманы бақылау

Сатылымдарды басқару

Оперативті бақылау және өнімдерді бақылау

Кредит политикасын  басқару

Архивке жазба тізімдерін жүргізу

Оперативті проблемаларды  көрсету

Жаңа өнімдерді өндіру туралы

Құрылғы жұмыстарын талдау

Қаржы жоспарын өңдеу

Кадр жұмыстарын талдау және жоспарлауды дайындау

Басқарушы және стратегиялық жағдайларды талдау

Тұрақталған бағалар  және талдаулар

Ұсыныстарды тұтынушыға орнықтыру

Қаржы мәселесі және оны  болжау

 

 

Стратегиялық шешімдерді өңдеп қамтамасыз ету

Есеп ұсыныстары

Жазбаларды басқару

Бюджетті қадағалау,

бухгалтерлік және  жалақы есептеулері

   



 

1.2 кестесінде АЖ ұйымдасқан басқарудың әр түрлі сыныптарын іске асыру үшін  қазіргі уақыттағы өнім бағдарламасының кең тараған тізімдері қарастырылған.

 

 

1.2-кесте. Ақпараттар жүйесінің саудасын саралу

 

Кесте 1.2. АЖ классификациясы

Жергілікті жүйелер

Интегралды  жүйелер (аз)

Интегралды  жүйелер (орташа)

Интегралды жүйелер (IC)

  • БЭСТ
  • Инотек
  • Инфософт
  • Супер-Менеджер
  • Турбо-Бухгалтер
  • Инфо-Бухгалтер
  • Concorde XAL Exact
  • NS-2000 Platinum PRO/MIS
  • Scala SunSystems
  • БЭСТ-ПРО
  • 1C-Предприятие
  • БОСС-Корпорация
  • Галактика
  • Парус
  • Ресурс
  • Эталон
  • Microsoft-Business Solutions - Navision, Axapta
  • J D Edwards (Robertson & Blums)
  • MFG-Pro (QAD/BMS)
  • SyteLine (COKAП/SYMIX)
  • SAP/R3 (SAP AG)
  • Baan (Baan)
  • BPCS (ITS/SSA)
  • OEBS (Oracle E-Business Suite)

 

Ақпараттық жүйенің жеделдік деңгейі – келісімдер және жайттар туралы деректерді өңдей отырып, орындаушыларды қолдайды (есеп-қисап, айлық, табыс, кредиттер, өнімдер мен материалдардың жүріс-тұрысы). Ақпараттық жүйенің жеделдік деңгейі фирманың басқа ортамен арасын байланыстырушысы болып табылады.

Ақпараттардың міндеттері, мақсаты, қайнар көздері және жедел деңгейдегі өңдеу алгоритмі алдын-ала анықталған және жоғарғы дәрежеде құрастырылған.

Мамандардың ақпараттық жүйесі – деректермен және біліммен жұмысты байланыстырады, инженерлер мен жобалаушылардың жұмысының өнімділігі мен өндірілуін жоғарылатады. Аталған ақпараттық жүйенің міндеттері – қағаз, құжаттарды өңдеуде көмектесу және ұйымдастырылуда жаңа ақпараттарды интеграциялайды.

Менеджмент деңгейіндегі ақпараттық жүйе – мониторинг, бақылау, шешім қабылдау және әкімшілік басқару үшін орта деңгейдегі басқару қызметкерлерімен қолданылады. Осы ақпараттық жүйенің негізгі қызметтері:

  • Қазіргі көрсеткіштерді өткендермен салыстыру;
  • Жеделдік деңгейдегідей ағымдағы есептерді беру емес, белгілі бір уақыт аралығындағы есептерді құрастыру;
  • Мұрағаттық ақпараттарға енуді қамтамасыз ету және т.б.

Стратегиялық ақпараттар жүйесі – стратегиялық өсіп өркендеу мақсатындағы ұйымның өсуі бойынша  шешім қабылдауға қолдау көрсететін  компьютерлік ақпараттар жүйесі.

Стратегиялық деңгейдегі ақпараттық жүйе жоғарғы деңгейдегі басқарушыларға құрылымдандырылған міндеттерді шешуде көмек көрсетеді, ұзақ мерзімді жоспарлауды жүзеге асырады. Негізгі міндеттері – фирманың өмір сүріп отырған қызметкерлерінің сыртқы ортада болып жатқандармен салыстыру. 

Бағдарламалық, аппараттық жүзеге асырудың пікірінше бірнеше АЖ архитектурасын бөлуге болады.

Традициялық архитектуралық шешімдер бөлініп алынған файл-серверлерде немесе деректер базасының серверлерінде қолдануға негізделген. Сонымен қатар интернет технологиясында қалыптасқан корпоративтік ақпараттар жүйесі архитектурасының нұсқаларында жүзеге асады. Ақпараттық жүйенің архитектурасының келесі  түрлері «мәліметтер қоры» концепциясына – әр түрлі ақпараттық ресурстарды қосатын интегрирлендірілген ақпараттық ортаға  негізделген.

Автоматтандырылған басқару ақпараттық жүйесін өңдеу индустриясы 1950-1960 жылдары туындап және ғасыр аяғында соңғы нәтижеге жетті.

Статистикалық деректерге сүйенер болсақ  Standish Group (АҚШ), 1994 жылы АҚШ-та зерттелген  8380 жобадан 80 миллиард доллардан астам бағаланатын жарамсыз болған жобалар 30 пайыз. Осыған қатысты өз мерзімінде орындалғандары жалпы жобалар санының 16 пайызын құрайды, ал белгіленген қаражаттан артық шығын жұмсалғандары 189 пайызды құрайды.

Корпоративті АЖ жобалау әдістемесінің мүмкіндік беретін шешім келесілер болып танылады:

- ұйымның мақсаты мен міндеттеріне жауап беретін, сонымен қатар тапсырыс берушінің іскерлікті жүргізу бойынша ұсынып отырған талаптарын корпоративтік АЖ құруда қамтамасыз ету;

- тапсырысты орындау мерзімінде, тапсырыс берілген сапада және жоспарда көрсетілген қаражат көлемінде жүйені құру;

- жүйені шығарып салу, модификациялау және өсуі кезеңінде ыңғайлы тәртіпті қолдау;

- өңдеудің пайдалалығын қамтамасыз ету, яғни, инфрақұрылымдық ақпараттардың ұйымда бар өңдеудегі АЖ қолдану (ақпараттық технология саласына әсер етеді).

 АЖ жобалау негізгі үш саланы қамтиды:

  • мәліметтер қорындағы іске асатын деректер объектілерін жоспарлау;
  • мәліметтерге сұраныстығы орындауды қамтамасыз ететін бағдарламалар, экрандық форма есептерді жоспарлау;
  • белгілі бір ортаны және технологияны, оның ішінде: желі топологиясы, аппараттық құрал конфигурациясы, қолоданылатын архитектуралар (файл-сервер немесе клиент-сервер), параллельді өңдеу, бөлінген өңделген деректерді есепке алу және т.б.

Ақпараттық  жүйенің жобалануы барлық уақытта жобаның мақсатын анықтаумен басталады. Жалпы түрде  айтқанда жүйені іске қосу кезінде және оны қолданатын барлық уақытында қамтамасыз етуды өзіне қосатын өзара байланысқан бірқатар міндеттерді шешу тәрізді жобаның мақсатын анықтауға болады:

  • жүйенің талап етілу қызметі және оның қызмет жасаудың шарттарының өзгеруіне үйренісу деңгейі;
  • жүйенің талап етілгенді жіберу мүмкіншілігі;
  • жүйенің сұранысқа әсер ету уақытының талабы;
  • жүйенің келеңсіз жұмыс жасауы;
  • қауіпсіздік деңгейінің қажеттілігі;
  • жүйені қолдауда және қолдануда оңтайлылығы.

Әдетте АЖ құру кезеңі келесідей болып бөлінеді: жүйеге, жоспарлауға, іске асыруға, іске енгізуге, пайдалануға және шығарып салуға талап ететін құрылым

АЖ құру процесінің бастапқы кезеңі болып оның мақсаты мен  міндеттерін ұймдастырушы және іске асырушылығынан туындайтын бизнес процесті модельдендіру. Бизнес-процес және бизнес-қызмет терминдерінің көрсетуіндегідей модель ұйымдастырушы АЖ негізгі талаптардың құрастырылуына көмектеседі.

 Ұйымның қызметіне  шолу кезеңінде бастапқы АЖ  құру кезеңінің мақсаты  ұймдастырушы - тапсырыс берушінің мақсаты мен міндеттерінен нақты және анық көрініс табатын АЖ талаптарының құрылуы болып саналады.

АЖ талаптарының құрылу міндеттері ең жауапты, қиын құрастырылушы және ең қымбат және қателескен жағдайда түзеу қиын болатын болып саналады.

Жобалау кезеңінде бастысы деректер моделі құрастырылады, жобалаушы бастапқы ақпарат ретінде шолудың қортындыларын алады. Логикалық және физикалық деректер моделі құрастыру деректер базасын жобалаудың негізгі бөлігі болып саналады. Ақпараттық моделді алу, шолу, жасау кезінде бірінші кезекте лоикалыққа, сосын физикалық деректер моделіне айналады.

АЖ барлық моделдерінің ерекшелігін алу үшін, мәліметтер қорының құрылымын жобалаумен қатар жобалау процесі орындалу қажет.  Осы екі жобалаудың процестері бір-бірімен тығыз байланысты, себебі бизнес-логика бөліктері әдетте мәліметтер қорында жүзеге асады. Процесті жобалаудың негізгі мақсаты шолу жасау барысында алынатын қызмет көрсету ақпараттық жүйе моделінде көрсету болып саналады.  Моделдерді жобалау барысында  бағдарламаның интерфейстері: мәзір тақтасы, терезе көрінісі, ыстық пернелері және олармен байланысты шақырулар анықталады.

Информация о работе Ақпараттық жүйелерді (АЖ) жобалау технологиясының негізгі түсініктері