Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2015 в 17:25, доклад
Электр машиналарында энергияның түрленуі діріл мен шу туғызады. Діріл мен шу айнымалы күштердің әсерінен пайда болып, машинаның бөліктерінің деформациясына әкеліп соғады. Бұл күштер электрмагниттік, механикалық, аэродинамикалық болып бөлінеді.
Электрмагниттік күштер статор мен ротор арасындағы ауа саңылауында әсер етеді және айналмалық, соққылық толқындар түрінде болады. Толқынның амплитудасы мен жиілігі статор мен ротордың өлшемдеріне байланысты. Әр түрлі өлшемдегі машиналардың электрмагниттік дірілінің жиілігі 100-4000 Гц аралығында жатады.